Меню
Разработки
Разработки  /  Технология девочки  /  Уроки  /  5 класс  /  Разработка на тему "Курак курау"

Разработка на тему "Курак курау"

Саба?ты? та?ырыбы: ??ра? ??рау

Саба?ты? ма?саты:

А) білімділік: ??ра? ??рау ?дісін ?йрету, ??ра?ты? т?рлерімен танысу,??ра?ты? т?рмысымызда?ы алатын орны жайлы білім беру, жалпы к?рпе-жасты?ты? ?ажеттілігіне то?талу

?) дамытушылы?: ??ра? ?нерін жетілдіру, дамытуды ?йрету,

Б) т?рбиелік: ??ра? ??рау ?нері ар?ылы ?ыз баланы ?семдікке, кез-келген затты ?июластыра білуге,?немділікке т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: дамыта о?ыту

Саба?ты? ?дісі: зерттеу, ж?йелеу, т?сіндіру, с?ра?-жауап

Саба?ты? типі: топты?

П?наралы? байланыс: геометриялы?, сызу, математика, д?ние тану, бейнелеу ?нері

Саба?ты? к?рнекілігі: ??ра?ты? т?рлі ?лгілері, т?рлі-т?сті ?а?аздар, ?айшы, бор, ?лшегіш, ине, жіп, д?птер, ?алам т.б.

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і

ІІ. Жа?а саба?ты т?сіндіру

А) шы?у тарихы

?) ??ра?ты? т?рлері

Б) ?олданылуы

В) ??ра? ??рау

02.03.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: құрақ құрау әдісін үйрету, құрақтың түрлерімен танысу,құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру, жалпы көрпе-жастықтың қажеттілігіне тоқталу

Ә) дамытушылық: құрақ өнерін жетілдіру, дамытуды үйрету,

Б) тәрбиелік: құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, кез-келген затты қиюластыра білуге ,үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдісі: зерттеу, жүйелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың типі: топтық

Пәнаралық байланыс: геометриялық , сызу, математика, дүние тану, бейнелеу өнері

Сабақтың көрнекілігі: құрақтың түрлі үлгілері, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, бор, өлшегіш, ине, жіп, дәптер, қалам т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

А) шығу тарихы

Ә) құрақтың түрлері

Б) қолданылуы

В) құрақ құрау

Құрақ –мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Орыс тілінде құрақ құрау өнері «Лоскутное шитье» деп аталады. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр.Шығыста, Мысырда,Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған.Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «Pachwork» деп аталады.Жапон халқында құрақ «сашико»деп аталады. Америкада әр түрлі ұлт өкілдер тұрғандықтан құрақ құрау өнері пайда болған.

Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен,дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады.Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді.Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі.Шеберлердің,ұсталардың,зергерлердің,кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған.Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп,жетілдіріп,асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ» деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім,іскерлік пен шыдамдылық керек.

Қолөнерінің алатын орны ерекше ,ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады.Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті шыдамдылықты қажет ететін қолөнер.

Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар.Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді.Яғни ,құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200-ден сас түрі бар.Соның ішіндегі төртбұрыш,сегіз сай,мүйіз құрақ, қиықша құрақ,үшбұрыш,аққу,шахмат,торкөз,гүл құрағы,майда құрағы,жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған.Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді:

  1. Құрақ құрау (құрақ мозайкасы)

  2. Жапсырмалау (аппликация)

АҚШ, Германия,Швеция сияқты елдердің мұражайларында құрақ техникасы сәнімен орындалған бұйымдардың коллекциялары бар. Мұндай қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен хабар беретін бірқатар бұйымдар. Қастеев мұражайына да қойылған. Материалдардың түстер үйлесімділігін ,геометриялық шешімін тауып орналастырып, қайталанбас колорит алуға болады.Құрақтардан жасалған заттар өзінің ерекшелігімен ,түстерінің әр түрлі ьолумен бізді өзіне ерекше тартады.Құрақ құрау технологиясы тұрмыс бұйымдарын дайындауда қолданылады.Құрақтан жасалған бұйымдар: жастық тыс, көрпе, дастарқан,майлық, ұстағыш қолғап,жарқыш,кілем,дорба,баскиім,сувенир немесе аксессуар ретінде сәнді сөмке, кошелек т.б.

Жасалу жолдары:

А) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы;

Ә) түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы;

Б) қағазға геометриялық элементтерін түсіру,дұрыс және бірдей орналасуын қадағалау.

ІІІ. Сарамандық жұмыс

  1. Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз.

  2. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз.

  3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы,матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз.

  4. Қиылған матаны өрнек бойынша рет-ретімен :- әуелі ортаңғы бөлік,содан кейін шеткі бөліктерді тігіп аламыз.

Біз алдымен бұйымды жасау үшін алғаш жобасын сызамыз.Ал енді жоба бойынша геометриялық пішіндерді түрлі-түсті қағаздан қиып алып,оларды көрпеше тәрізді қатырма қағаз бетіне дұрыс орналастырып, желімдейміз.Нәтижесінде түрлі-түсті әсем құрақтар пайда болады. «Аққу» құрағын құрастыруға арналған технологиялық картаны қолданып құрақ құрау.

IV. Сабақты бекіту: Оқушы түсінігін сұрақ беру арқылы байқау,бағалау

  1. Қандай ұлттық құрақ түрлерін білесіңдер?

  2. Құрақ дегеніміз не?

  3. Құрақ түрлері қандай топқа бөлінеді?

  4. Орыс тілінде құрақ құрау қалай аталады?

  5. Ағылшын,Жапон тілдерінде құрақ құрау қалай аталады?

  6. Қандай құрақ бұйымдарын білесіңдер?

Әр ұлттың өзіне тән тіл, өнері,дәстүрі болатынын, құрақ өнері жайлы білдік.Қандай өнер болса да оған шеберлік,іскерлік,білгірлік бір сөзбен айтқанда технологияны білу қажет.

Мақал:

«Көңілсіз жұмыс өнімсіз» , Көңіл қойсаң қолдан келмейтін іс жоқ.

V. Үйге тапсырма. Үйге құрақ көрпешелер тігудің технологиялық картасына қарап көрпеше тігу тапсырылады.



-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Разработка на тему "Курак курау" (15.79 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт