Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  6 класс  /  Разработка к уроку: Біздің мұғалім

Разработка к уроку: Біздің мұғалім

?лы ?стаздар туралы ма?л?маттар, жа?а с?здер танып білу, с?з таптарын еске т?сіру:

05.11.2016

Содержимое разработки

Абай атындағы жалпы білім беретін № 3 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Адилханова Райкул Малгеждарқызы

Қазақ тілі 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Біздің мұғалім

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Ұлы ұстаздар туралы мағлұматтар, жаңа сөздер танып білу, сөз таптарын еске түсіру:

ә)Дамытушылық: Өздерінің қиялдағы ойларын жеткізе және дәлелдей білу, сыни тұрғыдан ойлау білу дағдыларын, бір-бірімен келіссөзге келуге деген ынталарын арттыру;

б)Тәрбиелік: Тіл өнеріне, сауаттылыққа тәрбиелеу. Ұстаздарды сыйлай білуге, құрмет тұтуға тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру,оқыту,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: кітап, сөздік, сурет

Пәнаралық байланыс: орыс тілі


Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Міндеті: Сабақты жүргізу үшін сыныптың ішінде қалыпты жағдай жасау және оқушыларды психология тұрғысынан сабаққа бейімдеу

1.Сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

3. Оқушылардың көңіл-күйін ұйымдастыру

4.Сабақтың мақсатын және жүргізу жоспарын ашу

II.Үй тапсырмасын тексеру:

Міндеті: Үй тапсырмасын дұрыс және толық орындалуын тексеру, жіберген қателіктерін анықтау.

Адамның сезу мүшелері мәтінін, сөздікті сұрау, сұрақтар қою.

III.Оқушылардың субьективті тәжірибиелерін өзекті тұжырымдау кезеңі:

Міндеті: Оқушылардың оқу уәжін қамтамасыз ету, сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау.

1.Сабақтың тақырыбын хабарлау Ұстаз

2.Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге тұжырымдау: Осы тақырыпқа байланысты оқушылардың сөздік қорын молайту.

IV.Жаңа тақырыпты оқу кезеңі: Міндеті: Жаңа тақырыпты оқушының дұрыс қабылдауын,түсінуін және дұрыс меңгеруін қамтамасыз ету:

а) Біз сендермен «Ұстаз»деген тақырыппен танысамыз.

ә) жаңа сөздерді тақтаға жазып,бірнеше қайталатып,айтылуына мән беру.Әр сөзге синоним сөздерге сөйлем құрастырту

б) Қазақ тіліне тән дыбыстарды сауатты,қатесіз,әдемі жазып,оның дыбысталуын да қадағалау арқылы сауатын ашу. Осы сабақтың тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін бағалау

1-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу «Ұстаз»

3- тапсырма. Берілген сұрақтар қатарын жалғастырып, көршілеріңмен сұбаттасыңдар

Сенің бірінші ұстазың есіңде ме?

...............

Ол қандай адам еді?

..............

4-тапсырма . Берілген сөздермен сөз тіркесін құраңдар

ұстаз – оқытушы – мұғалім

бүкіл – барлық – түгел

таныған – білген – таныс болған

дүниеге келген – туған – өмірге келген

жетік білу – толық болу – меңгеру

құнды – бағалы – қымбат

әлем – дүниежүзі - жержүзі

6-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, түсінгендеріңді айтып беріңдер. Мәтін бойынша бір-бірлеріңе сұрақтар қойып, жауап беріңдер.

Сергіту сәті Мақал мәтелдер сайысы

1)Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

2)Көп жасаған білмейді,

Көпті көрген білмейді.

3)Көп оқыған көп біледі.

4)Білмеген надан емес,

Білгісі келмеген надан.

8- тапсырма. Сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын тауып, көшіріп жазыңдар.

Бүкіл шығыс ғалымдары Аристотельді екінші ұстазымыз деп таныған. Әбу Насыр Әль-Фараби қазақ жеріндегі Отырар қаласында туған. Өз ана тілінен басқа көптеген тіл білген.

V.Жаңа тақырыпты тексеру кезеңі. Міндеті: жаңа тақырыпты бекіту сұрату.

1. Мұрын қандай қызмет атқарады?

2. Суреттегі заттардың қайсысы иісі арқылы анықтауға болады?

VI.Үйге тапсырма беру: «Менің сүйікті ұстазым» атты тақырыпта шағын әңгіме жаз.

VII.Сабақты қорытындылау: Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу,сөйлей білуге үйрете отыра, дағдыға айналдыру: Жаңа сөздерді қайталату. Түсінбегендерін сұрату

Бағалау.


























Сынып

9 д

Мерзімі:

18.09.15

Сабақ№




Сынып

9 д

Мерзімі:

25.09.15

Сабақ№

14/14

Сабақтың тақырыбы: Жарасып тұр дәстүрім! Фразеологизм.
Мақсаты Қазақ халқының дәсүрімен таныстыру, күнделікті тұрмыста қолануын білу, тұрақты сөз тіркестерін еске түсіру, қайталау тұрақты сөз тіркестерінің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығын айыра білу.

Қүтілетін нәтиже Топпен жұмыс істеуге дағдыланады, тұрақты сөз тіркестерін біледі,
еркін сөз тіркестерінен айырады, күнделікті өмірде қолданады қо

Оқыту әдістері Топтық жұмыс, СТО-ның әдістері-талдау, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер мен материалдар Постер, түлі түсті маркерлер, фломастер, стикр, бағалау парағы
Сабақты бағалау: СТО стратегиялары; «Ти» кестесі , «Еркін жазу» стратегиясы, «Бағалау парақшасын» топтаса толтырып, өзара бірін-бірі бағалау

Сабақтың кезеңдері 1. Ұйымдастыру, сәлемдесу.
Топқа бөлу (гометриялық фигуралар арқылы)
Топ ережесін еске түсіру.
Сабақтың мақсатын хабарлау, күтілетін нәтижемен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ – жауап. Жуан - жіңішке сұрақтар.
-Отбасындағы асыл адамдарды атаңдар.
-Әкенің орны қандай?
-Отбасының бақыты неге байланысты?
- Үйдің алтын қазығы кім?
- Өмір сүру үшін не қажет?
-Отбасылық дәстүрлерге не жатады?
3. Жаңа тақырып. «Еркін жазу» стратегиясын қолдану. Топтық жұмыс. Постермен жұмыс.
- Қазақ халқының салт-дәстүрі дегенде көз адарыңа не елестейді?
4. Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсініп оқып, не туралы айтылғанын түсіндіреді. Рөлге бөліп оқу.
5. Жаңа сөздердмен жұмыс. Мәтінен олардың анықтамасын табу, жасалу жолдарын анықтау.
Сүйінші
байғазы
тоқымқағар
базарлық
шашу
тоқым қағу
сыйластық
көрімдік
6. Әр топқа қима қағазға жазылған тапсырмаларды таратып беру. Сөйлемдерді оқу, аудару. Сұрақтар құрастыру.
I-топ. Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке-тойларда болған жерлерінен сарқыт ала келетін. Мұның өзі, бір жағынан, тағамға деген кұрметті білдірсе, екінші жағынан, болып өткен мереке тойлардан үйде қалғандардың да дәм татып, қатысты болғанын сезінуге тәрбиелейді.
II-топ. Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі - асар. Онда ауыл тұрғыңдары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып -беруге, сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі.
III-топ. Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, ондағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын.
Мұғалімнің сөзі: Біз салт-дәстүрімізді біліп, құрметтеп сонымен қатар сақтайтын болсақ, ұлтымыздың даналығымен мақтанатын боламыз.

7. «Ти» кестесі
Берілген тұрақты сөз тіркестерінің синонимдері мен антонимдерін табу.


Синонимдер

Антонимдер




туу дүние есігін ашу дүниеден өту
қуану екі езуі екі құлағына жету зәресі кету, қорқу
момын қой аузынан шөп алмас шапшаң
батыл жүрегінің түгі бар қорқақ
жомарт қолы ашық сараң
тату арасынан қыл өтпеу ала ауыз, араз
8. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.
Қой аузынан шөп алмас Қайраттың бұл қылығына бәрі таңданды. Көптен күткен жазғы демалыс та көзді ашып жұмғанша бітіп қалды.
Оның еңбегі марапатталатынын естігенде екі езуі екі құлағына жетті. Өзінің қателігін мойындағаны сонша жұмған аузын ашпады.
Кездесу сәті есіне түскенде жанын қоярға жер таппады.
9. Әр топқа Жаңа тақырыпты қолдана отырып «Дұрыс» не «Бұрыс» сөйлемдерін құрастыру.
10. Рөлдік ойын.
1-топ «Сөздің басы сәлем»
Қазақ халықында амандасу мен жөн сұрасудың өзіндік дәстүрлері бар, осыны қалай көрсетуге болады?
2-топ «Кісі күту-қонақжайлық»
Қазақтар қонақ келсе шабылып қалады.
3-топ «Қонақтарды шығарып салу»
Үйімізге келген қонақтарды қалай шығарып саламыз?
11. Рефлексия.
12. «Бағалау парақшасы» толтырып, өзара бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру
13. Үй тапсырмасы.












Сабақтың тақырыбы Отбасылық дәстүрлер – шаңырақ тірегі


Сабақтың мақсаты:

  1. Мектеп оқушыларына отбасы бірлігі мен ынтымағына кері әсер ететін оқиғалардан мысал келтіре отырып, оның болдырмау жолдарын тәжірибелі ата-аналардың, ұлылардың ұлағатты сөздерін құлақтарына сіңісті қылып, отбасы және неке қатынастыры, неке құндылықтары жайында түсінік беру.

  2. Болашақта мемлекетіміздің тәрбиелі, инабатты, бір –біріне сыйластығы жарасқан мықты отбасын тәрбиелеу.

  3. Ойын, тренингтер өткізу барысында дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру, неке құндылықтарын жастар арасына насихаттау.

Көрнекілігі: ата-ана туралы ұлағатты сөздер , мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Міндеті: Сабақты жүргізу үшін сыныптың ішінде қалыпты жағдай жасау және оқушыларды психология тұрғысынан сабаққа бейімдеу

1.Сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

3.О қушылардың көңіл-күйін ұйымдастыру

4.Сабақтың мақсатын және жургізу жоспарын ашу

II.Үй тапсырмасын тексеру:

Міндеті: Үй тапсырмасын дұрыс және толық орындалуын тексеру, жіберген қателіктерін анықтау.

III.Оқушылардың субьективті тәжірибиелерін өзекті тұжырымдау кезеңі:

Міндеті: Оқушылардың оқу уәжін қамтамасыз ету, сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау.

1.Сабақтың тақырыбын хабарлау

2.Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге тұжырымдау: Осы тақырыпқа байланысты оқушылардың сөздік қорын молайту.

IV.Жаңа тақырыпты оқу кезеңі: Міндеті: Жаңа тақырыпты оқушының дұрыс қабылдауын,түсінуін және дұрыс меңгеруін қамтамасыз ету:

а) Біз сендермен «Отбасылық дәстүрлер – шаңырақ тірегі»деген тақырыппен танысамыз.

ә) жаңа сөздерді тақтаға жазып,бірнеше қайталатып, айтылуына мән беру. Әр сөзге синоним сөздерге сөйлем құрастырту

б) Қазақ тіліне тән дыбыстарды сауатты,қатесіз,әдемі жазып,оның дыбысталуын да қадағалау арқылы сауатын ашу. Осы сабақтың тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін бағалау



Мұғалім: Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Неке- отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің ерікті және тең одағы.

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

Отбасы – шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер,

дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.

2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды.

Отбасы: толық, толық емес, күрделі болып келеді.

Толық- ата-анасы және балалары бар отбасы

Толық емес- ата-анасының біреуі ғана бар отбасы.

Күрделі- ата-анасы, балалары және туыстары бірге

өмір сүретін отбасы.


ІІ) Хатқа түйген сыр .Болған жайдың ізімен...

1. Топтық жұмыс.3- түрлі оқиғаны талдау. Дәптерге жазу, талдау

2 Басқа оқушыларға «Бақытты отбасына» кері әсер ететін жағдайлар.Өз ойларын қағаз бетіне түсіру. Отбас және неке қатынастары

(1- топ)

Оң қатынастар

Теріс қатынастар

1. Сыйластық

Ішімдікке салыну

2. Адамгершілік

Дүниеқұмарлық

3.Мейірімді

Өзара түсініспеушілік

4.Қайырымды

Жаман жолға түсуі, зиянды заттармен айналысуы

5.Сенім

Әр түрлі секталарға кетуі

6. Ұстамды

Жұмыссыздық

7. Барға қанағатшыл болу

Еріншектік

9. Отбасы дәстүрлерін сақтай білу




ІІІ)Тақтамен жұмыс оқушылар тақтада берілген ұлағат сөздерді дәптерге жазып алады. 1.Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын!

Н.Ә.Назарбаев

2.Әйел өзін сенімді сезінген жерде отбасы да берік, балаларының болашағы да жарқын.

Н.Ә.Назарбаев

3.Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.

Н.Ә.Назарбаев

4.Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. Абай



ІV) МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР


Баланың ұяты әкеге,

Қыздың ұяты шешеге.


Әкесін сыйламаған кісіні,

Баласы сыйламайды.


Інісі бардың тынысы бар

Ағасы бардың жағасы бар.


Өз үйім - өлең төсегім.


Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі.


Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.



V) Қорытынды.

3 топқа берілген тапсырма жауабын қағаз бетіне түсіру.

1-тапсырма. Отбасы және неке қатынастары ( оң және теріс қатынастарын жазу)

- Сарапшыларға сөз: теріс қатынастардың болу себебтері

2 – тапсырма. Отбасы престижін көтеру (отбасында және қоғамда).

3- тапсырма. Неке құндылықтарын жастар арасында насихаттау түрлерін жаз.

Тапсырмаларын тақтаға берлесе отырып жазу.



Отбасы престижін көтеру

(2- топ)

Отбасында

Қоғамда

1. Адал еңбек ету

Жас отбасын құрған жастарға әкімшіліктен көмек көрсету.

2. Ата-ананың өзара сыйластығы

Аудан, қала , облыс бойынша жыл қорытындысын шығарып үлгілі, өнерлі отбасыларын марапаттап, сый құрмет көрсету.

3. Ене мен келін арасындағы сыйластықтың болуы

Үлгілі отбасыларын баспасөз беттеріне жарияласа

4. Балаға дұрыс тәрбие беру


5. Отбасы мүшелерінің білімді болуы


6. Баласының жақсы оқуына жағдай жасау


7. Бала әке- шешесінің еңбегін бағалау.


8. Отбасына кір келтірмеу


9. Неке тазалығын сақтау.


10 Салауатты өмір салтын қолдау























Сынып

9 д

Мерзімі:

14.09.15

Сабақ №

8/8



Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мемлекетінің құрлымы Қорытынды сабақ

Сабақтың мақсаты Білімділік:. Жаңа тақырып туралы мағлұмат беру. Жаңа тақырыпта өтетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс пайдалана білу. Оқушыларға әңгімені қазақ тілінде сипаттауға үйрету. Өздерінің мектептерін сипаттай білу. Дамытушылық: Жаңа тақырып арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлесім дағдыларын арттыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын үрдісті әдіс-тәсілдер арқылы арттыру, танымдық көзқарастарын дамыту.

Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Өз достарың сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
сұрақ – жауап, топпен жұмыс, талдау, ойлау, дәлелдеу.
I Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшілермен сұхбаттасу


II.Үй тапсырмасын тексеру, бағалау

IIIЖаңа сабақ Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мемлекетінің құрылымы
1) Жаңа сөздермен танысу, сөздермен сөз тіркесін құрау

2) Мәтінді мәнерлеп оқу.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. (Оқулықта берілген мәтін бойынша жұмыс жүргізу)

  • Қазақстан мемлекетінің Президенті кім?

  • Қазақстан Республикасының басқару жүйесі қандай?

  • Сот ісін кім мемлекетте жүргізеді?

IV. Сабақты бекіту. Жазбаша жұмыс. 4 – тапсырма Сөздерден сөз тіркесін құрастыру

Деректерді, жоба, ғылыми,

5- тапсырма Сөйлемдерді мәтін бойынша аяқтап дәптерге жазып түрлерін анықтау.


V. Сабақтың қорытындысы.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан құрылды?

  2. Елтаңбаның вторы кімдер?

  3. Елтаңбаның негізіне не алынған?

  4. Қанатты пырақ ненің белгісі?

  5. Байрақтың реңдік белгісі қандай?

  6. Әнұранның авторлары кімдер?

  7. Қазақ мемлекетінің алғашқы Ата Заңы?


• Сабақтан қандай білім алдыңдар?
VI Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұндау
















Сынып

9 д

Мерзімі:

19.09.15

Сабақ№


Сабақтың тақырыбы:Сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:білімділік: жаңа сабақты меңгерту,салалас құрмалас пен сабақтас сөйлем құрмалас сөйлемнің айырмашылығын таныту.

Дамытушылық: дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: ұжымдасып еңбектенуге, әдептілікке, ұқыптылыққа , елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: іздендіру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, кестелер, жаттығу жұмыстары, түсіндіру.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу ә) түгелдеу б) назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру : Семантикалық картаны толтыру


Жалғаулық шылаулар

Ыңғайлас

Қарсылықты

Түсіндірмелі

Себеп-

салдар

Талғаулы

Кезектес


Жаңа сабақ.Сабақтас құрмалас сөйлем


Бағыныңқының

баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Мысалдары

Шартты рай

-са,-се

Жақсы туса , ел ырысы.

Көсемше

-а,-е,-й,-ып,-іп,-п,

-қалы,-келі,-ғалы,-гелі

Жапырағы судырлап, тал сұлуша таранды.

Есімше

-ған,(-ша,-дай)

-ген(-ше,-дей)

-ған(-да) -ген(-де)

-ған(-дықтан)

-ген(-діктен) сайын, соң,үшін,кезде,шақта

-ған+ға,-ген+ге шейін, -ған+нан бері, -ген+

нен кейін бұрын

Қатарында көлденең кісі болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген сөзін бастаған жоқ.

Етістік негізді

—ысымен (-ісімен)

Ол үйге келісімен, мен шығып кеттім.


Жаңа сабақты бекіту. 1.Жаттығу жұмыстары.

Берілген сөйлемдерден салалас сөйлем мен сабақтас сөйлемді ажырату.

2.Тапсырма: Берілген сөйлемдердің басыңқы және бағыныңқы сыңарын тауып, қарамен жазылған сөздерге талдау жаса.

Бұлақты таудан арна ақса, теңіз болар аяғы. (фонетикалық)

Үшеуі үйге кірген соң , шам жағылды. (фонетикалық)

Құр әдеппен жымиғаны болмаса, Абай оның сөзін аңғарған жоқ. (мофологиялық)

Жапырағы судырлап, тал сұлуша таранды. (мофологиялық)

Бұлар үш қабат үлкен үйдің баспалдағымен жоғары көтерілді. (Сөйлем мүшелеріне талдау)

Елбасы жолдауының негізгі бағыттары әлеуметтік саланы қамтып отыр. (Сөйлем мүшелеріне талдау)

3.Эссе жазу. «Егер де мен…» Сабақтас сөйлемдерді қатыстыра отырып жазу.

4.Венн диаграммасы











Салалас сөйлем Сабақтас сөйлем

Сабақты қорытындылау.

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Бағалау . Жауап беру ерекшелігіне қарай бағалау.

Үйге тапсырма. Көркем әдебиеттен сабақтас құрмалас сөйлемге 5 сөйлем жазыпкелу.






-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель математики

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Разработка к уроку: Біздің мұғалім (45.64 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт