Сабақ жоспары
Пән аты: Алгебра Сынып: 7
Оқулық авторлары: А.Е.Әбілқасымова, А.Абдиев, В.Е.Корчевский, З.Ә.Жұмағұлова. Алматы «Мектеп» 2017
Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу, дәрежеге шығару (3 сағат).
Сабақтың мақсаты: Рационал бөлшектерді көбейту, дәрежеге келтіру және бөлу алгоритмімен танысады. Бөлшектерге амалдар қолдану бойынша білімдері жетіледі. Өздігінен тақырыпты меңгеруге талпындыру. Топпен жұмыс істеу дағдылары дамиды. Өзін-өзі объективті тұрғыда бағалауға үйренеді.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Топпен жұмыс.
Сабақ барысы:
Уақыт (мин) | Кезеңдер: | Мақсаты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушылардың әрекеті | Сабақтағы көрнекіліктер | Қолданылатын модуль |
4 | Ұйымдастыру.
| Оқушыларды сабаққа дайындау, сабақтың мақсат және міндеттерін анықтау. | Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды журналға белгілеу;сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Бағалау парағын үлестіру. Көңіл-күйлерін анықтау. | Орындарынан тұрып амандасады, кезекші оқушы сынып оқушыларының сабаққа қатысуы туралы мәлімет береді. Мұғалім таратқан карточкалар арқылы топтарға бөлінеді. Бағалау критерийлерімен танысады. Топқа бөлінгеннен кейінгі көңіл-күйлерін тақтадағы смайликтер арқылы білдіреді. | Өзін-өзі бағалау парақтары, үлестірмелі карточкалар, смайликтер, стикерлер. | Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
|
6 | Өткенді еске түсіру.
| Тақырыпты дұрыс және жете түсiнгендiктерін анықтау. | А)Үй жұмысын тексеру №480.
Ә)Интерактивті тақтада өткен тақырыпқа қатысты ӨЖ ашылады. Уақыт біткен соң жауабы көрсетіледі. | А)көршісімен дәптерін ауысып тақтадағы жауаппен салыстырады. Ә)Әр оқушы мұғалім таратқан парақтарға өзіндік жұмысты орындайды. Әркім өз жұмысын тақтада көрсетілген жауаппен тексереді. | Интерактивті тақта, есептер жинағы, бағалау парағы. | АКТ. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Талантты және дарынды балаларды оқыту. |
12 | Жаңа оқу материалын таныту. | Хабарланатын ұғымдар, қасиеттердің бастысын ерекшелеу. Жетелеу сұрақтары арқылы тақырыпқа шығу. | -Қандай арифметикалық амалдарды білеміз? -Өткен тақырып қалай аталады? Ендеше, бүгінгі тақырып қалай аталуы мүмкін? Тақырып мәтінімен жұмыс: «Бүтін өрнек» тобы 1-мысалды, «Бөлшек өрнек» тобы 2-мысалды, «Рационал өрнек» 3-мысалды (133-бетте) талдайды.
| Өз беттерімен тақырыпқа шығады, тақырыпты түсінуге тырысады.
Мұғалімнің көмегімен тақтаға орындайды. Дәптерге жазып алады. | Оқулық, интербелсенді тақта, бағалау парағы. | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Талантты және дарынды балаларды оқыту. |
13 | Бекіту. | Топпен жұмыс істеуге дағыдландыру. Оқулықпен жұмыс. | №376 (3,4,6, 135-бет) №377 (1, 136-бет)
| Дәптерге, тақтаға орындау. | Оқулық, интербелсенді тақта, бағалау парағы. | Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. |
5 | Рефлексия.
| Алған білімді қысқаша қорытындылау; есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. | «Сәйкестендіру» әдісін қолданамын. Тақтадағы бірнеше теңдіктің бір бөлігін екінші бөлігімен сәйкестендіру. | Оқушылар интерактивті тақтада орындайды. | Интербелсенді тақта. | Сыни тұрғыдан ойлау. Оқытудағы басқару және көшбасшылық. |
2 | Үй тапсырмасы туралы мәлімет. | Үйге берілген тапсырма арқылы оқушылардың ББД-н дамыту, нығайту, жаңа ББД алуға дайындау. | Үйге берілген тапсырманы оқушылар интербелсенді тақтадан көшіріп жазады. № 376 (1,2,5,7,8), 135-бет; Ережелерді оқып келу.
| Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделікке жазады.
| Күнделік, интербелсенді тақта.
| Талантты және дарынды балаларды оқыту. |
3
| Бақылау және оқушылардың өзін-өзі бақылауы. | Сабақты мақсатына жеткенін анықтау. Келешекке жоспар құру. | Мұғалім оқушылардың суммативті бағаларын шығарады.
| Оқушылар формативті бағаларынан қорытынды бағаны есептеп айтады. | Бағалау критерийі, бағалау парағы. | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. |