Тақырыбы: «Оқушыларды тестілеуге дайындауға арналған психологиялық тренинг»
Мақсаты: ҰБТ-ге дайындық кезінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бағалау, сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.
Міндеті: - стресске қарсы тұруын арттыру;
сенім мінез-құлық дағдысын арттыру;
эмоциялық ерік сферасын дамыту;
эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға сенім білдіру;
өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту;
өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу;
Сабақтың түрі: тренинг
Көрнекілігі: үнтаспа, А4, А3 форматты қағаздар, маркер, стикер, жүрек, т.б.
І. Кіріпе бөлім. Ұйымдастыру кезеңі
Психолог сөзі:
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Құрметті мектеп түлектері, бүгінгі тренингімізге қош келдіңіздер!
«Шаттық шеңбері» ән орындату
«Қар қиыршықтары» жаттығуы.
Мақсаты: оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру;
Нұсқау: барлығымыз қолымызға ақ парақты алып, ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ бұрышын қиып аламыз. Тағы да бүктейміз, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігінше жалғастыра береміз. Енді әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.
Талдау: - кімде бірдей бір-біріне аумайтын қар қиындысы шықты?
таптыңыздар ма? жоқ... Себебі, неде деп ойлайсыздар?
Не себептен бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра, әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?
Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты. Өйткені біз әр түрлі адамдармыз. Бірақ бәріміздің бірге жиналумызға бір себеп бар – ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету, қоғамдағы орнымыз бен рөліміз әр түрлі болса да, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.
Емтиханға дейін және оның кезіндегі мінез-құлқыңызға ұсынытар. ҰБТ туралы мағлұмат (оқушыларға жадынамалар таратылады)
Емтиханға бір күн қалғанда ештеңе істемеңіз. Егер бір нәрсені оқып үлгермесеңіз, жақсысы әрекет етпей ақ қойыңыз. Керісінше, дем алып, көңіл көтеріңіз. Ертеңгі емтиханды ұмытуға тырысыңыз;
Емтихан алдында жақсылап ұйықтаңыз;
Міне, сіз емтихан есігінің алдындасыз. Тыныштаныңыз! Бірнеше рет: «Менің жан дүнием тыныш» деп айтыңыз. Бірінші кіруге тырысыңыз. Неғұрлым ұзақ тұрсаңыз, соғұрлым өзіңізге сеніміз болып, қорқа түсесіз;
Тестке кірерде өз эмоцияңызды, ойыңызды жинақтаңыз;
Сыныпқа бәрі ойдағыдай болады деп сенімді кіріңіз;
Жайлы отырып, бойңызды түзеңіз. Сіз бәрінен биік, ақылды, бәрінің де ойдағыдай болатынын ойланыңыз;
Күштену мен қатаюдан арылу үшін тыныс алу жаттығуларынорындау:
жайлы отырыңыз;
мұрын арқылы терең дем алу (4-6 секунд);
тыныс алуды тоқтату (2-3 секунд);
Тестілеу қағаздарын толтыру туралы артық сұрақ қоймау үшін және алаңдамау үшін мұқият тыңдаңыз. Сізге барлығын түсіндіреді, бланкты қалай толтыру керек, мектептің нөмірін қалай кодтау керек және т.б;
Барлық сұрақты қарап шығыңыз және ең алдымен өзіңіз сенімді сұрақтарға жауап беріңіз;
Сызып тастау әдісімен әрекет етіңіз, сәйкес келмейтін жауаптарды сызып тастаңыз;
Жұмыты тексеріп шығуға, қателерді жөндеуге уақыт қалдырыңыз;
Барлық тапсырманы орындауға тырысыңыз;
«Ғажайып арман ағашы» аутотренингі.
Мақсаты: әрбір жеке тұлғаның ойлау қабілетін, ҰБТ-ге деген сенімділігін, көтеріңкі көңіл-күй сезімдерін психологиялық тұрғысында дамыту.
Құрметті оқушылар, әуелі орындарыңыздан тұруларыңызды сұраймын. Енді денелеріңізді еркін, бос ұстап, миларыңызды тынықтырп, терең дем алып, ішкі дүниедегі жағымыз нәрселерді сыртқа шығарып татаңыздар.
Медитация: ал енді көздеріңізді жұмыңыздар, көз алдарыңызға елестетіңіздер! Әсем бір шебер бағбанның баптап өсірген алма бағында қыдырып жүрсіздер. Осы сәтте әркім өзінің ең бақытт шақтарын елестетсін. Жүрек түбіндегі арман-мақсаттарыңызды қиялдаңыздар. Мен алдағы ҰБТ-ді жақсы нәтижемен тапсырамын, менде бәрі жақсы болады, менің өзіме деген сенімділігім мол, мен үшін бәрі оңай және түсінікті болады.
Оң жақтарыңызға қараңыздар қып-қызыл алманы көресіздер. Ал сол жақтарыңзға қараңыздар сары, қызыл алмалар тұр. Па, шіркін, қайран алмалардың иіін ай, танауларыңызды керіп, демдеріңізді ашып, рахат бір дүние ішінде жүрсіздер, терең дем алыңыздар! Ал енді жайлап көздеріңізді ашыңыздыр.
Құрметті оқушылар, ендігі мақсат мынау! Шебер бағбанның бағында өскен алманы сіздерге таратамын. Осы алмаға әркім өзінің жүрек түбіндегі арман-мүдделерін (жазу түрінде) тілектерін жазсын (уақыт беріледі). Алмаларды жинаймыз. Алдарыңызда тұрған «Ғажайып арман алма талы». Сіздердің алмаларыңыз ғажайып талға ілінді. Мінеки, сіздердің жүрек түбінде жатқан арман-тілектеріңіз орындалды деп еептеңіздер.