Меню
Разработки
Разработки  /  Психологу  /  Проверочные работы  /  Прочее  /  Психологиядағы вербалды және вербалды емес қарым-қатынас мәселесі

Психологиядағы вербалды және вербалды емес қарым-қатынас мәселесі

Сабақтас ұғым қатарлары бар: оларды әр зерттеуші түрліше түсіндіретін, кейде олардың араласуына әкеліп тірейтін вербалдық емес коммуникация, вербалдық емес мінез-құлық, вербалдық емес қарым-қатынас, паралингвистика, кинесика.

07.06.2017

Содержимое разработки

Психологиядағы вербалды және вербалды емес қарым-қатынас мәселесі

Сабақтас ұғым қатарлары бар: оларды әр зерттеуші түрліше түсіндіретін, кейде олардың араласуына әкеліп тірейтін вербалдық емес коммуникация, вербалдық емес мінез-құлық, вербалдық емес қарым-қатынас, паралингвистика, кинесика.

В.А. Лабунская психология тұрғысынан вербалдық емес қарым-қатынасты – ақпарат берудің негізгі құралы ретінде пайдалану, әрекеттестікті ұйымдастыру, бейнені, серіктес туралы түсінікті қалыптастыру, басқа адамға вербалдық емес құралдардың әсер ету жүзеге асырылуы тән қарым-қатынас түрі ретінде анықтайды.Вербалдық емес қарым-қатынасты зерттеудің ежелгі бағыты – ол адамның сөйлеу мінез-құлқымен байланысты зерттеу. Ол шешендік өнер жөніндегі трактаттардан бастау алады және паралингвистка, экстралингвистика, психосемиотика, социолингвистика және т.б. салаларда көрсетілген. Заманауи вербалдық емес қарым-қатынас психологиясы пәнаралық ғылым ретінде қалыптастырылады. В.А.Лабунская атап көрсеткендей, вербалдық емес қарым-қатынас түсінігі, құбылыстардың кең аясын біріктіретін және адамның дене қозғалысымен қатар, еңбек, тұрмыс, киім, косметика, қоршаған орта, архитектура, балет, музыка, сурет өнері, яғни сөз еместің барлығынан тұратын вербалдық емес (ауызша сөздік емес) түсініктермен түйіндес. Вербалдық емес тіл кеңістік-уақыттық тұтастықты білдіретін, континуальды, еріксіз, ықтималдық, нақтылы, табиғи, бастапқы, жартышарлық, басым дәрежеде аффективтік, интуициялық, түйсіксіз жасалған, мақсатсыз, абайсыз болуы арқылы вербалдық тілден өзгешеленеді. Вербалдық емес тілге код беру және кодты шешу күрделі, көбінесе, көзбен шолу құбылысы, ал вербалдық – вокалдық-дыбыстық құбылыс болып табылады. Вербалдық емес коммуникациялар – бұл барынша дәл мәндер шеңберіне ие және лингвистикалық таңбалар жүйесі ретінде сипатталатын, жеке тұлғаның психологиялық және әлеуметтік-психологиялық сапаларынан тәуелсіз және қандай да бір дәрежеде шеттетілген, хабарды барынша дәл дәрежеде жеткізуге үшін қолданылатын вербалдық емес символдар, белгілер, кодтар жүйесі.

Шартты, интенционалды, ырықты ымдар, дене қимылдары, дене тұрысы, бет әлпетіне код беріледі және код алынады, мәндердің шектеулі шеңбері бар белгілер рөлін және хабарлама қызметтерін нәтижелі атқарады. Вербалдық емес ұғымы вербалдық емес коммуникация түсінігіне қарағанда, аясы кең, ал вербалдық емес қарым-қатынаспен салыстырғанда аясы тар ұғым.

Вербалдық-вербалдық емес коммуникациялар мен вербалдық емес мінез-құлық арасындағы басты айырмашылық (P.Ekman и R. Scherer, 1984) 1) дискреттілікке қарсы континуальдылықта; 2) инварианттыққа қарсы вариабельділікте; 3) еріктілікке қарсы ырықсыздықта; 4) вербалдық емес құралдарды символдар немесе белгілер ретінде жатсына пайдалануға қарағанда адамның психикалық жағдайына байланысты болуында [20].

Г.Е. Крейдлин паралингвистиканың көпшілікке таралған анықтамасына: зерттеу мәні – сөйлеу коммуникациясы процесіне енгізілген және осы процесте мағыналық ақпаратты бере алатын, сөйлеу актісіне қосымша дыбыстық кодтар – (пара) сыңар тіл болып табылатын, вербальдық емес семиотиканың жеке бөлімін құрайтын ғылым ұғымына сүйенген.

Паралингвистиканың орталығы мен перифериясын ажырата отырып, орталыққа жекелеген сөздік емес дыбыстар, білдіру коммуникациясы актісінде ие болатын дыбыстық кешендер (кекіру, жөтелу, ысқыру және т.б.), дауыс, оның өзгермес қасиеттері, фонация (дауыстық төмендеуі), коммуникация актісінде мәнге ие болатын және мағыналық ақпараттарды ұйымдастыруға және таратуға қатысатын (буындарды және сөз ағынының едәуір ірі бөлшектерін, екпінін, сөздің үндестік деңгейін, буындардың ұзақтығы мен т.б. эмоциялық акценттік бөлу) паратілдік просодиялық элементтерді жатқызады.

Ф.И. Карташкова вербалдық емес мінез-құлық пен вербалдық емес коммуникация ұғымдарын кең-тар арақатынасы негізінде: «Адамның вербалдық емес мінез-құлықтарының әрқилы түрлері (біздің түсінігіміз бойынша, вербалдық емес коммуникация ұғымына қарағанда аясы кең болып табылатын) Г.Е.Крейдлиннің докторлық диссертациясында отандық психолингвистика ғылымында вербалдық емес семиотиканың дамуы деген атаумен дәйекті шолу ұсынған, зерттеудің жекелеген дербес ғылымдар нысанын құрайды» [22]. Бізді қызықтыратын жоғарыда көрсетілген ұғымдардың арақатынасы психологиялық және психолингвистикалық түсінікті көрсетеді. Біз зерттеу жұмысымызда вербалдық емес коммуникация, вербалдық емес қарым-қатынас, вербалдық емес мінез-құлық ұғымдарын басқаша түсіндіруге сүйенеміз. Біздің жұмысымыздағы базалық түсінік ретінде ақпарат алмасу, әр түрлі байланыстар орнату мақсатында екі немесе одан да көп коммуниканттар арасындағы тікелей екі жақты (көзбен шолу ауызша байланыс түріндегі, жазбаша байланыс түріндегі, техникалық құралдар көмегімен байланыс орнату түрінде) байланыс ретіндегі қарым-қатынас қарастырылады.

Қарым-қатынастың негізгі белгілері болып табылады:қарым-қатынас бойынша екі немесе одан көп серіктестердің болуы; тікелей байланыс; серіктестер арасындағы өзара әрекеттер, яғни, екі жақты байланыс көзделген; мақсат – ақпарат алмасу; өз жағдайы, реакциясы, қатынасы туралы ақпарат беру; қарым-қатынас бойынша серіктесі тарапынан әрекеттерді теріске шығару, қарым-қатынас кодын: вербалдық, вербалдық емес қолдану. Коммуникация термині біздің жұмысымызда нәтижесінде адам өзіне қажетті, аса керек ақпаратарды алатын, адамдар мен орасан көп нысандар арасындағы байланыс ретінде түсіндіріледі. Алайда, көптеген еңбектерде коммуникация мен қарым-қатынас терминдері синоним ретінде қолданылатынын атап өткен жөн. Э.Д.Сулейменованың редакциясымен шығарылған «Словарь по языкознанию» сөздігінде «коммуникация» термині келесідей анықталады: «Тілмен берілетін жанама қарым-қатынас; ақпарат, хабарлама беру».

Сөздіктің авторлары коммуникациялардың келесі белгілерін нұсқайды: а) әлеуметтік қарым-қатынас түрі болып табылады; б) оның мазмұндық, прагматикалық бірлігі болып табылатын, коммуниктивтік-сөйлеу актілері көмегімен жүзеге асырылады; в) үнемі мақсатты, ал оның мақсаты – нәтижелі; г) экстралингвистикалық және психолингвистикалық мағынада әрдайым контекстік; д) түрлі «тартыстар» мен шектеулерге ұшырайды.

Біздің жұмысымызда сөйлеу мінез-құлқы адамның мінезі мен өмір салтын айқындайтын, коммуникативтік аңғарымды және аңғарымсыз қылықтар жүйесі ретінде түсіндіріледі. Вербалдық емес қарым-қатынастар құралдары бойынша ресейлік және шетелдік зерттеулерге барынша толық шолулар В.А.Лабунскаяның докторлық диссертациясында жазылған, вербалдық емес қарым-қатынастардың негізгі құрамдас бөліктерінің функциональдық сипаттамалары вербалдық емес қарым-қатынастар бойынша еңбектерді топтастыруға негіздеме болды [19].

В.А. Лабунская вербалдық емес мінез-құлықтың әрбір құрылымы мен құрылымдық топтары ақпараттық, реттеуші, аффективтік қызметтерді атқаратынын атап көрсеткен. Осы тұрғыда қайсысы болса да вербалдық емес мінез-құлық компоненттерінде артықшылықтары жоқ. Олар көп функциональды:

1) субъектінің жалпы психомоторлық белсенділігі көрсеткіштерінің (қозғалыс екпіні, ауытқу шегі, қарқындылығы, үйлесімділігі);

2) жеке тұлғаның маңызды психикалық жағдайы туралы куәлік етеді (А.А. Бодалев, А. Аргайл, Д. Арчер, Р. Акерт, П. Балл, С.Г. Геллерштейн, Н.В. Крогиус, Дж. Ренбайн, Н. Фрийда, К. Энлих, П. Экман, П.М. Якобсон); 3)

3)құрамына тұлғаның қасиеттері мен сапалары туралы ақпараттар енеді (П.Балл, К. Леонхард, Р. Кирхофф, Л.М. Сухаребский);

4) бір адамның басқа адамға деген қарым-қатынасын білдіреді;

5) қарым-қатынас субъектісін ретінде жеке тұлғаның дамуы туралы куәлік етеді: байланыс жасау, қостау мен одан шығу бағдарламалары (А. Аргайл, П. Ноллер, А. Шефлен, П. Экман);

6) жеке тұлғаның әлеуметтік статусының көрсеткіші ретінде қызмет атқарады;

7) қандай да бір топқа тиесілі болуы, тұтастығы, мәдениеті туралы хабарлайды (Б.Х. Бгажноков, А.И. Галичев, В.Д. Осипов, Ю.С. Степанов, А. Шефлен);

8) қарым-қатынас жасаушылар арасында жақындықтың оңтайлы деңгейін қолдайды;

9) әлеуметтік стратификация қызметін атқарады;

10) қарым-қатынас бойынша серіктестердің өзара қатынастарының сапасы мен өзгерістерін білдіреді, осы қатынастарды (А. Аргайл, К. Изард, Р. Краусс, Н.В. Крогиус, А.А. Леонтьев, Х. Миккин, Е.В. Фетисова, А. Шефлен, Т. Шибутани, М.Х. Хейдемтес);

11) адамдар арасындағы өзара әрекет ету түрлері туралы куәлік етеді (Б.Х. Бгажноков, Л.А. Китаев-Смык, Е. Холл);

12) қарым-қатынастың психологиялық мазмұны манифестациясынан озық қызметтерді атқарады (сөйлеуге қатысты) (Н.И. Горелов, А.А. Леоньтев, Н. Фрийда);

13) вербалдық хабарламаны нақтылу, түсінуді өзгерту рөлін атқарады, айтылған сөздің эмоциялық қанықтылығын нығайтады (И.А. Зимняя, Г.В. Колшанский, Г.Г. Почепцов, Д.И. Рамишвили);

14) сөздік хабарламаны үнемдеу қызметін атқарады (Н.Н. Горелов, Х. Миккин, Н. Фрийда);

15) тұлғаның «Мен» тұжырымыретінде болады (Н.В. Крогиус);

16) аффекті бақылайды, оның іске асырылуына немесе аффективтік қарым-қатынастардың әлеуметтік-мәнді жағдайларын жасайды;

17) бәсеңдік, жеңілдік қызметтерін атқарады, қозу процесін реттейді (Г. Гибш, Ч. Дарвин, К. Леонхард, М. Форверг, Н. Фрийда) [24]. Біз зерттеу жұмысында вербалдық емес мінез-құлық пен вербалдық емес қарым-қатынас түсініктерін ажыратуға тырысамыз. Вербалды емес мінез-құлық ретінде индивидтің онтогенез процесі барысында, бірқатар факторлардың: мәдени орта, гендерлік сипатта, жас ерекшелік параметрлері мен т.б. ықпал етуімен қалыптастырылған және меңгерілген вербалдық емес құралдар жиынтығы мен сипатын түсінеміз. Вербалдық емес қарым-қатынастар ретінде тұлға аралық өзара әрекеттер барысында вербалдық емес құралдардың қолданылуын түсінеміз. Осы тұрғыда бізге В.А.Лабунскаяның ұстанымы, соның ішінде, оның вербалдық емес мінез-құлық пен қарым-қатынас –өзара тәуелді және өзара шартты ауыспалылар деген тұжырымы жақын.

Вербалдық емес мінез-құлықтың кинесикалық құрылымы қарым-қатынасты өзіндік «ұйымдастырушысы» болады.

Тұрған тұрыс, бастың бұрылуы, ымдардың қарқындылығы, мимиканың мәнерлілігі, көздердің байланысы серіктестердің бір біріне қатысы бойынша қарым-қатынас дистанциясы, бағдарды, мақсаттылығын анықтайды.

Өз кезегінде, қарым-қатынастың проксемиялық сипаттамасы, серіктестердің вербальдық емес мінез-құлық бағдарламаларына әсер етеді.

Вербалдық емес интеракциялар, қабылдау объектісі ретінде, серіктестердің түрлі кинесика элементтерінің (ым, мимика, көз тастау, тұрған тұрыс, жанасу, жүріс) және қарым-қатынас кеңістігінің әрекетестігін білдіреді: дистанция, бағдарлау, дербес кеңістік, серіктестердің орналасуы [19].

Вербалдық емес семиотиканы Г.Е.Крейдлин пәнаралық ғылым ретінде анықтаған болатын: «Ол әр түрлі ғылыми салалар шекарасында және ғасырлар бойы қалыптасқан, өз нысандары, теориялық және методологиялық аппараты, өзінің тілі мен зерттеу тәсілдері, жеке мүдделері мен ішкі проблемалары бар, түрлі ғылыми дәстүрлер қиылысында, сонымен қатар, биология, этология (мінез-құлық туралы ғылым), лингвистика, логика, социология мен психология және салыстырмалы түрде жаңа салаларда пайда болған. Соңғылары қатарынан, ең алдымен, жалпы семиотиканы, этнос пен этникалық жүйелер теориясын, мәдени антропология, когнитология (білім мен таным туралы ғылым) және когнитивтік жүйелер теориясын атау қажет.

Вербалдық емес семиотиканың пәнаралық сипаты психолингвистика үшін де өзекті болып табылатын, көптеген проблемаларды шешуге кешенді ғылыми тәсілді талап етеді. Г.Е.Крейдлин, вербалдық емес семиотика мен психолингвистиканың аса ірі бес проблемаласын бөліп қарастыра отырып, сол проблемалар өңделген бірқатар ғалымдардың еңбектеріне тоқтала кеткен.

Біз осы қысқаша шолу жасау қажет деп санадық, себебі, оның құрамында вербалдық емес семиотика саласында өздерін сынағысы келетін ғалымдарға арналған ерекше зерттеу бағдарламасы бар, сонымен қатар, қазақстан психолингвистикасында вербалдық емес семиотика проблемаларына қаншалықты аз көңіл бөлінгенін осы шолудан көруге болады.

Сонымен, Г.Е.Крейдлин шешімі кешенді тәсіл шеңберінде ғана болуы мүмкін, вербалдық емес семиотиканың негізгі проблемаларын бөледі:

  1. адам мінез-құлқының жалпы бағдарламалары мен тәсілдерінің мәнін түсіну (мәселен, Винкин 1995; Джонсон 1987; Косниер и др. 1982; Косниер, Броссард 1984; Пайк 1967; Розенталь 1979; Сегештрале, Молнар 1997; Мак Нил 1979; Хинда 1974; Шерер, Экман 1982 жұмыстарын қара);

  2. нақты мінез-құлық үлгілерінің түрлі ерекшеліктерін теориялық және практикалық сипаттау, мәндер коммуникациясы үдерісінде берілетін вербалдық және вербалдық емес корреляттарды анықтау мен адамдардың диалогта әрекеттесу ережелерін белгілеу (Армстронг және т.б. 1995; Бентал, Полхеххемас 1975, Биркенбил 1979 / 1997, Блинутова 1995, Балинжер 1983, Жинкин 1998, Мак Нил 1992, Николаева 1972, Николаева 1973, Шаронов 1996);

  3. вербалдық емес белгілерді тіл белгілерімен салыстырудың формальды және семантикалық талдау, соның қатарында, коммуникация үдерісінде табиғи-тілдік белгілерді алмастыратын немесе сүйемелдейтін, түрлі вербалдық емес семиотикалық бірліктердің айқын мағыналары анықтау және жасырын мәндерін табу (Биркенбил 1979/1997, Болинджер 1986, Винклер 1981, Голшмидт 1993, Поджи 1998, Экман, Фризен 1972, Экман, Фризен 1982);

  4. адамдардың психикалық жағдайына және эмоцияларына, адамдардың басқа адамға және қоршаған әлемге деген қатынасын вербалдық немесе вербалдық емес жолдары бойынша тануға бағытталған жеке лингвистикалық, социолингвистикалық және психолингвистикалық талдау жұмыстары (көптеген жарияланымдар арасында мысалы, Вайн, Кранах 1975, Вежбицкая 1992, Вежбицкая 1995, Данкэн 1969, Добрунова 1990, Изард 1984, 1992 және басқалардың жұмыстарын қара);

5) адам мінез-құлқының вербалдық емес көрініс тәсілдері мен жазбаша мәтіндердегі, соның ішінде, көркем әдебиеттегі вербалдық емес элементтерді талдау (Бевингтон 1984, Бенсон 1980, Данов 1980, Кэшер, Фейн 1996, Латейнер 1995, Пойатос 1992, Филипов 1975, Шелгунова 1979) [21].

Г.Е.Крейдлин вербалды емес семиотика жасалатын 10 дербес ғылымды бөледі:

- Паралингвистика – вербалдық емес коммуникацияның дыбыстық кодтары туралы ғылым.

- Кинесика – ымдар мен ым қимыл-қозғалыстары, ым процестері туралы ғылым.

- Окулесика – адамдардың қарым-қатынасы кезіндегі көздер тілі мен көзбен шолу мінез-құлқы туралы ғылым.

- Аускультация – коммуникация үдерісінде адамдардың дыбысты тану мінез-құлқы кезіндегі дыбыстарды естіп қабылдау туралы ғылым.

- Гаптика – коммуникацияның жанасу мен дене арқылы сезіну тілі туралы ғылым.

- Гастика – тағамдар мен сусындардың таңбалық және коммуникативтік қызметтері туралы, тамақтану туралы, дәрі-дәрмектер қабылдау мен ішіп-жеудің мәдени және коммуникативтік қызметтері туралы ғылым.

– Ольфакция – иістер, иістер көмегімен берілетін мағыналар тілі мен иістердің коммуникациядағы рөлі туралы ғылым.

– Проксемика – коммуникация кеңістігі, оның құрылымы мен қызметтері туралы ғылым.

– Хронемика – коммуникация уақыты туралы, оның құрылымы, семиотикалық және мәдени қызметтері туралы ғылым.

– Системология – адамдар өз әлемін қоршайтын нысандар жүйесі туралы, осы нысандардың коммуникация үдерісінде айқындалатын қызметтері мен мағыналары туралы ғылым [25].

Барлығы вербалдық емес семиотиканы құрайтын, жоғарыда аталған он жеке ғылымдардың ішінде кинесика, такесика, просемика біздің зерттеу жұмысымызда негізгілері болып танылады.

Көптеген зерттеушілер кинесиканы вербалдық емес семиотика саласының негізгісі деп есептейді, ол қолдардың, аяқтардың, бастың қимылдарынан, мимикалық ымдардан, тұрған тұрыс пен белгілік дене қозғалысынан тұрады.

Г.Е.Крейдлин кинесика бірлігінің атауы ретінде ым, кинема синонимдерін пайдаланады. Кинема – вербалдық емес семиотика құрамына кіретін, дене мен оның бөліктері коммуникативтік мәнді қозғалыстарын білдіретін, жеке ғылым ретіндегі кинесика бірлігі

Шығыс мәдениеттерінде эмоцияның қатынасты, психологиялық жағдайды білдірудің бүкпелі, өзінен-өзі түсінікті түрлерінің басымдылығына байланысты мұнда вербалдық емес семиотикалық белгілердің рөлі зор, олардың арасында дене арқылы байланыстардың алатын орны ерекше.

Біздің жанасуға деген қажеттілігіміз тамақтану қажеттілігі сияқты шынайы болып табылады. Кез келген жанасу жақындық гармоны деп аталатын окситоцин синтезіне себепші болатынын ғалымдар дәлелдеген. Окситоцинді зерттеудегі әлемдік авторлардың бірі - швед нейрофизиологиы Керстин Унвас Моберг бұл нейромедиатр тыныштық сезімін тудыра отырып, үрей сезімін азайтады деп есептейді. Сонымен қатар, окситоцин ағзадағы көптеген үдерістерге: тағамды қорытуға, ұлпалар регенерациясына, қан қысымына жағымды әсер етеді. Оның негізгі қасиеті – күйзелістің зиынды әсерлерін бейтараптандыру – деп жазады И.Альмгрен [26].

Кинесика Р.Бирдвистеланың «Введение в кинесику: аннотированная система записи движений рук и тела» монографиясынан бастау алады, мұнда автор ірі бірлік ретінде кинема түсінігін (кинемалар көмегімен адамдардың шынайы қарым-қатынасы жүргізілетін) және неғұрлым білінбейтін, ары қарай бөлінбейтін, ұсақ ретінде түсіндірілетін кина енгізіледі. Зерттеуші ғалым адамның қарапайым дербес қимыл-қозғалыстары мен тұрақты дене-тұрысы атласын ойлап табу арқылы түрлі мәдениттер мен әр түрлі халықтардың жекелеген ымдарының түрлерін сиптаттайды. Сонымен, ол, көбінесе баспен, әсіресе бет әлпетіне қатысты болатын, американдықтардың қарым-қатынасында қолданылатын 50-60 кинеманы бөліп қарастырады [27].

Р.Бирдвистел кинеманың мазмұндық және функциональдық аспектілерімен байланысты, проблемаларды белгіледі және оны шешуде бірқатар салмақты үлес қосты, соның қатарында, «кинеманың сөйлеу тілі қарым-қатынасына ықпал етуін және адамдардың коммуникациясына вербалдық пен вербалдық емес кодтардың жеке-дара және бірге үлес қосуын анықтады. Бұл кодтар қандай дәрежеде дербес және тәуелсіз екеніне, қандай дәрежеде бір-біріне байланысты бола алмайтынын, сөйлеу мен ымдар қалайша бір-бірін толықтыратынын, кодтардың біреуі кедергі жасауы мүмкін бе, қандай жағдайларда кедергі болатынын, қандай код, қандай жағдаяттарда басымдық көрсетінін анықтама» берді [27].

Р.Бирдвистел және оның зерттеушілері ымдарды жасау мен түсінудің негізгі факторы ретінде мәнмәтінді және адамның жасы, денсаулығы, орны, әрекеті жататын, адам сипатына нұсқайды. Р.Бирдвистел кинетикалық ауыспалы түсінігін де енгізді: ол қозғалысты жасау уақыты, оны іске асыру тәсілі, қимыл-қозғалыс көлемі, қозғалыс бағыты, сондай-ақ, коммуникациялар бойынша серіктестің әлеуметтік мәртебесі, олардың жынысы, жасы, тұлғаның психологиялық типі, ұлттық тиістілігі, серіктестердің бір-біріне деген қатынастары және т.б. [27].

Барлық кинема түрлерінің ішінен физикалық ымдар көп дәрежеде зерттелген. Мимика осы күнге дейін көлеңкеде қалып отыр, Пол Экман мен Уоллес Фризменнің бірлескен зерттеуі ерекшелікті құрайды [20]. Осы кітаптың орыс басылымының алғысөзінде М.В.Осорин былай деп жазады: «Адамның бет әлпеті тамаша ұйымдастырылған болып табылады, бұлшықеттің мимкалық қозғалыстары арқылы жан-дүниенің аса нәзік қозғалыстары айқындалады. Ең қызығы, адамдар арасындағы мәдени өзгешеліктерге қарамастан, біздің барлығымызда жалпы, генетикалық шартты бағдарламалар, атап айтқанда, біздің эмоцияларымыз (қуаныш, ашу, үрей, қорқыныш, таң қалу және т.б.) бет әлпет бұлшықеттері нақты: маңдай, қастар, қабақ, ұрт, ерін, иек ансамблдерінің жиырылуы түрінде көрінеді. Егер, сіз HomoSapiens түріне жататын болсаңыз, сіздің кім екеніңіз аса маңызды емес: австралиялық, абориген, африкалық пигмей, ақ европалық немесе америкалық үндіс – беттің мимикалық қозғалысының ортақ кестесі нақты бір эмоцияны бастан кешу кезінде принципті түрде ұқсас болады. Осы ұқсастықтар үстіне әлеуметтену үдерісінде мәдени айырмашылықтар қаланатынын да Пол Экман зерттеген. Сонымен, мысалы, қуаныш барлық адамдарда жымию арқылы көрінеді, бірақ ол орыста, американдықта және жапондықта әр түрлі болады» .

Әдетте сөйлесе қарым-қатынас жасауда ақпарат айтушыдан қабылдаушыға екі арна: есту және көру арқылы жетеді. Ақпаратты есту арқылы алу кезінде ең кем дегенде үш дереккөз: сөздер, дауыс дыбыстары мен сөздерді айту жылдамдығы, жасалған үзілістер саны, сөзді, мысалы, «а-а» немесе «мм-м» одағайлары арқылы бұзу жиілігі сияқты көрсеткіштер қолданылады. Көзбен шолу арнасы бойынша ақпарат төрт дереккөзден: бет әлпет, бастың еңкеюі, дененің жалпы қалпы, бұлшықеттердің жұмысы қабылданады.

Арналардың әрқайсысы хабарламаны алушыға және жіберушіге өзіндік коммуникативтік артықшылықтары мен кемшіліктеріне ие болады. Сонымен, есту арнасы жіберушімен толықтай сөндірілуі мүмкін, яғни, ол үнсіз қалуы арқылы өзінің жіберушісіне кез келген ақпаратты беруді тоқтатуы мүмкін, бұл жіберуші үшін есту арнасының артықшылығын және қабылдаушы үшін кемшілікті білдіреді. Осы тұста, көзбен шолу арнасы үнемі қосылып тұрады. Нәтижесінде жіберуші қарым-қатынасы бойынша серіктесі үзіліссіз қандай да бір әсерлер алатын, нақты паузаны, қолдардың нақты қалпын, бет әлпеттің нақты мимикалық жағдайын сақтауы қажет. П.Экман алушының ақпаратқа деген күшті уәждемесі болуы жағдайында есту арнасы көзбен шолуға қарағанда сенімді болады деген тұжырым жасайды. Ақпараттар беру арналарының белгілі «ерекшелігі» бар: вербалдық арна хабарламалардың, әсіресе, деректерден тұратын басым бөлігі үшін қолайлы болып табылады. «Егер, сіз біреуге мұражайдың қайда екенін, фильмде басты рөлді ойнайтын кім екенін, қарныңыздың аш екенін немесе азық-түліктердің қанша тұратынын айтқыңыз келсе, сөздерді пайдаланасыз» [20]. Осындай жағдайларда дауыс ырғағы мен көзбен шолу арнасы сөздермен берілетін туралы нақтылау хабарламасымен толықтырылады. Көзбен шолу арқылы нюанстар толықтырылады, акценттер қойылады, сөздермен айтылғандарды қаншалықты қабылдау керектігі туралы нұсқаулар беріледі.

Беттің жылдам сигналдары (жылдам ауысатын беттің мимикалық бұлшықеттерінің қозғалысы) адамның қорқыныш, қуаныш, ашу, үрей, уайым және т.б. сезінуі туралы ақпараттар беретін болғандықтан, эмоция білдіруде көзбен шолу арнасы артықшылыққа ие. П.Экман «сөздер адамдар сезімін әрдайым сипаттай алмайды; оны есесіне сөздер, көбінесе эмоцияға толы адамның бетінде көріп тұрғаныңызды барабар білдіруге мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, эмоцияға қатысты алғанда, сөздер бет әлпетке қарағанда, сенімсіздік ұялатады. Егер қандай да бір адамның ашуланғаны оның бетінен білінетін болса, бәрі дұрыс деген сөз. Алайда, оның сөздері бет әлпетімен сәйкес келмейтін болса, сіз күмәнданатын боласыз. Керісінше, егер де адам ашуланып тұрып, бірақ өз сөзінде ашуланғаны туралы айтпаса, сіз оның ашуына емес, сөздеріне күмән келтіресіз; оның шын мәнісінде қандай сезімде екенін неге мойындамайды деп таңданатын боласыз» деген дәлелдер береді . Бет нақты эмоцияларды білдіру үшін негізгі және ең дәл сигналдық жүйе болып табылады – дейді П.Экман [20].

П.Экман әр түрлі халықтарда бірдей танылатын болғандықтан, 7 негізгі эмоцияларды әмбебап ретінде бөліп қарастырады. Олар қуаныш/бақыт, таң қалу/таңырқау, қорқу, жиіркену/жек көру, уайым, ашу/ыза, ғалым осыларға қызығушылық/құмарлықты да жатқызған. Зерттеуші қалған эмоциялардың барлығын қосымша немесе қосалқы ретінде топтастырады, себебі, П.Экманның пікірі бойынша олар айқын көрінбейді және негізгілердің құрамдасын білдіреді. Қосымша эмоциялар мынадай жолдармен алынады: а) жылдам және үзіліссіз болатын, екі немесе одан да көп негізгі эмоцияларды толығымен таңу; б) эмоцияларды бөлу: бір жағы бір эмоцияны, екінші жағы – басқа эмоцияны білдіреді; в) бет бұлшықеттерінің ерекше әрекеттері есебінен эмоциялардың жартылай араласуы; г) бірнеше негізгі эмоциялардың бір-бірінен кейін ретті, тіпті бір мезгілде әрекет етуі.

Қосымша эмоциялар мен олардың мимикалық көрінуі П.Экман бойынша мәдени вариациялығымен сипатталады. Дене бөліктерінің сырт пішінін сипаттайтын және адамның сезімдері мен көңіл-күйлері туралы ақпаратты беретін ымдық шартты белгілер ретінде вербалдық емес семиотикаға қажет болатын, тұрған тұрыс кинесиканың тағы да бір маңызды бірлігі болып табылады.

Тұрған тұрыс репертуары, ымдар мен мимикалардан айырмашылығы, анатомиялық-физиологиялық тұрғыда барынша шектеулі, оған әлеуметтік-мәдени сипаттағы, өз алдына жас ерекшелік, жыныстық, нақты тұрған тұрыстарға этникалық табу шектеулерін де қосу қажет, табулар варияциялық болып табылады.

Е.Г. Крейдлин әлеуметтік сипаттағы таптаурын тұрған тұрыстардың болуы туралы айтады. Сонымен, орыс мәдениетінде адамның бүкірейген қалпы кәріліктің немесе физикалық сырқатты сипаттайды, отырған күйді тұрақты, аз қозғалатын қалып деп түсіндіреді. Орыс мәдениетінде ер адамның денесін артқа қарай шалқайтып отыру қалпы (осыған қоса қолдар көбінесе «айқастырылады» және арка тәрізді күйде бастың артына қойылады) болып жатқан жағдаятты сырттай бақылауға, бұл коммуникант жағдаят ішінде қалуына қарамастан, коммуникативтік жағдаятты толығымен қамтуға тырысу ретінде қабылданады. Бұл қалып жағдаяттың жаңа аспектілеріне жетуді қамтамасыз етеді, сондықтан, субъектінің жағдай барысын қажетті арнаға бағыттай отырып, болып жатқан жағдайға ықпал ету дәрежесін береді. Қазақ мәдениетінде ер адамдар коммуникациясына тән жантайып отыру (жастыққа жантайып отыру) қалпы, адамның еркін, ұяң емес мінез-құлқын білдіретін қалып ретінде қабылданады; әйел адамдар коммуникациясына тән бүйірін таяну (екі қолын бүйіріне таянып отыру) қалпы, қатты қайғыны басына өткеру белгісі болып табылады [25].

Е.Г.Крейдлин әр түрлі зерттеушілер жүргізген түрлі мәдениеттерде қалыптардың түрлерін, мәндерін, қызметін және пайдалану саласын талдауды жалпылай отырып, вербалдық емес белгілер ретінде жақсы бейімделген қалыптарға код беру үшін бірқатар мәндерді бөліп қарастырады.

Басқа адамға қатысты түрі. Мысалы, құшақтасып отыру, басқа адамның алдында отыру.

Статус. Жоғары әлеуметтік жағдайы бар адамда әлеуметтік жағдайы төменірек адаммен салыстырғанда денесіне қатысты қолдары мен аяқтары еркін, иықтары барынша түзу қалыпта болады.

Физикалық және психикалық жағдайы.

Диалогқа немесе талқыланатын жағдайға еліктірілу дәрежесі. Әңгімелесу кезінде отыру қалпы немесе тұрған тұрысы қарым-қатынасқа елігудің түрлі дәрежесі туралы білдіреді: түпкілікті талқылауды талап ететін, маңызды проблемалар міндетті түрде отырған қалыпты талап етеді.

Қатысуды немесе «жылуды» іздестіру: орыс мәдениетінде жолданушы адамға қарай дененің еңкіш қалпы серіктесінен ішкі сезімді, қатысуды табуға дегенді білдіреді.

Алдау: шынайы іс жағдайына қасақана жасалған және сәйкес келмейтін қалып.

Қалып кинема түрі ретінде зерттеуімізде қарым-қатынастың вербалдық емес белгілердің әлеуметтік-мәдени стратификациясы тұрғысынан терең талдауға тартылады, алайда, қазақ мәдениетіне тән күнделікті, тұрмыстық қалыптар Е.Г.Крейдлинмен анықталған әдістемеге сәйкес жеке зерттеуді қажет ететініне күмән жоқ: барлық релеванттық белгілер мен олардың арасындағы қатынастарды есепке алу арқылы қалыптарға құрылымдық талдау жасау қажет; соның ішінде, негізгі кинетикалық ауыспалы қалыптар мен олардың мәнмәтіндік толықтыру тәсілдерін көрсету, қалыптардың типтік мәнмәтіндік өзгерістерін анықтау қажет.

Ары қарай қалыптардың мағынасын анықтау қажет, оның беттің нақты көріністерімен және жанама ымдарымен арақатынасын белгілеп, қалыптарды пайдалануға географиялық, әлеуметтік және мәдени шектеулерін анықтау қажет және т.б.

Қарым-қатынасты проксемиялық ұйымдастыруекі аспектіде қарастырылады: қарапайым ресми және бейресми қарым-қатынас аспектісінде және коммуникативтік жоралау жағдаяттары аспектісінде, ресми қарым-қатынас кезінде коммуниканттардың орналасуының әлеуметтік-иерархиялық параметрі (бастық-бағынышты қызметкер), бейресми қарым-қатынас кезіндегі кеңістіктік орналасуға әсер ететін, жас ерекшелік параметр, тұйық кеңістіктік орналасуға (дастархан басында) әсер ететін, әлеуметтік-коммуникативтік фактор, коммуниканттардың кеңістіктік орналасуының («жол») ұлттық-мәдени факторы.

Біз коммуниканттың қарым-қатынас кеңістігінде: ресми/бейресми қарым-қатынастың тұйық кеңістігінде орналасуын кез келген коммуникативтік мәнді орналасуы ретінде түсінетін, проксемика бірлігі – проксема белгісін енгіземіз.

Вербалдық емес мінез-құлық, оның қызметтері қарым-қатынас мәнмәтінінде, адамдардың өзара бір-бірін қабылдауында ашылатын болғандықтан, қарым-қатынасты кеңістіктік-мерзімдік ұйымдастыруда көрсету қажет, сондай-ақ серіктестердің вербалдық емес мінез-құлқын оның қарым-қатынаста әрекет ету түрі мен тәсілі ретінде кеңістік-мерзімдік сипаттамасын бөліп қарау қажет.

Қарым-қатынас кеңістігі мен уақыты адамдардың кез келген өзара әрекеттерінің негізгі және алғашқы шарты болып табылады. Қарым-қатынас үдерісінде кеңістіктік-мерзімдік сипаттамалардың бірі проксемиялық арақашықтық болып табылатын ұғымдар қатарында іске асырылады. Сонымен, адамның адамға жақындауының солтүстік америкалық мәдениеті үшін стереотиптік болатын төрт арақашықтық (Е.Холл) бөлінеді:

а) ең жақын адамдардың қарым-қатынасы кезінде пайдаланылатын, сырлас арақашықтық 0-ден 45 см дейін құрайды;

б) таныс адамдармен қарапайым қарым-қатынас кезінде пайдаланылатын дербес арақашықтық 45 см-ден 120 см дейін тең;

в) ресми қарым-қатынас кезінде бөгде адамдармен қатынас жасауда пайдаланылатын, әлеуметтік арақашықтық;

г) әр түрлі тыңдаушылар алдында сөз сөйлеу кезіндегі 400-ден 750 см дейінгі көпшілік арақашықтығы.

Ресей психологтары проксемиялық арақашықтықтың өзгеруіне ықпал ететін, факторларды анықтады. Бұл жас ерекшелік факторы, атап айтқанда: жасы үлкен адамдармен қарым-қатынас кезінде арақашықтық ұлғаяды, жасы кіші тұлғалармен қарым-қатынас кезінде арақашықтық азаяды; бұл таныс-бейтаныстық факторы: бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде олардан алшақтауға тырысамыз, таныс адамдармен қарым-қатынаста арақашықтық азаяды; бұл «айтушының жеке сферасына» енгізілген, не болмаса енгізілмеген тұлғалар факторы.

Н.Ю.Апресян бойынша айтушының жеке сферасына айтушының өзі және оған физикалық жақынның барлығы кіреді, моральдық, эмоциялық және интеллектуалдық, проксемиялық арақашықтықтың ұлғаюымен білінетін, жалтару реакциясына себепші мазасыздықтың психикалық жағдайының факторы.

Біздің бақылауларымыз бен көркем фильмдерден алынған материал талдауы көрсеткендей, проксемиялық арақашықтықтың өзгеруіне әсер ететін, жоғарыда аталған факторлар қазақ мәденитеті үшін де сай келеді.

В.А.Лабунская көрсеткендей, қарым-қатынас арақашықтығын таңдауға коммуниканттардың әлеуметтік беделі, ұлттық-этникалық белгілері, жынысы, жасы, серіктестерінің өзара қатынастарының сипаты, экстраверттілігі-интраверттілігі және басқалар әсер етеді.

Проксемиялық арақашықтықты таңдауға өзара қатынастар сипаты әсер етуінің мысалы ретінде халықаралық ғылыми конференциялар, жиналыстар, конгресстер жүргізу кезінде елдер арасындағы өзара қарым-қатынастар сипаты ескеріліп, осыған сай сол ел өкілдерінің орындары анықталуын келтіруге болады.

Сонымен, мәселен, мұндай қарым-қатынас түрлерін ұйымдастырушылар Израиль мен араб мемлекеттері, Армения мен Әзірбайжан және т.б. елдер сияқты бір біріне оппозициялық көзқарасты ұстанған елдердің өкілдері арақашықтығын барынша алшақтатуға тырысады.

Проксемиялық дистанцияға ықпал ететін, жоғары аталған факторларға өмір сүру аймақтарында қосу қажет, мәселен, оңтүстік адамдары жақын проксемиялық дистанцияны қалайтын болса, солтүстікте тұратын адамдар – алыс проксемиялық қашықтықты таңдайды. Қызықты мысал – Ч.Абдуллаевтың детективтік романында қылмыскерді (солтүстік немесе оңтүстік тұрғыны) проксемиялық арақашықтық бойынша анықтағанын білеміз. Сарапшы күдікті адам сыртынан түсірілген бейне түсірілімді талдайды: «Ол ағылшын, Оңтүстік Европа әдет-ғұрыптарын жақсы біледі. Мына бір жайтқа көңіл аударыңыз, саяхатшылардың бірі сұрақ қойғанда, ол бұрылады да, түйсіксіз кері шегінеді – Ұлыбритания мен Солтүстік Европа тұрғындары бір-бірімен қол созым алшақтау жерде сөйлеседі емес пе, ал италяндықтар мен испандықтар едәуіржақын аралықта әңгімелеседі».

«Қарым-қатынас жағдаяты» мен «қарым-қатынас сипаты» факторымен тікелей байланысты болатын, проксемиканың екінші түсінігі болып табылады қарым-қатынасты кеңістіктік ұйымдастыру. Қарым-қатынастың ресми жағдаятында коммуниканттардың кеңістіктік орналасуы қарым-қатынас сипатына байланысты. Сонымен, егер қарым-қатынас бойынша серіктестер, эксплицитті немесе имплицитті тізгіндес болып табылатын болса, онда олар «бір-біріне қарсы» отыруды қалайды. Ал егер, серіктестер қарым-қатынасында қауымдасу рухы басым болса, «столдың бір жағында отыру» қалпы таңдаулы болады. Егер, қарым-қатынас кездейсоқ әңгімелесу, не болмаса қарапайы әңгімені білдіретін болса, адамдар «қиғаштап» отыруды қалайтын болады. Әңгімелесу реттеуші сипатқа ие болуы жағдайында коммуникация актісінің басты вербалдық бірлігі ретінде директивтер (нұсқау, бұйрық, өкім) қызмет атқаратын болса, «қиғаштап бір-біріне қарсы бетте» отыру қалпы типтік болып табылады.

Сонымен, вербалды емес қарым-қатынас құралдары дегеніміз танымдық немесе эмоционалды-бағалаушы хабарды жеткізуде ым-ишара, дене қозғалысы, дауыстың ырғақтық ерекшеліктері, тактильдік (тері) әсерлері болып табылады.

Коммуникативті техникалар – қарым-қатынас ситуацияларының элементеріне әсер ету, түсіндіру және қабылдау тәсілдерінің жиынтығы (серіктес бейнесін дәл құрастыру, контакт орнату, басқаны түсіну, хабар мен эмоцияларды жеткізу, өзара әрекеттесушілердің мінез-құлқына әсер ету және өзгерту, т.б.). Айтылған техникалар вербалдық және вербалдық емес болып бөлінеді.

Вербалды емес коммуникативті техникалар дегеніміз - өзара әрекет етудің кеңістік пен уақыт көрсеткіштерін қолайлы басқару тәсілдері. Хабарды ым-ишара, қимыл-қозғалыс және денені ұстау арқылы жеткізу. Вербалды емес қарым-қатынас құралдарының көп болғанына қарамастан кинесикалық, тактикалық және праксемикалық құралдар аса үлкен орын алады.

Ым-ишара – хабар алмасуда аса үлкен рөл адамның ішкі эмоциялық жағдайын бет бұлшықеттерінің қимыл-қозғалысы арқылы бейнелеуге байланысты адамға әсер ету құралы болып табылады. Оған қуану, таң қалу, ашу-ыза, қайғыру, қорқыныш эмоциялары жатады. Жағымды эмоциялар (махаббат, қуану, т.б.) нақты білдіріледі және оңай танылады. Жағымсыз эмоциялар (ашу, жиіркену, қайғыру) қиын танылады. Ым-ишараның анағұрлым мәнерлі элементтері қас пен ерін болып табылады. Олардың қалпының немесе пішінінің шамалы ғана өзгеруінің өзі эмоцияның түбегейлі өзгеруіне әкеледі. Осыған байланысты адамның жүздеген эмоциялардың реңктерін өзгерту мүмкіндіктері бар. Мысалы, Л.Н.Толстой күлкінің 97 түрлі реңкін айырып жазған.

Адамның көзі ым-ишара бұлшық еттерінің жұмысымен тығыз бірлікте қызмет етеді. Адам көз қарашығының мөлшерін, көздің маңайындағы бұлшықеттердің жұмысын басқара алмайды. Қарым-қатынас серігінің шынайы сезімдері мен ой-толғаныстары жайлы маңызды хабарлардың бұлағы көз болып табылады. Мысалы, егер де серіктес әңгімелесушінің көзімен әңгіменің үштен бір бөлігінен аз уақыт байланыс жасаса, онда ол қандай да бір хабарды жасырғысы келетіні немесе өзін кінәлі сезінетіні немесе ұят, сенімсіздік білдіретіні анықталды.

Бейтаныс адамның көзбен байланысының ұзақтығынан оның әлеуметтік статусын анықтауға болады. Жоғары әлеуметтік сатыда тұрған адамдар (басқарушы, көшбасшы) қарым-қатынас серігіне ұзақ уақыт қарайтыны дәлелденген. Сезімдердің, көңіл-күйлердің көптеген көріністері адамның қимыл-қозғалыстарынан анықталады. Қимыл-қозғалыс «алфавитін», «грамматикасын» білу адамды кітап сияқты оқуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндік қимыл-қозғалыстар, ым-ишараларға қарағанда аз мөлшерде сапалы түрде бақылауға алынады.

Вербалды емес қарым-қатынас саласындағы мамандар А.Пиз, Дж.Ниренберг және Г.Калеро қимыл-қозғалыстардың толық классификациясын береді.

1. «Ашық қимыл-қозғалыстар» және «сенім, ықылас қимыл-қозғалыстары» алақанның визуалдық бақылауы үшін жеңілдігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, қандай-да бір аяқ-қолды айқастырудың болмауымен, қолды кеудеге қою мен серіктесіне қолды тигізумен ерекшеленеді. Мұндай қимыл-қозғалыстар серіктестің психологиялық ашықтығы мен адалдығын дәлелдеп, оның тең құқылы өзара әрекеттесуге дайын екендігін көрсетеді.

2. «Жабық қимыл-қозғалыстар» немесе «адал емес қимыл-қозғалыстар». Олар қарым-қатынаста екінші (жасырын) мақсат бар екендігін көрсетеді, серіктестің қарама-қайшы психологиялық міндеттерді шешкелі тұрғандығын көрсетеді.

3. «Бағалау қимыл-қозғалыстары» (иекті қасу, сұқ саусақты беттің бойымен созу, ары-бері жүру және т.б.) серіктестің сенімсіздік білдіріп тұрғандығын көрсетеді.

4. «Сенімділік қимыл-қозғалыстары» (орындықта отырып ары-бері теңселу, саусақтарды күмбез түрінде біріктіру, мұрынның ұшына қол тигізу) серіктестің өз мүмкіндіктеріне өте сенімді екендігін көрсетеді, өзін жақсы, жайлы сезініп тұрғанын және өзін басқалардан жоғары сезініп тұрғандығын көрсетеді.

5. «Өзіне сенімсіздік және шыдамсыздық қимыл-қозғалыстары» (қол саусақтарын айқастыру, алақанды шымшылау, саусақтармен, қаламсаппен үстелдің бетін ұрғылау және т.б.).

6. «Күту қимыл-қозғалыстары» алақанды үйкелеу, ылғал алақанды матаға сүрту т.б.

7. «Мойындамау (жоққа шығару) қимыл-қозғалыстары» (денені артқа шалқайту, қол мен аяқты айқастыру, мұрынның ұшына қол тигізу және т.б.) серіктестің сенімсіздігінің тұрақты көрініс тапқандығын көрсетеді және фактілер мен дәлелдерге негативті қатынастың деңгейіне жеткендігін көрсетеді.

Такесика – адам психикасының ерекшеліктерін серіктестердің жанасуы арқылы зерттейтін ғылыми аумақ. Жанасу қарым-қатынасқа түсушілердің эмоционалдық жақындығының деңгейін және статустық-рөлдік бағытын бейнелейді.

Коммуникативті жанасулардың көптеген түрлерінің ішінде, қол алысудың мәні үлкен.

Мамандар қол алысудың үш түрін анықтайды: тең құқылы, үстемдік таныту, елгезек (тіл алушы).

Тең құқылы қол алысу (қатты, алақан түзу беріледі, еденге тіке).

Үстемдік танытушы қол алысу (қол жоғары жақтан беріледі, алақаны төмен, әңгімелесушінің қолы кідіруі мүмкін) серіктестің өзі туралы ойы өте жоғары екендігі туралы айтады, өзара әрекеттесу кезінде оның мақсаттылық пен өктемдікке бел байлағандығы туралы айтады.

Елгезек қол алысу (қол солғын түрде төменнен, алақан жоғары беріледі) серіктестің үстемдігін мойындауға дайын тұрғандығын бейнелейді.

Адамдар түрлі деңгейде, әр алуан түсіністікпен қарым-қатынас жасай алады. Олардың арасында ауызша, тікелей немесе жазбаша хабарламалар түріндегі қарым-қатынастардың да болатыны белгілі. Ал осы қарым-қатынас барысында адамдардың эмоциялары, өздерін ұстау мәнері, қол қимылдары өте маңызды. Вербалдық емес қарым-қатынас тәсілдерін зерттеушілердің бірі
А.Мейерабианныңзерттеуі бойынша өзара әрекет процесіндегі хабардың 93 пайызы вербалдық емес жолдар арқылы жеткізіледі, 55% – ым-ишара (мимика), қимыл-қозғалыс, дене тұрысы арқылы, 38% – дауыстың интонациясы, тембрі және жоғарылығы бойынша беріледі. Қарым-қатынас процесіндегі хабардың таралуының 7% ғана вербалдық тәсілдерге байланысты. Өйткені вербалдық емес қарым-қатынас жүйесінде 700000-нан астам ым-ишара, қимыл-қозғалыс және дене тұрысы бар, біздің тілдегі сөздерге қарағанда әлдеқайда көп.

Қарым-қатынас кезінде әр адам серіктесінің алдында оның ішкі дүниесін (құндылықтарын, әлеуметтік ұстанымын, ниеттерін, қызығушылықтарын, шынайылылығын, көңіл-күйін), әлеуметтік жағдайын (лауазымын, ғылыми дәрежесін, мамандығын, кәсібилігін, білім деңгейін, әлеуметтік мәртебесін, беделін), денсаулығы мен дене–бітімінің жалпы күйін (соматикалық денсаулық, физикалық даму деңгейі), мінез-құлық ерекшеліктерін (еңбекқорлығын, жауапкершілігін, ұқыптылығын, әдеттері мен дағдыларын, ұлттық мінез ерекшеліктерін) және т.б. сипаттайтын жеңіл белгілерді тануға, оқуға тырысады. Мұндай белгілер ретінде: адамның сыртқы келбеті, оның бет жүзіндегі ым-ишарасы, денесінің қалпы, сөздері, әрекеттері мен қимыл - қозғалыстары және т.б. болып табылады.

Дегенмен де, қарым-қатынастағы серіктесті мақсатты түрде қабылдау дағдыларын меңгермеген адам үшін, көбінесе бұл белгілердің барлығы да мүлдем мәнсіз болады. Сондықтан, іскер адамдар өздерінің қабылдай алу, тиімді қарым-қатынас жасай алу мүмкіндіктерін үнемі жетілдіріп отыруға ұмтылғандары дұрыс. Бұған адамдарды сырттай бақылау, тиісті әдебиеттерді оқу, арнайы кино-фильмдерді көру, талдау жасау әрекеттері жатады, үлкен қызметтегі, лауазымы жоғары саясаткерлер мен жетекшілердің, тіпті арнайы имиджмейкер маманның кәсіби көмегіне жүгініп, кеңес алуы, орынды да, сауатты іс-әрекет болып табылады.

Серіктесіңізді, оның қимыл-әрекеттері мен бет-жүзіндегі ым-ишарасы арқылы зерттеу, кинесика іліміне жатады. Яғни, кинесика ілімі мимика, ым-ишара, пантомимика, дененің қалпы мен қозғалысы, қол қимылдары, интонация, дауыс ырғағы сияқты сөздік емес қарым-қатынас құралдарын зерттейді. Бүкіл әлемде негізгі коммуникациялық қимыл-қозғалыстар бір-бірінен өзгеше емес. Яғни, бақытты сәттерде адамдардың барлығы бірдей қуанып, жүзі бал-бұл жанады, ал қайғыланса – жүзі солғын тартып, көздері мұңға толады, ашу қысса – қабағы шытылып, көздерінен от шашады. Дегенмен, әр ұлттың өзіне тән сөйлесу тілі болатыны сияқты, әр ұлттың сөздік емес тілдесу тәсілдері де, басқа ұлттардан ерекшеленіп тұрады. Айта кететін жағдай, адамдардың бір-біріне жанасуы, барлық ұлттарда мағынасы бір, әрі кең тараған қимыл-әрекет болып табылады. Яғни, тактильді жанасу адам өміріндегі ең маңызды, әрі ең алғашқы жест болып есептелінеді. Себебі, сәби өмірге келген сәттен-ақ анасының құшақтап, бауырына басқанын сезінеді. Өмір барысында түрлі қуанышты немесе қиналған, қайғылы сәттерінде де адамдар құшақтасып, онымен бірге екенін, қайғысына да, қуанышына да ортақтасатынын, осы әрекет арқылы сездіреді. Әрі әрбір адам, өзінің ұлтына, нәсіліне, жасына немесе жынысына қарамастан, бұл әрекетті өмір барысында, түрлі жағдайларда қажетсініп тұратыны – әбден заңды құбылыс. Сондықтан да, балалық шағында осындай жылулық пен мейірімді жеткілікті ала алмаған адамдар, мұның тапшылығын үнемі сезініп отырады.

Дегенмен, әрбір ұлттың қалыптасқан мәдениеті мен әдет-ғұрпына байланысты мұндай жақын жанасулар, бір елде қалыпты, тіпті қарым-қатынаста қажетті болып есептелінсе, екінші бір елдерде, оған шек қойылып, оны әдепсіздік деп те қабылдайды. Мәселен, Ұлыбританияда тілдесушілер бір-біріне өте сирек жақындасады. Кембриджде болса, студенттер бір-бірімен жылына екі рет қана қол алысады екен, оқу жылының басында және оқу жылы аяқталғанда. Ал, Латын Америкасы елдерінде жанасу керісінше, адамды қолдау, жігерлендіру сияқты қабылданып, адамдар арасында ол жиі байқалады. Біздің елімізде ер адамдар бір-бірімен күнделікті қол алысып амандасса, жақын достар төс қағыстырып, арқаларынан қағысады. Бір-біріне жақын, достық қарым-қатынастағы әйел адамдардың құшақтасып, беттерінен сүйіп сәлемдесуі, біздің елде дәстүрге айналған.

Кез-келген іскерлік кездесу мен қоштасудың міндетті шарты қол алысу болып табылады. Қол алысудың ұзақтылығы және күші біршама мәлімет бере алады. Тым солғын, қысқа ғана қол алысу немқұрайлылықты білдіреді. Ұзаққа созылған қол алысу мен алақанның ылғалданып, терлеп кетуі, кездесудің маңыздылығы мен бұл адамдардың кездесуге үлкен мән беретіндігін, осыған байланысты қобалжу деңгейінің де жоғары екенін білдіреді.

Азия елдерінде адамдар бір-бірінің қолын қатты, әрі ұзақ қысып тұрмайды. Сондықтан Азиялық серіктесіңізге бұлай ету жөнсіз деп есептелінеді. Ал, батыс еуропалық және американдық кәсіпкерлер жай ғана, солғын қол алысуды қанағат тұтпайды, олар өздерінің белсенділігі мен іске деген ынталылығын қолды қатты қысу арқылы жеткізеді.

Қол алысу кезінде қолды бүкпей, алыстан ұстау арқылы сәлемдесу, адамның өзін жоғары сезініп, серіктесін құрметтемеуін көрсетеді.

Бір деңгейде қол алысу, адамдардың өзара сыйластығын айғақтайды.

Саусақтың ұшын ғана ұсыну, жоғарыда айтып өткен қолды тік, алыстан бүкпей ұсынудағыдай, құрметтемеуді, төмендетуді білдіреді.

«Қолғап» деп аталатын, қос қолдап амандасу, керісінше, үлкен құрметтің, сыйластықтың дәлелі. Бұл әдетте, кішінің үлкендерге көрсететін ізеттілігінде байқалады.

Егер, адам қол алысып тұрып екінші қолымен серіктесінің шынтағынан ұстап, демесе, бұл қошемет, құрмет көрсеткені болып табылады. Ал, қол алысып тұрып, екінші қолын иыққа қою, ризашылық, алғыс сезімдерін жеткізудің белгісі болып табылады. Бұл әдетте, үлкеннің кішіге қолданатын жестісі.

Іскерлік қарым-қатынаста, адамның ішкі көңіл-күйін білдіріп тұратын бірнеше негізгі жесттер бар. Кубалық балет бишісі Алонсо, әйел адамдардың мінез-құлқындағы бұл белгілердің мағынасын қарастырып, көпшілікке ұсынған зерттеушілердің бірі болатын, ол: «Әйел адамның күші бет-жүзінің сұлулығында емес, оның күші өзін қалай ұстап, көрсете алатындығында. Әсем жүрісті, қимыл-әрекеті мәнерлі, үйде де, түзде де бойын тік ұстап, жинақы жүретін әйел адам өте ғажап әсер қалдырады. Және керісінше, қимыл-қозғалысы ебейдейсіз, бүкірейіп, асығыс немесе басын төмен салып жүретін әйел адам үйлесімсіз, ол үй шаруасынан босамайтын шаршаңқы, тартымсыз болып көрінеді», – деп орынды бағалау жасайды [35].

Шын мәнінде, адамның қолдары мен дене бітімінің қимылдары адам туралы көп мәлімет береді.

Біріншіден, бұл адам ағзасының жалпы күйін және эмоционалдылығын байқатады. Яғни, темперамент типінің күшті немесе әлсіз, тез, жылдам немесе баяу, қарқынсыз екені көрініп тұрады. Оның шаршаңқы, сергек немесе жігерлі, тіпті көңілсіз, жабырқау екені де байқалады.

Екіншіден, дененің қалпы мен қимыл-қозғалыстары арқылы, адамның өзіне сенімділігін немесе сенімсіздігін, ашықтығын немесе тұйықтығын және т.б. аңғаруға болады. Осы дене қимыл-қозғалысы мен адамның тұрған тұрысына қарап, оның әлеуметтік лауазымы мен дәрежесін де аңғаруға болады.

Үшіншіден, бұл арқылы адамдардың мәдениеттілігін, әдептілігін, тәрбиелілігін де байқай аламыз. Мәселен, әдепті, мәдениеті жоғары ер адам, әйел адам түрегеп тұрғанда, отырып сөйлеспейді.

Төртіншіден, жесттер мен дененің қимыл-қозғалыстары адамның күнделікті көңіл-күйі, ішкі қобалжулары мен сезімдері немесе тілек-қалаулары жайлы да мәлімет береді.

Адам ашықтығын айғақтайтын қимыл-әрекет адамның бүкпесіз, шынайы әңгімелесуге дайындығын білдіріп тұрады. Бұл белгілерге «қолдардың ашық» болуы, тіпті пиджактің түймелерінің ағытылып тұруы да жатады. Демек, бұл қарым-қатынасқа түсуге, сізбен ашық әңгімелесуге дайын болудың бір белгісі. Ашықтық жестін балаларда жиі байқауға болады. Балалар өздерінің жетістігіне мақтанған сәттерінде, қолдарын ашып көрсетеді, ал кінәлі болған жағдайда, қолдарын артына тығады немесе қолдарын қалтасына салып алады. «Ашық қолдар» жестінде адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуге дайын екенін білдіреді. Сондай-ақ, сізбен достық қарым-қатынаста сөйлесуге ниеті бар адам, сіз отырғанда-ақ пиджагін шешіп қояды. Бұл оның сізбен ыңғайланып, емін-еркін сұхбаттасуға деген ықыласының белгісі. Тәжірибе көрсеткендей, ұзаққа созылған келіссөздер мен іскери кездесулерде, келісімге келген серіктестер автоматты түрде пиджагінің түймелерін ағытып, орындыққа ыңғайлана жайғасады немесе аяқтарын созады екен.

Ішкі сырын ашпау мен күдікшілдік ишарасы, адамның сөздерінің ақиқаттылығына, жалпы адамның өзіне, ішкі ниетіне сенбеу, күмән келтіруді білдіреді. Мұндайда адам, автоматты түрде самайы мен иегін, маңдайын сипалайды. Және сізге, сіздің көзіңізге қарамауға тырысады. Сыр ашпаудың тағы да бір белгісі – жесттердің үйлесімсіздігі. Сізге іштей жек көруді сезінетін адамның күлкісі де, қимыл-әрекеттері де жасанды болады.

Қорғануды білдіретінқимыл-әрекеттердің бастысы, қолдарды көкірек тұсына айқастырып алу. Қолдардың айқасып тұруы үш түрлі сипатталады. Біріншіден, бұл адамның қорғануын немесе серіктесінің оған жағымсыз әсер ететінін байқатады. Мұндайда, өзіңіздің не айтып, не жасап отырғаныңызды байқап көріңіз, болмаса серіктесіңіз әңгімеден қашқақтауы мүмкін. Екіншіден, бұл жесттің басқаларға да әсер ететінін ескеру керек. Мәселен, топта бірнеше адам отырған болса, оның бірі қолдарын көкірек тұсына айқастырып алса, көп ұзамай-ақ басқалардың да осылай жасайтынын байқауға болады. Үшіншіден, бұл жесттің адамның тыныштық қалпын, сенімділігін, ыңғайлы отырғандығын да білдіретін кездері болады, бірақ бұл әңгіме барысының ешқандай дау-дамайлы емес, жайлы кезінде байқалатын жест. Егер, қолдар осылайша айқасып, әрі жұдырық түйіліп тұрса бұл әрине ашу-ызаның белгісі, бұл жағдайда дауысыңызды бәсеңдетіп, ақырын сөйлесіңіз. Мұндай әрекетіңіз де жағдайды өзгерте алмаса, тақырыпты ауыстырғаныңыз дұрыс болады .

Егер, айқасқан қолдар арқылы, адам өзін құшақтап тұрған тәрізді тұрса (кейде қолдарды қатты қысқаныңыз соншалық, саусақтарыңыз аппақ болып кетеді), бұл серіктесіңіздің талқыланып отырған мәселеге қатысты сіздің ойыңызға деген жағымсыз реакциясын, оны тежеп, байқатпауға тырысқанының белгісі. Бұл тәсіл серіктестердің бірін-бірі қалайда өз айтқанының дұрыстығына сендіру кезінде кездеседі, мұндайда адамның көзқарасы суық, күлкісі жасанды болады. Мұндай кейіп, адамның шыдамының шегіне жетіп, ызаланып тұрғанының белгісі, яғни тез арада бір шара қолданылмаса, жағдайдың шиеленісіп кетуі де ғажап емес.

Қолдар көкірек тұсында айқасып және бас бармақ жоғары қарап көрініп тұрса, бұл біріншіден жағымсыз көзқарасты, екіншіден, өзінің артықшылығын сезініп, сізден өзін жоғары бағалауының белгісі. Бұл жест іскер адамдар арасында жиі кездеседі. Және, көп жағдайда, адамдар бас бармағын әрлі-берлі қозғап, ойнап тұрады. Бір жағынан бұл мысқылдауды, құрметтемеуді аңғартады.

Ойлану мен баға беру әрекеттері - бұл мәселенің шешімін іздеп, ойға шомудың, осы жағдайды бағалаудың белгісі. Мұндайда, адамдар әдетте қолымен жағын ұстап, сипалайды. Бұл серіктесіңіздің сіздің айтқандарыңызға ойланып қалғанын аңғартады. Көзді жұмып, сұқ саусақпен маңдайды сипалау, қатты ойға шомып, маңызды шешім қабылдауды білдіреді. Шешім қабылдау барысында, ер адамдар, әдетте иегін сипалайды. Ал, иегін алақанымен тіреп, сұқ саусағын созып (қалған саусақтары бүгіліп тұрса), жағын ұрғыласа – бұл сіздің айтқандарыңызға сынмен қарауды білдіретін жест.

Өзіне сенімді, басқалардың алдында өзін жоғары сезінетін адамның қимыл-әрекеті. Адамның екі қолын артқа салып, бір қолымен екінші қолдың білезігінен ұстауы, екі қолын артқа беріп, басын тіреуі, орындыққа шалқақ отыру, екі қолмен бірдей үстелді ұстап, денесін алға ұмтылдыру немесе бір қолмен үстелге шынтақтап, екінші қолмен үстелдің шетінен ұстау әрекеттері. Дәл осы аталған қимыл – әрекеттер тез танылатын, мағынасы бірден түсінікті болатын әрекеттер қатарына жатады.

Келіспеу, қарсыласу әрекетінде және ойын ашық айта алмаса, адамдар көбінесе үстінен көзге ілінбейтін жіпті, киіміне ілініп жабысып тұрған майда қылтықтарды іздеп ала бастайды. Әдетте, бұлай жасап отырған адамдар, басқаларға қарамай, жүзін төмен салып отырады. Бұл сіздің ойыңызбен келіспеушілікті білдіреді. Және өзі келісемін деп айтып отырған болса да, оған бұл жерде болып жатқан жағдайлардың барлығы ұнамайтынын байқатады. Сонымен қатар, әңгіме барысында адамдар бір нәрсені шұқылап, қаламсапты айналдырып, тыпыршып кеткен болса, келіспеуді, әңгіменің оған мүлдем ұнамайтынын немесе бұл әңгіме оның жанды жеріне тиіп, ол туралы ашық айтқысы келмей, қашқалақтап отырғандығын да білдіреді.

Дайын болу әрекеті, кездесуді аяқтауға, мәселені шешіп кетуге немесе шығарып салуға бет алған адам, екі қолын тізесіне қояды немесе екі қолымен орындықтың екі жағын ұстайды. Осы аталған жесттердің кез-келгенін байқасаңыз, әңгімені бірінші болып аяқтауға тырысқаныңыз жөн, себебі, біріншіден, өзіңізді қолайсыз жағдайдан алып шығасыз, екіншіден, жағдайды өз қолыңызда ұстап қала аласыз .

Адамның ішкі сезімдері мен күйлерін анық көрсетіп бере алатын, жоғарыда айтып кеткен дененің қимыл–қозғалыстары мен жесттерден басқалары да жеткілікті, мәселен, екі алақанды ысқылау бір нәрсені көңілді күту мен қандай–да бір іске қуанышты кірісуді білдіреді. Дегенмен, адамдардың қимыл-қозғалысын бақылау кезінде, әр адамның өзіне тән әдетке айналған қимыл – әрекеттері бар екенін де ескергеніңіз жөн.

Адамның бет жүзі мен оның ым-иша-расы –ол туралы мәлімет пен ақпараттың ең маңызды қайнар көзі. Адамның көздері мен бет-жүзінің ым-ишарасы арқылы, оның сізді түсінгенін немесе түсінбегенін, оның бірнәрсе айтқысы, сұрағысы келгенін, ренжігенін, ашуланғанын, ризашылығын, қуанышын, қобалжу, абыржуын, қысылып ұялғанын, қорқып үрейленгенін, таңқалысын, т.с.с. көптеген мәліметтерді бірден-ақ аңғара аласыз. Осы жайында зерттеп, онымен арнайы шұғылданған ғалымдар, адам ым-ишарасының 20000-нан аса түрін сипаттаған екен.

Бұл ым-ишараларды қандай-да бір жолмен жіктеу үшін, Экман атты зерттеуші ұсынған, FAST деп аталатын әдіс пайдаланылды . Бұл әдістің принципі мынандай: адамның беті көлденеңінен үшке бөлінеді (маңдай және көз бөлігі; мұрын бөлігі; ауыз бен иек аймағы). Содан соң жиі байқалатын 6 түрлі негізгі эмоциялар жіктелінеді: қуаныш, ашу-ыза, таңқалу, жиіркеніш, қорқыныш пен мұңаю. Адамның бет–жүзіндегі эмоцияларын байқап отыру, медицина саласы тәжірибесінде кең қолданыс тапты.

Серіктесіңіздің сізді алдап немесе шынайы қарым-қатынас жасап отырғанын анықтауға көмектесетін біршама мимикалық реакцияларды қарастырып көрелік.

Адамдардың дене қозғалысының тілін ұғынуға тырысып, осы салада көп зерттеу жүргізген танымал ғалым, Аллан Пиздің пікірінше, адамдардың бейсанасы санадан тыс болғандықтан да, бізге бағынбайды және ол автоматты түрде жүріп отырады. Сондықтан да, санадан тыс қимыл-әрекеттер мен жесттер, біздің жалғандығымызды білдіріп қояды. Жалған, яғни өтірік айту кезінде адамның бейсанасы, миға бір шоғыр жүйкелік қуат жібереді, бұл қуат біздің жестеріміз арқылы көрініп, байқалып қалады. Әртістер мен кейбір заң қызметкерлері өз қимыл-әрекеттерін шеберлікпен басқара алатындықтары соншалық, олардың қай кезде шын, қай кезде жалған сөйлеп тұрғанын аңғару қиынға соғады. Ол үшін олар, біріншіден, айтылғанның жалған екенін сездіріп қоятын жесттерді өзгертіп, екіншіден жақсы да, жаман да жесттердің болмауы үшін, оларды мүлдем қолданбауға тырысады.

Психолог мамандардың айтуы бойынша, жалған айтып отырғанын қалай жасырып бақса да, өтірікшіні тануға болады. Себебі, оны көз қарашықтары, денесінің, қолдарының үнсіз тілі, жалпы барлық болмысы байқатып тұрады. Сонымен, өтірікті қандай қимыл-қозғалыстар білдіреді екен? Өтірікті айғақтайтын жесттердің бірі – ауызды жабу және жасанды жөтелу. Егер адам, әңгіме барысында жасанды жөтелетін болса, онда оны өтірік айтып отыр деп біліңіз. Себебі, адамның бас миы, санадан тыс деңгейде айтылатын сөздерді тежей тұру белгісін жібереді, осы сәтте адамдар автоматты түрде жөтелу арқылы жасандылығын жасыруға тырысады. Ал, егер сіз сөйлеп отырғанда, серіктесіңіз аузын қолымен жауып отырса, онда ол сіздің жалған айтып отырғаныңызды біліп отыр дегеннің белгісі.

Серіктесіңіздің мұрнының ұшын білінер – білінбес сипалауы да жалған сөзді жасыру жестісі болып табылатынын ұмытпаңыз. Нақтырақ айтар болсақ, өтірік айту кезінде мұрын ұшында қытық келтіретін жағымсыз сезімдер болады. Осыдан құтылу мақсатында адамдар мұрындарын жиі – жиі сипалауы мүмкін.

Қабақты жиі сипалау, әдетте сізге айтылған жалған сөздерден, күдік – күмәннан, серіктесіңіздің көзімен кездесіп қалудан қашқақтаудан туатын әрекет. Мәселен, ер адамдар қабақтарын қаттырақ сипалайды, егер (жай ғана, болмашы өтірік емес ) өтіріктің салмағы үлкен болса, көзқарасын серіктесіне емес жан – жағына, көбінесе жерге қарай бағыттайды. Әйел адамдар болса, бұл әрекеттерін көздерінің астын сүрткендей етіп сыпайы ғана, байқатпай жасауға тырысады. Егер, серіктесіңіздің жалған сөйлеп отырғанын байқасаңыз, одан айтқанын қайталауды немесе нақтылап беруді өтініңіз, сонда ол өзінің жалған ойын жалғастырудан бас тартуы мүмкін.

Серіктесіңіздің сізге жалған немесе шынайы қарым-қатынаста екенін білу үшін, оның алақандарының қалпын бақылағаныңыз дұрыс. Шынайы ниеттегі адам, серіктесіне алақанын ашық ұсынады (толықтай немесе жартылай). Бұл әрекет, әдетте, басқа да жесттер тәрізді санадан тыс жүреді, демек, адам бұл әрекеттерін басқарып, реттей алмайды. Сондықтан, бұл жест дәл қазір оның шынайы екенін айғақтайтын әрекет болмақ.

Біздер қарым–қатынаста неғұрлым жиі кездесетін кейбір жесттер мен дененің қалпын қарастырып, олардың мағынасына тоқталуға тырыстық.




















Пайдаланған әдебиеттер тізімі
  1. Джеймс У. Психология / У. Джеймс. - М.: Педагогика, 1991. - 368 с.

  2. Выготский Л.С. Мышление и речь // Полн. Собр. Соч. Т.2. М.: Просвещение, 1982. – 450 с.

  3. Абеуова И.Ә., Л.К.Ермекбаева. Әлеуметтік психология: Оқу құралы-Алматы: Полиграфия-Сервис и Ко., 2011. – 214 б.

  4. Шерьязданова Х.Т. Учите детей общению. Алма-Ата: Рауан, 1992. – 130 с.

  5. Петровская Л.А. Компетентность в общении. Социально-психологический тренинг. - М.: Издательство МГУ, 1999. – 250 с.

  6. Психология и этика делового общения. Юнита 1. Теоретические основы психологии и этики делового общения. Для студентов Современного Гуманитарного Университета. – М.: СГУ, 2002. – 230 с.

  7. Реан А.А., Коломинский Я.Л. Социальная педагогическая психология - СПб., 2000. – 435 с.

  8. Лозовский Б.Н. Исскуство разговаривать и получать информацию: хрестоматия / сост. - М., 1993. – 330 с.

  9. Х.Т.Шерьязданова, Л.К.Ермекбаева, И.Ә. Абеуова, Р.Н. Алибаева, М.Ә. Әмірбекова. Қарым-қатынас психологиясы: Оқулық. – Алматы: ҚазМемҚызПу, 2012. – 341 б.

  10. Вернике К. // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). – СПб., 1890-1907.

  11. Лабунская В.А. Основные понятия психологии невербального общения: методические указания к спец курсу «Экспрессия человека». – Ростов-на-Дону, 2006. – 28 с.

  12. Экман П., Фризен У. Узнай лжеца по выражению лица. - СПб.: Питер, 2010. – 272 с.



-80%
Курсы повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Психологиядағы вербалды және вербалды емес қарым-қатынас мәселесі (55.13 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт