Психология салалары
Мазмұны
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
- 1. Жалпы психология
- 2. Дифференциалды психология
- 3. Қоғамдық психология
- 4. Салыстырмалы психология
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Психология
- Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік құрылымның сыртқы ортаны пайымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Жалпы психология
- Жалпы психология – психологияның бір саласы ретінде психологиялық зерттеулерді жалпылай көрсетеді. Психиканың даму, қалыптасу тарихын тереңнен зерттейтін бұл сала философия, социология деген ғылымдармен тығыз байланысты.
- Жалпы психологияның теориялық негізі – психология тарихын, психологияның негізгі мәселелерін тану, негізгі танымдық процестерін зерттеу.
Дифференциалды психология
- Дифференциалды психология – психологияның негізгі бір саласы ретінде адамдар арасында топтық, этникалық айырмашылықтарды айқын көрсетеді.
- Ол жеке айырмашылықтарды жүйелеп, баға береді.
- Уильям Штерн бірінші болып жекелеген адамдар арасындағы айырмашылықтарды зерттеп, концепция құрастырған. 1990 жылы жарық көрген.
Уильям Штерн
- Неміс психологі, тұлға психологиясының атасы, философ.
Дифференциалды психология мәселелері
- Жекелеген ерекшеліктерді анықтау.
- Олардың шығу тегін түсіндіру.
Анықтау әдістері:
Интроспективті – субъектілік тәжірибеге сүйенеді;
Экстраспективті - өлшеніп, тесілген объективті тәжірибе.
Қоғамдық психология
- Қоғамдық психология – адамның қоғамдағы жүріс – тұрысын, өзін - өзі ұстай алу қабілетін зерттейді.
- Адам қоғамда өмір сүргендіктен әр түрлі қарым – қатынас иесі атанады. Әр адамның қызығушылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамнан орын табуды баян ететін психология саласы болып табылады.
- Көшбасшылық қасиеттері бар тұлғалар психологиялық жағынан басқаларға қарағанда мықтырақ болып келеді. Сол себепті де қоғамның белді мүшесіне айналады.
Салыстырмалы психология
- Салыстырмалы психология – психиканың даму тарихымен айналысатын сала.
- Адам мен жануар психикасын, олардың филогенездік даму сатыларын, тарихи – қоғамдық жүйелерін қарастырып, салыстырады.
- Адам психикасы – объективті дүниені субъективті дүние түрінде бейнелендіргіш. Ол қоғамдық – тарихи тәжірибемен тексеріліп, құпталған дүниені бейнелендіруге қатысушы болып табылады.
- Озін - өзі зерттеу – психологияның негізі.
Психология әлі зерттеуді көп талап ететін ғылым. Сондықтан да лабиринт сияқты жаңа қырлары ашыла береді. Бұл – болашақтың еншісінде.
Қорытынды
- Психология салалары көптеген бөліктерден тұрады. Ең маңыздылары осы көрмеде аталып өтілді.
- Психология – адам психикасының ерекшеліктерін, санасының пайда болуын қарастыратын, оларды анализдік, синтездік әдістер арқылы зерттеуші ғылым.
- Ол барлық қоғамдық ғылымдардың негізі.
Әдебиеттер тізімі
- Ю.В. Щербатых Общая психология. — Питер, 2008.
- Дмитриева Н.Ю. Общая психология. Конспект лекций. — Эксмо-Пресс, 2008.
- Интернет беттері: Википедия
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА КӨП – КӨП РАХМЕТ!!!