Тексерілді _____________________
Геометрия 11 сынып Сабақ №_28__ Мерзімі:_________
Пән мұғалімі: Байжанова Бибісара Жолдасбекқызы
Сабақтың тақырыбы | Цилиндрге іштей және сырттай сызылған призмалар. |
Оқып- үйренудің негізгі мақсаттары | Цилиндрге іштей және сырттай сызылған призмалармен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау. |
Оқып-үйренудің нәтижесі | Геометриялық денелер туралы түсініктері кеңейеді, олардың практикалық маңызын, ғылым мен техникадағы рөлін бағалау арқылы тақырыпты оқып-үйрену мен терең зерттеуге оң мотивация қалыптасады. |
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | Салыстыру – талдау, өз бетінше зерттеушілік жұмыс, диалогтық оқыту,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқыту үшін бағалау; |
Түйінді идея | «Бізді қоршаған орта- ол толығымен геометрия» А.Д. Александров |
Ресурстар (дереккөздер) | http://yandex.kz/yandsearch? http://yandex.kz/yandsearch?text=правильные%20многогранники&lr http://pwpt.ru/presentation/matematika/platonovyi_tela/ http://www.ega-math.narod.ru/Quant/Beklamov.htm |
Сабақтың типі | Жаңа білім игеру сабағы |
Сабақтың түрі | Танымдық- зерттеу сабағы |
Сабақ барысы | |
І.Ұйымдастыру кезеңі | А) сыныптың назарын сабаққа аудару «менің көңіл-күйім» Б) сабақ мақсатын қою, оқыту тәсілдерін талдау |
ІІ. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру | І Ауызша теориялық білім тексеру: 1)Дөңгелек цилиндр (цилиндрдің жасаушысы, цилиндрдің табаны, цилиндрдің бүйір беті) деген не? 2)Цилиндрдің радиусы, цилиндрдің биіктігі, цилиндрдің осі, цилиндрдің осьтік қимасы деген не? 3) Тік цилиндр деп қандай цилиндрді айтады? 4) Цилиндрдің жазбасы қандай фигура болады? 5)Цилиндрдің бүйір бетінің формуласы? 6)Цилиндрдің толық бетінің формуласы? ІІ. Жазбаша үй тапсырмалары бойынша талдау |
ІІІ.Жаңа білім игеру
Практикалық бөлімі – сызбалар мен олардың жазбасын сауатты орындау
| Цилндрге іштей сызылған призма деп табан жазықтықтары – цилиндрдің де табан жазықтықтары, ал бүйір қырлары цилиндрдің жасаушылары болып табылатын призманы атайды.
Цилиндрге жанама жазықтық деп цилиндрдің жасаушысы мен осы жасаушыны қамтитын осьтік қимаға перпендикуляр жазықтықты айтады
Цилиндрге сырттай сызылған призма деп табан жазықтықтары – цилиндрдің де табан жазықтықтары, ал бүйір жақтары цилиндрге жанасатын призманы атайды
Цилиндрге іштей және сырттай сызылған төртбұрышты, үшбұрышты және алтыбұрышты призмалар чертеждерін орында |
ІV.Жаңа білім бекіту №179, 180 В тобы бойынша, №186 Стобы бойынша есептер шығару Цилиндрге іштей дұрыс үшбұрышты призма сызылған, ал сол призмаға іштей цилиндр сызылған болса, цилиндрлердің бүйір беттерінің аудандарының қатынасын тап. Нұсқау: призма қабырғасын х деп алсақ.
Тест I нұсқа
| |
V. Үйге тапсырма | Дифферен. тапсырмалар + тақырып бойынша презентация даярлау |
VІ.Сабақты қорту,оқушылар білімін бағалау | Әр этапта жетістік критериилері бойынша бағалау; Кері байланыс парағы Цилиндрге іштей сызылған призма деп қандай призманы атайды? Цилиндрге жанама жазықтық деп қандай жазықтықты атайды? Цилиндрге сырттай сызылған призма деп қандай призманы атайды?
|