«Арайлы» балабақшасы

(жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий)
Тәрбиешілер: Сейітова Н.Қ
Джуматаева С.Қ
Зеренді 2015 жыл
Музыкалық зал мерекеге сай безенділірген ортада әсем шырша тұр.
Жүргізуші:
Тезірек, тездетіп жиналыңдар,
Басталады жаңа жылдың карнавал.
Маска да бар, би де бар, асығыңдар,
Шырша алдында қонақтарды қарсы алыңдар.
Басталады жаңа жылдық карнавал,
Қол соғып балаларды қарсы алыңдар.
(әсем музыка әуенімен балалар кіреді, орындарына отырады).
Жүргізуші: Қане, қане балалар,
Маған бері қараңдар.
Келіп қапты ата-анамыз,
Жаңа жылды қарсы алуға.
Балалар: Құтты болсын ата – ана жаңа жылың,
Бізге керек сендердің амандығың!
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, әріптестер, біздің сүйкімді балаларымыз.
Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз. Жаңа жыл сіздерге жаңа бақыт, жаңа табыс әкеле
берсін дей отыра бүгінгі «Жасыл шырша жаныңда» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
(Осы кезде шыршаның артынан қарғаның қарқылдаған дауысы естіледі, тұмсығында Аяз атаның хаты болады).
Қарға: (Аяз атаның хатын оқиды)
Асығамын деп жүріп,
Сыйлығымды шашып алдым.
Бұтаққа мен қабымды,
Іліп алып, тесіп алдым.
Сыйлықтарды жинағанша,
Сендерге мен немеремді.
Жіберемін асыға,
Қорғап сендер Ақшақарды
Жүріңдерші өтінемін.
(Қарға хатты жүргізушіге береді де ұшып кетеді).
(Осы кезде Ақшақар болып киінген түлкі кіреді).
Түлкі: Міне мен де келіп қалдым.
Тәрбиеші: Сен кімсің ?
Түлкі: Қалай кім? Мен Ақшақармын.
Тәрбиеші: А – а, Аяз атаның немересі боласың ба?
Түлкі: Әрине мен. Мені қарсы алыңдар.
Тәрбиеші: Сен Ақшақар болсаң, онда Аяз ата қайда?
Түлкі: Сендерге асығамын деп, санамақтарды шашып алды.
Тәрбиеші: Қандай санамақтар?
Түлкі: Қаптың түбі тесіліп, санамақтарын шашып алды.
Тәрбиеші: Ешқандай да сен Ақшақар емессің, кет кәне осы жерден.
Түлкі: Аяз ата сендерге мені қорғасын деді ғой.
Тәрбиеші: Балалар, мүмкін ол шынымен Ақшақар шығар.
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші. Сонда ол кім болғаны?
Балалар: Түлкі
Түлкі: А – а, ойланып мені кім екенін таптыңдар ма? Ақшақар менде, бірақ мен оны жібермеймін. Мен Ақшақарға пешімді жаққызамын.
Тәрбиеші: Енді не істейміз Ақшақар еріп кетеді ғой. Не керегін бізге айтшы, бірақ Ақшақарды босатшы.
Түлкі: Мен де мерекеге қатысқым келеді.
Тәрбиеші: Жарайды, біз келісеміз қала ғой біздің балаларымыздың өнерін тамашала.
Тақпақтар: (5 бала)
Мадина:
Жылдың әнің бастайық
Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас қайын
Көтере алмай көп қарды.
Адай:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағыңған
Ал, балалар келіңдер
Тамашаны көріңдер.
Айару:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Аймұхамед:
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып,
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
Сұлтан:
Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны – ай
Кесіп алсам шіркін – ай!!!
Нұрдаулет:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл.
Тәрбиеші: Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Бүгінгі ән арналар.
Ән: «Аяз ата, ақшақар» (жарты шеңбер)
Тәрбиеші: Түлкі, саған балалардың өнері ұнады ма?
Түлкі: Иә, өте ұнады. Мені осы уақытқа дейін ешкім тойға шақырған емес. Сондықтан да мені бәрі қу түлкі, айлакер түлкі деп жақтырмай ешқайда мерекелік кештерге шақырмайды. Балалар мені кешіріңіздерші, мен қазір Ақшақарды босатамын (деп Ақшақарды алып келеді, бірақ Ақшақар шынжырмен байланып тұрады, былай тартып, олай тартып шынжырды үзе алмайды).
Түлкі: Балалар енді не істейміз?
Тәрбиеші: Түлкі, мүмкін біз көмекке сенің досың аюды шақырсақ қайтеді?
Аю досымыз келші,
Бізге көмектесші.
(екі рет қайталайды, бірақ Аю естімейді, балалар алақан соғып, еденді тарсылдатып тағы да шақырады. Аю келеді).
Аю: Мені неге шақырдыңдар, неге ояттыңдар?
Тәрбиеші: Сәлеметсізбе Аю, бізге Ақшақарды босатуға көмектесші. (Аю шынжырды ары-бері тартып Ақшақарды босатады)
Ақшақар: Рахмет сендерге достарым,
Құтқардыңдар сендер мені.
Жаңа жылды көңілді,
Ән мен, би мен, тақпақ пен.
Тойлайықшы бүгін біз,
Рахмет саған Алпамыс досым,
Түлкі апай сізге де.
Жараспайды кімге де,
Қабақ түйген не керек.
Той тойлауға асығып,
Оралыңдар орманға.
(деп сиқырлы сөздерді айтып Түлкі мен Аю орманға жібереді).
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме менің кішкентай достарым, сәлеметсіздер ме қонақтар, тойымызды тойлайық.
Тәрбиеші: Ақшақар, сен жолда Аяз атаны көрген жоқсың ба?
Ақшақар: Иә, әрине көрдім Аяз ата Жаңа жылды ертіп той тойлауға асығып келе жатты.
Тәрбиеші: Ендеше барлығымыз Аяз атамен Жаңа жылды шақырайықшы. Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата – деп балалар Аяз атаны шақырады.
Аяз ата: (Музыка әуенімен залға Аяз ата мен қой кіріп келеді)
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Айналайын балалар жеттім-ау әйтеуір бүгін мен сендердің тойларыңа. Балалар шыршаларың неге көңілсіз тұр, қане сиқырлы сөздерді айтып шырша шамын жағайық.
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.
(Балалар екі рет қайталайды, шырша шамдары жанады).
Балалардың орындауында ән: «Шырша әні»
Тәрбиеші: Келді, Аяз атамыз,
Қасында жаңа жылымен.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы алайық баршамыз.
Тақпақтар:
Ажар:
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Азамат:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жаңында
Жадырап бар бала жүр.
Алина:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Ислам:
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Тілеухан:
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Арлан:
Аяз ата ақ сақалды
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп асқар тауды.
Жеттің бізге таң ата.
Қой: Рахмет сендерге балалар, мен де сендерге Аяз атаның қасында еріп жай келген жоқпын, сендерге мен ойын ала келдім.
Ойынның аты: «Суреттегіні тап»
Қой: (Жаңа жылды шақырад)
Қане барлығымыз ортаға жаңа жылды қарсы алайық. (Жаңа жыл, жаңа жыл деп балалар жаңа жылды ортаға шақырады) (Музыка әуенімен ортаға маймыл кіріп келеді)
Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.
Маймыл:
Жақсылыққа бағыттаған
Маймылмын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.
Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.
(Қой кетед)
Маймыл: (Балалармен би билейді)
Аяз ата: Балалар өнерлерін қандай тамаша ал қазір мен сендермен ойын ойынауға шақырамын. «Кім жылдам» - ойын (Аяз атамен).
Тақпақтар:
Елнура:
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым.
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағың.
Санжар:
Аяз ата ойды қырды,
Аралап жүр түгел шолып
Қарсы алғалы жаңа жылды
Ол да көптің бірі болды
Қайда қызық думан болса
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болып.
Арсен:
Ақ қырауға малыңған
Сақалы да мұрты да,
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Жасик:
Оралды өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау қарлы шың.
Аңсар:
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай тағаттары.
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары.
Тәрбиеші: Тойдың сәнін келтірер,
Ақылды да әдемі.
Ақшақарға арнап бір,
Шырқап әнді берейік.
Ән: «Жаңа жыл» (жарты шеңбер)
Тәрбиеші: Қыздарымыздың орындауында «Би»
Тақпақтар:
Мирас:
Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.
Салиһалы:
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.
Нұрым:
Бақша іші мереке
Ойын күлкі асқақ ән
Жақсы әпкелер жаңа кеп
Мерекені бастаған.
Алтынтас:
Жаңа жылды қарсы алдық
Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де.
Асылхан:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той-маскарат басталды
Аяз оны басқарды.
Жанасыл:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күткен сағынған.
Аяз ата: Ал, балалар, енді менің қоштасатын кезім келді, келесі кездескенше қош сау болыңдар!
Тәрбиеші: Аяз ата сіз ештеңе ұмытқан жоқсыз ба? Балалар бағанадан сізден сыйлық күтіп отыр.
Аяз ата: Ой, ақымақ басым-ау, бағана сендерге тойға асығып келе жатқанда мен орманда қабымды тесіп, сыйлықтарымды шашып алған болатынмын. Сол кезді түлкі пайдаланып сыйлықтарымды алып кеткен ғой. Қазір мен сиқырлы таяғыммен Түлкіні шақырайын – деп таяғын айналдырады. (Сол кезде шыршаны айналып Түлкі келеді).
Аяз ата: Түлкі балаларға арналған менің сыйлығымды қайда жібердің?
Түлкі: Ой, «Ауру қалса да, әдет қалмайды? Деген осы екен ғой. Мен оны үйіме алып кеттім, қазір мен орманнан үйімді шақырайын – деп үйін шақыртып алады. (Ішіндегі сыйлығын Аяз ата балаларға береді).
Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді, өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Қош болыңдар!( Аяз ата, ақша қар, түлкі қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар!
Тәрбиеші:
Сыңғырлаған әсем әнді шырқатып,
Өнерлерін көрсетеді біздерге.
«» әні арналады,
Мына отырған сіздерге.
Құрметті қонақтар уақыт бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет! Баршаңызға алдағы келе жатқан жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Жаңа жыл құтты болсын!

Правила дорожного движения (31.09 KB)

