Сынып 5 «а»
Пән: Бейнелеу өнері
Екіаша орта мектебі мұғалім: С.С. Жаксылыкова
Тақырыбы: Портрет.
Мақсаты: Портрет салу дағдыларын қалыптастыру, заңдылықтарды сақтау.
Күтілетін нәтиже: портрет салады.
Ресурстар: оқулық 100-103 бет, плакат, қағаз, қарындаштар , өшіргіш.
| Сабақ барысы | Мұғалімнің қызметі | Оқушының кызметі |
| І. Ұйымдастыру | Сәлемдесу. Түгендеу. Психологиялық ахуал «Жүректен жүрекке» шеңбер құру.
Топ құру. Оқушылар өз қалауларымен топ құрады. | Сәлемдесті.
Шеңберге тұрып сәттілік тілейді.
Топқа отырды. |
| Ой қозғау | Картинадан көрсең сен Егер ақын Абайды, Немесе ұстаз Ыбырайды, Немесе өз әкенді, Немесе өз шешенді, Немесе тұрса нағашың, Өзі екен деп қаларсың, Салынған мұндай суретті ПОРТРЕТ қой деп қарарсың. | Тыңдайды , сұраққа жауап береді. |
| ІІ Жаңа тақырып |
Портрет |
|
| ІІІ. Оқулықпен жұмыс | Оқулықтың 100 -бетін оқып шығу.
| Дауыстап оқиды.
|
|
| Портрет - адам келбетін бейнелеу. Түрлері : жұптық , топтық т.б Автопортрет – суретші өз келбетін бейнелейді. |
|
| V.Практикалық жұмыс | Тапсырма: Досыңның немесе басқа адамдардың портретін салып көр . (музыка қосылды ТСО ) | Өз беттерімен жұмыс жасады. |
| VI.Бағалау | Оқушылар тақтада іленген жұмыстардың өзіне ұнағанына стикер іледі. Сол арқылы бағаланады. | 4-5 жұмысты талдайды, бағалайды. |
| VII.Үйге тапсырма | 100-103 бет. Қайталау . | 100-103 бет күнделікке жазды |
| VIII. Рефлексия | «Бір ауыз сөз » оқушылар сабақ туралы бір ғана сөз жазып тақтаға жапсырады. (стикерлер беріледі) | Өз жазғанын тақтаға іледі. |


Портрет 5 сынып (14.53 KB)

