«Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы»
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып , өркен жайып дәстүрге , тұрмыс тіршілігіне қалыптасқан мәдениеттің бір үлкен саласы ұлттық ою - өрнек. Қазақ халқының салт- дәстүрі әлемдегі басқа халықтармен салыстырғанда ұлттық ою - өрнек арқылы ерекшелінетіндігі баршаға мәлім. Соның ішінде қазақтың қолданбалы өнері , ұлттық ою - өрнектің сан алуан түрлері технология сабақтарында кең қолданылатындығы. Ою - өрнек дегеніміз – геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді бейнеленуі немесе құрылымы. Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері - бай мұра , сарқылмас қазына екендігі жас ұрпаққа – оқушыларға жете түсіндіру , оларға үйрету технология пәнінің мұғалімдерінің басты міндетінің бірі болмақ. Ою - өрнектерді композициялық құрлымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар үш топқа бөлген 1) Өсімдік типтес ою- өрнек өсімдіктердің гүлі , жапырағы , сабағы сияқты жатады. 2) зооморфтық ою- өрнек оларға аң , құс , балық тағы басқа олардың мүшелерінің ою - өрнекпен бейнелеуі. 3) космоногиялық ою - өрнек оларға дөңгелек ирек , торкөз сияқты өрнектер жатады. Ою - өрнекті шүпірекке , қағазға , ағашқа , теріге салуға болатындығын сабақта оқушыларға айтып түсіндірумен бірге практикада оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты жасатып үйрету қажет . Ол үшін мектептегі технология кабинеттері заман талабына сай толығымен қол өнерге , ою - өрнек салуға қажетті құрал – сайман мен жабдықталу керек. Қазақтың қолданбалы сәндік барлық түрлерінде оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылып келген. Ою мен өрнек қол өнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түсіп көркемділігін арттырады. Сондықтан технологиялық сабақ барысында оқушылардың өз қолымен жасалатын бұйымдардың әр қайсысына оюлар мен өрнектеуге, әшекейлеуге мұғалім ерекше назар аудару қажет сияқты. Бұл оқушыға эстетикалық, патриоттық, отансүйгіштік, халқын сүйгіштік тәрбие қалыптастырады. Ою-өрнек өнері сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының тарихы мен өмірі мен бірге ілгерлей дамып отырғандығын оқушы қауымға сабақ барысында түсіндіріп отыру керек. Халық арасындағы шеберлер ою-өрнекпен сәулетті ғимраттар мен киім кешектерді, қару-жарақтарды, ыдыс-аяқтарды әшекейлеп, мәнерлеп өмірге керектеніп отырған.
Технология сабағы барысында мұғалім ою-өрнектің әр түрлерін салып жасалған (ағаш бұйымдар, темір бұйымдар, бас киімнен аяқ киімге дейінгі киім түрлері, үй жабдықтары, ат әбзелдері) оқушыларға көрсетіп, оның жасалу тәсілдерін үйретуге оқушының сабаққа деген белсенділігі артып, сондай ою-өрнегі бар заттарды жасауға құмартып, құштарлығы, белсенділігі артуы сөзсіз. Ою-өрнек тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әр түрлі тәсілді қолданады. Олар: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау тісеу, құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге асырады. Осы тәсілдерді оқушыларға сабақ барысында түсіндіріп, тәсілдерді іске асыру үшін қандай құрал-саймандарды қайтып керектенетіндігін мұғалім іс жүзінде көрсету арқылы іске асырады .
Қазақ халқының ою-өрнек өнерін кезінде көптеген ғалымдар зерттеген. Дей тұрған мен қазақ өнерінің осы бір күрделі саласын ою-өрнек өнерін әлі де ғылыми тұрғыдан терең зерттеу қажет сияқты. Қазақ халқы санғасырлар бойы ою-өрнектің түрлерін нақыштарын бас киімдерде сәукеле, бөрік, тахия, кепеш, кимешектің жақтауларына , әйел еркектің көйлегінің жаға, жеңі алдыңғы жиегіне, еркектердің теріден және матадан (барқыт, бүліс) жасалған шалбарының тізесі, балағына, сыртқы киім шапан, камзол, мешпет, түлкі, қасқыр, аю терісінен тігілген сәнді киімдердің арқасы етек жеңіне, аяқ киімдер мәсі, етік, кебіст.б. киімдерді, киіз үйдің басқұры, жел бауы, сыртқы жабынтыққа және кигізден жасалған етіктің іші сыртын тіпті бай, манаптар уық, кереге, шаңырақты да әсемдеп, әшекейлеп,сәндеу үшін ою-өрнектің түрлерін кеңінен қолданып келгені белгілі. Ат әбзелдерін ер, тоқым, құйысқан, мілдірік, жүген, ноқта, қамшыға дейін күмістеп күміс оюлармен безендірген сол сияқты тұрмысқа керектенілетін ағаш,темірден жасалатын табақ,ожау,кесе,аяқ,тегене стол тағы басқа заттарға ою-өрнектің неше алуан түрлерін керектенгені жөнінде оқушыларға сабақ барысында оқушының жас ерекшелігіне қарай түсіндіріп,олардың суретін көрнекі құрал ретінде көрсетіп,тіпті кейбір Ою-өрнегі бар бұйымдарды тікелей көрсетіп оқушылар қолымен ұстап көзімен көріп,ою-өрнек салып жасалған бұйымдарды көру,ұстау,есту арқылы ой өрісін кеңейтіп ұлттық ою-өрнектің ерекшелігін,жасалу тәсілін,керектіленетін материал,ою-өрнекті салу үшін қандай аспап,құрал қолданылатындығын сабақ барысында түсіндіру арқылы ой-өрісін жан-жақты өркендету,жетілдіру.Ою-өрнектің дамуымен қалыптасуында әрбір тарихи дәуірдің салып кеткен үлгі таңбасы бар.Ою-өрнек үлгілерінде әр халықтың келбеті айқын танылады.Ою-өрнектердің көптеген түрлері бар қошқар мүйіз,жиекті өрнек,гүлді өрнек,торлы ою-өрнек,геометриялық өрнек,көкөніс өрнек,Зооморфтық өрнек,балық көз өрнек.Балық көз өрнек көбінесе зергерлік бұйымдарда,мүйізбен сүйектен оймышталған заттарда жиі кездеседі.Оқушыларға сабақ барысында әртүрлі малдың мүйізі, сүйегінен бейне жасап,оларды оюлап әшекейлеуді үйреткен жөн.Ертеде қазақ ұсталары теріден жасалған қаттамаларға металдан балықтың қабыршағы тәрізді қаңылтыр орнатып батыр киетін сауыт ,тәрізді оқ өтпейтін кеудеше жасайтын болғандығын оқушылардың назарын тартып сабаққа бенлсенділігін артыру үшін әңгімелеп отыру керек.Қазақ ісмерлері үлкен әжелеріміз шебер әйелдер тұскигіз,сырмақ,текеметке малдың жүні,әртүрлі бояуларды керектену арқылы ою-өрнектердің неше түрін пайдаланған.Тебенмен,инемен,бізбен тігіп өрнектейтін болған.Бұл өнерді сабақ барысында қыз оқушыларға үйретіп,тіктіртіп білімін жетілдіру қажет.Сырмақ,тұскиіз,алаша текеметке ою-өрнек тіккенде ою-өрнекті бір-бірінен ажырату үшін су жүргізілетін болған.Су жүргізу деген сөздің мағынасы болу,ажырату,анықтау,айқындау дегенді білдіреді.Бір сөзбен қорытып айтқанда ою-өрнек үлгілерін жинау,зерттеп зерделеу дамытып насихаттау және технологиялық сабақ барысында оқушыларға ою-өрнек туралы жас ерекшелігіне байланысты білім,біліктілікті игерту,ата-бабадан қалыптасқан ою-өрнекті өмірде кеңінен бейнелеу осы арқылы оқушыларды ата-дәстүр,салт-тәрбиелеу үйрету әлі де іске аспай өмірге кеңінен қолданылмай келе жатқан шаруаның бірі екені белгілі.Олай болса ұлттың ою-өрнек элементтерін технология сабағының барысында оңайынан қиына қарай үйрету деген дидактикалық принципті басшылыққа ала отырып балалар ою-өрнекті өз бетімен немесе сабақ барысында үйрену үшін қайшы,қарындаш,өшіргіш,бір парақ қағаз алып оңай ою-өрнектерді қарындашпен бейнелеп сызып,қайшымен өрнекті қайшылап алған соң оған бояу жағып жұмысты ең оңайынан бастап үйрету арқылы дағдыландыру.Оқушы сызғыш,циркуль,қағаз,қарындаш пайдаланып шаршы,ромбы,үшбұрыш,шеңбер сызып солардың ішіне әртүрлі өрнектермен композиция құруға болатындығын үйрету арқылы оқушының ою-өрнек оны салу тәсілдерін үйретуге болады.(көрнекті құрал пайдалану арқылы іске асырады.)Ою-өрнек элементтері олардың аталуы әртүрлі болған.Мысалы мүйіз ою,қолтық ою,мүйіз,қошқар мүйіз,қос мүйіз,табан,қыңыр мүйіз,түйетабан,шеңбер,сырғатеру,шимай,терек,төртқұлақ,төртүшкілт, тағы басқа сан алуан түрі болған.Оларды өмірде керектенетін киім түрлеріне,киіз үй жабдықтарына ,ат-ертоқым әбзелднріне,сырмақ,текемет түскиізге тағы басқа өмірде қолданатын барлық заттарды әшекейлеу,мәдениеттеу үшін ою-өрнекті кеңіне қолданғандығын оқушыларға түсіндіру ою-өрнектің жеңіл түрін өз қолымен жасай білуге үйрету технология сабағының негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс.Шеберлік ұсталықты халқымыз өте құрметтегендігінің бір белгісі.
Бабамнан қалған мұра төспен көрік
Ұста әкемнің үлгісін өскем көріп
Ұғынамын осыны мол байлық деп
Басқа байлық мен үшін бестеңгелік
деген екен.Ұлттық ою-өрнек элементтерін технология сабағында қолдану,ұлттық ою-өрнектің ғасырлар бойы ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,өркендеп өсіп ою-өрнектің элементтері түрлері саналуан болып өмірімізге,күнделікті тұрмыс тіршілігімізге кеңінен қолданылып келе жатқан қолөнердің баға жетпес қазынасы екендігін оқушыларға кеңінен түсіндіріп насихаттау,оқушылардың көзімен көрсетіп қолымен ұстату арқылы ұлтымыздың мәдениетін,дәстүрін,салт-санасын,тұрмыс тіршілігі қандай болғандығын ою-өрнек мәдениеті қалай дамығандығын түсіндіру арқылы қолөнер шеберлігін меңгеруге,игеруге,өз бетімен ою-өрнек нақыштарын бізбен,инемен басқада технологиялық саймандарды қолданып жасай білуге баулу,дағдыландыру білім,біліктілігін арттыру қажет.Оқушылар технология сабағында шеберлік,үнемшілдік,төзімділік,әдемілік,мәдениеттілік тәрбие алу арқылы өзін жан-жақты дамыта алады.Оқушыларды технология сабағы барысында еңбектің ақ,қарасы жоқ,(еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей )деп ұлы ойшыл Абай Құнанбаев айтқандай еңбекке баулу ,еңбекке дағдыландыру,еңбектің әдіс амалдарын үйрету арқылы еңбек сүйгіштік тәрбие беру мен бірге басқаның еңбегін құрметтейтін тәрбие қалыптастыру қажет.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті,ұлтымыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы.Жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам еңбегінде «Әлемнің әміршісі – еңбек тек еңбекпен ғана жеміс өнбек , тек еңбек ғана қиындықты жеңбек » деп оқушы баладан бастап еңбек жасындағы қазақстандықтарды еңбек ету арқылы елімізді өркениетті елдердің алдыңғы қатарына жеткізу мақсатын қойғандығында оқушыларға айтып түсіндіріп, оқушылардың ұлттық қолөнеріміз ою-өрнектеріміздің қолдануын сабақ барысында арттырып , отан сүйгіш тәрбие қалыптастыруымыз керек сияқты . Сондықтанда ұлттық ою-өрнек элементтерін технология сабақтарында кеңінен қолданылуы тиіс.
Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп
Баяндама
Тақырыбы: «Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы»
Орындаған: Гулимбетова Г.
Қызылорда, 2016ж.

Перспектива зандылыктары (18.66 KB)

