Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  Прочее  /  "Педагогикалық жоба" сабақ жоспары

"Педагогикалық жоба" сабақ жоспары

?Р «Білім туралы» За?ында «Білім беру ж?йесіні? басты міндеті-?лтты? ж?не жалпы адамзатты? ??ндылы?тар, ?ылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды ?алыптастыру?а, дамыту?а ж?не к?сіби шы?дау?а ба?ыттал?ан білім алу ?шін ?ажетті жа?дайлар жасау керек» деп атап к?рсетілген. Сонымен ?атар Елбасымыз Н.?.Назарбаев «?аза?станны? ?лемдегі б?секеге ?абілетті 50 елді? ?атарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы-?аза?станны? б?секеге на?тылы ?абілеттілігін ?амтамасыз етуге м?мкіндік беретін аса ма?ызды ??ралдарыны? бірі» деп атап к?рсетуі педагогикалы? ?рдісті? сапасын ?немі арттырып отыруды талап ететіндігін к?рсетеді. Демек,заман талабына сай б?секеге ?абілетті жас ?рпа?ты т?рбиелеуде, о?ушылар?а ?ажетті білімді ме?гертуді? тиімді жолдарын, ?діс-т?сілдерін талмай іздеу-?р ?стазды? міндеті. ?рбір педагог ?з ж?мыс т?сілі мен формасын,?з педагогикалы? технологиясын та?дай отырып, білім алушыларды? білімін жетілдіру ба?ытында ж?мыс істеуі керек.Осы?ан байланысты ?р т?рлі ?дістерді ?олдануды? ?ажеттігі туындайды. ?азіргі кезе?де республикамызда білім беруді? жа?а ж?йесі жасалып,?лемдік білім беру ке?істігіне енуге ?мтылыс бар.

12.05.2017

Содержимое разработки

Сабақтың технологиялық картасы №


Пән: «Жобалау іс-әрекеті негіздері»

Оқытушы: Кабимолдина А.К.

Топ:

403 «ә»

42 «ә»



Күні:

06. 04.2017 ж

08.04.2017ж



Тақырыбы: Педагогикалық жоба

Сабақтың мақсаттары: Педагогикалық жоба жайлы түсінік қалыптастыру. 

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Педагогикалық жоба білім алушылардың зерттеушілік құзіреттілігін дамытудың жағдайы ретінде қолданылуы жайлы түсінік беру. 

Дамытушылық: Оқушыларды меңгерген білімдерін іс тәжірибеде қолдана білу қажеттілігіне баули отырып, зерттеу мен педагогикалық жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау.

Тәрбиелілік: Педагогикалық жоба әдісінің және студенттердің әр жұмысын жоспарлауға үйрету

Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың түрі: дәріс

Оқыту әдіс-тәсілдері: ақпараттық оқыту әдісі (әңгімелесу, топтық оқыту, демонстрациялау, ақыл-кеңес, дәріс)

Оқыту технологиясы: дамыта оқыту технологиясын АКТ-ға негіздеу

Пән аралық байланыс: педагогика

Сабақтың жабдықталуы: Интерактивті тақта.

Көрнекі құралдар: презентация

Қосымша тапсырмалар:

Сабаққа қажетті әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Ф.Н. Жұмабекова. «Мектепке дейінгі педагогика» [100-108 беттер].2012 жылы 
2. Н.Е.Веракса. «Проектная деятельность дошкольников» 2006 жыл 
3. О.И Давыдова, А.А. Майер,Л.Г.Богословец «Проекты в работе ссемьей»2000 ж 
4. Л.С.Киселёвой, Т.А.Данилиной, Т.С.Лагоды, М.Б.Зуйковой «Проектный метод в деятельности дошкольного учреждения» 2001 жыл 

Қосымша әдебиеттер:

1. Громыко Ю.В. Проектирование и программирование развития образования.-М., 1996.

2. Педагогические оновы проектирования образовательных систем нового вида.- СПб., 1995.

3. Проектирование профессионального педагогического оброзовани/ В.А. Болотов, Е.И. Исаев, В.И. Слободчиков, Н.А. Шайденко// Педагогика.-1997.-№ 4.


Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Сабақ мақсатын қою

3. Білімді өзектілендіру

4. Үй тапсырмасын сұрау

5. Жаңа білімді хабарлау

6. Өзіндік жұмыс

7. Бекіту кезеңі

8. Білімді жүйелеу

9. Қорытындылау

10. Білім, білік, дағдының қалыптасуын бақылау, бағалау

11. Үй тапсырмасын беру

12. Рефлексия

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

  • Топты түгендеу

  • Сабақтағы жұмыс түрлерімен таныстыру

2. Сабақ мақсатын қою

ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек» деп атап көрсетілген. Сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетуі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек,заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқушыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу-әр ұстаздың міндеті. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын,өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек.Осыған байланысты әр түрлі әдістерді қолданудың қажеттігі туындайды. Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас,жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

3. Білімді өзектілендіру

4. Үй тапсырмасын сұрау

Тақырыбы: Әлеуметтік жобалау білім алушылардың зерттеушілік құзіреттілігін дамытудың жағдайы ретінде

Жоспары:

1. Кәсіби білім берудің негізгі мақсаттары

2. Қажетті құзыреттіліктер

3. Жобалау технологиясының тексеру әсері

4. Жобалау технологиясының дамытатын біліктіліктері

5. Жобалаудың зерттеуден айырмашылығы

6. Қажетті құзыреттіліктер:

7. Тұжырымдық позициялар:

8. ізгілендіру ұстанымы; ынтымақтастық; басқаның пікірін сыйлау; нәтижеге жауапкершілік.

9. Жобалау әдісін мәселенің нақтылығы

10. Зерттеушілік әдісін қолдану

11. Жоба құрудағы қолданылатын принциптер/сызба

5. Жаңа білімді хабарлау

Жоспар:

1. Педагогикалық жобалаудың негізгі түсініктері.

2. Педагогикалық жоба «Проект» терминінің қазіргі түсініктемесі.

3. «Жобалық», «жоба», «жобалау» түсініктерінің білім беру сферасымен ұштасуы.

6. Өзіндік жұмыс

Педагогикалық жобалаудың мәні жайлы тірек-сызба құру

7. Бекіту кезеңі

1. Педагогикалық жобалаудың негізгі түсінігі

2. Жобалауды қалай қарастыруға болады?

3. Осыған байланысты педагогикалық жоба қалай түсіндіріледі?

4. Педагогикалық жоба. «Жоба» терминінің қазіргі түсініктемесі.

5. Педагогикалық терминдердің сөздіктерінде педагогикалық жоба қалайша сипатталады?

6. «Жобалық», «Жоба», «Жобалау» түсініктемелерінің білім беру сферасында байланысуы.

7. Жобаландырылған – жобалауға әрекеттің ерекше түрі

8. Кез келген жағдайда да педагогикалық әрекет неге бағытталады?

9. Жобалық білім процесінің оқушы үшін тұлғалық мәні бар. Себебі...

10. Жобалық білімнің терминологиялық сөздігі қандай екі негізгі кезеңді біріктіреді?

11. Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология.

12. Жоба технологиясының ерекшелігі

13. Педагогикалық жобалау – қандай да бір мәселенің шешімін көрсететін жоба жасау үрдісі.

14. Жобалап оқытудың артықшылықтары

15. Жобалау әдісінің басты идеясы

16. Жобалаудың түрлері

17. Жобаның тақырыбы қандай талаптарға жауап береді?

18. Жобалар қандай әртүрлі белгілеріне қарап бөлінеді?

19. Жобалық іс-әрекеттің кезеңдерінің мазмұны

20. Мақсаттылық жобаның белгілері қандай?

21. Жобада тәрбиеші қызметінің сипаты

22. Жобалау әдісін пайдалану педагогтарға қандай инновациялық идеялар қосуға мүмкіншілік жасайды?

23. Педагогтың жобалау құзыреттілігіне нелер жатады?

24. Педагогтардың жобалау құзыреттілігін қалыптастырудағы негізгі мақсат

8. Білімді жүйелеу

Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс-әрекеттер тобы.

Жобалау әдісі түсінігінің негізгі тезисін танып жатқанымыздың барлығын не үшін қажет екенін және бұл білімді қайда және қалай пайдалану керектігін білеміз. 

Жобалау әдісі – мәселені жете зерттеу арқылы,нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі – барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды. Жобалау әдісі – жеке басқа бағытталған оқыту әдісі.

Жобалық іс-әрекетібіріккен оқу танымдық іс-әрекеттің ортақ нәтижесіне бағытталған, ортақ мақсаты, қиыстырылған әдісі, іс-әрекет тәсілдері бар, балалардың шығармашылық және ойын іс-әрекеті. 

Педагогикалық жобалау – қандай да бір мәселенің шешімін көрсететін жоба жасау үрдісі. Ол оқу үрдісі жағдайында орындалатын және оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған іс-әрекет. 

Жоба бір мәселені шешіп және оны қолданыста пайдалану үшін әр түрлі білім салаларынан мағлұматтарды ықпалдастыра алады. Балалар біріншіден ойлауға, ал содан кейін барып істеуге, іс-әрекетінің жоспарын құрып, келісімдерді бұзбай, келісілген мәмілелерден таймауға тырысады. 

Жобалар әртүрлі белгілеріне қарап бөлінеді. Ең елеулісі іс-әрекеттің басымдық түрі болып табылады. Мектепке дейінгі білім беруде жобалардың мына түрлері пайдаланылады: 

Танымның барлық әдісін біріктіруші тақырыптық жобалар балаларға өз табиғатына жақын білім жолын ұсынады.

Педагогтың жобалау құзыреттілігіне мыналар жатады:педагог жұмыстарының нәтижелерін жобалай білу; педагогикалық ықпал етудің жолдарын жоспарлау; тәрбие мен оқытуда кездесетін қиыншылықтардың нәтижелерін болжау; нақты педагогикалық тапсырмаларды бөліп көрсету, оларды шешу шарттарын анықтау; балалардың әр түрлі іс- әрекеттерін басқару жұмыстарын жоспарлау және тәрбие мен оқыту жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін, құралдарын таңдай білу. 

Педагогтардың жобалау құзыреттілігін қалыптастырудағы негізгі мақсат - ұсынылған мәселе бойынша жоба жасауға үйрету. 

9. Қорытындылау

Қорытындылай келе жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады: Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы білімдері анықталады, балаларды,ата - аналар мен мұғалімдерді кешенді сүйемелдеу қалыптары дайындалады (жоба бойынша шығармашылық топтың жоспары жасалды), әр бір педагог жеке кішігірім жобалар жасап, ақпараттық коммуникациялық технологиялар пайдалану сабақтарының конспектілері дайындалады, балабақшада даму ортасы жетіледі және кеңестер өткізіліп, педагогтарға практикалық кеңестер, ал ата- аналарға жобаны жүзеге асыру бойынша кеңестер беріледі. 

10. Білім, білік, дағдының қалыптасуын бақылау, бағалау

11. Үй тапсырмасын беру

  • Педагогикалық жобалаудың зерттелуі мен түрлері.

  • Керейбаева А. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда жобалау әдісін қолдану.// Қазақ тілі: әдістеме.-2011. №1.-24б.

12. Рефлексия

Менің бүгін білгенім.....

Мен мынаны түсіндім....

Маған түсініксіз болғаны..

Педагогикалық жоба

Жоспар:

1. Педагогикалық жобалаудың негізгі түсініктері.

2. Педагогикалық жоба «Проект» терминінің қазіргі түсініктемесі.

3. «Жобалық», «жоба», «жобалау» түсініктерінің білім беру сферасымен ұштасуы.


Педагогикалық жобалаудың негізгі түсінігі. «Егер де педагогикалық түсініктемелерге аса көп зейін қойылған жағдай да ғана, олар тірі қалыптарында болады. Көптеген жұмыстарда терминологиямен байланысты жұмыстар келтірілген, бұл әсіресе кәсіби әрекеттің спецификалық анализіне бағытталады. Педагогикалық жобалауды қарастырудағы ғылыми контекстінің негізін түсінік, жоба, жобалау, жобалық секілді категориялар қарастырады».

Жобалау (лат. Projectus – алға қарай бағытталған) ғылым мен жобаны құрудағы инженериялық әрекетпен, болашақтағы ұсынылып отырған құбылыстың үлгісін құрумен тығыз байланысты. Адам еңбегінің көптеген өнімдері оны алдын ала жобалау нәтижесінде жүргізілетіні анықталды. Бұл контексте жобалау - жобаны, яғни ұсынылып отырған обьектінің үлгісін, прототипін құрудағы процесс болып табылады. Қазіргі кезде, жобалау – бұл білім берудің жаңа құндылықтары. Бұл жерде қандайда бір нәрсенің толықтай бір көрініс орнатылады және де шынайы болашаққа деген ұмтылыс та өте жоғары. Яғни ойлаудағы басты нәрсе ойлаудың шынайы бір функцияның дамуына байланысты болатын қарым қатынас жобалауды былайша қарастыруға болады:

· өнімнің ерекше түрі ретіндегі жобаны құруға бағытталған әрекеттің спецификалық түрі.

· шынайылықты игеру мен қайта өңдеудің ғылыми практикалық әдісі.

· техникалық мәдениетке тән инновациялық қалыптасуының формасы.

· басқармалы процедураны.

Осыған байланысты педагогикалық жоба былайша түсіндіріледі:

· Практикалық бағытталған әрекет, мақсаты білім беру жүйесімен педагогикалық әрекет түрінің практикасында жоқ жаңа әрекеттерді өңдеу. (мысалы, жобалау пәніне, болашақ программалардың, оқулықтардың үлгілері жатады).

· Білімнің жаңадан дамытылған аймағы, педагогикалық әрекеттің трактовкалық қабілеті.

· Педагогиканың қосымша ғылыми бағыты, ол дамудың тапсырмаларының шешілуіне, орындалуына бағытталған.

· Педагогикалық және ғылыми зерттеушілік әрекеттің трансляциясы мен нормалау қабілеттілігі.

· Педагогикалық жобаның құрылу және жүйелендіру процесі.

· Тұлғаның спецификалық даму қабілеттілігі.

· Білім беру технологиясы.

Білім беруде жоба әрекеті жиі педагогикалық әрекеттің басқа түрлеріне қатысты қосымша рөлді орындай отырып, тәрбиелік білім берудің құралы болып табылады. Оған мысал ретінде оқу жобаларын (диплом, курстық жұмыс) жатқызуға болады. Жобалау педагогтар мен қатысушылар әрекетінің екі негізгі сызығына бағыттала отырып, педагогикалық өзара әрекеттің ұйымдастыру формасы бола алады.

Мәнді және мазмұндық қарым қатынаста «педагогикалық жобалау» және «білім берудегі жобалау» түсініктері ерекшеленеді. Солардың ішіндегі соңғылары педагогикалық сфера құрамына енеді. Сонымен қатар экономика, құқық, менеджменттің кеңістігінде орналаса отырып әрекеттерді қамти алады.

Алайда гуманитарлық педагогикадағы кез келген әрекет білім беру жүйесінің өзгеруі бойынша, педагогикалық құндылықтармен және мәндермен байланыса келе адамдарға бағытталады. Білім беру жүйесінде осы жобалауды педагогикалық функциялар да орындайды.

2. Педагогикалық жоба. «Жоба» терминінің қазіргі түсініктемесі. Педагогикалық жобалаудың алуан түрлі анализдік жағына қажетті болып табылатын түсініктің орталығына жоба жатады. Философиялық деңгейде жоба рухани білім әрекетінің нәтижесі ретінде қарастырылады. Әрекет – жобаның мақсаты мен нәтижесі секілді. Жалпы мәнде жоба – жеке бір жүйенің орнатылған қажеттіліктермен бірге нәтиже сапасына деген бағытталған өзгерісі. Сонымен бірге жоба әрекетінің мақсаты мен нәтижесі де болып табылатын жобаларды дайындауда керекті материалдарға теориялар, модельдер, түсініктемелер, формулалар, алгоритм мен прадигмалар жатады. Әр түрлі аймақтарда жобалаудың құрал жабдық жүйелеріне әрекет теориясы жатқызылады.

Педагогикалық терминдердің сөздіктерінде педагогикалық жоба былайша сипатталады:

· Көрсетілген уақытқа байланысты педагогикалық жүйенің өзгеруі бойынша өзара әрекеттесетін іс шаралар комплексі.

· Педагогтың пдагогикалық тапсырмаларды іс әрекет рөлі мен орнына және осы әрекетті орындау уақытымен оны жүйелендіруге байланысты бағытталған әрекет құрылымы мен жүйесі.

Келтірілген анықтамаларда мыналар енгізілген: уақыт факторы, бағыт, өзгеріс нормасы, әрекетті ұйымдастыру спецификасы. «Жоба» терминінің қазіргі түсінігі білім беру контекстімен байланысты басқа да талқылауларға ие.

· Қандай да бір документтің алдын ала ұсынылған мәтіні (мысалы: заң жобасы).

· Кейбір акциялар бір ғана программамен қамтылған немесе жалпы ұйымшылдық форманы иеленетін мерекелер құрамы (мысалы: білім беру жобасы, басып шығару, телевизиялық жоба).

· өнімді индивидуалды немесе бірлескен әрекеттің аяқталған циклі (жеке бір қатысушының, жоба тобының, үйреніп келе жатқан, білім беру мекемесінің).

Педагогтармен ұсынылған жоба түсінігінің кең дәрежеде қолданылуы жоба әрекетінің педагогикалық мүмкіндіктерін анық әрі нақты көруге көмектеседі. Мысалы, экран секілді жоба түсінігінің фонында педагогикалық әрекетінің диагностикалық мүмкіндіктері нақтылана түседі. Мысалға, мүмкін болатын жоба ұсыныстарының барлық диапазонын анализдей келе, мектеп мұғалімі немесе ЖОО мұғалімі орта комфорттылығын, жұмыс мазмұны мен әдісінің өнімділігін бағалай алады.

Практикада қолданылатын идеялар «Кәсіби картиналар» кез келген басқа жоба әдістеріне диагностикалық информативтілігі бойынша ұқсас. Алайда, экрандық нұсқауларда біз субьектінің қарым қатынасының немесе актуалды күйінің «көп жақты» диагностикасын ала аламыз.

Жобаны мәтін ретінде қарастыру кезінде ол тілді таңдау қажеттілігімен тығыз байланысты. Осы тілді меңгеруге деген қажеттілік тек түсіну деңгейінде ғана емес, сонымен бірге кез келген мәтіннің ішкі ұқсастық деңгейінде де туындайды. Ал мұның өзі шын мәнінде білім беру тапсырмалары.

Белгілі бір контекстіде жобаны әрекет ретінде қарастыру кез келген жоба қадамы қоршаған ортаның күрделілігімен бірігетін ақыл ой мен энергияның жұмсалуын талап етеді. Білім беру жағдайында контекст пен мәтіннің мәселесі спецификалық үлгімен шешіліп отырады. Бұл жерде жоба кез келген пәннің әрекеттілі ретінде құрылған мәтіні секілді, ол қайта қайта құрылатын қосымша, педагогикалық контексті қамтиды. Сол себептен, қандайда бір нәрсені шешпей тұрып, ең алдымен жоба өзгерісінің нәтижесі білім беру ситуациясында және жоба қатысушыларының өмірінде қалай берілетінін біліп алу өте маңызды.

Жобалау контекстерінің арасында жалпы әдістемелер негізінде экологиялық, мәдени және құндылықтарды бөлу керек. Жобалау акті жоба-үлгіні құру этапындасубьект, құндылық және контекстік фонда обьектіні, құндылықты түрде қабылдау есебімен гуманитарлық ізді немесе қолтаңбаны қамтиды. 1990 жылдың басында құрылған білім беру жобасының контексті былайша берілген, яғни ол Ұлыбритания оқушыларымен көрсетілген. Сәйкес сайттарға байланысты беттерді ашып көрсетуде ең алғашқыда әлемдік жердің панорамасы пайда болды.

Нәтижесінде Еуропа, кейін Ұлыбритания, үлкен көлеммен Нью-Касланың картасы көрсетілді. Содан кейін қатысушылардың портреттерінің қабырғаға, класта ілулі тұрған суреттері де болды. әрбір портреттен жанұя тарихына байланысты гипержіберілімдер ашылып отырды. Саналы түрде ассоциативті қатар өмір контекстіндегі оқушының жеке отбасының өмірді қабылдауын ұйғарды.

Жобаны қарастыру бір жағынан оны қабылдауға деген қажеттілігін актуализациялайды, жобалау әрекетіне диалогиялық пен полефонистік элементтерлді жинақтайды, әр нәрсенің өзіндік авторы болады. Жоба бұл жағдайда автормен қолданушы адам арасында «тірі, бағалы түрде бейнеленген агент» есебінде көрінеді.

Егер де жобаны қатысушылар өмірінің қандайда бір оқиғасы ретінде бағалайтын болсақ, оқиғаның педагогикалық инструментовкасы, жобаның барлы процедурасының аспектасы басталады. Жобаға қатысу (өмірдің, қатысушы сезімінің, қуанышты сезімнің) эмоцианалды ізін қалдыру қажет.

Мысалы, Е.Коллинге «Жоба әдісі бойынша жұмыс тәжірибесі» атты кітабында, балаларды әсіресе жобада өздеріне қажетті нәрсеге деген ұмтылыс, стимул, мақсатқа жету ұмтылысы қызықтырады дейді.

Қазіргі философиялық педагогикалық түсініктемелерде оқиғаны бірлескен тұрмыстармен байланыстыру керек екені көрсетілген. Сондықтан да жобада бірлесіп әрекет ету өте маңызды. Жобалауға арналған әдебиеттерде тағы бір спецфикалық түсінік-жобалық түсінігін кездестіруге болады. Жобаның «көлемдік» трактовкасының контекстінде жобалық адам қабілеттілігіне негізделетін, оны орындау мүмкіндігінің негізгі түрі ретінде қарастырылады.

3. «Жобалық», «Жоба», «Жобалау» түсініктемелерінің білім беру сферасында байланысуы. Жобалық пен жобалаудан басқа ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде педагогикалық жоба контекстін терменологиялық ретінде анықтайтын әр түрлі қосымша модификацияларды кездестіруге болады. Алғашқыда кейбір нюанстар маңызды емес, алайда оларда жобалау феноменнің және оның табиғи контекстінің тарихи даму түсініктері бейнеленген осы бейнелердің көп жақтылығы жобада қатысушылар өз әрекетін жазудағы сөзді таңдап білудің нақтылығын көрсетеді.

Жобалық («жоба» сөзінен шыққан) осы қосымша сөзді қолдану мүмкіндігі олар арқылы анықталатын пән. Жоба арқылы жүзеге асырылатын әрекет жүйесіне жататындығын көрсетудегі немесе олар жоба контекстісімен сәйкестендіріледі. Мысалы: жобалық құжат, жобалық бағыт, жобалық мәдениет.

Жобалау (қасиеттердің бір обектіден екінші обекті обектіге ауысуының психологиялық көшулерінің процедура секілді «проекция» деген сөзінен шыққан). Жобалау кезінде адамның санасының обект үлгісін көтеріп алу қабілеттілігі жайында сөз болады. Дәл қазіргі сәтте жобалау белгілі бір әдістермен процедуралар көмегімен актуализациланатын тұлғалық қасиет ретінде болады. (Жобалау санасы, жобалау әдістемесі, жобалау тесті).

Жобаландырылған – жобалауға әрекеттің қандайда бір ерекше түрі ретіндегі қажеттілікті көрсетеді. Жобаландырылған этап – жоба мүмкіндіктері қолданылатын этап процестерінің бірі. Жобаландырылған қабілет жобалық әрекетті орындау қабілеттілігін қамтиды. (әдетте «жобалау»мен «жобаландырылған» түсініктемелер мәтіндерді ғылыми педагогикалық ұйымдардағы қалыпасқан дәстүрлерді бейнелей отырып, өзара өзгермелі болып табылады).

Тағы да бір түсінік жоба әрекетінің білім беру сферасында қолданылуына жол ашатын көптеген техникалық мүмкіндіктерді бейнелейді. Егер жоба әдісі білім берудің активизациялық формасы ретінде басқа да әдістермен байланысатын болса (зерттеулер мен эвристикалықпен лобараториялықпен), онда жобалау арқылы жоба әдісінде приориттетті түрде құрылған білім алу деген түсінігі көрсетіледі. Бұл жобадағы және жобаның көмегімен жасалады. Егер жоба әдісінің концептуалды негізі мен білім алудың продуктивті жобасын салыстыратын болсақ, біз көптеген аналогияны табамыз. Педагогикалық және жобалық мән бұл жерде параллельді түрде орналасады. Кез келген жағдайда да пеедагогикалық әрекет мынаған бағытталады:

· танымның активизациялық процесіне

· білім алу процесінің жалпылама формасына

· ойлаудың қандай да бір типінің және қоршаған ортаға, ірекетке деген қарым қатынастың құрылуы

· Жоба әрекеті арқылы білім алу

· Білім алу парадигмасының толыңымен өзгеруі.

Жобалық білім процесінің оқушы үшін тұлғалық мәні бар әрекет логикасында құрылуын ұсынады, сонымен бірге тұлғалық дамудың біркелкілігін қамтитын жобаны өңдеуге деген комплексті бағытты, шынайы ситуациялардағы бағалық білім мен ақыл ойды қолдану вариативтілігін де ұсынады. Жобалық білім қатысушылардың жобалық белменділгіне негізделеді.

Жобалық тәрбие (О.С.Газман) тұлғаның нормативті моделі түріндегі әлеуметтік бағытқа бағытталған, мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктердің педагогикалық өзіндік бағытында белгісіз бір ситуациядағы тұлғаның әлеуметтік және индивидуалды жүріс тұрысының моделі жобаланады.

Жобалық білім дамытылған және мәселелік қарым қатынасқа біркелкі. Алайда мүмкін болатын жобаларға интеграциялана отырып, ол қатысушылардың көзқарасын тек әлем мен қоршаған әлемге ғана емес, сонымен бірге өз білімінің мазмұнына бағыттауғағ әрі қарайда қадамдар жасайды. Білім қазір адаммен өмір әрекетін жобалау сияқты қарастырылады, ал білім беру сферасы осындай жобаларға белгілі бір жағдайлардың құрылатыны көрсетілген әлеуметтік өмірдің аймақты өкілдігі. Г.Л.Ильин

Жобалық әрекет мәні оқушыға өткен тәжірибені ғана емес, оның өзіндік тұлғалық және жалпы мәдени өсуін қамтамасыз ететін тәжірибесінің кеңеюі қамтамасыз ету. Мұғалімнің оқушы әрекетін оның тұлғалық білім беру нәтижесін аналогиялармен салыстыра отырып қамтуы маңызды. өзінің арнайы білім беру ситуацияларында өмір сүре отырып, оқушы өзінің ішкі әлемін, ақыл ой қабілеті мен мүмкіндіктерін дамыта отырып, өмірі мен әрекеттің мәдени үлгілерін дамытады.

Жобалық білімнің терминологиялық сөздігі екі негізгі кезеңді біріктіреді: жоба және өнімділік. Көп жылдық тәжірибе жобалық әрекеттің көп жағдайда өнімді болып табылатынын көрсетті: түрлі тұрғындар категориясын меңгеруде, педагогикалық әрекет пен білім беру кеңістігінде орналасқан адамдарды қайта өңдеу мен зерттеуде, мәдениет аралық өзара әрекетте. Осыған байланысты жобалық білім үздіксіз білім берудің формасы секілді түсіндіріледі. Г.Л.Ильин оны білім берудің приоритетті әдісі ретінде қолдану арқасын да емес, жоба құрумен жүйелендіру құралы болғандықтан ол жобалау болып табылады.

Жобалық білім берудің мақсаты оқушыларға өз білімін өздері ойлап табуына, барлық пән бойынша білім беру жүйесін өнімін құруға және пайда болған мәселелерді өздігінен шешуге мүмкіндік беру. Осы мақсатқа жету формасына пән бойынша алғашқы жобалар жатқызылады. Бұл жағдайда олар пән бойынша тапсырмалардың индивидуалдық мәнін анықтай алады және өзіндік мақсаттарын қойып этаптарды өзіндік танымдық әрекетпен жобалап, өз жұмыстарына бақылау жасай алады. Өнімді білім дамытылып келе жатқан білімнен жаңа бір тапсырмалары бойынша ерекшеленеді. Оқушының дамуына ғана емес, сонымен бірге оқушының өзіндік белсендік әрекетінен туындайтын білім беру мазмұнымен айқындалады. Оқушы өз білімінің субьектісі, конструкторы, жемісі, өз білімін құрастырушы, өз өзін дамыту этапының жобалаушысы болып табылады. Білім берудегі басты ерекшелік – оқушылар мен тұлғалық білім беру өнімінің құрылуы. Интнлнктуалды ашылулар, конструкциялар, өлеңдер, тапсырмалар, гепотезалар, ереже, зерттеулер, шығармалар білім беру программасын құру. Өнімді білім беру – адамды білім мазмұнынан шеттету қабілетін қамту мүмкіндігі. өнімділік білім беру қорытындысында спецификалық білімнің жемісін оны жобаландыру көмегімен алынғанын көрсетеді. Мұның тапсырмасы мұғалім мен оқушы үшін психологиялық педагогикалық көмегімен орындалатын ңылыми қамтамасыз етілулер жатады. Әлеуметтік мәдени және білім беру отасын жобалау; қоршаған ортаны тану - өзара тыңғыз байланыста қатысушылар мен мұғалім қатынасы, жоба бойынша мамандар мен ғалымдардың өз ара тыңыз байланысы. Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс-әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы. 

Жоба технологиясының ерекшелігі – баланың алдағы іс-әрекетті жобалай алуы мен оның субьекті бола білуі.  Жоба – ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезеңді процестер мен алдын-ала жоспарланған тәжірибелік іс-әрекет арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс. 

Жобалау әдісі түсінігінің негізгі тезисін танып жатқанымыздың барлығын не үшін қажет екенін және бұл білімді қайда және қалай пайдалану керектігін білеміз. 

Жобалау әдісі – мәселені жете зерттеу арқылы,нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі – барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды. Жобалау әдісі – жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады. Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы балалардың зерттеу іс-әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс-әрекет немесе продукция ретінде алып шеберлік пен дағдыны дамытады. 

Жобалық іс-әрекетібіріккен оқу танымдық іс-әрекеттің ортақ нәтижесіне бағытталған, ортақ мақсаты, қиыстырылған әдісі, іс-әрекет тәсілдері бар, балалардың шығармашылық және ойын іс-әрекеті.  Педагогикалық жобалау – қандай да бір мәселенің шешімін көрсететін жоба жасау үрдісі. Ол оқу үрдісі жағдайында орындалатын және оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған іс-әрекет.  Жобалап оқытудың артықшылықтары: логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау, балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы,жобамен жұмыс жасағанда, дәстүрлі оқытумен салыстырсақ балалар өз оқуларының жауапкершілігін байыпты түрде өздері алады.

Нәтижесінде оқудың сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым-қатынас сияқты іс-әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту мүмкіншілігі артады. Сонымен бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі артады.  Жобалау әдісінің басты идеясы: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту. 

Жобалаудың түрлері:

1. Монопәндік – білім саласындағы мәселелерді шешетін «Денсаулық» жобасы,

2. Пәнаралық – «Денсаулық» «Коммуникация» таным сияқты бірнеше білім салаларының мәселесін шешетін жоба, яғни бір тақырыпты әр түрлі саладағы ұстаным бойынша қарастырамыз. Пәндік немесе пәннен тыс мектепке дейінгі білім беру оқу жоспарының вариациялық бөлігінің мәселесін шешетін жоба. 

Жобаның тақырыбы келесі талаптарға жауап береді.

1. 5 оқыту салаларының мазмұнынан таңдалады, яғни мемлекеттік стандарттың талаптарына сай келуі керек;

2. тақырып бағдарламадан тыс таңдалып, оқу жоспарының вариациялық бөлімімен сай келуі мүмкін;

3. мектепке дейінгі жастағы балаларға жақын және түсінікті болуы тиіс;

4. жақын даму аймағында орналасуы тиіс; 

Жоба бір мәселені шешіп және оны қолданыста пайдалану үшін әр түрлі білім салаларынан мағлұматтарды ықпалдастыра алады. Балалар біріншіден ойлауға, ал содан кейін барып істеуге, іс-әрекетінің жоспарын құрып, келісімдерді бұзбай, келісілген мәмілелерден таймауға тырысады. 

Жобалар әртүрлі белгілеріне қарап бөлінеді. Ең елеулісі іс-әрекеттің басымдық түрі болып табылады. Мектепке дейінгі білім беруде жобалардың мына түрлері пайдаланылады: 

1. Эмпирикалық: тірі және өлі табиғат әлемінде өздік бақылаулар мен эксперименттер жүргізу. «Қар бүршіктері қайдан ұшып келеді?», «Неліктен бәйшешектер бәйшешек деп аталады?», «Қызғалдақ»- ұрып кететін гүл. Нәтижелер өсімдік сақтайтын бүктемелер, тәжірибе картотекалары ретінде рәсімделеді. 

2. Зерттеу: ізденеді, деректерді жинақтап қорытады,табиғат құбылыстары туралы әр түрлі дерекнамалардан мағлұмат жинайды, кітаптар, кинофильмдер,интернет пайдаланады. Зерттеу, іздестірулер нәтижесі газет айдарлары, альбомдар, журналдар немесе аспаздық кітаптарда жинақталады.Қызыл кітап арқылы (сирек кездесетін және жойылып бара жатқан) өсімдік түрлері мен жануарлар құстар туралы білімдерін кеңейтіледі. 

3. Рөлдік ойындар жобасы: бұл шығармашылық ойын нышандары, ойын жобасы.Мұнда балалар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, берілген тапсырмаларды өздері шешеді. Нәтижесінде: -Мазмұнды ойын, бала мерекелері ұйымдастырылады, балалар ертегілерді кейіптендіре біледі.Су асты әлеміне ойын-саяхаттары ойналады. Балалар «Театр» сюжеттік-рөлдік ойындар ойнауға үйренеді. 

4. Шығармашылық жоба: әдетте қатысушыларда ортақ іс-әрекеттерінің дайындалған құрылымы болмайды.Бұл балалардың үлгілер мен пішімдер жасау, әңгімелер құрастыру, тақпақтар, ойдан шығарылған кейіпкерлері бар әңгімелер.Нәтижесінде балалар музыкалық ертегі драмаластыру, столүстілік театры арқылы әңгімелер ойлап табу, кейіпкерлер дайындау, ата-аналар мен балаларға қойылым көрсету мен сахналастырылған,суреттелген диафильмдердің фильмотекасын жасау, альбом дизайны көрмесі.Шығармашылық жобаларда табиғи және құнсыз материалдарды пайдаланған жөн. 

5. Фантастикалық жоба: таныс әңгімелер мен ертегілер, мультфильмдерді мазмұнына қарай отырып, және балалардың өз шығармашылығы мен қиялынан «Болашақтың қаласы», «Келімсектер жерде», «Суперробот» Бетман сияқты жобалар құру. 

Жобаға қатысушылар құрамы топ, шағын топ, жеке, отбасы, жұп болуы мүмкін.Жобаның ұзақтығы қысқа мерзімді – 1,2 немесе бірнеше сағат, 1-2 апта, орта мерзімді 1-3 ай, ұзақ – бір жылға дейін. Тәжірибеде мектепке дейінгі білім беруде жобаның орындалуы мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуына байланысты болады.Әсіресе берілген жобаға деген қызығушылық пен ықыластың тұрақтылығы. 

Қызығушылық 1-2 сабақта немесе керісінше ата-аналардың қатысуымен жобаның жасалуына қарай ұзақ болуына байланысты болады. 

Жобалаудың негізгі қызметі – бағдарламаны белгілеп, арнаулы іс-әрекеттердің жалғасуына құралдар таңдау.Жобалық әдіс – айқын іс-әрекеттер кезеңінен өтетін айдың пайда болуынан бастап жүзеге асуы. 

Жоба құрылымы бойынша 3 кезеңге бөлінеді. 1.Дайындық.2.Негізгі.3. Қорытынды. 

Жобалық іс-әрекеттің кезеңдерінің мазмұнын қарастырайық. 

Дайындық (ұйымдастыру) кезеңінде не үшін дәл осы жоба таңдалды деген сұраққа жауап бере отырып,жобаның қазіргі мән-жайы, бұл жоба қандай мәселелерді шешеді және бұл жобаның нәтижесі қандай болмақ осы сұрақтарға жауап беріледі.Сонымен бірге жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеті, мәселесі, уақыты және қоры анықталады.Жұмыстық жоспар жасалады, командалар құрылымы, жауапты адамдар тағайындалады. 

Негізгі кезең – жобаның жүзеге асуы кезеңі бұл кезеңде ақпарат жинап және оны анықтайды, жобаны жасақталады, жоспар бойынша негізгі іс-шаралар өткізіледі, жоспарларды бақылау және түзету жұмыстары жүргізіледі.  Жобаның жүзеге асырылуы арасында өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Бастысы бағдарламаның дәл дұрыс орындалуы емес жұмыстың тиімділігі (жобаның мақсатқа жетуі). 

Қорытынды кезеңде жобаны қорғау, рефлексия, қойылған мақсат тұрғысынан алынған нәтиженің бағалануы және түзетулері енгізіліп және қорытындыланады. 

Даму перспективаларын анықтау жобаның соңғы кезеңі – жобаны қорғау- әрқашан көріністі. Оған ата-аналармен кішкентай балаларды, жалпы қонақ шақыруға болады. Дәл осы кезеңде жоба эмоциялық тұрғыдан қыза түседі және осы кезде оның әлеуметтік маңыздылығын да арттыру керек.Не үшін, кім үшін жасалғанын және жалпы не үшін қажет екенін түсіндіру керек. Қорғау өте жарқын болуы керек, онда әрбір баланың, әр ата-ананың, әр мұғалімнің еңбегі көрінетіндей етіп ойластыру керек. 

Мақсаттылық жобаның белгілері: (мақсат жоқ болса – жоба да жоқ).

1. Өзгеріс (оқу процесінің қажет күйге айналуы).

2. Уақытына шектеу қою (барлық жобаның басталып, аяқталатын мерзімі болуы керек).

3. Жобаның бірегейлігі.

4. Қажет қордың шектеулігі. 

Жобаға қойылатын негізгі талаптар: Шешімін іздейтін мәселенің болуы, жоба бұл байсалды ойын,баланың дербестігі және ата-ана мен баланың ортақ шығармашылығы; 

Білімді қолданыста пайдалану үшін мектеп жасына дейінгі балалармен өз ықыластарымен ұсынылған кішігірім жобалар алу қажет, сонымен қатар 3 нәрсеге көңіл аудару қажет: Мектепке дейінгі баланың қызығушылығы, оның белсенділігі және оның дербестігі; 

Жобалау кезінде мектеп жасына дейінгі бала рөлінің өзгереді. Жоба кезінде мектеп жасына дейінгі бала оқыту субьектіне айналады. Іс-әрекет мақсатын тәрбиешімен бірге бала өзі анықтайды.Бала мәселені шешуде өзіне керекті нәрсені өзі көбірек таңдай алады және оқу мен тәрбие процесіне белсенді қатыса алады және бала мүмкіншілігінің көптігі (тәжірибе жасап көреді, жаңа нәрселерді таниды). Сонымен бірге бала тапсырманы орындауда жауапкершілік жүктей алады және уақытын бөліп пайдалана біледі, топтық жұмыстарда көбірек тәуелді болады.  Жобалық іс-әрекеттерді пайдалану мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласында көптеген тапсырмаларды шешеді. Мектеп жасына дейінгі баланы орындаушы емес, іскер етіп тәрбиелеу мүмкіншілігін береді. Әр бала өзіне ұнайтын іс-әрекет жасай отырып, әр бала өзін шығармашылық тұлға етіп көрсете алады. Сонымен бірге жобалық іс-әрекет бала бақшада зерттеушілікпен зор қиюласады, өйткені балалар тумысынан зерттеушілер, олар шаршамайды, тырысады, аңғарғыш және әуес. Тек осы мүмкіншіліктерін жобалық іс-әрекетте қажет арнайы икемге пайдалану керек.  Жобада тәрбиеші қызметінің сипаты: тәрбиеші баланың серіктесі әрі оның өзін-өзі дамытудағы көмекшісі болып табылады. Тәрбиеші жобаның негізгі жетекшісі, әрі мәселені шешудегі баламалар тобы менжеке баламалардың жігер үйлестірушісі. Тәрбиеші жоба кезінде сырттай бақылайды, кеңесші әрі сарапшысы бола отырып, аз айтып балалармен көп ізденеді. Ақпарат көздерін тауып, ұсыныстар жасап отырады және жасалған жұмыстардың нәтижелерін бағдарлай біледі. 

Танымның барлық әдісін біріктіруші тақырыптық жобалар балаларға өз табиғатына жақын білім жолын ұсынады. Одан басқа,әр қайсысы өз бағыттары бойынша әрекет ете отырып (біреуі мүсін жасайды,сурет салады, оқиды, кітап жазады) барлығы да берілген тақырыпты жан - жақты ашып көрсететін қыруар мағлұматтар жинап, көрнекі нәтижелерге қол жеткізеді. 

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ересектеулері құм мен сазды қуана зерттейді, өзіндік ерекшеліктерін тани отырып, жүзуге кемелер жібереді, самалды тосады, суды түрлі түсті мұздақтарға айналдырып,ал күн көзін түрлі - түсті алауларға айналдырады,көпіршік жасап, сурет салып көреді,ал бұл арқылы балалар негізінде «Ауа қайда болады?», «Неге кемпірқосақ түрлі- түсті болады?» деген сияқты қиын сұрақтардың шешімін іздейді. 

Жоба кезінде бала (қашан? қандай?қайда?) деген сұрақтарға тәжірибе жасап, пайымдайды, іздестіреді, жауап іздейді, тілдік қарым- қатынастарға түсіп, өз ойларын әр түрлі білдіреді, не үшін әрекет етіп жүргенін түсініп,өз қызығушылығы мен арманын айтады. «Біз кафе ашамыз», «Өсімдіктерге қалай әдемі болуға көмектесу керек?» деген сияқты кішігірім жобалар балалар мен ұстаздардың шығармашылық іс әрекеттерін талап етеді. Ал «Мен және басқалар», «Достар атызда өспейді», «Қалай өз өміріңнің әміршісі болуға болады?» деген сияқты әлеуметтік бағыттағы ұзақ мерзімге арналған жобалар балалар мен мұғалімдердің 3 айдан 6 айға дейінгі жұмысын талап етеді. 

Мектеп жасына дейінгі оқу мен тәрбие мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты педагогикалық үрдісінің бағдарлануын, жобалануын және құрылуын болжайды. Білім беру ұйымдарында жобалау әдісі педагогтардың жобалау құзыреттілігін арттыру шарттарының бірі ретінде пайдаланылады.

Жобалау әдісін пайдалану педагогтарға инновациялық идеялар қосуға мүмкіншілік жасайды.  Педагогтың жобалау құзыреттілігіне мыналар жатады:педагог жұмыстарының нәтижелерін жобалай білу; педагогикалық ықпал етудің жолдарын жоспарлау; тәрбие мен оқытуда кездесетін қиыншылықтардың нәтижелерін болжау; нақты педагогикалық тапсырмаларды бөліп көрсету, оларды шешу шарттарын анықтау; балалардың әр түрлі іс- әрекеттерін басқару жұмыстарын жоспарлау және тәрбие мен оқыту жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін, құралдарын таңдай білу. 

Педагогтардың жобалау құзыреттілігін қалыптастырудағы негізгі мақсат - ұсынылған мәселе бойынша жоба жасауға үйрету.  Мектепке дейінгі білім ұйымдары педагогтарының кәсібилігін арттыру ретінде зерттеу, жобалау жұмысын дамыту. 

Инновациялық іс-әрекеттің ұйымдастырылуында маңызды рөл оқу - әдістемелік ісі мектепке дейінгі ұйымның әдіскеріне беріледі. Оның іс- әрекеттерінің басым бағыттарынының бірі педагогтардың жобалау құзыреттілігін арттыру болып табылады. 

Жобалау әдісі жұмыстарын мектеп жасына дейінгі қолданысқа кіргізуді педагогикалық кадрлармен жұмыстар ұйымдастырудан бастау қажет. 

Әдістемелік қызметі өз жұмысын қарапайым ликбезден, яғни барлық мұғалімдерді қарапайым жобалау әдісі мен зерттеу әдісіне үйретуден бастай алады.Сонымен бірге жобалық зерттеу жұмысынан қандай нәтиже күтетіндері туралы педагогтармен кішігірім сауалнама жүргізе отырып, жобалық іс әрекеттері бойынша әдебиеттердің библиографиялық тізімін дайындап және әдістемелік әдебиеттер таңдай біледі. 

Қорытындылай келе жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады: Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы білімдері анықталады, балаларды, ата - аналар мен мұғалімдерді кешенді сүйемелдеу қалыптары дайындалады (жоба бойынша шығармашылық топтың жоспары жасалды), әр бір педагог жеке кішігірім жобалар жасап, ақпараттық коммуникациялық технологиялар пайдалану сабақтарының конспектілері дайындалады, балабақшада даму ортасы жетіледі және кеңестер өткізіліп, педагогтарға практикалық кеңестер, ал ата- аналарға жобаны жүзеге асыру бойынша кеңестер беріледі. 


-80%
Курсы дополнительного образования

Кухни мира

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Педагогикалық жоба" сабақ жоспары (61.66 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт