Сынып: 7 «Ә» пәні: Биология күні: 07.11.16 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы | «Паразитизм» ұғымы және оның биоллогиялық мәні | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты:
| Адамның және ауыл шаруашылығы жануарларының паразиттік құрттарын жұқтырудан сақтану жолдарын ұғыну. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже | 1.Қазақстанда жиі кездесетін паразит құрттардың түрлерін біледі. 2.Паразиттік құрттардың жұқтыруынан сақтану жолдарын ажырата алады 3.тазалық сақтаудың маңыздылығын түсінеді.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Дерексөздер | Оқулық 7 класс Қ.Қайым.Р.Сатимбеков | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ типі: | жаңа сабақ | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ өткізілу түрі: | мұғалімнің түсіндіруі (ауызша), кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Көрнекі құралдар: | Кітап, жұмыс дәптер, слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі: | Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. 1 мин. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: | Жұмыр құрттар денесінің ең сыртқы қабаты — ________________________________________. Жұмыр құрттар типі латын тілінде_______________________________________деп аталады. Ішекте жұмыртқалар жарылып, дернәсілдер ішектің қабырғасына қадалады, сөйтіп ауруын _____________________________ туырады. Үшкірқұрттың дене тұрқы _____________________________________________дейін жетеді. Аналь тесігінен кейінгі өте үшкір дене бөлігі — _______________________________________.
______________________________________ — денесі созылыңқы, цилиндр пішінді жәндіктер. Жер жүзінде жұмыр құрттардың ____________________________________жуық түрлері бар. Жұмырқұрттар денесінің екінші қабаты — ____________________________________________. Жас баланың тік ішегінде паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрттардың бірі — ____________. Ішексорғыңың аналығының дене тұрқы __________________________________дейін жетеді. 15 мин. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа сабақ: | Паразит жұмыр құрттарды бір бірінен ажырата білген жөн. Тоқтау сулардан шумақталып жатқан жылқының құйрық қылы тәрізді қоңыр түсті, ұзындығы бір метрге дейін жететін жіңішке құрттарды көргенде үлкендердің әлдеқандай күшпен жылқының қылы тіріліп, адам денесіне бұралып енуі ықтимал деген әңгімесі еске түседі. Бұл — жұмыр құрттарға жататын, дернәсілі бунақденелілерде паразиттікпен тіршілік ететін қылқұрт деген жәндік. Мұның адамға ешқандай да зияны жоқ. Шумақталып жатқан ұзын құрттар — жұмыртқалау үшін шыққан ересек қылқұрттың аналығы. Жұмыр құрттардың дәл қылқұртқа ұқсас тағы бір түрі бар, ол суыртқы деп аталады. Оның ұзындығы 150 см, жуандығы 1,5 мм. Бұл — адам үшін өте қауіпті паразит, бұрын Бұхара маңында өте көп таралған. Суыртқының аналығы көбінесе адамның аяқ терісінің астында паразиттік тіршілік етеді. Сол кезде аяқтың еті қышып, қызарады және ісініп, соңы іріңді жараға айналады. Суыртқыны жарадан жіңішке шырпыға орап суырып алады, сондықтан құртты суыртқы деп атайды. Бұл Иранда, Үндістанда және Африка елінде көп кездеседі. Оның көбею айналымы да, басқа жұмыртқа құрттардан ерекше — аралық иесі болады. Науқас адам аяғын хауыздағы суға жуғанда, аналық суыртқының дернәсілі суға түседі де, оны циклоп жұтып (циклоп — суыртқының аралық иесі), ал ішінде дернәсілі бар циклопты су ішкен кезде адам қайта жұтуы мүмкін. Адамның ішіне түскен дернәсіл қан арқылы аяқтағы терінің астына жетіп, 8 — 10 айда ересек суыртқығаайналады. Бұл ауру адамды әбден қажытады. Ауруды дракунлез деп атайды. 20 мин | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Білімді бекіту. | Жұмырқұрттарға тән негізгі ерекшеліктерді белгіле:
6 мин. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырмаcы | «Паразитті тіршілік ететін ағзалар» эссе жазу 1 мин. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
|