Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Разное  /  Прочее  /  Өзін өзі тану-рухани жаңғырудың бастауы

Өзін өзі тану-рухани жаңғырудың бастауы

Тәуелсіз Қазақстанның үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі таңда адамдар арасындағы ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін жалпы адамзаттық құндылықтарды жаңғырту қажеттілігі тұр. Жаңа жағдайдағы рухани жаңғыру баршамыздан жаһандық өзгерістерге және жаңашылдықтарға дайындықты және ұмтылысты қажет етеді.

09.02.2018

Содержимое разработки

Өзін өзі тану-рухани жаңғырудың бастауы

Тәуелсіз Қазақстанның үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі таңда адамдар арасындағы ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін жалпы адамзаттық құндылықтарды жаңғырту қажеттілігі тұр. Жаңа жағдайдағы рухани жаңғыру баршамыздан жаһандық өзгерістерге және жаңашылдықтарға дайындықты және ұмтылысты қажет етеді. Өйткені, біз айрықша серпінділікпен жылжып жатқан зымыран уақытта өмір сүрудеміз. Еліміз президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында еліміздегі қазіргі басты рухани құндылықтар айқын көрініс тапқан.Ұлттық жаңғыру дегеніміз-ұлттық санамен тығыз байланысты.Ұлттық болмыс, сана дегеніміз-халқымыздың сан ғасырдан бері келе жатқан салт-дәстүріміз, мәдениетіміз, барлық рухани құндылықтарымыз болып табылады. Еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет. "Біз тұрғызатын қоғам барды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек” – деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.  Қазіргі кезде өскелең ұрпаққа тәрбие беруде алға қойған негізгі мақсаттарының бірі – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. 
            Рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Өзін-өзі тану» пәні жастарды отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. 
Колледжде «Өзін-өзі тану» пәнінің арнайы жабдықталған пән кабинеті бар. Мұнда бағдарламаның негізгі авторы – С.А.Назарбаеваның аналық жүрегінен шыққан жылы сөзі, «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытатын негізгі құндылықтары айқын көрсетілген стенд пен пәнге қажетті оқу құралдарымен жабдықталған.. Оқушылардың сабақ үстінде өздерін еркін ұстауларына, демалуларына да жағдайлар жасалған.  Жыл сайын әр топта ашық сабақтар, тренингтер, мейірімділік сабақтар өткізіледі. «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты өткізген «Ашық сабақтар панорамасы» тақырыбындағы облыстық семинарда «Қызмет етем халқыма » тақырыбында өзін өзі тану пәні оқытушысы Г.Е.Саекешова ащық сабақ, колледж психологы Шарипова А.Б. «Самопознание и духовно-нравственное развития личности» тақырыбында тренинг өткізді.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасының мазмұнында ескеріліп, көзделген эмоционалдық тұрғыдағы ауқымды жүргізілген алуан түрлі іс-әрекеттер білім алушының адамгершілік рухани дамуының негізін қалауға және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым – қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар қалыптастыру кез – келген оқу орнының міндеті деп ойлаймын. Мен де бірнеше жылдан бері өзін-өзі тану пәнінен сабақ беріп келемін. Адамды адам ғып тәрбиелеп, бойына тек жақсы құндылықтарды қалыптастырып, адами қасиеттерді сіңіруге көмектесетінбірден – бір рухани қазынамыз «Өзін-өзі тану» пәні десем артық айтпаған болар едім. Әр оқушының бойынан осы пән арқылы мейірім мен рахымшылдықты, адамгершілікті, әділдікті, шынайылықты, инабаттылық, ибалық, адамды сыйлау секілді ұлы қасиеттерді бойынан табуға болады. Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда ғана алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін-өзі тану» рухани -адамгершілік сабағы сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән. Қорыта айтқанда, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай тәрбиелі, білімді ұрпақ әрқашан ұлт мақтанышы болары анық. Тұлғада ерекшелікті дамыту, ізгі қарым-қатынасқа дағдыландыру, рухани –адамгершілікке баулу-адамдық қасиеттің бір бөлігі. Жыл өткен сайын пәннің рухани-адамгершілік тәрбие берудегі маңызы артып келеді. Өйткені адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, адам бойындағы бар жақсы қасиеттерді дамытады.

-80%
Курсы дополнительного образования

Основы правильного питания

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Өзін өзі тану-рухани жаңғырудың бастауы (18.48 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт