Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  1 класс  /  Өзін - өзі тану пәні "Менің достарым"

Өзін - өзі тану пәні "Менің достарым"

Өзін - өзі тану пәні: " Менің достарым " 1 сынып

05.12.2017

Содержимое разработки

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



Мектеп: Құрманғазы Сағырбайұлы ат. Жом

Мерзiмі: 29/11/2017 ж.

12. Тақырып: «Менің достарым»

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, ақкөңілділік, бауырмалдық, достық, татулық;

Мұғалiм: Г.Абуева Сынып 1 а,ә,б,в

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. 

Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы

түсінік беру 

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға

ықпал ету  

      3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа,

адалдыққа  тәрбиелеу. 

Ресурстар:үнтаспа, ватман, маркер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.

Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».





Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Сабақ барысын талдау:

ІІ. Дәйексөз.

«Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол»
Мақал

(оқушылар талдап болғасын  2 рет қыздарға айтқызу  2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге   4рет айтып



шығады)

ІІІ. Әңгiмелеу

«Құмырсқа» ертегісін баяндау.

  • Кәрі құмырсқаның айтқанын қалай түсінесіңдер?

  • Ара мен қоңызды нағыз достар деуге бола ма? Неліктен?

  • Оларда досқа тән қандай қасиеттер болмады?

  • Достарың көмек сұраса өздерің не істер едіңдер?

Достық – сүйіспеншіліктен туындайды. Нағыз достар бірін – бірі жақсы түсінеді, сыйласады. Біріне – бірі қолдау көрсетеді, көмек қолын созады.

Дос болу дегеніміз – адамдардың бір – біріне шынайы тілектестігі, риясыз сүйіспеншілігі.

ІҮ. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 – тапсырма

Суреттерге қараңдар. Сурет бойынша достарыңа қалай көмектесетіндеріңді сахналап көрсетіңдер.

Өзіммен – өзім

Балалар, қараңдаршы, мына сиқырлы түрлі - түсті баулар арқылы мен сендерге жүрегімнің жылуын беріп тұрмын.Қане, оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.

- Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?

- Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?

- Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.

- Олай болса, осы жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да мейірімді, нәзік те сыпайы, бақытты да қуанышты жүрегімізден шыққан жылуды айналамызға таратайық.

(алақандарындағы жүректерінің жылуын үрлеу)

Ү.Топпен ән айту.







Тұрғанымда қысылып,

Медет берген достарым;

Өз қайғысын ысырып,

Көмек берген достарым;

Замандастың жеңісін,

Көре білген достарым;

Қолындағы жемісін,

Бөле жеген достарым;



Сынға түскен кездерде,

Сырын бермес достарым;

Қамыққанын өзгеге,

Біліндірмес достарым;



Тайғақ заман, тар жерде,

Қолын берген достарым;

Жолдасына мәреде,

Жолын берген достарым.



Жырға сені қосумен,

Өтсем деймін досым-ау;

Сыйлас болып досыммен

Өмірімде осынау. Авторы: Жанбай Өзденбаев 

ҮІ. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.





Оқу ісінің меңгерушісі: Л.Қалиева











-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Өзін - өзі тану пәні "Менің достарым" (21.41 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт