Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  3 класс  /  «Өзіңді жақсылықпен таразыла»

«Өзіңді жақсылықпен таразыла»

өзінің істеген жақсылықтары туралы сауалдар өткізу

27.12.2017

Содержимое разработки

Күні:

Мектеп №13 10- сабақ.

Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді жақсылықпен таразыла»

Сабақтың құндылығы : « Дұрыс ерекет».

Сабақтың қасиеттері: жауапкершілік, қайырымдылық, қамқорлық.

Мұғалімі: Райымбаева Б.С.

Сыныбы: 2 сыныптар.


Сабақтың мақсаты: оқушыларға жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері : -- оқушыларға жақсылық жасаудың мәнін ұғындыра отырып, қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік қасиеттері туралы түсінік беру;

  • оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып, жауапкершілікке үйрету;

  • оқушыларды қайырымды , қамқор болуға тәрбиелеу;



Ресурстар: оқулық, дәптер, суреттер, түрлі қағаздар, бояу қарындаштар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі .

а) оқушылармен сәлемдесу,түгендеу. «5-Т» ережесін басшылыққа алу.Талап, тыныштық, тазалық, тәртіп, татулық. ә). Тыныштық сәті : « Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңдар,денелеріңді түзу ұстаңдар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көзіңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз : Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бентілек- қалауыңызды шайып , жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолыңызға түсіріңіз.Сіздің қолыңыз нұрға бөленіп , сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз., құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізгеде жетті, көзіміз тек жақсйға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туыстарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге : Барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге барлық тірі жандарға таралсын.....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: Мен нұрлымын...... Нұр менің ішімде.... Мен Нұрмын.

Осындай Нұр, Махаббат пен Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз!

Жаймен көзіңізді ашуға болады


2 Үй тапсырмасын тексеру.

«Сәтемір хан» әңгімесінің мазмұнын сұрау.

*Сәтемірге құмырсқа қандай сабақ берді?

* Қоршаған ортадан жақсылыққа үйренуге болама? Мысалы.

* Өздерің қоршаған ортадан үлгі алған кездерің болды ма?

Сұрақ-жауап арқылы.

3 Дәйексөз. «Жақсылықтың үлкен –кішісі болмайды».

Дәйексөзді оқып, мазмұнын қалай түсінгенін сұрау.


Нақыл сөз

4 Әңгімелесейік . Мұғалімнің сыйы.

«Бір жұлдызды құтқару» аңыз әңгіме.

Әңгімені дауыстап оқу, түсіндіру.

Баланың жасаған іс-әрекетін қалай сипаттар едіңдер?

*Жасаған жақсылықты неліктен міндет етпеу керек?

*Өздеріңе басқалардың жасаған жақсылығын естеріңе түсіріңдер?


5.Шығармашылық тапсырма .

Оқушылар сабақтан алған білімдерін шығармашылық тапсырмаларды орындап, толықтырып, бекітеді. 3- тапсырма арқылы суреттерге қарап, ондағы балалардың бойында қандай қасиеттер бар екенін айтып береді. Жақсылық жасау үшін адамға небәрі сезімталдық, ойлылық, белсенділік сынды қасиеттерін іс-жүзінде көрсете алуы жеткілікті.

  1. суретте: Атасына таяғын әкеле жатқан бала.

  2. суретте: Үй құстарына жем салып жатқан қыз.

  3. суретте: Атасына оқитын газеттерін әкеп берген бала.

суретте: Қарт ананы жетектеп бара жатқан бала.


6.Топпен ән айту. «Болайықшы осындай» әнін айту.

Өлеңі мен әнін жазған: Айымгүл Меңжанова.


. 7. Үйге тапсырма : «Ананың сүйіспеншілігі» өсиет әңгімені оқу.


8. Соңғы тыныштық сәті: Баяу музыка қойылады.

Бүгін өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп , тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз. Көзімізді жұмамыз. Ауаны терең жұтып, еркін демалыңыздар.Денелеріңізді бос ұстап , айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз, жақсылыққа, сүйіспеншілікке толы екенін ұмытпаңыздар. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.Ойлаған мақсаттарың орындалсын. Кез-келген жетістік адамның өзін, оның жақындарын қуанышқа , шаттыққа бөлеуі керек.Өз мақсатыңа жақындаған сайын оған жету жолы қиындай түсетінін, сол қиындыққа мойымай шыдамдылық, төзімділік таныта білу керек.Жайлап көзімізді ашамыз. Рахмет.






-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Өзіңді жақсылықпен таразыла» (19.75 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт