Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Тараз техника және бизнес колледжі
Бекітемін
Колледж әдіскері
___________А.Б. Болтаева
« » _______ 2016ж.
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
Өз құқығыңды білесің бе?
Оқытушы: Сапбекова М.Т.
Топ: 0201-16-9-1
Тараз 2016 ж.
Ашық тәрбие сағатының жоспары
Күні: 24.11.2016ж.
Сабақтың тақырыбы: Өз құқығыңды білесің бе?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Конститутциялық,азаматтық, әкімшілік, отбасылық,
еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең
қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз
бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің
белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптыстыру.
Сабақтың түрі: Тренинг – сабағы
Сабақтың әдісі: Глоссарий. Блиц - сұраныс. Талқылау. Жұмбақтар. Видеоролик.
Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Білімгерлермен сәлемдесіп, білімгерлерді сабаққа бейімдеу.
Кіріспе сөз
Мұғалім: Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек қыпшақ халқындағы (Х-Х1 ғғ.) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын тәрбие саласының бірі-құқықтық тәрбие. Егеменді Қазақстан Республикасы Ата Заңына сәйкес азаматтарының құқығы мен талап тілегін, мұқтаждарын қорғап, оларды қамқорлығына алады. Әрбір азамат өз мемлекетінің Заңына жауапкершілікпен қарап, оны орындауы өз міндеті деп есептеуі керек.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Өз құқығыңды білесің бе ?» деп аталуының мәні де осында болмақ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы, Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық заңмен белгіленді. (9 бап) ҚР мемлекеттік нышандар туралы Конституция мен заң күші бар Жарғысының 3-бабында «ҚР азаматтары,ҚР аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін қастерлеуге міндетті» делінген.
1989 жылдың 20-қарашасында Бала құқықтары туралы ковенция қабылданып,1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев»Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды.
Баланың құқықтары - баланың заңды құқықтары.
Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар.
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері
1.Заңдарға бағыну;
2.Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу;
3.Мемлекет рәміздерін құрметтеу;
4.Қаржы, салықты төлеу;
5.Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;
6.Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау;
7.Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін
орындау;
8.Орта мектеп білімін алу;
9.Қазақстан Республикасын қорғау.
Бутей Асхат: «Біз ұланбыз» өлеңінен үзінді
Құлақ түрем елімнің тынысына,
Мақтанам, қуанамын табысына.
Елбасы мен халқымыз аман болса,
Айналар Орта Азия «барысына»
Біз намыскер қазақ елі ұланымыз,
Қорғайтын жерді оттан қыранымыз.
«Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым» - деп Ұлы Абай айтқан ұланымыз.
Құрмантай Ұлдана: «Тәуелсіздік» өлеңімен
№ 1. Талқылау
1. Жол ережесін бұзу адам үшін қылмыс па? Неге?
2. Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды? Құқық туралы білімі не өз санасы.
3. Қылмыс жасағанға қоғам кінәлі ме?
4. Қылмыскерге рақымшылық беруге сіздің көзқарасының қандай?
5. Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыз?
6. Жайбарақат қараушылық қылмысқа жата ма?
№ 2. Конституцияңды білесің бе?
Мемлекет билігінің қайнар көзі? Халық (3 бап)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? 1992жылы
ҚР- ның азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықтыма? Жоқ (10 бап)
ҚР – ның азаматы қашан болуға құқылысыз? Дүниеге келген кезде(12 бап)
Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса алама? Жоқ (43 бап)
ҚР – ның жоғары өкілетті органы? Парламент (49 бап)
Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім? Премьер – Министр (67 бап)
ҚР-ның атқарушы билігін билігін жүзеге асырушы? Үкімет (64 бап)
ҚР – ның төл мейрамдарын атаңыз?
- Конституция күні
- Республика күні
- Тәуелсіздік күні
10. Бала конвенциясы қашан қабылданды?
1995 жылдың желтоқсан айында
№3. Глоссарий
«Тәртіп орнат»
Құқық – А Еліміздің негізгі заңы
Конституция – Ұ Мемлекет басшысы
Мемлекет – Л Негізгі саяси қоғамдық ұйым
Азамат – Ы Тәуелсіздік
Құқық бұзушылық – Б Заңдар жүйесі
Президент – Қ Заң шығарушы орган
Парламент – Қ Заң жүйесін бұзу
Егемендік – А Құқығы бар ел тұрғыны
Сайлау – Ы Хабарландыруға тиісті нәрсе
Референдум – Ғ Лауазымға адам таңдау науқаны
Жауабы:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Б А Л А Қ Ұ Қ Ы Ғ Ы
№4. Тығырықтан шығар жол қайсысы?
Білімгерлерндің пікірін тыңдау.
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» романының желісі бойынша түсірілген фильмнен үзінді.
1 - видео. Қожаның әрекетін оқушылар жиналысында талқылау.
- Қожа қандай әрекеттері үшін жазаланып отыр?
- Қожаның тәртібі мектепте қандай болған?
- Ұстазы Қожаның тәртібі кімдерге де байланысты деп айтты?
- Сендер Қожаның жолдасы болсаңдар, қандай көмек берер едіңдер?
2 - видео. Қожаның өзіне - өзі есеп беруі.
- Бұл видеодан не түсіндіңдер?
- Күн сайын өзіне - өзі есеп беру баланың жақсы азамат болып қалыптасуына оң әсерін бере ме?
- Сендер өз - өздеріне есеп бересіңдер ме?
- Яғни тәртіпті бала қандай болу керек? Өздеріңді тәртіптімін деп санайсыңдар ма?
№ 5. Жұмбақтар
Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,
Ондайлар отаныма өте керек.
Тәуке хан жазған екен заң жинағын,
Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.
Жеті жарғы
Мерекең құтты болсын ұстаздарым,
Оқушы, келім – кетті бар достарым.
Тәуелсіздік заңының қаблданған,
Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.
1991 жыл
Еліме білім керек, ғылым керек,
Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.
Білесіңбе Нұрекеннің төл еңбегін,
Жазған екен болашаққа көзін тігіп.
Қазақстан – 2030
Жақсы ел шығарып заң игілікті,
Депутат заң шығарып билік қыпты.
Парламент палатасы нешеу екен,
Таба алсаң бұл жауапты игі екен.
Екі
№6. Өздік жұмыс: Өз құқығыңды білесің бе?
1-жағдай. Екі оқушы аулада ойыншықпен ойнаған сәбиді жолықтырады.
-Ойыншығың әдемі екен кім алып берді?
Ата-анам.
-Ата-анаң тағы не үйретті?
-Үлкендерді сыйлауды.
-Біз үлкенбіз бе?
Иә.
-Онда аяқ-қолыңды көтеріп тұр.
Сәби аяқ-қолын көтеріп тұрады. Оқушылар мазақ етіп кетіп қалады.
Сұрақ: -Қандай жағымсыз әдет көрдіңдер? Бұл заң бұзушылыққа жата ма? -Сәбиді ата-анасы дұрыс тәрбиелеген бе? (Оқушы пікірлерін тыңдау)
Түйінді ой: Сәбиді ата-анасы дұрыс тәрбиелепті. Бірақ Ата-Заңымыздағы 17-бапты үйретпепті. Ата Заңымыздың 27-бабында «балаларды тәрбиелеу ата-ананың басты міндеті» делінген. Ата-заңымыздың 17-бабында «ешкімді азаптауға,оған зорлық- зомбылық жасауға, адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды» делінген.
2-жағдай. Үш оқушы келе жатыр.
Олардың біреуі:
-Бүгін демалыс қой, қалай демаламыз? Ішім пысты. Бірдене жасайықшы.
Екіншісі: - Биік жанатын алау жасайықшы.
Үшіншісі: -Таптым,таптым бәрің ауыздарынды ашып қаласыңдар, мына үлкен ағашқа от тигізсек үлкен алау болады. От тигізейік, - деп жүгіре жөнеледі.
Қалған екі оқушы «мұндай қызығынның керегі жоқ» деп оны әрең тоқтатады. Сұрақ:
- Қандай жағымсыз әдеттер байқадыңдар?
- Жақсы қасиеттер байқалды ма?
-Бұл заң бұзушылыққа жатама? ( Оқушы пікірлерін тыңдау)
Түйінді ой: Балалар 24-бапты білгенімен, 38-бапты білмейді екен.
Ата Заңның 24-бабында «Әркімнің тынығу құқұғы бар» делінген.
Ата Заңның 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға міндетті» делінген.
3-жағдай: Баласы көршісінің тауық қорасынан жұмыртқа ұрлап әкелді де, шешесіне жұмыртқа қуырып беруін сұрады. Анасы жұмыртқаны қуырып береді...
Сұрақ. Жігіттің ұры болып өсуіне кінәлі кім? Өзі ме, әлде анасы ма? (Оқушы пікірін тыңдау.)
Не байқадым, не білдім? (Оқушылардың сұрақтарға жауап беруі.)
Түйінді ой: Сәбиді ата-анасы дұрыс тәрбиелепті. Бірақ Ата-Заңымыздағы 17-бапты үйретпепті. Ата Заңымыздың 27-бабында «балаларды тәрбиелеу ата-ананың басты міндеті» делінген. Ата-заңымыздың 17-бабында «ешкімді азаптауға,оған зорлық- зомбылық жасауға, адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды» делінген.
Қорытынды:
Сонымен Конституцияда жас ұрпақтың жақсы өмір сүруіне , оның болашағына үлкен қамқорлық жасалған... Біз сол қамқорлықты дұрыс пайдалана білуіміз керек. Әрбір жарқын істердің басталуы –адалдық, тәртіп деп ұғына жүрейік.
Балалар, елдігіміздің бағытын айқындаған Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдаған боларсыңдар. Елбасы Жолдауының тарихи маңызы зор. Өйткені, 2050 жылға дейінгі Қазақстанның әлемдегі орны мен бағындырар биіктерін айқындап берді. Осы Жолдау арқылы еліміздің стратегиялық бағыты тағы да айқындала түсті. Жаңашыл бастамалармен тың ойлар ұсынды. Сондықтан да бұл Жолдаудың елдің болашағы үшін, әсіресе, тәуелсіздіктің ұрпағы сендер үшін маңызы зор деп есептеймін.
Сәрсенбек Бақдаулеттің орындауында «Қазағым менің» әні.

Өз құқығыңды білесің бе? (25.26 KB)

