Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Мероприятия  /  7 класс  /  "Отбасынан қымбат не болуы мүмкін"

"Отбасынан қымбат не болуы мүмкін"

«Адалды? пен сыпайылы? – шынайы адам келбеті»

Сынып са?атыны? та?ырыбы: «Жан?ядан ?ымбат не болуы м?мкін?»

Сынып са?атыны? ма?саты: ?асырлар бойы жал?асын тауып келе жат?ан, топ бастайтын,

отбасы т?рбиені? ?айнар к?зі екендігін санамызда жа??ырту. ?ш т?л?а: ата-ана,

бала, ?стаз арасында?ы ашы? ??гіме ар?ылы ?лтты? ?аза?ы т?рбиемізді о?ушы

санасына сі?іру. Жас жеткіншектерді ата-ананы? ?адірін, ?асиетін, ?негелі

?мірін, ?лкенні? а?ыл ке?есін ты?дау?а, инабаттылы??а, мейірімділікке

т?рбиелеу. Баламен д?рыс тіл табысу?а, с?йлеу м?дениетін

?немі ?олдау?а ой салу. Бала т?рбиесінде ата-ананы? орыныны? ерекше екендігін т?сіну. Сынып са?атыны? ?ту формасы: д??гелек ?стел Сынып са?атыны? к?рнекілігі: ?ла?атты с?здер, ой тол?ау с?ра?тары, ша?ырубилеті, фото-сурет, ?й-ішілік альбомдар.

1.Ана? - к?ні? ж?регі? ?ке? - ?мір тірегі? ?же? - асыл арда?ы? Ата? - дана ?ор?аны? А?а? - ?ам?ор ас?ары? Іні? - м?лдір аспаны?

2. Ата – ана ас?ар тау алдымда?ы ?р?ашан ас?а?тайсы? алдымда ?лі ?зі? берген ?неге т?рбие?мен Ба?ыттымыз жан?я бауырында?ы.

3. Ата - ананы? тілегі адам болып ?скені? Адамды?ты? тірегі адал болып ?скені?

4. Ана - жары? сыйла?ан жан екенсі?

02.02.2017

Содержимое разработки


Сынып сағатының тақырыбы: «Жанұядан қымбат  не болуы мүмкін?»

Сынып сағатының мақсаты: 
Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын,

отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана,

бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы

санасына сіңіру. Жас жеткіншектерді ата-ананың қадірін, қасиетін, өнегелі

өмірін, үлкеннің ақыл кеңесін тыңдауға, инабаттылыққа, мейірімділікке

тәрбиелеу.
Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін

үнемі қолдауға ой салу. Бала тәрбиесінде ата-ананың орынының ерекше екендігін түсіну. 
Сынып
сағатының өту формасы: дөңгелек үстел 
Сынып сағатының көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, шақырубилеті, фото-сурет, үй-ішілік альбомдар.

1.Анаң - күнің жүрегің
Әкең - өмір тірегің
Әжең - асыл ардағың
Атаң - дана қорғаның
Ағаң - қамқор асқарың
Інің - мөлдір аспаның 

2. Ата – ана асқар тау алдымдағы
Әрқашан асқақтайсың алдымда әлі
Өзің берген өнеге тәрбиеңмен
Бақыттымыз жанұя бауырындағы.

3. Ата - ананың тілегі адам болып өскенің
Адамдықтың тірегі адал болып өскенің

4. Ана - жарық сыйлаған жан екенсің
Әке - шуақ шашатын таң екенсің
Ана - өмір, әке - бақыт, ана - жүрек
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.

1. «Баланың жақсысы- қызық, жаманы-күйік»  (Абай)

2. Ата-бабасынын сыйламау – азғындықтың белгісі.   (Пушкин)

3.Кімде –кім ата-анасы  разы еткен болса, ол қандай жақсы.

4. Алла тағала оның өмірін ұзартады. (мың бір хадистен)

Сынып сағатының барысы: 








І.Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің түсіндірмесі
- Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Онда әкем - анам тұрады
Ата - әже бауырым
Бәрі бірге қосылып
Бір ұғымды құрады 
(Отбасы)
- Дұрыс балалар жұмбақтың шешуі (Отбасы)
- Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз отбасы

жайлы болмақ.
Анаң - күнің жүрегің
Әкең - өмір тірегің
Әжең - асыл ардағың
Атаң - дана қорғаның
Ағаң - қамқор асқарың
Інің - мөлдір аспаның - демекші
- Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар 8а

сыныбында өткелі отырған «Жанұядан қымбат  не

болуы мүмкін?» атты ашық тәрбие сағатымызға қош - келдіңіздер!

Жылжи берші кезім емес жасқанар
Бөгей алмас білім атты тас қамал
Отанның аяулысы боларсың
Отан деген отбасынан басталар, демекші,

ҚР Президенті  Н.Ә. Назарбаев Жарлығымен  біздің елімізде Отбасы күні  деген мерекесі бар. Ол қыркүйек айының екінші жексенбісі күні тойланады Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту.

Жанұя, отбасы - мемлекеттің іргетасы, қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін

емес. Президентіміз Н. Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы негізгі бағыттарының бірі - отбасы болып саналады. Отбасы – адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар,қанат жаяр алтын бесігі. Сондықтан, құрметті балалар өз жанұяларыңды құрметтеуге, сыйлауға, мақтан тұтуға шақырамын.

Сіздердің шыдамдылықтарыңызбен,қамқорлықтарыңызға біз барынша тәнтіміз. Өйткені біздің өмірдегі тазалық, ізгілік пен сенімділіктің бәрі де өздеріңізге байланысты.

2. Сүйіспеншілік сипаты.

«Отбасының бақыты үшін не керек?» деген сұраққа байланысты

ойларыңызды қызыл  жапыраққа жазып, ал отбасын бұзатын жағдайлар туралы ойыңызды сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы




ағашқа жапсырамыз. Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі.

Сары жапырақтар көп болса, отбасына қауіп –қатер, жайлай бастағаны. Ол мына өздеріміз жазғандай келіспеушілік, әкенің балаға, баланың анасына көңіл бөлмеуі.

Ал, қызыл   жапырақ көп болса онда сіздің отбасыңызда

бақыттың орнағаны, сыйластық, адалдық, жүрек жылуы.

 Үлкендер бата бергенде көктеп көгер, ұрпақ жай деп 

жатады.Бақыты үшін мына өздеріңіз жазған жақсы ойлардың барлығы керек.

3. Қорытынды.

-Иә,

ағашта ең көп  қызыл ағашты жапырақтар, баршамыздың ойымыз бірдей. Баршамыздың отбасымыз бақытты болсын тілектеміз. Тілегіміз алла тағаланың құлағына шалып, арманымызға жететін болайық!

Бірақта, күнді қолмен бүркеуге болмайтындай барлық проблемалардан қашып құтылу мүмкін емес.

         Балаларымызды тек қана компьютермен, қымбат киім алып берумен, ақшамен қамтамасыз етумен шектелмей, олардың өміріне белсене араласып, проблемаларды бірге шешетін кез келді. Макаренканың «Біздің-балаларымыз біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие – бұл қарттық, нашар тәрбие—бұл біздің болашақтағы сорымыз. Бұл біздің көз жасымыз, басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз» - деп айтқандай, бақытты қарттық көргіміз келсе балаларды жақсылап тәрбиелейік.

         Қадірменді оқушы, ата-анаңа ақыл қосар ақылшысы екеніңді, көмекші екеніңді, ертеңгі үміті екеніңді ұмытпа.

         Әрбір отбасы үшін бақыт сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.

4.Сергіту сәт.

5.Ситуациялық

сұрақтар кезеңі.

1.Егерсенің інің үйге жылап келсе, себебі оны сенің сыныптас досың шалып құлатқан, сенің әрекетің.

2.Досыңекеуің жолда келе жатқанда  әмиян тауып

алдыңыз, сенің әрекетің .

3.Базараралап  жүріп, көп саудаласу болып жатқан

жерде байқалмай бағалы зат жерге түсіп қалды, (сен оны көрдің), сенің әрекетің.

4.Сыныпта келеңсіз оқиға, сынып жетекшісі сені кінәләй бастады сен кінәсізсің, сеніңәрекетің.

6.Қорытынды сөз ситуациялардан кейінгі.

1 Оқушы:

-Ей, перзентім, тамақтан аш қалсаң да, ақыл -парасатқа тоқ бол.Адамдарға дөрекелік жасама. Ойпыл-тойпыл сөйлеуден

сақтанып, тіліңді тыйып ұста.Сондағана сен әртүрлі қырсықтардан аулақ боласың.Адамдар бойында жоқ және болып та

көрмеген қасиеттерді сенде бар деп мақтаса, ондай мақтауға сеніп, мардымсыма.

-Ей,перзентім, шынайы ілімге ынтық бол.Өз айтқаныңнан қатайтын бір мойын болмай, өзгелердің де айтқанына мән беріп, құлақ сал.

-Ей, перзентім, сырын біліп алмай тұрып, бір көрген кісіге көңіліңді жайып салма.Өз қадір-қасиетін білмейтін кісілерден жақсылық

күтпе. Күн шыққанша, ұйықтап жатып алма.Орынсыз күле берме.Әйелі жаман кісілермен сұхбаттас болма.Сөйлесіп отырғанның сөзіне орта жолдан килігіп,бөлме. Қонақтың алдында бәзбіреуге кіжініп, ренішіңді айтпа. Басыңды салбыратып отырма.

2 Оқушы:

-Ей, перзентім, егер сен жомарт адамдар сияқты, халқыңа қызмет етуді ұнатсаң, әуелі жомарттықтың не екенін және оның қайдан келіп щығатынын білгін. Адамның адамдық қасиетінде үш нәрсе бар. Бұл үш нәрсенің бірі-ақыл, екіншісі-әділдік, үшіншісі-жомарттық (адамгершілік, сақылық мырзалық). Жомарттықтың негізінде үш нәрсе бар: бірі- өз айтқан сөзіңді өзің орында, екіншісі әділдікке (туралыққа) нұқсан келтірмеу, үшіншісі-қайырымдылықты есінде ұстау,ұмытпау.Біліп қой, жомарттық- бірнеше өнері бар адамға лайық. Бұл өнердің бірі-қорықпайтын, мәрт, сабырлы, шыдамды, уәдеге опалы, таза жүректі,дұрыс сөзді болу.Және бірі- бұл өз пайдасын көздеп, құлдарды азаптамау, оларды қолдап, қуаттау, әлсіздерді желеп-жебеп жүру, жақсыларды жамандардың жамандығынан қорғау, дұрыс сөз сөйлеу hәм әділ болу, жақсыға жамандық қылмау hәм зиян келтірмеу, яғни адамдарға залал hәм зиян келтірмеу. Бұларға зер салып қарасаң: бұлардың бәрі үш қасиетпен байланысты.Егер мәрттік- жомарттық жолында жүрмек болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді-жаман назардан, қолды- жаман істен, тілді- жаман сөзден. Үш нәрсені дос пен дұшпанға ұстағын: үй есігін, дастархан басын hәм кісеңнің (қалтаның) бауын.Ешқандай жалған сөйлеме, ез жалған сөйлейді. Егер әрбір адам

сенің мәрттігіңе, жомарттығыңа сенсе, сенен жеңілгені, hәм барша халықтың алдында сенің мәрттік- жомарттығыңа сенетін болғаны. Шамаң жеткенше,әрекет қылып, мәрттік-жомарттыққа ие бол.Біліп қой, мәрттік-жомарттықтың кемелдігі мынада болады: ол өз мал-мүлкін өзінікі, басқаның мал-мүлкін басқаныкі деп біледі. Халықтың

мал-мүлкінен дәме қылма. Өз қолыңмен қоймаған нәрсені алма. Халыққа жақсылық қыла алмасаң да, жамандық қылма.

Ата - ана асқар тау алдымдағы Әрқашан асқақтайсың алдымда әлі
Өзің берген өнеге тәрбиеңмен
Бақыттымыз жанұя бауырындағы.





Мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен сабырлылық сияқты асыл қасиеттерді бойына жинаған ардақты әкелер мен аяулы аналар өмірдегі жақсылық атауы сіздердің есімдеріңізбен байланысты. Сіздер әршаңырақтың шаттығы мен шуағысыздар.

7.Ата-анаға кеңес.

1.Бала алдында, отбасыңдағы өара қарым –қатынаста мәдениетті, сыпайлықты сақтау керек.

2.Ата-ана баланың жора-жолдастарынын қадағалау керек.

3.Баланың оқу-тәрбиесіне үнемі назар аударып, олармен пікірлесіп, әңгімелесіп отыру да ерекше тәсілдердің бірі.

4.Баланы еңбекқорлыққа тәрбиелеуде үдегі шаруалардың да

маңызы зор. Ендеше баланы үй шаруашылығына араластыра отырып, еңбексүйгішткке тәрбиелейік!

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: балам жақсы, тәрбиелі

болып өссін деген ата-ана отбасындағы

тәрбиеге қатты назар аударуы тиіс деп ойлаймын.
Оң қанатым - әкем
Сол қанатым - анашым
Қос қанатың болғанда
Табар өмір жарасым.
Қарап тұрып шекені
Шымшылады сан күдік.
Қанатымның екеуі
Сау болса екен мәңгілік, деп бүгінгі шарамыз өз

мәресіне жетті. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Енді көріскенше аман –есен болайық!









 



-80%
Курсы дополнительного образования

Создание динамических веб-страниц с помощью PHP и MySQL

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Отбасынан қымбат не болуы мүмкін" (54 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт