«Балапан» 2-сәбилер тобы
Тәрбиеші: Асабаева Жұлдыз
Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Денсаулық
Бөлімі: Қоршаған орта, Тіл дамыту, Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Орманға саяхат»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту. Ойлау және есте сақтау
қабілетін дамыту. Аңдардың іс-қимылдарын мәнеріне келтіріп,
ойнау қабілеттерін дамыту. Балалардың достық сезімдерін
қалыптастыру. Ұйымшылдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Ойынға
деген қызығушылықтарын арттыру.
Міндеті: Балалардың сөздік қорларын молайту.
Сөздік жұмыс: Орман, шырша, бүршік
Көрнекіліктер: Ойыншықтар, шырша құлпынай
Билингвалдық компонент: көктем-весна, күн-солнце, аю-медведь, қоян-
заяц, отарба-поровоз.
Инклюзивті әлеумет: Белсенділігі төмен балалармен жұмыс жасау.
| Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбері Сәлем бердім күнге мен! Сәлем бердім мен саған! Сәлем бердім апайға Қонақтарға достарға Еркем,еркем еркем-ай Еркелеген еркем-ай |
Балалар іс-қимылмен шаттық шеңберді жасады. |
| Іздену ұйымдастыру шы | Жұмбақ Су ағып сай-саладан, Тасып өзен толады. Құстар келіп ән салады, Бұл қай кезде болады? -Қәзір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінің қанша айы бар? -Көктем мезгілінің айларын атайықшы. -Көктем мезгілінде күн қандай болады? -Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
Жарайсыңдар балалар сендер көктем туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Тақпақтар:
-Жарайсыңдар, балалар! -Көктем мезгілінің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер. Тақпақтарды да жақсы біледі екенсіңдер. -Балалар сендер көктемгі орманды көрдіңдер ме?
Олай болса балалар көктемгі орманға саяхатқа барайық. Ойын: «Отарба»
-Балалар сендер орманда мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?
-Қандай аң қорбаңдайды? -Қандай аң су жүрек қорқақ болады? -Ал, өзі қу, жүрген жері ду бұл қандай аң? -Жарайсыңдар балалар! Тосын сый. (Ақ қоян балаларға кездеседі) Ақ қоян: Балалар сендер қайда барасыңдар?Бұл орманда не істеп жүрсіңдер?Менің әбден ішім пісті. Менімен ойын ойнайсыңдар ма? Ойын: «Қоян» -Балалар қоянмен қоштасайық. Орманның табиғаты туралы сұрау.
Тосын сый: Аю Балалармен кездеседі. Аюмен амандасады Ойын: «Ормандағы аю»
Аюмен қоштасу. | Жұмбактын шешімін таба алды
Көктем мезгілі. -Көктем мезгілі -үш айы бар.
-наурыз,сәуір,мамыр.
-жылы болады.
-күн жылып,талдар бүршік жарады. Құстар ұшып келеді.Жерге көк шөптер шығады.
1.Көктем, көктем,көктемде Көктем келіп жеткен де Біз қуанып қаламыз. Әнмен қарсы аламыз. 2. Көкке бояп өңірді Көктем келді көңілді Бау-бақшада орманда Құстар әні төгілді.
-жоқ көктем мезгіліндегі орманды көрген жоқпыз.
Отарбамен орманға саяхатқа барады.
-аю,қоян, қасқыр, түлкі, жолбарыс. -аю -қоян
-түлкі
Ақ қоянмен ойын ойнайды. Ақ қоянмен қоштасты.
орманда талдар, аңдар көп екен.
Аюмен амандасады. Ойынды балалар аюмен ойнайды. Аюмен қоштасады. |
| Рефлексивті түзету |
-Балалар біз қайда бардық?
-Нені көрдік? Қандай ойын ойнадық?
-Ойындар сендерге ұнады ма? Ойын: «Жүрісін сал» Олар қандай жануарлар екен? -Неліктен біз оларды жабайы жануарлар деп атаймыз?
Балаларды мақтау, мадақтау. |
Орманға саяхатқа бардық. -аюды, қоянды көрдік. - «Ақ қоян», «Ормандағы аю»
-иә Балалар әр аңның жүрісін қимылын көрсетіп ойынды ойнады.
-Жабайы жануарлар олар орманда мекендегендіктен |
Күтілетін нәтижелер:
Не білді: Көктем ерекшеліктерін айта алды.
Не алды: Көктем туралы тақпақтар айта алды.
Не істей алды: Ормандағы аңдармен ойын ойнай алды.


"Орманға саяхат" (15.49 KB)

