Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  5 класс  /  Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

19.06.2020

Содержимое разработки

Бекітемін: Директордың оқу-тәрбие жұмыстары

жөніндегі орынбасары Г.Дөңесова


249 мектеп-лицей

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ибраимова Раушан Талғатқызы

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.28 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: Ондық бөлшектердің оқылуын және жазылуын, бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігінің цифрларын ажырата алады және натурал сандарды көбейтуді біледі

Оқушылардың басым көпшілігі: ондық бөлшектерді натурал сандарға бағандап көбейту ережесін біледі

Кейбір оқушылар: ондық бөлшектерді натурал сандарға көбейтуде көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік қасиетін пайдалана алады.

Бағалау критерийлері

Ондық бөлшекті натурал санға көбейте алады.


Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер: Цифр , көбейтінді , үтір айыру , натурал сан .

Диалог/жазылымға қажетті тіркестер:

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:

- үтірге назар аудармай, ... көбейткендей көбейту керек;

- ондық бөлшекте неше ондық таңба болса, көбейтіндіде ... үтірмен ажырату керек;

Диалог сұрақтары: Ондық бөлшекті бағандап көбейтудің алдыңғы көбейтулерден қандай айырмашылығы бар ?

Құндылықтарға баулу

5) Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Пәнаралық байланыстар

Информатика (графикалық органайзер) , Химия , Физика .

Алдыңғы білім

Онды бөлшектің бүтін және бөлшек бөлігін ажырата алады (5 сынып).

Көптаңбалы натурал сандардың көбейтіндісін таба алады (4 сынып).

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан-

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

2 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын беру.


Оқушыларды топтау

Алдарыңға тасталған стикерлерден бір біреуден таңдаңыздар.

Стикерлердің артында ондық, жүздік, мыңдық разрядты ондық бөлшектер жасырылады. Оқушылар осы жазылған сандар бойынша 4 топқа бөлінеді:

1. Ондық разрядты, 2. Жүздік разрядты,

3. Мыңдық разрядты, 4. Онмыңдық разрядты

Балалар, біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?

Иа, ендеше бәріміз сол Ондық бөлшек атты үлкен ақсақалдың балаларымыз солай ма? Үлкен ұлы ондықтар,ортаншы ұлы ұлы жүздіктер, кенже ұлы мыңдықтар. Сіздерге ондық бөлшек әкелерің мұра қалдырып кеткен. Сол мұраға қол жеткізу үшін әрбір ұлдарына картаның бір бөліктерін берген, сол карта бойынша тапсырма беріп кеткен. Сол тапсырмасын оқып беруге рұқсат етіңіздер! 
Балаларым, менің сендерге қалдырған мұрама қол жеткізгілерің келсе, төмендегі аталған тапсырмаларды орындаңыздар! 
Тапсырмаларды кезеңімен орындай отырып, дұрыс орындалса, әр тапсырмаға 1 ділда алтын беріліп отырады.

Оқулық, оқу дәптері, күлегеш стикер, флипчарт

Сабақ ортасы

10 минут


















10 минут













7 минут

Алғашқы тапсырмаларды орындау арқылы

Бізге таныс емес аралға енеміз

Тапсырмалар флипчартта орындалады:

1 топ:

1 см3 темірдің массасы 7,9 г. 4 см3 темірдің массасы қанша?

1-тәсіл. Көбейтуді қосуға келтіріп, есептеңдер: 7,9+7,9+7,9+7,9=

2 топ:

1 см3 темірдің массасы 7,9 г. 4 см3 темірдің массасы қанша?

2-тәсіл. 7,9 = түрінде жазып, аралас сандарды қосуды орындаңдар:

3 топ:

1 см3 темірдің массасы 7,9 г. 4 см3 темірдің массасы қанша?

3-тәсіл. 7,9 = түрінде жазып, аралас санды натурал санға көбейтуді орындаңдар:

4 топ:

1 см3 темірдің массасы 7,9 г. 4 см3 темірдің массасы қанша?

4-тәсіл. Ондық бөлшектің үтірін ескермей, натурал сандарды көбейткендей есептеңдер:


Қорытынды. 4-тәсілмен есептегендегі көбейтінді мәнінің 1,2 және 3 тәсілдермен есептелген мәнінен өзгешелігі неде?


Сонымен бізге таныс емес арал «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту» аралы екен.

Ондық бөлшектерді натурал сандарға көбейту тәсілдерін қарастырайық.

Оқушылардың назарына ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін ұсынамын.


Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:

1) үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек ;

2) ондық бөлшекте неше цифр тұрса, шыққан тәтижеден сонша цифрды оң жақтан үтірмен айырып бөлу керек.


«Кім жылдам ?» әдісі. (ауызша)

№ 811

1)0,6*7 2) 0,03*9 3) 1,2*4 4) 3,5*10

0,9*5 0,04*8 1,6*3 4,42*10

0,4*3 0,06*4 1,5*5 6,3*100


«Ондық бөлшекті натурал санға көбейту» аралында мынадай шаһарлар бар екен: «Тасқала», «Күміс шаһар», «Алтын шаһар». Осы шаһарлардың әрқайсының есігі ашылу үшін сіздерге тапсырмалар беріледі.


«Тасқала» шаһарының тапсырмасы:

№812

1)6,3*7=44,1;

3) 9,6*8=76,8;

5) 8,31*14=116,34;

7) 9,03*17=153,51;

2)8,35*3=25,05;

4) 4,5*12=54;

6) 9,5*11=104,5;

8) 9,04*15=135,6;


№ 813

1)0,5*45=22,5

3) 0,2*9=1,8

5) 0,7*3=2,1

7) (1,7+2)*4=1,7*4+2*4=6,8+8=14,8;

2) 0,4*40=16

4) 0,8*5=4

6) 0,3*25=7,5

8) (5,3+1,4)*3=5,3*3+1,4*3=15,9+4,2=20,1;


«Күміс» шаһарының тапсырмасы:

№ 820


№821


«Алтын» шаһарының тапсырмасы:

№832

2)

Сабақ соңы

3 минут

Алтын» шаһарданда өтіп, Мұраға қалдырған «Алтын сандыққа» да жеттік

Сонымен, ондық бөлшектерді натурал санға қалай көбейтеді екен.

Тапсырмаларды жақсы орындағандықтан «Алтын сандық» ішіндегі гауһар тас сіздерге беріледі

Үй тапсырмасы №812 (9), №813 (9), №820 (5,6), №821 (5,6), №832 (5,6)

«Мәнгілік Ел» бағындағы ЕХРО ағашы

Саралау– Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады

Бір бірінің жұмыстарын тексеріп бағалау,

Өз-өзін тексеру,


қауіпсіздік ережелерін есте сақтау

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






-80%
Курсы повышения квалификации

Методика преподавания математики в соответствии с ФГОС ООО (СОО)

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту (26.75 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт