Меню
Разработки
Разработки  /  Обществознание  /  Планирование  /  7 класс  /  Өмір , қымбатсың маған

Өмір , қымбатсың маған

На этом уроке речь идет о жизни и его значения для человека.

26.03.2017

Содержимое разработки

Оңтүстік Қазақсан облысы, Ордабасы ауданы , Шұбарсу ауылы

Сабақтың мақсаты:  оқушылардың адам өмірінің маңыздылығы туралы білімдерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға өмір мәнін тереңірек ұғындыру арқылы,өз парызын орындау қасиетімен байланыстыра отыра  үйрету;

Дамытушылық:оқушыларды өз өмірін бағалай білуге үйрете отырып,өз-өзіне сенімді болуқасиетін  дамыту;

Тәрбиелілік:оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болу арқылы дұрыс әрекет құндылығынатәрбиелеу.

 

Ресурстар:

 

   Үнтаспа,сурет,  маркер,түрлі –түсті бояулар.

Сабақбарысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

 5Т- ережесін еске түсіру.

   Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.   Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртін деп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.    Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ойлар келеді.   Нұр бірте-бірте қарқын жене шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағымызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарыңызға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын.

  Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... нұр менің ішімде...Мен нұрмын».  Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...  Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әлем қалпында сақтаңыз.  Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рақмет.

Ескерту:

5 «Т» ережесін сақтау.

  (тәртіп,талап,

тазалық,тату- лық,тыныштық)

1.     Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Ризамын саған,Жер-ана!» тақырыбындағы эссені аяқтау.

2. Оқулықтың 122-123 беттегі Ш.Сариевтің «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

                      Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Ақын «ақ» және «қара» деп нені мегзеп отыр?

2.Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?

3.Адам өз өмірін және айналасын жақсарту үшін өзін қалай ұстауы керек?

4.Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

5. Адам өз бақытын табу үшін не істеуі керек?

6. Бұл өлең шумақтарынан өзімізге қандай ой түйдік?

 

4.Дәйексөз.

«Өзін үлкен адами тереңдікте сезіне алмаған адам өмірдің қызығын сезіне алмайды»

                                                                Қ.Мырза-Әлі

    

        Қадыр Мырза - Әлі 1935 жылы 5қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде дүниеге келген. Қадыр Мырза – Әлі ақын, Қазақстанның халық жазушысы. Қазақстан Республикасы Әнұранының сөзін жазған авторларының бірі.1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факултетін тамамдаған.Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған «Балдырған» журналында әдеби қызметкер болып бастаған.

                 1. Қыз балаларға және ұл балаларға бөлек оқыту.

        2.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

     Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.     

 

 

 

Оқиғаларды әңгiмелеу.    (Мұғалім сыйы)

 

Өмір туралы аңыз

Аңыз әңгіме

   Бір данышпан шәкірттерін шақырып алып:

-         Менің не істегеніме қарап,нені мегзеп отырғанымды түсіндіріп беріңдер, - деп тапсырма береді.

 Сөйтіп, ол сөреден үлкен шыны ыдыс алып, ірі тастармен ернеуіне дейін толтырады.Данышпан шыны ыдысты үстелге қояды да,шәкірттерінен:

- Қараңдаршы,балалар,ыдыс толды ма?

- Толды,толды – деп шуласа кетеді шәкірттері.

      Содан кейін данышпан сол ыдысқа ұсақ тастарды салып, оны бірнеше рет ақырын ғана шайқайды.Ұсақ ірі тастардың қуыс-қуысын бойлап, ыдысты толтырады.

     Данышпан шәкірттерінен тағы да сұрады:

- Ыдыс толды ма ?

- Олар ыдыстың толғанын айтады.

- Данышпан тас толып тұрған ыдысқа енді құм, содан кейін оның үстінен су құяды.

- Данышпан тағы да бір шыны ыдысты алып, оны құммен лезде толтырады. Одан соң ірі тастардың бірін сыйғызуға тырысады, бірақ толған құм кедергі болып, одан ешнәрсе шықпады.

Сол кезде Данышпан оқушыларға бұрылып:

-         Менің осы әрекетім жайлы және екі ыдыстың ішіндегі заттар туралы түйген ойларыңды тыңдағым келеді,-дейді.

Оқушылар өзара кеңесіп:

-         Ірі тастар адам өміріндегі ең мәнді заттарды білдіреді: отбасы, Отан, сүйіспеншілік,бақыт, денсаулық,білім. Олар басқалары болмаса да әрқашан адам өміріне мағына беріп, мәнге толырады. Ұсақ тастар жұмыс, пәтер, қызмет сияқты одан маңызы бәсеңдеу заттарды білдіреді. Құм дегеніміз – адамның күнделікті өміріндегі ұсақ – түйектер, яғни күйбең тіршілік,- деп жауап береді. Бір кезде шәкірттерінің ең үлкені :

-         Егер адам құммен толтырылған екінші ыдыс сияқты өз өмірін ұсақ – түйекпен өткізетін болса, онда маңызды заттарға орын қалмайды. Адамға өмір ұсақ – түйекке жұмсау үшін емес, маңызды затттар мен құндылықтарды жүзеге асыру үшін берілген. Сондықтан да адам ата–анасына, балаларына, жақындарына көбірек уақыт бөліп баса назар аударып, өз денсаулығын нығайтуы керек. Сонда ғана ол білімін алып, еңбек етіп, өзгелер мен сыйластықта бақытты да үйлесімді өмір сүруге үлгереді.

Данышпан ризашылықпен:    

-         Менің сендерден бір ғана тілегім бар. Ірі тастарыңды қадірлеп, сақтай біліңдер,тек солар ғана құнды, қалғандары –құм ғана.

                        Әңгімелеу бойынша сұрақтар:

 

1.Данышпан шәкірттеріне қандай тағылым берді?

2.Данышпанның тағлымына шәкірттерінің жауабы ?

3.Аңыздан қандай қорытынды жасауға болады?

4.Қандай істер өмірде ең маңызды болып табылады?

5.Бұл аңыз қай құндылыққа сәйкес келеді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

 

I-топ. Мәтінді рөлдерге бөліп оқыңдар.Мәтіндегі ойға өз көзқарастарыңды білдіріңдер.

II-топ.  Берілген суреттерге қарап, «Өмір қандай тамаша» тақырыбында өздерің де сурет салып көріңдер.

III-топ. «Өмірің өз қолыңда» эссе жазу.

IV-топ.Өз ойларыңды жалғастырыңдар.

                Адам өмірі мәнді болу үшін:

 

Топпен ән айту.

Өміріңе немқұрайлы қарама

                                                                       Әні:Сәкен Дәрібаев

                                                                      Сөзі: Серік Сейітман.

1.   Тыңда досым, мен айтайын от тілек,

       Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

       Өміріңе немқұрайлы қарама,

       Дәулетіңмен тұрсаңдағы көк тіреп.

       Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

        Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

        Өміріңе немқұрайлы қарама

        Шақша басың айналса да бақыттан.

 

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де досым қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Қанша азап көрсеңдағы бауырым,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

2.     Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,

        Етсе-дағы дұшпан күлкі,дос тоба.

        Өміріңе немқұрайлы қарама,

        Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқсада.

        Сын сағатта сақтау үшін өз басын,

        Сатып кетіп, сеніп жүрген жолдасың.

        Өміріңе немқұрайлы қарама,

         Айдын көлге айналсада көз жасың.

 

Үй тапсырмасы.

1.№26сабақ 125- 126 бет «Қызыққа толы қас қағым» әңгімесін оқып келу.

 2.Оқушы дәптерінің  42 бетіндегі 2-тапсырманы аяқтау.

 

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

   Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерімізді жүрегімізге сақтайық!

 

               Пайдаланған әдебиеттер:

1.Өзін-өзі тану1-11 сыныптарға арналған бағдарлама. «Бөбек» Алматы 2010ж.

2.Оқулық өзін-өзі тану 7-сынып «Бөбек» Алматы 2016ж 121-124 б.

3.Өзін-өзі тану мұғалімге арналған әдістемелік құрал  7- сынып «Бөбек» Алматы 2016ж

4. Өзін-өзі тану оқушы дәптері.

5.Өзін-өзі тану мұғалімге арналған хрестоматия. Алматы 2013ж 58 б.

 

 

 Өзiн-өзi тану сабағы

 Мектеп:М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектеп

 Мерзімі : 10.03.2017ж.

25тақырып:  Өмір, қымбатсың маған !

Құндылық:  Дұрыс әрекет Қасиеттер:  өз парызын орындау,өз-өзіне сенімді болу, зиянды әдеттерден аулақ болу.  
Мұғалiм: Камшыбаева Гулдар Айдаралиевна    Сынып: 7 «Б»   Оқушылар саны: 24

 

 

 

 

 



-80%
Курсы повышения квалификации

Методика изучения национально-психологических особенностей и межнациональных отношений в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Өмір , қымбатсың маған (21.42 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт