Тақырыбы: Адамгершілік-адамдықтың белгісі
Мақсаты:
Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Мұғалім сөзі:
Адамгершілік – парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңның да, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.
Адамгершіліктің қас жауы тоғышарлық, азғындық.
Кіріспе сөз: Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Шығыстың ұлы ғалымы әл-фараби: жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп – нормаларын білесіздер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз.
Адамгершілік бастауы неде?
1-оқушы
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімінің шыққанын көрсе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
2-оқушы
Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.
Асылай:
«Ана өсиеті»
Ана айтты бір өсиет баласына,
Бір жолдың шығарып сап саласына,
Ей балам шамаң келсе жақсылық ет,
Ақпейіл азаматтың арасына.
Егер де жол үстінде тікен жатса
Кірер деп аяғына біреу басса,
Ерінбей – ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста.
Бұл еңбегің қалмасты босқа, бекер,
Соны көрген соңғы жас солай етер.
Жақсы үлгіні жалпы ұлт дәстүр жасап
Жол тазарып, жолаушы жолдан өтер.
Міне, балалар, адамгершіліктің асыл қасиеттері өте көп, алуан түрлі, дегенмен солардың ең ішіндегі маңыздысы – аманат.
Маржан сөздер сыр шертеді (адамгершілік, ар-ұят, тәрбие туралы)
1-оқушы
Жақсылық істеуден жалықпа,
Істеген жақсылығыңа өкінбе!
2-оқушы
Жақсы адам жолдасынан белгілі
Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады
3-оқушы 4-оқушы:
Бітер істің басына, Сыйға сый, сыраға бал.
Жақсы келер қасыңа. Ұлың өссе
Жақсы адам – елдің ырыс, Ұлы үлгілімен ауылдас бол.
Жақсы сөз – жанның тынысы. Қызың өссе, Қызы үлгілімен ауылдас бол.
5-оқушы 7-оқушы
Ұят жүрген жерде Ар қайда болса,
Абырой төгілмейді Ұят сонда.
Абырой бар жерде Әдептің не екенін
Ар шапан сөгілмейді. Әдепсіз адамды көргенде ұғынарсың.
Ертегі:
Ерте заманда Байлық, Бақыт, Адамгершілік үшеуі бас қосады. Олар өзара өткен кеткен әңгімелерді айтысады. Сөз кезегінде үшеуі адам баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады.
Байлық,
Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі дүние-мүлікке бай, ішіп-жемі мол болады. Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ (кеудесін қағады).
Бақыт
Мен бақпын, кімнің басына қонсам,соның атақ-даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін. Ақ дегенім – алғыс, қара дегенім – қарғыс дөкей етемін.
Адамгершілік
О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуміз тең тудық. Бірақ, мен бірер итжейдені сендерден бұрын тоздырдым. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен ақылмын, сондықтан, бекер даурығып, менменсініп сөйлегенді жақтармаймын. Үшеуіміз де адам баласына қажетпіз. Көңілдеріңе келсе де айтайын, екеуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер Данышпанға жүгінейік. Төрелігін сол айтсын.
Автор,Шерхан:Сөйтіп, үшеуі Данышпанға келеді. Үшеуінің таласын тыңдап алған Данышпан:
Өмірдің өзі сабақ. «Байлық – бір жұттық», «Бақыт – баянсыз». Ақыл бар жерде адамгершілік те , байлық та, бақыт та, бір ынтымақта түгел болады т.с.с.
Міне балалар, ақылмен, адамгершілікпен брін ойдағыдай басқаруға, атқаруға болады. Олардың еңбек деген сүйеніш, тіреуі, тұтқасы бар. Сондықтан да, ақылды, адамгершілігі мол адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді өмір сүре алады екен.
Мақал-мәтелдер:
Ата – ананың ақылы сарқылматын көлмен тең.
Ақыл – тозбайтын тон
Білім таусылмайтын кен.
Баймын деп мақтанба, жарлық бар.
Көппін деп сұқтанба, жалғыздық бар.
Ақыл – байлық – азбас байлық
Ақылың болса, арыңды сақта
Ар-ұят керек әр уақытта.
Балалар, біз сырына қанық емес, түбі терең, тәрбиелі сөздердің, әдет-ғұрыптардың, адамгершілік қасиеттердің небір кәусар бұлағымен сусындадық.
Сөз кезегін халқымыздың ұлағатты, тәрбиелі, мәні зормаржан сөздері, өсиет өнегесін рухани азық етіп, жас ұрпақты бүгінгі тығырықтан алып шығуға болатын құпия хаттарға жауап береміз. Хаттың текстісі мынадай.
Жағдаяттар:
1) Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келейді. Тіпті «оны мазақтаңдар» деп үгіттейді. Ал сен не істер едің?
2) Сенің үлкен әпкең шешесіне құрбысының үйіне «сабаққа дайындаламын» деп кетіп, ал шындығында олар би кешіне кетті. Егер шешең сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің?
3) Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік. Сен оны үбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай, екеуі екі арнадан беріледі. Сен қандай шешімге келер едің?
Қандай да болмасын жағдаяттық жағдайларды шешсек те әділ, дұрыс шешім қабылдай білуіміз қажет және адамгершілік қасиеттерімізді де жоймай, бағалай білуіміз керек.
Адамгершіліктің қарапайым қағидалары:
1. Амандасу
2. Үлкенді құрметтеу
3. Тілін сыйлау
4. Отанын қорғау
5. Дінін сатпау
Қорыту: Адамгершілік қасиет – жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.
Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін
Серт бергем еңбек етем деп,Алдағы атар таң үшін, – демекші расында, адамгершілік бір күнде немесе біраз уақытта пайда болатын нәрсе емес, ол күнделікті көруден, көре жүріп үйренуден пайда болатын асыл қасиет деп тәрбие сағатын аяқтаймыз
Тақырыбы: Компьютерлік ойындардың зияны
Мақсаты:
Компьютердің зиянды жақтары мен, пайдасын айту. Компьютер пайдалану қауіпсіздігімен таныстыру. Өмірде қолдануды қалыптастыру. Еркін сөйлеп, өз ойын басқаға жеткізуге дағдыландыру. Шығармашылыққа баулу. Компьютерлік сауаттылықтан ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: проектор, суреттер, кітаптар
Сабақ барысы:
Кіріспе сөз
Компьютер дегеніміз не?
Оны қолданып көрдіңіздер ме?
Компьютер адамға не үшін керек?
Қазіргі өмірде адам баласын информатика ғылымына елестеу қиын. Өйткені, информатиканың ұдайы дамуы кез алдымызда тізіліп өткен поезд вагондары секілді. Мұндай өзгеріске тез үйреніп кеттік. Бірақ күнделікті қолданып жүрген қарапайым дербес компьютерді, бәріміз жақсы үйреніп алдық. Енді осының зияны мен пайдасын білеміз бе? Қауіпсіздік ережесін жетік меңгердік пе? Балаларды баурап алаған компьютерлік ойындар несімен пайдалы? деген сұрақтан санамызға маза бермейтіні рас. Міне, осы сұрақтарға бүгінгі ұйымдастырып отырған «Компьютер және балалар» атты пікір сайысымыздан жауап таба аламыз деген үміттеміз.
Бүгінгі тәрбие сағатында қозғалатын мәселе. Қазіргі ХХ1 - ғасыр техниканың даму ғасыры болып саналады. Өмірімізге тез енген компьютердің пайдасын, осыған қоса зиянын білеміз бе? Деген сауалға жауап іздейміз. Компьютердің жетістіктерін бізге Төлегенова Бибігүл айтып береді.
Бәріне белгілі болғандай қазіргі замандық ғылыми - компьютердің пайда болуынан басталды. Олар барлық жерде қолданылады. Ғалымдар лабораториясында, мекемелерде, оқу орындарында, дүкендерде, және т. б. Дербес компьютер адамзатқа телевизор және теледидар сияқты өте қажет.
Компьютердің көмегімен бірнеше минуттың ішінде керекті мәліметті алуға, қиын чертежді немесе есеп - қисапты жасауға болады.
Дербес компьютерлерді бірнеше миллион адамдардың еңбектерін жеңілдетті, шығармашылық емес жұмыстардан босатты. Олар адамға жұмыста да, үйде де компьютерлердің жарыққа шығуы, кітаптардың жарыққа шығуы сияқты үлкен мәнге ие болды.
Компьютермен күнде жұмыс істейтін адамдар, басқа адамдармен аз уақыт қарым - қатынаста болады. Сондықтан зердемізге келетін алғашқы сұрақтардың бірі ол адамдар машинаға ұқсап кетпей ме?
Программисттердің айтуынша, әрбір компьютер өзінің мінезімен ерекшеленеді. Олар машиналық ақылды және ақымақ, еңбексүйгіш және жалқау болады деп есептейді.
Адам ешуақытта машинаға ұқсамайды. Керісінше, адам өзіне ұқсайтын машинаны жаратты. Бұл робот ұшқыштың тіпті шахтердің де жұмысын атқара алады. Сондай - ақ роботтар авто мобилдер, тракторлар, станоктар, сағаттар жасап шығарады, пайдалы қазбаларды өндіреді. Ай, Венера, Марс және т. б планеталарды зерттеді. Бірақ ең маңыздысы олар адамға жұмыс жасау қиын жерлерде ғарышты игеруде, шахтада, мұхит түбін зерттеуде маңызды роль атқарады.
Әкелетін зияны: «Дені саудың, жаны сау» дегендей денсаулығымызды дұрыс күтуге тырысайық.
Компьютерді көп пайдаланған адам әлсіз, салмағы өз салмағынан төмен, әр түрлі аурулармен аурады. Әр қайсысына тоқталып кететін болсақ, компьютер мониторының дисплейінен бөлінетін ультра күлгін сәуле адамның жүйке жүйесіне әсерін тигізіп, адамның шаршауына әкеліп соқтырады. Көздің көруі нашарлай береді, ақыр аяғында соқырлыққа әкеліп соқтырады. Әр түрлі аурулардың қоздырғышына күш береді мысалы сіз грипп бола тұрып компьютерді пайдалансаңыз сіздің ауруыңыз асқынып кетеді. Яғни вирустардың қоздырғышы.
Компьютерлік ойындар адам санасының улануына әкеліп соқтырады. Себебі, қазіргі кезде көп тараған соғыс ойындарына кішкене балалар емес ересектер де құмарта ойнайды. Пайдалы іс жасаудың орнына, ұзақ уақыт бойы сол ойынды ойнаумен болды. Интернет – адам өзіне керекті жаңалықтар, әр түрлі материалдар алуға, алмасуға пайдаланады, қазіргі кезде кең тараған Агент бағдарламасы балардың көп уақыт компьютер алдына отыруының бір себебі. Ойлау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады, оған дәлел ретінде адам баласы қарапайым есептерді, амалдарды өзі ойлап есептеуге ерініп, машинадан көмек сұрайтындығын алуға болады. Бұл адамның ойлауының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Дүкеншілер сауда жасағанда калькуляторды пайдаланады, кейбір заттардың құнын балалардың алдына ауызша есептесе балар соған еліктеуі мүмкін. Еріншектікке әкеледі. Компьютермен кезкелген мәтінді жазып үйренген адам, қаламмен жазуға ерінеді, қолы үйренбейді. Осындай кемшіліктерді жою үшін төмендегі келтірілген кеңестерге, ережелерге көңіл бөлейік.
Техникалық қауіпсіздік ережесі:
1. Компьютерді пайдаланушының көз мен монитор дисплейінің арақашықтығы 60 - 70 см болуы қажет.
2. компьютерді пайдалану кезінде оқыс қозғалмаңыз, айналаңыздағы құралдарды бүлдіруіңіз мүмкін. Оның нәтижесі өртке әкеліп соқтыруы мүмкін.
3. тоқ кезінде ДК пайдаланудан аулақ болуыңыз.
4. Компьютер құрылғыларың аптасына екі рет тазартып тұрыңыз. Компьютер орналасқан бөлмені желдетуді ұмытпаңыз.
5. Компьютер тұрған кабинетке (оқу ғимараттарында) мұғалімнің рұқсатынсыз кірмеңіз.
7. Жүйелік блок қосылып тұрғанда ішін ашып көруге болмайды. Ток соғуы мүмкін!
8. Компьютер алдына отырғанда Денеңізді тік ұстап, еркін отырыңыз. Және мониторға жоғарыдан төмен қараңыз.
Қорытындылау: Компьютердің пайдасынан зияны, денсаулыққа әкелер кесірі көп, бірақ жоғарыда айтқандай компьютерді тиімді пайдалана білген адамға көп зияны болмайтыны белгілі.
Тақырыбы: «Тазалық-денсаулық кепілі»
Мақсаты: а) Балалардың денсаулық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Тазалық құралдары туралы айта білуге,оларды пайдалана білуге үйрету.
ә) Қоршаған ортаны таза ұстап аялауға,өз денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
б) Оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау,жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, жұмбақтар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге!
Мұғалім: Балалар,сендер болашақта қандай болғыларың келеді?
Мен ұлмын,сондықтан өжет,күшті,төзімді,көңілді болғым келеді.
Мен қызбын, сондықтан нәзік,шыншыл,әділ,әдемі болғым келеді.
Мұғалім: Әдемі,нәзік,күшті болу үшін не керек? (Денсаулық)
Онда ауырмай әдемі,таза болу үшін өз-өзімізге қызмет көрсету дағдыларымен танысамыз.
-Балалар, денсаулық дегенді қалай түсінеміз?
/оқушылар денсаулық туралы өз ойларын айтады/
«Менің таңым» Балалар «Денсаулық», «Тазалық»туралы өлеңдері оқылады.
1-оқушы:
Су-өмір жүрегі
Денсаулық тірегі.
Шөлдесең, қанасың,
Жуынсан тазасың.
Қоршаған ауамен
Шығыпт кең далаға.
Шынық сен әрдайым
Керемет ауада.
2-оқушы:
Тазалықты іздесең,
Мөлдір судан аласың.
Жиі-жиі жуынсаң,
Аппақ таза боласың.
Тазалықты іздесең,
Шампунь,сүлгі керегі.
Бірі жуып шашыңды,
Бірі сүртіп береді.
3-оқушы:
Тазалықты іздесең,
Айна,тарақ керегі.
Бірі тарап шашыңды,
Екіншісі көреді.
Тазалықты іздесең,
Тіс пастадан табасың.
Тістеріңді шөткеге,
Тазалатып аласың.
4-оқушы:
Дос бол сабын,сумен сен,
Жиі-жиі жуын сен.
Таңертең де,кеште де,
Жуын күндіз-түсте де.
5-оқушы:
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында.
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде.
Су мен сабын бір жолдас.
Жоймас олар кір болмас!
6-оқушы:
Тасытқан соң күшімді,
Шынығуды бітіріп.
Тазалаймын тісімді,
Жуынамын күтініп.
Басты байлық-денсаулық,
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
«Қимыл-қозғалыс» Денсаулығымызға қимыл-қозғалыстарда пайдалы екен.
( Барлық оқушылар «Болайықшы осындай» әнін орындайды.)
Хормен: Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.
«Сиқырлы сандық» Балалар сандықтың ішіндене бар екен? Ішінен «Денсаулық,» «Тазалық» сөзі шығады. Оқушылар мақал-мәтел айтып, мазмұнын ашады.
Кубизм стратегиясы бойынша:
1. «Денсаулық-зор байлық»
2. «Дені саудың-жаны сау»
3.«Ауырып ем іздегенше,
4.Ауырмайтын жол ізде».
«Шынықсаң-шымыр боларсың»
5. «Денсаулықтың кепілі тазалық»
6. «Ағаш-тамырымен
Адам тамағымен»
«Спорт-сенің серігің» Дене шынықтыру мен спорт ағзаның қабілеттілігін көтереді,адамның шат көңілді болуына жәрдемдеседі,ал бұл ұзақ жыл өмір сүрудің кепілі.
- Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар?
(Көкпар, асық ату, бес тас, қол күрес, арқан тарту, қыз қуу т.б) Ұлттық ойындарды оқушылар көрсетеді.
«Кім тапқыр?» жұмбақтар шешкізу
Ал,балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық!
1 Бес сауысқан,
Бес сауысқанның басына
Тас жабысқан. (Саусақ,тырнақ)
2 Дымқылдап күнде сен
Қолыңды сүйкесең
Кетіп кір,ласың
Тап-таза боласың
Бұл не? (Сабын)
3 Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолың да
Сүртеді жонын да
Бұл не? (Сүлгі)
4 Аузы жоқ,көзі жоқ
Тілі жоқ,сөзі жоқ
Бірақ та тісі жоқ
Басыңмен ісі бар
Бұл не? (Тарақ)
5 Үй ішінде
Отыз екі батыр,
Кіргендерді
Отап,турап жатыр. (Тіс)
6 Кішкене ғана тостаған,
Жер дүниені бастаған. (Көз)
7 Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың. (Құлақ)
8 Жайшылықта жекесің,
Қарай қалсаң,екеусің. (Айна)
Қорытынды: «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаған. Денсаулығымыз мықты болу үшін спортпен шұғылдану,тазалықты сақтау керек. Әр баланың жеке басының тазалығына мұқият болуы-оның болашақ өмірінің алтын діңгегі.
Хормен:
Жадыраған Күндейміз,Күндейміз!
Жайнап өскен Гүлдейміз,Гүлдейміз!
Тұнық таза Ауамыз,Ауамыз!
Жадыраған Сумыз біз,Тазамыз,Тазамыз!
Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако редакция сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов, связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.


Өлең "Менің Отаным" (36.05 KB)

