Оқушылардың логикалық ойлауы
Логикалық ойлау арқылы оқушының шығармашылық қабілеттері дамиды, ол өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді, шығармашылық ізденісте болады.
Шығармашылықпен еңбек ететін оқушыда логикалық ойлау зеректігі, терең білім алу қабілеті дамиды. Сондық мен өзімнің сабақтарымда оқушылардың ізденімпаздығын қалыптастыру үшін танымдық, шығармашылық, логикалық тапсырмалар ұсынып отырамын. Тапсырмалар пәнішілік, пәнаралық байланыста болу керек. Олардың мазмұны мен танымдық деңгейі сараланған, проблемалы болуы тиіс.
Төменде логикалық тапсырмалардың үлгілері берілген:
1. Кез келген арифметикалық амалдармен пайдаланып, бес бірліктен 100 санын шығарып ал. (111-11=100)
2. Үш әртүрлі сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең. Сол сандарды тап: ?+?+?=?·?·? (1+2+3=1·2·3)
3. Теңдік тура болатындай етіп арифметикалық амалдар мен жақшаларды қойып шық:
1) 999=72 (9·9-9=72)
2) 4444=1 (44:44=1)
3) 5555=50 (5·5+5·5=50)
4) 7777777=7 (777:777·7=7; (77-7):(77-7) ·7=7)
4. Қызықты шаршыны толтыр:
|
| 16 | 2 | ||
|
| 8 |
| ||
| 14 |
|
| ||
|
|
|
| ||
|
|
|
| ||
|
|
|
| ||
| 6 | 16 | 2 |
| 4 | 8 | 12 |
| 14 | 0 | 10 |
5. Бір аптада неше минут бар? (60·24·7=10080 мин)
6. Екі әке мен екі баласы 3 апельсин сатып алды. Әрқайсысына 1 апельсиннен тиді. Ол қалай болуы мүмкін. (Атасы, әкесі, баласы)
7. Екі бес санның арасына қандай таңба қою керек: шығатын сан 5-тен үлкен, бірақ 6-дан кіші болатындай? (Үтір: 5,5)
8. 1 түйменің салмағы 1,5 г. 1000000 түйменің салмағы неше тонна болады? (1,5·1000000=1500000 г=1500 кг=1,5 т)
9. Нәтижесінде 1 саны шығатындай 188 санын бөлу керек. (188=1)
10. Егер Марс планетасының әр адамында үш қолдан болса, онда 10 адам қол ұстасып тұрса, олардың қанша қолдары бол болғаны? (12 қол бос)
11. Қандай ыдыстан тамақ ішпейді? (Бос ыдыстан)
12. Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры неше мәрте жазылуы мүмкін? (20 рет)
13. Қай сан кез келген санға қалдықсыз бөлінеді? (0 саны)
14. Үндістанның адамы оны «сунья», ал араб математиктер «сифр» дейді. Біз ол санды қалай атаймыз? (Нөл)
15. Сандық пирамиданы тексеріңдер:
1·8+1=9
12·8+2=98
123·8+3=987
1234·8+4=9876
12345·8+5=98765
123456·8+6=987654
1234567·8+7=9876543
12345678·8+8=98765432
123456789·8+9=987654321
16. 1-ден 15-ке дейін сандарды тек бес 2 цифрмен келтіріп көр. Мұнда арифметикалық амалдар мен жақшаларды қолдануға болады:
1=2+2-2-2:2 6=2+2+2+2-2 11=22:2+2-2
2=2+2+2-2-2 7=22:2-2-2 12=2·2·2+2+2
3=2+2-2+2:2 8=2·2·2+2-2 13=(22+2+2):2
4=2·2·2-2-2 9=2·2·2+2:2 14=2·2·2·2-2
5=2+2+2-2:2 10=2+2+2+2+2 15=22:2+2+2
17. 100 санын бірдей бес цифрлармен келтіріп көр.
111-11=100
33·3+3:3=100
5·5·5-5·5=100
(5+5+5+5) ·5=100


Оқушылардың логикалық ойлауы (37 KB)

