Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Ойын – ойға жетелейді.

Ойын – ойға жетелейді.

Ойын – баланы? жан серігі іспеттес. ?ай бала болмасын ойнап ?седі. ?рбір елді? ойыны сол елді? ?о?амды? идеологиясына, т?рмысын - тіршілігіне, айналысатын к?сіп – шаруашылы? ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай ?ара?анда ?иынды?ы жо?, оп – о?ай т?різді к?рінуі м?мкін

30.01.2017

Содержимое разработки

«Ойын балалар ұжымында міндетті түрде қатысты болуы қажет,

ойын ойнамаған балалар ұжымы, нағыз балалар ұжымы болып саналмайды,

балалар өміріне ойындар ұйымдастырып, ойынның түрленіп отыруы, мазмұнды

және қызықты болуы қажет. Балалардың өміріндегі іс – әрекетті ұйымдастыру

үшін, ойынға сүйене отырып тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ету керек».

А.С.Макаренко





Ойын – ойға жетелейді.

Ойын – баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмысын - тіршілігіне, айналысатын кәсіп – шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай қарағанда қиындығы жоқ, оп – оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін балаға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз рөлдің тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан тәрбиешінің міндеті – балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшелігі ойын арқылы көрінеді. Бала ойынының үрдісінде біз балалардың келіспеушілік кездерін, не болмаса тату – тәтті ойынның, әділетті, ұйымшыл,ұйымшылдықтың жоқтығын ойын арқылы айқындап білеміз.

Ойын кезінде балалар өзінің мінез – құлықтарын танытуы мүмкін, сондықтан ең алдымен балаларды ойын барысында бағыттап отыру қажеттілігі туады, мысалы, қандай іс – әрекетті жасау қажеттілігін, қандай жағдайда қажет кезінде бағыт беріп, көмектесу керектігін ойластырған жөн.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс – әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкерлердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды – бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдалануы тиімді . Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ол ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады.

Балаланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл – әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын арқылы қалыптасады.

-80%
Курсы повышения квалификации

Управление образовательным процессом

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ойын – ойға жетелейді. (14.8 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт