Күні | 21.04.2017ж | Сыныбы | 6 - сынып | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Нысандарды компьютерлік тұсаукесерге кірістіру | |||||||||
Ресурстар | Информатика Алматы «Арман -ПВ» баспасы 2014 , АКТ, бағалау парақшасы, постер, түрлі-түсті қарындаштар т.б. | |||||||||
Жалпы мақсаттары | Оқушыларды тұсаукесер слайдтарында қолдануға болатын нысандар типімен таныстыру. Кестелер, диаграммалар, аудио және мультимедиаклиптерді кірістіру туралы білімдерін қайталау, жалпылау. | |||||||||
Оқыту нәтижесі. | Оқушыларға компьютерлік тұсаукесер құрғандағы слайд өлшемдерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру. | |||||||||
Тапсырмалар | 1."Ойлан, топтас, жұптас" 2. Миға шабуыл; 3. Практикалық жұмыс | |||||||||
Әдіс - тәсілдер | Топтық жұмыс,радио әдісі, "Іздеп тап" әдісі, "Табыстық критериі" әдісі, | |||||||||
Сабақтың жүру барысы: | ||||||||||
Уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушы әрекеті | ||||||||
3 мин
3 мин
5 мин
7 мин
15 мин
8 мин
2 мин
3 мин
| І.Ұйымдастыру. Сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында «Жақсы тілек» тренингін өткізу.
Оқушыларды «Ойлан, топтас, жұптас» стратегиясымен 3 топқа бөлемін. Бағалау критерийі түсіндіріледі. -сұраққа толық жауап берген немесе бағдарламанытолық құрған оқушыға беріледі, - жұқа сұраққа жауап берген немесе бағдарламаны құрғанда қате жіберген оқушыларға беріледі, - сұрақтарға толық жауап бере алмаған немесе бағдарламаны құру барысында бірнеше қате жіберген оқушыларға беріледі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. "Радио" әдісімен үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларды сөзбен, қол шапалақтаумен формативті бағалайды.
ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту. Мұғалім қандай нысандарды компьютерлік тұсаукесерге кірістіруге болатынын айтады. MS Word және MS PowerPoint программаларын салыстырамыз .
ІV.Практикалық жұмыс. 1.Тұсаукесер тақырыптарын таңдау: - " Менің отбасым" - " Дербес компьютер" - "Астана-2017" 2. "Іздеп тап" әдісі. Интернет желісі қосылған үш компьютер әзірленеді. 3.Тәжірибелік жұмысты орындау. -Тұсаукесер ережеге сай әзірлену керек. -Мазмұны сақталуы қажет. -Түрлі нысандарды қосуды іске асыру. 4. Қорытынды. V.Үйге тапсырма 29 тақырып. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
VІ.Бағалау: Рефлекция: «Табысты критерий» әдісі.
| Оқушылар мұғаліммен амандасып, топқа бөлініп отырғаннан кейін бір- бірлерінің қолынан ұстап жылы лебіздерін білдіреді.
Оқушылар шеңберге тұрып, өз тобын құрады.
Оқушылар тыңдайды, сабаққа араласып отыруға талпыныс жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, қысқаша мағлұмат береді.
Оқушылар нысанды кірістіруде екі бағдарламаның айырмашылықтарын және ортақ қасиеттерін айтады.
Оқушылар әр топ жақын тақырыпты таңдап алады.
Оқушылар ғаламтордан қажетті сурет, бейнежзба, аудиожазба және т.б. мағлұматты іздеп тауып кірістіреді.
Оқушылар өз жұмыстарын қорғайды.
Күнделікке жазады. Бағаларын қойдырады. Әр тапсырма сайын оқушы өз – өзін бағалайды. Жиынтық бағалау жүргізіледі. |