Күлімде өмір күлімде!Тренинг
Сабақтың жоспары:
1.Сәлемдесу
Тренингке қатысып отырған барлық ойыншылар бір-бірімен амандасып,сәлем береді. Жылы лебіздерін айтады.Өзінің аты қай әріптен басталады сол әріптен өз бойындағы жақсы қылықтарын, сезімдерін жалғастыра отырып айтып шығады. Мысалы: менің атым-Айнұр, ақылдымын, ақкөңілмін, адалмын деген сияқты.
2.«Комплимент» ойыны
Қатысып отырған барлық ойыншылар дөңгеленіп отырып,бір-біріне жақсы комплименттер айтады. Бір-бірінің көңілін көтереді.
3.«Жалғасын тап» ойыны
Адамның қасиеттері туралы мақал-мәтелдер беріледі, соның жалғасын тауып беру керек.Жақсы адам-… ырысы.Жақсы жер-…жанның тынысы.Адам көркі-…,Ағаш көркі-...Ақылды адам… біледі,ақ сұңқар… іледі.
4.«Жоғалған әріп» ойыны
Ин.. бат,қаси…т,мейір…м,ізгі…ік,м…дени…т,адамгер…ілік.Ойынға қатысып отырған қатысушылар толық атауын табу керек.
5.«Күннің күлімдеуі» ойыны
Ойынға қатысып отырған ойыншылар күлімдеп тұрған күннің суретін салады.Күннің шашыраған сәулесіне адам бойындағы жақсы қасиеттерді теріп жазады.Мысалы:ақылды,парасатты,білімді,қамқоршы,мейірімді,ақкөңіл,жайдарлы,инабатты.