Меню
Разработки
Разработки  /  Музыка  /  Уроки  /  5 класс  /  «Музыка сабагындагы эстетикалык тарбие »

«Музыка сабагындагы эстетикалык тарбие »

Музыка сабағындағы эстетикалық тәрбие

Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір көрініс табатын саласы өнер деп қарастырған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы — адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі өнермен бірге жасасып келеді.

Өнер — мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан болар, "өнер — мәдениет айнасы" деген қанатты сөздің қалыптасқандығы. Өнердің шынайы мәнінің діңгегі — сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік — адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты — қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету.

Эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты — адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді жаңартып, өзгертіп отыру.

17.03.2018

Содержимое разработки

Құйған орта мектебі







БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Музыка сабағындағы эстетикалық тәрбие »



Дайындаған: музыка пәнінің мұғалімі

Какимбеков Мухаметбек

/ Халық ағарту ісінің озық қызметкері/


Музыка сабағындағы эстетикалық тәрбие


Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір көрініс табатын саласы өнер деп қарастырған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы — адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі өнермен бірге жасасып келеді.

Өнер — мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан болар, "өнер — мәдениет айнасы" деген қанатты сөздің қалыптасқандығы... Өнердің шынайы мәнінің діңгегі — сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік — адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты — қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету.

Эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты — адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді жаңартып, өзгертіп отыру.

«Эстетикалық тәрбие – болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын жалпы тәрбиелер саласының құрамдас бөлігі. Эстетика-өмірді сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы».

Бүлдіршіндерге рухани - мәдени тәрбие берудегі эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде бала-бақшада, мектепте музыка пәнін оқыту барысында оқушы бойында ізгілік құндылықтарының қалыптасу белсенділігі күшейеді.

Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, оқыту, тәрбиелеу, арқылы әрбірінің жеке тұлғалық сапаларын жан-жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты деп танылды.

Бүлдіршіндердің эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, олардың музыка өнері жөніндегі ой-өрісін дамытуда, түсінігін кеңейтуде заман талабына сай құрылған музыка сабағының алатын орны зор.

Эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде музыкалық тәрбие мектептің оқу жоспарында қарастырылады. Музыка пәнін оқыту дұрыс қойылған жағдайда балаларды музыкаға сүйіспеншілік пен музыкалық талғам қалыптасып, музыкалық сезім оянады, музыкалық есту мен музыкалық есте сақтау қабілеттері артады. Осы орайда музыкалық көркем туындыны толыққанды қабылдай алу, болжай білу әрекеттері музыкалық тәрбиенің алғышарты ретінде маңызды болады.

Бұл ретте музыкалық қабылдау әрекеттерін арттыру өнердің басқа түрлерін кешенді үйлесімде қолдануды қажет етеді.

Музыка мұғалімінің оқушылармен жұмыс істеу барсында яғни музыка сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы әрбір шәкірттің музыка өнеріне деген құштарлығын қалыптастырып, эстетикалық талғамын қанағаттандыруға, музыка жөніндегі түсінігін кеңейтуге, ішкі рухани байлығының ірге тасын өз беттерінше қалауға баулу, бағыттау.

Мұғалім-музыкант жұмысының жетістігі көпшілігінде балалармен арада орнатылған қарым-қатынас шеберлігіне де байланысты. Сыныппен жүргізілетін әр түрлі ара-қатынас тек айтылған сөзде, мимика мен қозғалыста ғана көрініс тауып қоймайды. Оның бояуының реңі тек өнер сабағына тән көптеген компоненттерден құралады: ішкі жан дүниеге әсер ететін, орындаушылық процестер кезінде, музыка тыңдағанда және музыка жайлы ой жүгірткенде туындайтын музыканың – өз тілі, сөзі, мимикасы, көзқарасы, жесттеры, үзілістері болады

Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам саласына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар – түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен өрнектері.

Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген.

Музыка – қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық шығармаларды аспаптарда ойнап үйрену, орындау жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады, әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық идеалын қалыптастырады, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті саналы түрде қабылдай білуге үйретеді және өзіндік шығарымпаздық қабілеттерін дамытады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының кең тарауына, компьютер мен техниканың адам өмірінде шешуші қызмет атқарып отыруына байланысты жас ұрпақтың эстетикалық сауаттылығын, санасын, мәдениетін арттырудың, көкейкестілігі барған сайын күшейе түсуде. Оның өзі негізінде, өнер арқылы жүзеге асатындықтан, өнердің қоғамдық мән-мақсаты маңыздылыққа ие болуда. Ол ұрпақтардың өмірлік тәжірибесін жинақтап, қоғамдық сұраныстың жаңа қажеттіліктеріне жауап бере отырып, адамды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың ықпалды құралы қызметін атқарады.

Бала-бақшадағы және мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани әсер алуға, өнегелі істерге баулиды.




Сабақта музыка өнері өнердің қай саласына жататынын туындының қандай жанр бойынша орындалғандығы сөз етіледі. Музыка өнерінің түрлері мен жанрлары туралы нақты мысалдар келтіре отырып, музыка өнерінің негізгі ұғымдарын түсіндіру. Оқушылардың бойына музыка және оны түсіну дағдыларын қалыптастыру - сабақтың негізгі мақсаты болып табылады.

«Музыка» пәнін ұйымдастыру сол пән мұғалімінің іскерлігі мен шеберлігіне, сабақты оқушылардың ынта-ықыласын аударатындай тартымды да қызықты етіп эстетикалық тұрғыда өткізуге байланысты. Өз ісін білетін, шығармашылық орта тудыра алатын тәжірибелі оқытушылар сапалы, әрі белсенді қызмет ете отырып, қызықты сабақ өткізе біледі. Ол үшін музыка оқулығынан басқа да қосымша материалдарды пайдаланып, әрбір сабақ пен тақырыптың мән-мағыналық ауқымын кеңейте түсуіне жол ашу керек. Қорыта айтқанда, мектептерде және бала-бақшада музыка сабағын ұйымдастырып оқытудың педагогикалық және психологиялық ерекшеліктері музыкалық білім беру педагогикасының дамып, қалыптасуы жағдайына көз жіберу тұтастай алғанда, жалпы педагогиканың оның ғылым саласы ретіндегі мәні мен ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру барысында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие ісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық іскерлігін дамытуды,музыка пән мұғалімінің іс-әрекетін эстетикалық тұрғыда жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.

Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.

Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе – әлеуметтік- педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.

Мұғалімдерді даярлау– қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі. Себебі қоғамның әлеуметтік- экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс -тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық- педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс -әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог – зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Оқу барысында музыка пән мұғалімі оқылатын пән мен оқушы арасындағы дәнекер түйін сияқты.Ол өз оқушысымен де, оқытатын пәнімен де тығыз байланыста. Осының өзі музыка пән мұғалімінің бүкіл іс-қимыл әрекетімен қызметіне оның тұлғасына, белгілі бір өріс аумағына сай талап қояды. Осыған орай музыка пән муғалімінің іс-әрекетінің, қызметінің өзіндік ерекшілігінің мәні зор екені байқалады. Оқытушы өзінің жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті – таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады. Мектепке музыка пән мұғалімдерін кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлаудың негізгі мақсаты – эстетикалық тұрғыда музыка өнеріне баулу.

Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі іс. Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін қарапайым, әрі нақтылы етіп айта келіп кезінде „жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін“ – деді. Я.А.Коменский. „Мұғалімнің қызметі мәртебелі“,- деп бағалады. К.Д.Ушинский “Мұғалімнің жеке басы – жастар жаны үшін ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жанып тұрған күн нұры“, – деп атап көрсетеді.

Қоғам дамуы мен адамның жеке басының дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғам адамды қаншалықты дәрежеде жетілдірсе, жетілген адам қоғамды соншалық дәрежеде дамытады. Тәрбиесіз қоғам – қоғам болудан, адам – адам болудан қалады. Материалдық және рухани байлық жасап, қоғамды дамытатын адамдар. Ал адамдарды солған дайындайтын, тәрбиелейтін – ұстаздар. Олай болса мұғалім – қоғам мен қоғамды, ғасыр мен ғасырды жалғастыратын буын. Тарихты жасайтын – халық, халықтың мінезін ашып, көңілін оятатын, саяси қырағылыққа, сенімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, бауырмашылдыққа, Отаншылдыққа, азаматтыққа баулитын – ұстаз.


















Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Ажіғалиева У.А., Балажанова Қ.М. Музыкалық педагогикадағы халықтық салт-дәстүрлер оқу әдістемелік құрал. Құрастырушылар Ажіғалиева У.А., Балажанова Қ.М. – Павлодар, 2007. – 59 б.

2. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы, 1678 ж. Т-12. - 464 б.

3. Ұзақбаев С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. –Алматы, 1990.

4. Момынұлы П. Музыкалық-эстетикалық тәрбие.- Алматы. ҚАЗақпарат, 2000.


-75%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Музыка сабагындагы эстетикалык тарбие » (168.15 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт