Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Уроки  /  Прочее  /  Мұқағали Мақатаевтың «Шеше, сен бақыттысың» өлеңіне сатылай кешенді талдау.

Мұқағали Мақатаевтың «Шеше, сен бақыттысың» өлеңіне сатылай кешенді талдау.

Мұқағали Мақатаевтың "шеше, сен бақыттысың!" өлеңіне сатылай кешенді талдау жасалынған

23.04.2018

Содержимое разработки

Мұқағали Мақатаевтың «Шеше, сен бақыттысың» өлеңіне сатылай кешенді талдау.


Айнабекова Кульзипа Туленбековна

«Тұран» университеті колледжі

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің оқытушысы


2

1. Шеше! \\

5

Сен бақыттысың, \\

4 11

жыламағың, а

3 4 4 11

Жай түсіп \\ жатқанда да \\ құламадың а

3 4 4 11

Тәңірден \\ мен едім ғой \\ сұрағаның а

3 4 4 11

Сондықтан, \\ жыламағың, \\ жыламағың! а

3 4 4 11

2. Бармын ғой! \\ Тірімін ғой! \\ Қасыңдамын а

3 4 4 11

Өлмеймін, \\ мен өзіңдей \\ асылданмын а

3 4 4 11

Таусылып \\ өз-өзіңнен \\ шашылмағың б

3 4 4 11

Байырғы \\ берекеңді \\ қашырмағын. Б

4 3 4 11

3. Қанықпын ғой \\ мен, сенің \\ көз жасыңа, а

4 3 4 11

Өзің кепіл \\ тот басып, \\ тозбасыма. а

3 4 4 11

Екі жыр \\ жазсам, бірін \\ саған арнап б

3 4 4 11

«Шеше» деп \\ ылғи жаздым \\ сөз басына. а

3 4 4 11

4. Тәңірім \\ кеше гөрсін \\ кесірімді а

3 4 4 11

Аспанға \\ жазам сенің \\ есіміңді а

2

Шеше! \\

5 4 11

Сен бақыттысың, \\ тербете бер! б

4 3 4 11

Құба талдан \\ иілген \\ бесігімді! а


«Шеше, сен бақыттысың»

I Авторы - Мұқағали Мақатаев (1931-12976) 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен Қарасаз ауылының шаруа азаматы. Шешесі Нағима Батанқызы Қарасазға іргелес жатқан Сарбастаудың қызы. Мұқағали – сәби жүректі, алып ақын. Ол өз басынан өткен оқиғаны өлеңге арқау еткен.

II Тақырыбы - өнер туындысының іргетасы. Бұл – шығарма. Белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықты суреттеуі. «Шеше, сен бақыттысың» өлеңінің тақырыбы – ана.

III Жанр түрі – поэзия. Оның ішінде өлең. Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнектегі сөз жүйесі.

IY Идеясы - автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді. «Шеше, сен бақыттысың» өлеңінің идеясы – ананы сыйлау, құрметтеу, бас иу, ананың баласы үшін төзімділігі.

Y Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 4 шумақты өлең.

YI Тармақ - өлеңнің әрбір жолы, барлығы 21 тармақ.

YII Бунақ – белгілі бір дыбыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты.

YIII Буын саны – сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты бөлінуі. 11 буынды өлең.

IX Ұйқас - өлең тармақтарының ұйқасып, үндесуі. 1 ш – а-а-а-а - шұбартпалы ұйқас; 2 ш – а-а-б-б - егіз ұйқас; 3-4 ш – а-а-б-а - қара өлең ұйқасы.

X Әдеби теориялық ұғымдар

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып өз-өзіңнен шашылмағың.

Өзің кепіл тот басып, тозбасыма.

XI Түсіндірмелі сөздік

1. Тәңір; 2. Құба тал;

XII Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні - Ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейді. Екі жыр жасса соның бірін анаға арнау керектігін айтады. Қанатты сөзбен ойымызды түйіндейтін болсақ, анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да ақ сүтін ақтай алмайсың.




-75%
Курсы повышения квалификации

Эстетическое воспитание школьников в соответствии с требованиями ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Мұқағали Мақатаевтың «Шеше, сен бақыттысың» өлеңіне сатылай кешенді талдау. (16.74 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт