Тақырыбы: «Мишканың таңқурайы»
Мақсаты: Балаларға психомоторлық саланы (мимиканы, қолдардың
моторикасын), ертегімен жұмыс істеу, әртүрлі материалдардың көмегімен заттарды «тірілту» незінде шығармашылық қиялды, ойлауды дамыту. Практикалық қарым-қатынастың біліктілігі мен дағдыларын жетілдіруді, психологиялық қорғаныс тәсілдеріне үйретуді (тыныштық сезімін өткеру, өзінің ойымен басқару қабілетіне ие болу) жалғастыру. Балалар ұжымында бірлік сезімін нығайту, эмпатияныі көрініс беруіне ықпал ету.
Көрнекілігі: құмсалғыш, ылғал құм, түрлі-түсті құм, құмға формалар (таңқұрай негізінде), ойыншық-қонжық
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіңдер ме балалар! Бір-бірімізбен амандасып көрейік.
Қол-қолмен, бет-бетпен, аяқ-аяқпен, маңдай-маңдаймен (балалар шеңбер бойымен бір-бірімен осылай амандасады)
Сендер менің кішкентай сиқыршыларым. Сендерді Құм елінің тұрғындары қатты жақсы көріп қалды. Олар сендерге сенеді және көмекке шақырады. Міне, бүгін де сол елдің түрғындардың бірі сендерге келіп тұр. Бірақ сиқыршы болып, сиқырлы күшке ие болу үшін біздің салт-жоралғымызды жасауымыз керек.
Құм еліне «кіру» салт-жарылғысы. Музыка ойнайды.
Құм еліне бару үшін құмсалғышты айнала тұрып, қол ұстасуымыз керек. Алақандарыңды төмен қаратып, құмсалғыштың үстіне қолдарыңды созыңдар. Көздеріңді жұмып, сиқырлы сөздерді қайталаңдар.
Тауып алып мейірім мен махаббат,
Жеңу үшін қатыгездік, зұлымды,
Бәрін білу, біле білсең. Ол тым аз
Болу керек пысық әрі белсенді
Ержүрек, күшті, мейірімді
Сонымен бірге
Болу керек зейінді!
Тосын жағдай: Музыка әуенімен ойыншық-қонжықты алады.
Көздеріңді ашыңдар. Қарандаршы, бізге қонаққа кім келген?
Ал енді біздің қонағымыз үшін Құм елінің ережесін қайталап айтып берейік.
Балалармен бірге баяу музыкамен «Мұнда болмайды...» сөздерімен бастау
Мұнда керісуге болмайды!
Құм шашуға болмайды!
Пікір айтып, жасауға бірақ болады;
Тау, өзендер, теңіздер-
Өмір болсын айнала!
Ешкімді де ренжітпе,
Ештеңе де сен шашпа!
Бейбіт өмір бұл елде.
Балалар, мені түсідіндер ме?
Мишка: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендердің жүздерің сондай жақсы, мейірімге тұнып тұр. Біздің елдің тұрғындары сендерді өте жақсы көреді, себебі сендер зұлымдықпен күресесіңдер, жақсылық жасайсыңдар ғой. Мен сендерді маған да көмектеседі деп сенемін. Сендер білесіңдер ме, мені қандай жағымсыз оқиғаға тап болдым? Білмейсіңдер ме? Қазыр мен сендерге әңгімелеп беремін.
Мишка теріп таңқурай-
Апара жатты үйіне
Жүріп, жүріп, шаршады-ай
Тәтті жидек жеп алды.
Түлкі келіп сөйледі,
Маған да берші таңқурай.
Одан кейін секіріп,
Қоян жетті асығып
Ол да алды таңқурай.
Құмыра ұстап қолына,
Кірпі де жетті қарайлай
Оған да Мишка береді.
Балдай тәтті таңқурай.
Ұшып келді үйрек те,
Болмайды оған бермеске...
Бәріне берді таратып,
Әлі де бар алыңдар
Жидексіз ешкім қалмаңдар.
Тәрбиеші: Миша, бұл да жағымсыз оқиға ма екен? Сен өте бір жақсы дос ретінде өзінің барлық достарына таңқурай бердің. Солай емес пе, балалар?
Мишка: Иә мен білемін, өзіңнің достарына жомарт болған жақсы. Басқасы жаман. Сендер білесіңдер ғой, аюлар қыста ұйықтайды. Білесіңдер ме?
Мен бұл таңқурайды анама қысқа сақтау үшін апара жатқанмын. Ал мен орманға қайта барғанда таңқурай жоқ екен. Не істерімді білмеймін, анамды ренжіткім келмейді. Міне, осылайша мен сендерден көмек сұрай келдім. Балалар, сендер көмектесіңдер ғой?
Әрине көмектесеміз.
Музыка ойнайды. Балалармен бірге түрлі-түсті құмнан фформалардыі көмегімен таңқурай жасайды.
Мишка: қандай әдемі, піскен қызыл таңқурайлар, олар өте көп, бұлар анам екеумізге өыс бойы жетеді. Балалар, көмектеріне көп рахмет.
Жаттығу: «Аспан»
Мақсаты: демалуды, тыныштықты сезуді, өз ой-қиялдарын басқара білуді үйрету.
Шарты:
Орындықта арқалыққа сүйеніп, тік орындар, аяқтарын еденге тимеуі керек. Көздеріңді жұмындар.
Бұлттар жылжыған көк аспанды елестетіңдер. Сендер оларды бақылайсындар. Егер де бірдеңе ойлаған болсаңдар, нашар көңіл-күйлерін бұлттармен бірге ұшып кетсін. Сендер тек аспанды ғана көріп тұрсындар.
Сендер тыныштықты, қуанышты сезесіңдер.
Көздерінді ашыңдар, біраз уақыт тыныш отыра тұрыңдар, оданк ейін асықпай, ақырын тұрыңдар. Балалармен олардың түйсіктері, сезімдері туралы талқылау.
Қорытынды: бүгін біз менің сиқыршыларым, кіммен кездестік? Оған не болды? Біз оған көмектесе алдық па, ол үшін біз не істедік? Қалай ойлайсыңдар, Мишаның көңіл-күйі қандай?
Сендер бүгін бір іс тындырдық, қалай ойлайсындар, жақсы ма әлде жаман ба? Сендер бүгін мейірімді жасаушылар болдыңдар. Қазір менің көңіл-күйім өте жақсы, мен көп жаңалықтар білдім. Ал сендер не білдіңдер? Сендердің көңіл-күйлерін қандай?
Құм елінен «шығу» салт-жоралғысы
Енді менің сүйкімділерім, қолдарыңды құмсалғыштың үстіне созып, шар домалатқандай қимыл жасаңдар. Енді оны жүрек тұстарыңа қойып, менің айтқанымды қайталаңдар.
«Біз өзімізбен бірге бүгін болған маңызды істің, үйреніп білгеніміздің бәрін ала жүреміз!»

"Мишканын таңқурайы" (17.08 KB)

