





Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым-қатынас деңгейінде меңгерту
Табыс критерийлері:
Сөздік қоры молаяды
Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастыра алады
Сөздерді буынға бөле алады

Ұзын - длинный (-ая, -ое)
Қысқа – короткий (-ая, -ое)

1-тапсырма
Сөздер мен сөз тіркестерін оқы, аударып айт.
сызғыш
қысқа сызғыш
екі сызғыш
ұзын сызғыш
үлкен сызғыш
менің сызғышым
бір өшіргіш
өшіргіш

2-тапсырма
Диалогті оқы
- Сәлем, Жандос!
- Сәлем, Бауыржан!
- Қайда барасың?
- Дүкенге барамын.
- Не аласың?
- Сызғыш аламын.
- Неше сызғыш?
- Екі сызғыш.
- Сау бол, Жандос!
- Сау бол, Бауыржан!

3-тапсырма
Дәптерге жаз.
Сызғыш. Мынау-сызғыш. Мынау-ұзын сызғыш. Мынау-менің ұзын сызғышым.
Буынға бөл: сызғыш, өшіргіш, дәптер, кітап
Сыз – ғыш, ө – шір – гіш, дәп – тер, кі - тап

Өшіргіш (стереть) үшін керек.
Сызғыш (чертить) үшін керек.

4-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.
д...птер, ...алам, сыз...ыш, к...тап, к...нделік, қар...ндаш, ...шіргіш.
дәптер, қалам, сызғыш, кітап, күнделік, қарындаш, өшіргіш.

Мәтінмен жұмыс.
5-тапсырма: Мәтіннің ішінен оқу құралдарына байланысты сөздерді теріп айт.
Димада сызғыш жоқ. Менің сызғышым ұзын . Болатта қысқа сызғыш бар. Айдарда өшіргіш бар.
6-тапсырма: Сөйлем құрастыр.
Сызғыш, жоқ, Димада.
Өшіргіш, бар, Айдарда


Өшіргіш не үшін керек?
Өшіргіш өшіру үшін керек
Сызғыш не үшін керек?
Сызғыш сызу үшін керек.
ұзын сызғыш
қысқа сызғыш



C өйлем құру
Сөздік жаттау