«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Менің сүйікті достарым
Тәрбиеші:Ибраева А.М.







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім саласы: Қатынас.Шығармашылық
Бөлімдері: Тіл дамыту. Сурет салу
Тақырыбы: «Менің сүйікті достарым»
Мақсаты: Мысық пен ит үй жануарлары туралы түсінік беру.Олардың ерекшеліктерін,
адам өміріне пайдасын жәнемысық үй тазалығын,ит жеті қазынаның бірі екенін айтып түсіндіріп,дүние танымын кеңейту.Үй жануарларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жұмсақ ойыншықтар.Мысқ,күшік.
| Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Дәлелдеп талаптану | Таңғы шеңбер: Қане-қане тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Арайлап міне таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды даламыз Жайнай түсті қаламыз. Тосын сый: Әже келеді. | Балалар қимыл-қозғалыспен орындайды.
Балалар әжені қуанып жақсы көңіл күймен қарсы алады. |
| Ұйымдастырушылық ізденіс | Балалар кане апайлармен амандасайық.
-Балалар сендер келмей тұрғанда,ертемен әже келді Сендерге сәлем айтты. Бізді әжеміз үйіне қонаққа шақырды. Барғыларың келеме? Әжемізді көп күттірмейік. Балалар қонаққа немен баруға болады.Машина,автобус немесе трамвай,паравозбен баруға болады.Ендеше аялдамаға барайық.Балалар ол үшін паравозға жүргізуші керек,жүргізушіміз Мансуыр болсын,бәрің ыңғайланып отырыңдар. Тілге жаттығу: Ой-ой-ой қорада тұр қой. Ла-ла-ла Аман жақсы бала. Ыз-ыз-ыз Аруна жақсы қыз.
Машина,машина қайда барасың Машина,машина Бізді алып кет, Машина,машина Зулап тез-тез жет Бип-бип-бип. Міне балалар бізде келіп қалдық. -Балалар қараңдаршы бізді кім қарсы алып тұр? Қане балалар әжемен амандасайық. Әже: Сәлеметсіздер ме балалар?Қалдарың қалай? Денсаулықтарың жақсы ма? Балалар мен үйде жалғыз тұрмаймын,сендер менің кіммен түратынымды білгілерің келе ме? Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын,ал сендер жауабын табыңдар. Жұмбақ жасыру:
Екі көзін жұмған
Қорқытпашы апайды Өйте берсең,сені олар «Қабаған» деп айтады. Ол не? Қараңдаршы балалар әжеміздің мысығы,күшігі қандай әдемі.Балалар олар немен қоректенеді,нені жақсы көреді. Күшік сүиек мүжігенді,ал мысық сүт жақсы көреді. Балалар қараңдаршы айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар. Күшік үрыдан үйді күзетеді,мысық үй тазалығын сақтайды,егер үйде мысық болмаса тышқан толап кетеді.Ол біздің тамағымызды бүлдіреді. Әженің достарына арнап тақпақ айтайық.
Сергіту сәті Кіреді мысық Бізге көзін қысып Көрінсе оған тышқан Жүгіреді тышқан Балалар әженің достарына сыйлық жасайық,әже сендерге мынандай ақ қағаз берді ,бұл сыйқылы қағаз дейді,-бұл қағазды бойайық. Балалар бұл қағазды боямас бұрын саусақ жаттығуын жасайық. Саусақ жаттығуы: Ойын: Мысық, күшік қиындыларын біріктіру Әже: Рахмет балалар сендер өте білімді екенсіңдер. -Балалар енді біздің қайтатын уақытымыз келді.Аялдамаға барайық. (Аялдамаға жақындағанда мысық пен күшіктің дауыстары шығады) Мысық ағаштың басында,ал күшік жерде. Балалар қараңдаршы бұлар неге ренжісіп жатыр екен.Бір –бірлеріңді ренжітуге бола-ма?Сондықтан тату дос болайық. Қане балалар паравозға отырайық.
|
Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой Ал қанекей бәріміз. Сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме,қонақ апайлар.
Машина,автобус,трамвай, паравоз.
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
-Әже
Сәлеметсіз бе. Жақсы Иә
Мысық
Күшік Аруна Күшігім-ау,күшігім Ұнайсың сен саққұлақ Күшігім –ау,күшігім Жүгірші сен шапқылап Мансур Балаларға тимеші Кел алдыма билеші Бұйрығымды орындап Ерші қане соңыма Аман Мысық отыр Ұйқысы әбден қысып отыр Май берейін шайнап отыр Тышқан берейін ойнап отыр Уалихан-Аяжан Үстінде үйдің Тұр еді мысық Қасына келді Бір торғай ұшып Бас салмақ болып Ыршыды мысық Мысықтың қалды Жамбасы ісіп Аружан Көп жұмысты күнімен Келгендей-ақ «қиратып» Отыр мысық тілімен Үш тал мұртын ширатып Балалар қимыл жасау арқылы қайталайды.
Бас бармағым бастап берді, Саусақтарым ән салып берді, Шылдыр шүмек шылдырлады, Кішкентай бөбек былдырлады.
Сау болыңыз әже. |
| Рефлексивті-коррекциялау | Балалар біз бүгін кімнің үйіне қонаққа бардық? Біз қонаққа немен бардық? Біз әжені үйінде нелерді көрдік? Аялдамада нелер ренжісіп жатыр. Күшік пен мысыққа тату дос болу керек екенін айттық. Балалар міне келіп те қалдық.
| -Әженің үйіне қонаққабардық. Паравозбен бардық. Мысық,күшік Мысық пен күшік |
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды: Ит,мысық үй жануары екенін меңгерді
Түсінеді: Бір –бірлерін ренжітпей тату болуды
Қолданады : Сұрақ жауап арқылы түсініктері кеңейді

«Менің сүйікті достарым» (66.83 KB)

