Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Менің Отаным-- Қазақстан

Менің Отаным-- Қазақстан

Ма?саты, о?ушыларды Отанды с?юге, ??рметтеуге, ?астерлеуге,еліні? Туын Елта?басын

?н?ранын ?астерлеуге,, ?з еліні? тарихын білуге т?рбиелеу.

13.05.2017

Содержимое разработки

Менің Отаным-- Қазақстан

Мақсаты, оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеуге, қастерлеуге,елінің Туын Елтаңбасын

Әнұранын қастерлеуге,, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі; ҚР рәміздері, шарлар қанатты сөздер.

Мұғалім;Армысыздар,мейірімді балалар ұлағатты ұстаздар! Дендеріңізге саулық,өмірлеріңізге шаттық тілей отырып мектепалды даярлық тобының

Менің Отаным Қазақстан атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.

Мирас; Әнұраным,жан ұраным

Айтар әнім,сөйле тілім

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраным.

Хор, Әнұран.

Милана, Әнұран-жар салу деген мағына-

ны білдіреді.Әнұран адамға зор рухани

,әсер ететін күш береді.Қазақстан Республика-

сының Мемлекеттік Әнұранының авторлары,

сөзін жазған дар ;Ж Нәжмиденов, Н.Ә

Назарбаев,әнін жазған ; Ш.Қалдаяқов.

Жанель; Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала- дағы ең кіші

Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Ернұр; Елтаңба көгілдір түс, негізінде шаңырақ бейнесі,

Уықтары күнсәулесін елестетеді. Елтаңбада арғымақ бейнесін

Алтын пырақты ай мүйізді етіп келтірген.Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз

Салынған.Жұлдыз-еліміздіңжұлдызы жарық болсын деген мағына береді.Елтаңбаның авторлары;Ж Мәлімбеков, Ш Уәлиханов.

Әділет; Елтаңбасы елімнің





Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада --аспан әлемі.

Құт береке –шаңырақ.

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған Т

Билігім өз қолымда.

Нұрлан; Ту- тік төртбұрышты,көгілдір түсті мата,ортасында күн бейнесімен шарықтай ұшқан

Дала қыраны жәнесабына таяу тік тартылған ұлттықөрнек жолақ бейнеленген,

Тудың авторы; Ш.Ниязбеков.

Думан; Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Жандос Көк аспанда қызыл күн

Көкаспанда жас қыран

Естілгендей біздің үн

Сол ғарыштың астынан,

Хор,Қазақстан

Мақпал; Отан деген -- атамекен

Отан деген –туған жер,

Отан---ана,

Отан -үлкен

Қазақстан ---туған ел,

Жанель Отан---жерім, Отан ---суым,

Отан қуат, нәр береді

Отан-ұран, Отан—туым,

Отан мәңгі гүлденеді.!

Асылбек;Отан—менің өз елім,

Отан –туым өз жерім

Отан—тауым, орманым

Отан-далам,өзенім

Отан мәңгі жүрегім.

Әділ,; Отан! Отан!

Сен болмасаң не етер ем

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,

Өмірден бұл өксумен кетер ем,

Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды

Отансыз жан өмірінде оңбайды.

Өзін--- өзі қорлайды да,сорлайды

Тірі адамға сол қайғы!

Күн көреді

Әкесіз де,анасыз

Өмір сүрер әйелсіз де,баласыз,

Ал Отансыз--

Нағыз сорлы панасыз

Білесің бе,?

Отанның сен не екенін

Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім

Екі Отан жоқ

Жалғыз Отан -- мекенің !

-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Эффективный руководитель образовательных организаций

Продолжительность 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
19800 руб.
3960 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Менің Отаным-- Қазақстан (13.73 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт