Меню
Разработки
Разработки  /  Психологу  /  Уроки  /  3 класс  /  "Мен қандаймын?"

"Мен қандаймын?"

Мақсаты:Балаға өзінің жақсы қасиеті меністеген қателігін мойындауды меңгертуді дамыту.Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру.

Барысы:Оқушыларға "Мен қандаймын"деген сұраққа жауап беруге,үнсіз отырып ойлануларына бір минут уақыт беріледі.Кейін кезек-кезек шығып ортаға өздерінің жақсы жақтарымен жағымсыз өз қалауларымен айтып береді.

2 кезеңде тақтаға көп сөздерден құралған үтір,нүктесіз сөздер жиынтығы жазылады.Әр оқушының 1 минутта қанша сөз таба алатыны белгіленеді.

3 кезеңде қатысушылар шеңбер бойымен отырып,сен магазиннен не сатып алдың?деп сұрақ қоя отырып іс-қимылдарымен көрсетіп береді.Бір мезгілде бірнеше қимыл,іс-әрекеттер істегенде қиындық туғызатынын байқайды.

Нәтижесінде оқушылардың көңіл-күйлерінің көтерілгені байқалады.

Показать полностью
23.04.2019

Содержимое разработки

«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп Қайназар бастауыш мектебімен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ойын жаттығу.

Күні:17.04.2019ж

Мектеп психологі:Нурпейсова Б

Мектеп ұжымы:

Тақырыбы: «Мен қандаймын ?»


Мақсаты: Балаға өзінің жақсы қасиеті мен істеген қателігін мойындауды меңгертуді дамыту.Оқушылардың қөңіл-күйлерін көтеру.

Барысы:

Психологиялық дайындық.

Оқушыларға «Мен қандаймын»деген сұраққа жауап беруге,үнсіз отырып ойлануларына бір минут уақыт беріледі.

Кейін кезек-кезек ортаға шығып өздерінің жақсы жақтарымен,жағымсыз жақтарын өз қалауларымен айтып береді.

Кейін 2 кезеңде тақтаға көп сөздерден құралған үтір,нүктесіз сөздер жиынтығы жазылады.Әр оқушының 1 минутта қанша сөз таба алатыны белгіленеді.

3 кезеңде қатысушылар шеңбер құра отырады.Сен магазиннен не сатып алдың,мен балмұзақ сатып алдым деп,бір уақытта бірнеше қимылдарды істету арқылы,магазиннен бірнеше зат сатып алады.Оқушылар бір мезгілде бірнеше іс қимылды жасаудың қиын екенін түсінеді.




































06.04.2019ж 3-сыныптар арасында оқушылардың ойлау мен логикалық қабілеттттерін анықтау жұмыстарының қортындысы.

Мақсаты:Ойлау мен логикалық операцияларды меңгеруін анықтау.

Әдістеме атауы: «Сөз құрастыр», «Эйлер шеңбері»

Әдістемеге қатысқан 3 «А», сынып оқушылардан барлығы 12 оқушы қатысты. Сынып жетекшісі:Құрманғалиева Ж.Т.Әдістемелер бойынша оқушылардың барлығы тапсырманы жоғары деңгейде орындап берді.Төмен немесе тапсырманы орындай алмай қалыс қалған оқушылар болған жоқ.

3 «Ә», сынып оқушылардан барлығы 15 оқушы қатысты. Сынып жетекшісі:Хавлап Г. Әдістемелер бойынша 14 оқушының барлығы тапсырманы жоғары деңгейде орындап берді.Қалған 1 оқушы 2 тапсырманы жалпылама белгілеп көрсеткен. Жалпылама белгілеген оқушының жауабы қатеге жатпайды,үлгерімі жақсы оқушының бірі.Төмен немесе тапсырманы орындай алмай қалыс қалған оқушылар болған жоқ.

Әдістеменің нәтижесінде:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің өз деңгейлерінде,әр тапсырманы түсініп қабылдайтыны анықталды.Оқушылардың білімдерін ары қарай дамытып,жетілдіру үшін оқушыларды қызықтырып,көңіл-күйлерін көтеріп «Мен қандаймын» ойын жаттығуы өткізілді.

Оқушылар ойын барысында өздері туралы жақсы немесе жағымсыз жақтарын айтып өтті.Екі немесе оданда көп нәрсерні магазиннен сатып алу арқылы,іс қимылмен барлығын көрсету арқылы оқушылар қиындық туғызған іс әрекеттер кездерде өздерінің ішкі эмоциясына беріліп емін-еркін күліп,көңілдері көтеріліп қалды.





























Қаңтар айында мұғалімдермен жүргізілген тренинг жаттығуының қортынды мәліметі

2019ж

Қаңтар айының жиырма бірінші күнінде мектеп мұғалімдерімен тренинг жаттығуы өткізілді.

Мақсаты:Ұжымдағы мұғалімдердің бір-бірін құрметтеу.

Тренинг барысында мұғалімдер өздерінің ойларын анық жеткізіп,өз әріптестеріне сиқырлы қобдишадан алған, адами қасиеттерін сыйға берді.Сыйлаған адамға не үшін сыйлық бергенін,неге лайық деп тапқандарын түсіндіріп айтып берді.Екінші тапсырмада өз бейнелерін салып өз қолдарымен қайшысыз жыртып,өз бойындағы 3 қасиетті,жақсы көрген адамды,қазіргіге дейін жеткен мақсатын,алда жететін мақсаттарын жазып орналастырды.Осы жаттығуда,өздерін айту арқылы мұғалімдер бір-бірін тереңірек біле түсті.Іштегі жиналған ықыластарын,келіспеушіліктер ортаға айтылып,өздерінің көңілдері көтеріліп қалды.Үшінші тапсырмада мұғалімдер,сиқырлы қобдишадан психолог маманның өз өміріңе қажет деген әр түрлі кеңес жазылған парақшалар алды.Парақшаларда әркімнің таңдауына байланысты ,өз іштерінде жүрген сұрақтарға кеңес,бағыт бағдар тура келгендерін шын көңілдерімен жеткізді.

Қортындылай келе,бәрімізде өмірге қонақ екеніміз,ең бірінші адамға рухани құндылықтар маңызды екенін,бір-бірімізді қадірлеп,құрметтеу керек екеніміз шынайы болмысымыздан байқалып тұрды.



-80%
Курсы повышения квалификации

Организация образовательного процесса: воспитательная работа, дополнительное образование, внеурочная деятельность

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Мен қандаймын?" (358.56 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели