| САБАҚ: «Мектептен жырақ жол» | Мектеп: №30
| |||
| Күні: | Мұғалімнің есімі: Зейноллина Ұлжан | |||
| Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
| Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу,мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру. 2.2.1.2 –мәтінді іштей оқып, «Ананың көңілі балада,Баланың көңілі далада?»деген нақылды және «Бармағын тістеу» дегенді қалай түсінесінгендерің айту. 2.3.3.1 – шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну. | |||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: | |||
| ||||
| Оқушылардың басым бөлігі: | ||||
| ||||
| Кейбір оқушылар: | ||||
| ||||
| Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тындаушылардың назарын өзіне аудара алады. | |||
| Ресурстар | Оқулық, суреттер, стикер, бейнебаян, маркер. | |||
| Әдіс- тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелесу, кері баланыс, түсіндіру, ассоциация, «ыстық орындық» әдісі, ойын. | |||
| Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі. | |||
| Сабақ барысы | ||||
| Жоспарланған кезеңдері | Сыныпта жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | ||
| Сабақ басы
| I.Ұйымдастыру кезеңі - Сәлеметсіңдер ме оқушылар? II. Психологиялық ахуал - Мен қазір әр оқушыға стикер таратамын. Әр оқушы стикерге өзінің досының атын жазып, оны бір сөзбен мадақтап, стикерін тақтадағы суреттен досының отыратын партасын тауып, жабыстырады.
III. Үй тапсырмасын сұрау |
Сурет, стикер
| ||
| Сабақтын ортасы
| IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру "Болжау әдісі" - Бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта болатынын табу үшін, суреттер ілінеді. Суретке қарап, болжайды
Ана сөзін естігендегі ассоциация
Ана
V. Автормен танысу - Автормен таныс болайық. Мыңжасарқызы Динара Шырай- лы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданындағы Отырабат де- ген шағын ғана стансада дүниеге кел- ген. Қасиетті Түркістан қаласындағы №1Абай атындағы мектеп-интернат- ты үздік аттестатпен бітірген. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт тық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Отбасылы, екі балапанның анасы. Бүгінде халық аралық "Түркістан" газетінде тілші болып қызмет атқарады. VI. Сергіту сәті. (бейнематериал бойынша) VІI. Мәтінмен жұмыс - Мәтінмен жұмыс жасамас бұрын «Сиқырлы сандық» ойынын ойнайық. Мына сандықта бірнеше сөздер берілген, қалаған сөзді таңдап, сөздің мағынасын аш.
VIІI. Мәтінді тізбектей оқу IХ. Мәтіннің соңында берілген тапсырмалар: 1. «Ыстық орындық» әдісі. Орындықта отырған оқушыға мәтін бойынша сұрақтар қою. 1. Бақытжан қандай бала? 2. Оның сабағы неге төмендеді? 3. Бақытжанның көзі жол жиегіндегі қандай жазуға түсті? 4. Бақытжан ойын автоматына қандай ақшаны жұмсады? 5. Бармағын тістеу дегенді қалай түсінесің? 6. Нешінші тоқсанда Бақытжанның сабағы төмендеді? 7. Бақытжанның анасы оның сабаққа бармағанын кімнен естіді? 8. Телефоннан естіген хабар Бақытжанның анасына қалай әсер етті? 2. Жұппен жұмыс. - Мәтінді қалай аяқтауға болады? X. «Ертегілер елінен хат». - Оқушылар сендерге айтар қызықты жаңалығым бар! Бізге ертегілер елінен хат келді. Хатты сендерге оқып берейін. - Сәлеметсіңдер ме, 4- сынып оқушылары. Сендерге айтар бір өтінішім бар еді. Хатта бірнеше жағдаяттар бар. Сол жағдаяттардың шешімін таба алмай отырмын. Егер жауабын айтсаңдар, сендерге арналған сыйлығым бар.
Жағдаяттар : 1. Сен сабақтан нашар баға алып келдің. Анаң қандай күйде болады? Қандай жол тауып анаңды көңілдендіресің? 2. Сен ұрлық жасадың. Анаң қандай күйде болады? Анаңның осы күйін қалай түсінер едің? Не істейсің? 3. Марат анасына жаман сөздер айтып, оның жүрегін ауыртты. Баласының осы қылығына анасы басын шайқады да қала берді. Сен орнында болсаң не істер едің? 4. Ойнап жүріп бір жеріңді қанатып немесе қатты ауыртып алдың. Сол кезде анаң қандай күйде болады деп ойлайсың? Ана жүрегін ауыртпас үшін сен не істеуің керек еді? |
Сурет
Автор суреті
АКТ
Сандық суреті
Орындық
Хат | ||
| Қорытынды
| – Сабағымызды қорытындылай келе «Анаға » байланысты жақсы сөзді айта отырып ,«Күннің шуағына» стикерді жапсыру
XI. Үй тапсырмасын беру. Бақытжан болған жайды айтып, досына былай деп хат жазды. «Қандай ұят десеңші! Ұялғаннан менің жылағым келеді. Анамды көргенде кірерге тесік таппадым. Себебі, мен (ары қарай хатты өзің аяқта)..» XII. Бағалау. Әрбір дұрыс жауапқа стикерлер таратылады да сол бойынша оқушы бағаланады. |
Сурет, стикерлер | ||
Машықкер: Зейноллина Ұлжан










«Мектептен жырақ жол» (420.41 KB)

