Меню
Разработки
Разработки  /  Музыка  /  Уроки  /  4 класс  /  Мектептегі музыка пәнінде жаңа технология әдіс-тәсілдерін, бағдарламалар тобын қолдану үрдісі.

Мектептегі музыка пәнінде жаңа технология әдіс-тәсілдерін, бағдарламалар тобын қолдану үрдісі.

?азіргі та?да жалпы білім беру кешендерінде музыка саба?ын жо?ар?ы д?режеде ?ткізу к?зделіп отыр. Музыка п?ні – шы?армашылы? п?н. О?ан к?птеген ізденіс, шы?армашылы?, іскерлік, тап?ырлы? ?те ?ажет.

Осы к?нге дейінгі музыка ба?дарламалары ?рт?рлі ??рылымда, т?рлі авторлардан туындалып жатса да, барлы?ыны? да ма?саты хал?ымызды? ж?не де бас?а ?лт-халы? ?кілдеріні? байыр?ы сазын тере? мазм?нда кейінгі ?рпа??а жеткізу, насихаттау болып табылады.

Сонды?танда музыка п?ні м??алімдеріне мектеп ?кімшілігі, ата-аналар зор ?міт артады. Жас ?спірім бойына музыкалы? білімді игерту - п?ндегі саба? жоспары ??рылымы бойынша бол?анымен жеке дара таби?и дарынды о?ушылармен ж?мыс аспапты? ?йірмелер ар?ылы дамитыны бізге м?лім.

Сол орайда музыка п?ні м??аліміні? к?сіби шеберлігі жо?ар?ы де?гейде болу керек деп ойлаймын. Ал ол ?шін п?н м??алімі ?азіргі та?да ?олданыс?а берілген жа?а технология ?діс-т?сілдерін, т?рлі ба?дарламалар элементтерін д?рыс ж?не ?тымды ?олдануы ?ажет.

?йткені е? алдымен музыка шы?армашылы?, ?нер саба?ы екенін ?немі жадымызда ?стап, берілген та?ырып мазм?нын шеберлікпен ашып к?рсетіп, жас ш?кірт бойына музыкалы? білімді ??нарлы сі?діруіміз абзал. К?птеген саба?тас п?ндер «Сын т?р?ысынан ойлауды дамыту» ?дісін ке?інен ?олданады. Ал ол ?дісті біз музыка п?нінде толы? ?олдануымыз ?ажет пе?

Міне осы с?ра? к?птеген музыка мамандарын жа?ылдырады. Я?ни б?л ?дісті ?олданамын деп ?стаз музыка п?ніні? негізгі кезе?дерінен ауыт?ып кетеді. О?ушы бойында ?нер туындыларыны? т?тастай к?рінуі ?шін салыстырмалы, ?арама-?арсылы? принциптерді пайдалана отырып, шы?армаларды тез ?абылдау?а ?серін тигізіп, танымды? ?ызы?ушылы?ын тудыратын т?сілдерді к?бірек ?олдану барысында бастауыш сынып о?ушыларымен мектеп алды даярлы? тобына арнал?ан «Т?й-т?й» атты ба?дарламасыны? элементтері де зор ?лесін ?осады.

06.01.2017

Содержимое разработки



Мектептегі музыка пәнінде жаңа технология әдіс-тәсілдерін, бағдарламалар тобын қолдану үрдісі.



Қазіргі таңда жалпы білім беру кешендерінде музыка сабағын жоғарғы дәрежеде өткізу көзделіп отыр. Музыка пәні – шығармашылық пән. Оған көптеген ізденіс, шығармашылық, іскерлік, тапқырлық өте қажет.

Осы күнге дейінгі музыка бағдарламалары әртүрлі құрылымда , түрлі авторлардан туындалып жатса да, барлығының да мақсаты халқымыздың және де басқа ұлт-халық өкілдерінің байырғы сазын терең мазмұнда кейінгі ұрпаққа жеткізу, насихаттау болып табылады.

Сондықтанда музыка пәні мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі, ата-аналар зор үміт артады. Жас өспірім бойына музыкалық білімді игерту - пәндегі сабақ жоспары құрылымы бойынша болғанымен жеке дара табиғи дарынды оқушылармен жұмыс аспаптық үйірмелер арқылы дамитыны бізге мәлім.

Сол орайда музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлігі жоғарғы деңгейде болу керек деп ойлаймын. Ал ол үшін пән мұғалімі қазіргі таңда қолданысқа берілген жаңа технология әдіс-тәсілдерін, түрлі бағдарламалар элементтерін дұрыс және ұтымды қолдануы қажет.

Өйткені ең алдымен музыка шығармашылық, өнер сабағы екенін үнемі жадымызда ұстап, берілген тақырып мазмұнын шеберлікпен ашып көрсетіп, жас шәкірт бойына музыкалық білімді құнарлы сіңдіруіміз абзал. Көптеген сабақтас пәндер «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» әдісін кеңінен қолданады. Ал ол әдісті біз музыка пәнінде толық қолдануымыз қажет пе?

Міне осы сұрақ көптеген музыка мамандарын жаңылдырады. Яғни бұл әдісті қолданамын деп ұстаз музыка пәнінің негізгі кезеңдерінен ауытқып кетеді. Оқушы бойында өнер туындыларының тұтастай көрінуі үшін салыстырмалы, қарама-қарсылық принциптерді пайдалана отырып, шығармаларды тез қабылдауға әсерін тигізіп, танымдық қызығушылығын тудыратын тәсілдерді көбірек қолдану барысында бастауыш сынып оқушыларымен мектеп алды даярлық тобына арналған «Тәй-тәй» атты бағдарламасының элементтері де зор үлесін қосады.

Яғни бүлдіршіндер осындай балғын шағынан бастап, топтық жұмысқа қалыптасып, ойларын ашық бөлісуге дағдыланады.

Ал ұстаз бағыты шынайы музыкалық тәрбие беруде оның жеке дара психологиясын, жас ерекшелігін, мінез құлқының өзгешілігінің ескеріп, тиімді қолдана білуі арқылы айқындалады. Саз сабағында музыкалық шығарманы талдау процесіне мынадай жүйені ұсынамын:


Шығарма аты


Екпіні


Сипаты


Бояуы


Мазмұны












Сондай-ақ халықтық педагогика үнемі сабақталып жүріп отыруы қажет. Яғни «Ақ сүйек», «Жүзік салу», «Теңге алу» сияқты ұлттық ойындарды әуендете қолдану және сергіту сәттерінде музыкалық түрде көрсету оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арта түседі.

Балалардың музыкалық тәрбиесі дәстүрлі мәдениет тұрғысынан кеңінен берілуі қажет. Өйткені жас шәкірттің дүниетанымы алдымен ұлттық музыка, халық өнері арқылы дамып, басқа жанр түрін сабақтастыра байланыстырып саз әлемінің тұңғиығына өріс алады.

Музыка пәні маманының кәсіби шеберлігі ән үйрету кезеңінде жоғарғы дәрежеде ойнап, алдындағы шәкіртті таңырқата орындау тыңдаушыларының көңілінен шығуы арқылы көрінеді.

Ән үйретудегі жүйелілік, бірізділікпен қатар салалы түрде әуенді ұғындыру, ырғақты дұрыс сезініп,таза интонацияда орындауда мынадай қол белгілері жүйесінде ұсынғым келеді.

До РЕ Ми Фа Соль





Ля Си

Әлемдік педагогикалық зерттеулерді саралау, оларды қазақ мектебінің үрдісіне ұтымды қолдану, ұлттық жүйенің ерекшелігін ескере отыра жаңа педагогикалық технологиялар мен иновациялық бағыттарды жұмыс формаларында орынды пайдалану тәрізді мазмұнды жұмыстар түзілуде.

Әрбір халықтың тәлімгерлік тарихына назар салар болсақ, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мол тәжірибені байқаймыз.

Бүгінгі мақсат халықтың музыкалық педагогика саласының сол озық идеяларын жандандырып, білім беру жүйесіне енгізу отыр.

«Музыкалық тәрбие әдістемесі» білім беру жүйесіне әрдайым бағынады және музыкалық педагогика үрдісін дамытады. Болашақ ұрпақтың дәстүрлі сазын бойларына сіңірте келе әлемдік саз әлемімен ұштастырып, рухани байлықты жан дүнесіне игереді.

«Музыка – менің жан - дүнием »,- деп орыс сазгері М.И.Глинка айтқандай әр саз маманы, болашақ мамандар студент-жастар музыка сабағын өздерінің шеберліктерімен мектептегі жоғарғы дәрежелі сабақ ретінде көтеруі парыз.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Қазақстандағы музыкалық білім» Алматы 2006

  2. «Жаңа әдіс-тәсілдер тізбегі» Пустынникова Н.Н.

  3. «Жаңа замандағы музыка пәні деңгейі» Праслова И.Г.

  4. «Музыка пәнінің сипаты, тәлім-тәрбие үрдісі» Оразалиева М.А.

-80%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Мектептегі музыка пәнінде жаңа технология әдіс-тәсілдерін, бағдарламалар тобын қолдану үрдісі. (230 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт