Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Разное  /  Прочее  /  Мектептегі іс-тәжірибемнен өтілген тізбектелген сабақтар топтамасына өзімнің кері байланысым

Мектептегі іс-тәжірибемнен өтілген тізбектелген сабақтар топтамасына өзімнің кері байланысым

Мектептегі іс-тәжірибемді 2- сыныбында қазақ тілі пәнінен жүргіздім. Бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан ойлау арқылы ойлау қабілеттерін дамыттым.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы диалогті оқытуды тиімді пайдаландым.Заман талабына сай,тізбектелген төрт сабақтың орта жоспары бойынша 2-сыныпта қазақ тілі пәнінде сабақ өттім. Сыныптытың атмосферасын жақсартып алу үшін оқушыларды психологиялық дайындықпен қалыптастырдым.

29.01.2019

Содержимое разработки

Нұрынбетова Айнұр №97 ЖОББМ

Мектептегі іс-тәжірибемнен өтілген тізбектелген сабақтар топтамасына

өзімнің кері байланысым

Мектептегі іс-тәжірибемді 2- сыныбында қазақ тілі пәнінен жүргіздім.

Бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан ойлау арқылы ойлау қабілеттерін дамыттым.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы диалогті оқытуды тиімді пайдаландым.Заман талабына сай,тізбектелген төрт сабақтың орта жоспары бойынша 2-сыныпта қазақ тілі пәнінде сабақ өттім. Сыныптытың атмосферасын жақсартып алу үшін оқушыларды психологиялық дайындықпен қалыптастырдым.

Оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтін мен өзара байланыста қарастырылады.Бағдарлама барысында педагогикалық әртүрлі аспектілер талқыланады.Осы бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелі қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады.Мұғалімдер педагогикалық тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми материалдармен танысатын болады.Мұндай жұмыс мұғалімдер бағдарламаға кіргізілген оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру, (таңдау,зерттеу,танысу т.б) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін керек.

Білім беру жүйесінде жаңғыртуда мұғалімдердің ұстанымын,көзқарасын,стратегиялық іс-әрекетін өзгерту негізгі міндеттеме болып табылады.Осы үш мәселені өзгерту барысында педагогтар сапасын арттырудың маңызы зор.Бағдарламаның мақсаты-оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып,олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын,ойға жүйрік,сөздік қоры мол,жазбаша түрде сауатты,үш тілді жете меңгерген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.Оны кім қалыптастырады деген сұраққа мектептегі педагог қауымдар,яғни біздер деп айтқым келеді.Мектепте көшбасшы мұғалім.Құзырлы мұғалімнің қолынан шыққан ондай жеке тұлға болашаққа сенімді,сыни тұрғыдан ойлау жүйесі дамыған,АКТ ны толық меңгереген,өз білімін еркін және терең пайдалана білетін жан болуы тиіс.

Бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан ойлау арқылы ойлау қабілеттерін дамыттым.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы диалогті оқытуды тиімді пайдаландым.Заман талабына сай,тізбектелген төрт сабақтың орта жоспары бойынша 2-сыныпта қазақ тілі пәнінде сабақ өттім. Сыныптытың атмосферасын жақсартып алу үшін оқушыларды психологиялық дайындықпен қалыптастырдым.

Өтілген сабақтың тақырыптары:

1.Дыбыс және әріп

2.Мәтін және сөйлем

3.Сөз және сөздің құрамы

4.Мен және достарым(шығармашылық сабақ)

Топтық жұмыс жасағанда сыныптағы 18 оқушыны алтаудан үш топқа бөлдім

Бірінші сабақта жағымды сөздер арқылы топқа бөлдім. Сыныптың атмосферасын жақсартып алу үшін оқушыларды психологиялық дайындықпен қалыптастырдым.









Оңға ,оңға түзу тұр.Солға,солға түзу тұр.

Алға қарай бір қадам,артқа қарай бір қадам.

Жоғары ,төмен қарайық,орнымызды табайық-деп хормен айтқызып, көңіл-күйлерін көтеріп,ынталарын сабаққа аударып,орындарына жайғастырдым













1.Айналайын,өркенің өссін

2.Шырағым,бақытты бол

3.Алтыным,бағың жансын

Жазылған жағымды сөздердің мағынасын аша отырып,неше сөз, неше әріп бар екендігін ажыратып,жаңа сабақты аштыОқушылардың қызығушылығын артыру мақсатында өздері білетін жағымды сөздері бар өлең жолдарын жатқа айтты.Оқушылар топта бірігіп жұмыс жасады,бір-бірімен ой бөлісті.Өз-өздерін реттейді,үйрену арқылы үйренеді,талантты,дарынды оқушылар деңгейі төмен оқушыларға үйретеді,ашылмаған оқушылар топ ішінде ашылады,ортақ идея тастайды.Оқушыларды ыңғайластырып отырғызып алып,өткен сабақты еске түсіру үшін алдыңғы сабақтағы тапсырмаға байланысты түрткі,парасатты сұрақтар қойдым.Мысалы:сөз таптары нешеге бөлінеді,олар қандай сұрақтарға жауап береді?деп сұрадым.Оқушылар алдыңғы сабақтарын еске түсіріп,стикерлерге өз білімдерін жазды.













Екінші сабақта:Жеміс-жидектер арқылы бөлдім

1.Алма

2 .шие

3.жүзім

Сабақты «топтастыру»стратегиясы бойынша жеміс-жидектердің суреттерін өздері таңдап алды.Жеміс-жидекке қандай күтім керек екендігін ауызша айтып кетті.Нәтижесінде дүниетану пәнімен байланыстыра отырып,жемістердің қалай дамитынын толықтыра кетті.Жемістердің жетілуі туралы айта отырып,сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыды.Бір-біріне сұрақ қойды.

Александр оқытудағы әңгімелесу-қарым-қатынас жасауда бір сарынды үдеріс емес,керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжыйды деп тұжырымдайды.Диалог барысында оқушылар,сонымен қатар мұғалімдер де келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай,білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу»барысында тең құқылы серіктестер болып табылады деп тұжырымдамасы тура екеніне қөзімді жеткіздім.Сабаққа ынтасы жоқ оқушыларда өздерін тең құқылы етіп санап,сабаққа белсене қатысып отырды.













Үшінші сабақта:

Мозайка тәсілінде топқа бөлдім.Жануарлардың суретін алтыға бөлдім

1.жылқы

2.сиыр

3.қой

Бұл сабағымды мозайка әдісі бойынша топқа бөлдім.Оқушының назарын бірден аудару үшін құрастырған жануарларға сипаттама берді.Жануарларың пайдасы туралы айтып,сыныптан тыс кезде жаттаған өлеңдерін айтып берді.Сыныптағы Дидар есімді бала түйе туралы өлеңді өте тамаша айтты.

Барлық мұғалімдер оқушыларға жақсы білім беруге барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасау керек.Дарынды және талантты балаларға қатысты сабақты жоспарлау аса күрделі тапсырма борлып саналады.Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін қолданылады.Оқушының талантын немесе дарынын үнемі айқындай отырып,бастауыш сыныптыңғ мұғалімдері өздерін оқушылардың алдында «негізгі роль ойнайтын дарынды бақылаушы» ретінде көрсетуге тиіс.Балалар бір ғана пәннен емес,сонымен қатарбірнеше академиялық пәндерден жоғары деңгей көрсетуі мүмкін.Мысалы:спорттық,музыкалық,артістік т.б таланттарымен танылуы әбден мүмкін.Оқушы бір саладан өте дарынды болғанымен,басқа салада қиындық туындауы мүмкін.Оны ата-аналар,мұғалімдер,сыныптастар,достары бірден айқындай алады.Сол үшін олардың дарындылығын немесе таланттылығын ары қарай дамыту үшін оларға жағдай жасап,мүмкіндік көрсету қажет.







Төртінші сабақта:Өлең жолдарындағы сөз таптары арқылы бөлдім

Сары ара,аралар тынбайды,

Ұшып-ұшып зырлайды.

Шарлап биік қырларды,

Тәтті шырын жинайды.

Қызыл ара,аралар,

Әдемі-әдемі аралар.

Өлең жолдары арқылы топтастырылды.Сәйкес келетін өлеңдерді оқып,дыбыстық талдау жасау арқылы сыни тұрғыдан оқытуды қолданады.Зат есімдер бір топқа,сын есімдер бір топқа,етістіктер бір топқа бөлінеді.бағымды қорытындылау үшін шығармашылық сабақты таңдадым.Сабақ барысында оқушылар белсене қатысып,өте жоғары қызығушылық танытты десем артық болмас еді.Әр топ өз беттерінше сөйлем құрап,оларды талдады,ортада дәлелді түрде қорғады.

Топтастыру стратегиясында бірінші сабағымда оқушыларды ұжымдыққа тәрбиелеу болды.Жағымды сөздер арқылы бөлгендіктен,бір-біріне жақсы сөздерді оқыды.Әр топқа «Достық»деген ұғымды қалай түсінесіңдер деген сұрақ қойдым.Өздері постерге өз ойларын түсірді.Топтық орындау барысында әр топ мүшелері өз белсенділіктерін көрсетті.Тешебай Димаш өз ойын жақсы жеткізіп,қорғады.Алғашқы сабағым болғандықтан ,қиындықтар да кездесті әрі қызық өтті.

Екінші сабағымда оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақс атында өздері жақсы көретін жеміс-жидектер арқылы бөлдім.Топтарға аққу қандай құс екендігін постерге түсірулерін талап еттім.Аққу туралы әңгіме құрып,бір топ сипаттау мәтінін,бір топ әңгімелеу мәтінін,бір топ пайымдау мәтінін құрастырды.Оқыту үшін және оқу үшін жаңа тәсілдегідей диалог әдісі кең көлемде қолданылды.Оқушылар бір-бірлеріне сұрақтар қоыйп отырды.Осы әдіс арқылы түсінбей отырған оқушылар толық түсініп шықты.

Үшінші сабағымда мозайка арқылы топқа бөлдім.Қазақтың төрт түлік малын алтыға бөліп ,соны құрастырды.Әр топтан шыққан сурет бойынша оның пайдасы туралы бір-екі ауыз сипаттама берді,сабақтан тыс жаттаған тақпақтарын айта кетті.Бұл сабақ үшінші сабақ болғандықтан оқушылар үйрен бастады.Сабақты аяқталмаса деп тіледі.Ортақ идеялары жоғары сапада болды.

Төртінші сабағымда өлең жолдары арқылы топқа бөлдім.Топтар «Мен нені қалаймын»тақырыбында жеке тұлғаның қасиеттерін жазып,ортақ идеялар бойынша жұмыс жасады,қорғады,дәлелдеді.Оқушылардың ой-өрісі дамып,шапшаңдыққа,жылдамдыққа үйрене бастады.Топтық жұмыстың артықшылығы ЖАДА мен жұмыс істесе,когнитивті дамулары жақсара түсті.Бұл аймақта оқушы алғашқыда ересектердің көмегімен ғана шеше алатын міндеттердің мазмұнымен анықталады,бірақ бірлесіп жұмыс істеу тәжірибесінен кейін меңгерген соң,оқушы осы сияқты міндеттерді өзі шеше алатынына көзі жетіп,түсінді.Топтағы бірлесіп пікірлескен шешімдері пайда келтірді.Оқушылар өз жұмыстарын,шешімдерін,пікірлерін нақты дәлелдей алуға,ізденімпаздыққа талпынды.Оларға тақырып бойынша ортақ идея арқылы өз пікірлерін білдіруі,ғбасқаларға түрлі ой салатындары және өзара түсінуге көмектесуі,сабағымның барлығында оқушыларым көшбасшылыққа ұмтылып отырғандықтары қызықтырып,қуантты.

Бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан ойлау арқылы ойлау қабілеттерін дамыттым.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы диалогті оқытуды тиімді пайдаландым.Заман талабына сай,тізбектелген төрт сабақтың орта жоспары бойынша 2-сыныпта қазақ тілі пәнінде сабақ өттім. Сыныптытың атмосферасын жақсартып алу үшін оқушыларды психологиялық дайындықпен қалыптастырдым.

Бірінші сабағымның мақсаты:Сабағымды Джиксо әдісімен жүргізе отырып,оқушыларды ынтымақтастыққа баулу және идеялары мен пікірлерін ортаға салып,ойларын дәлелді түрде жеткізу және қорғау.Бұл тақырыпты қайталау барысында өздері толық мағынасын ашты,өз беттерінше ортақ жұмыс жасауқа,іздену қағидаларын дамыту. Джиксо әдісін қолдана отырып,топпен жұмыс жасап,бір-бірімен пікір алмасуға дағдылану.

Екінші сабағымның мақсаты:Сөйлем,мәтін туралы бұрыннан таныс білімдерін еске түсіре отырып,білімдерін шыңдап,олардың мағыналық түрлерін тапсырмалар,мысалдар арқылы ажыратуды меңгерту.Сқйлем арқылы жеке тұлға өз ойын жеткізеді және өзіне керек нәрсені ұғынады.Кембридж тәсілі арқылы оқушылардыңпәнге деген қызығушылықтарын арттыру,сөздік қорларын байыту,сана-сезімін,ой-өрісін дамыту,есте сақтау,қабылдау қабілеттерін қалыптастыру.

Үшінші сабағымының мақсаты:Қайталау сабақтары барысында,сөз және сөз құрамы жайлы ойды қайта жаңғырту,түсініктерін қалыптастыру,сөздік қорын молайту,сыни тұрғыдан ойлату,топтарға парасатты сұрақ қоюды қалыптастыру.Мозайкадағы жан-жануарларға сипаттама беріп,оларды қорғауға баулу,қоршаған ортаны сақтауға,табиғат байлығын сақтауға,аялауға,айналасындағы адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.Оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып,ұйымшылдықтарын қалыптастыруға,табиғатты қорғауға баулу.

Төртінші сабағымының мақсаты:Оқушыларға өткен сабақтарды тиянақтай келе,шығармашылыққа баулу болды.Яғни өз беттерінше ізденіп,зерттеу жұмыстарын жасау.

Тізбектелген төрт сабағымның барлығында да «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»модульін және оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді кең көлемде пайдалана отырып,оқушылардың пәнге,жалпы сабаққа деген қызығушылықтарын арттырдым.Бұл әдістерде жаңа сабақты ашу,түсіндіру барысында берері өте мол екеніне көзімді жеткіздім.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін және сөздік қорларын молайту үшін,сөйлеу мәдениетін дамыту үшін,диалогті орындау үшін мына тәсілдерді қолдандым:

-Бірінші сабағымда:жаңа тақырыпты ашу мақсатында үш топқа үш ребус бердім.Одан «дыбыс және әріп»деген тақырып ашылды. Алдарына постер беріп,дыбыс пен әріптің айырмашылығын тауып жазуға,дыбыстың түрлерін айтуға,бір сөз жазып ,оған өздері дыбыстық талдау жасауына жол көрсеттім.Оқушылар бұл тақырыпты қайталау барысында өз беттеріншн тапты.Дос деген не екенін өздеріне айтқыза отырып, «достық»туралы түсініктерін топ болып шешу үшін сыни тұрғыдан ойлау үшін ой тастадым.Ортақ идея арқылы оның мағынасын аша отырып,дәлелдеп береді.

-Екінші сабағымда:Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті тақтадан қайың туралы мәтін оқытамын.мәтін қай түрге жататындығын топ болып шешеді.Мәтінге ат қояды.Сыни тұрғыдан ойланады.Алдарына аққудың суреті таратылады.Аққуға бір топ әңгімелеу мәтінін,бір топ сипаттау мәтінін,бір топ пайымдау мәтінін құрайды,қорғайды.Ребус шешу арқылы сөйлемнің түрлерін ашады,олрға сұрақ қою арқылы сөйлем құрайды.

-Үшінші сабағымда:Үш топқа дәмі ,дәні,дәрі деген сөздер қай дыбыс арқылы мағынасы өзгеріп тұрғанын табу,дәлелдеу.Постерге топ болып мағынасы қарама-қарсы,мағынасы жуық сөздер жазады.Сандарын санаймыз және мағынасын ашамыз,қорғаймыз.Сыни тұрғыдан ойлау модельін дамыта отырып,дағдыландырамыз.

-Төртінші сабағымда:Бұл сабақта «Лессен стади»тәсілі бойынша жүргізіледі.Әр топ постерлерге тақырып бойынша өзіне керек тапсырманы басқа топтан барып алмасады.Келесі топқа сұрақ қоюға бейімделеді,топ болып жұмыс істеуге,ортақ идеяға келісуге дағдыланады.

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауда,ойланып,топпен шешіп,өз ойын ашық айтып,әр түрлі пікірлерді талдауға дағдыланды.Сабақтар өте қызықты өтті.Сабақ барысында оқушылардың тапсырмалар бойынша орындаған жұмыстары маған ұнады,ойымнан шықты.Мен күткен нәтижеден де жоғары көрсеткіш көрсетті.2-сынып болғандықтан алдыңғы сабақтарда сөздік қорлары онша дамымағанын байқаған едім,одан кейінгі сабақтарда балалар қатты ашылды.Жаңа сабақты меңгерту барысында әр түрлі ойындар пайдалана отырып,түрлі мадақтау сөздер қолдандым.

Ойын түрлеріне тоқталар болсам:

-Бірінші сабағымда: «Қуыршаққа көйлек кигізу» ойынын жүргіздім.Оқушыларға көк және қызыл түстегі қатты қағаздан жасалған көйлектер беремін.Мен бір дыбысты айтқан кезімде дауысты болса қызылды,дауыссыз болса көк көйлекті көтереді.Алдарына ребус тастап ,жаңа сабақтың тақырыбын аштым.Проблемалық тапсырма етіп,адасқан әріптерді орнына тапқыздым.Тапсырмалар арқылы сыни тұрғыдан ойлатып,нәтижесінде оқушылар өз белсенділіктерін көрсетіп,әр топ жаңа сабақты ашты.

Келесі ойыным «Гүл құрастыру»болды.Дауыссыз дыбыстың қатаң,ұяң,үнді түрлерін толық меңгерту үшін,гүлдің әр құтысындағы дауыссыз дыбыстарды бөлек орнатты.Нәтижесінде оқушылар өздерінің шапшаңдықтарын ,бұл сабақты білетіндіктерін көрсете білді.

-Екінші сабағымда: «Ойлан тап»ойынын қолдандым.Топқа берілген сөздерден әріптерінің орнын ауыстырып,жаңа сөз жасау керек.

Тары-арты ит-ти тас-сат

Мысық-қысым лас-сал сары-расы

Қасық-қысқа есек-кесе пісте-тесіп

Орақ-қора қатар-тарақ қалам-мақал





-Үшінші сабағымда: «Әріп таңдау» ойыны болды.Әр оқушы өзіне бір әріпті таңдайды.

Мұғалім:

-Сен қандай әріпті алдың? -А әрпін

-Ойынды мұғалім берген сұрақтарға тек Аәрпінен басталатын сөздермен жауап береді.Сөздерді тез айтуы шарт.

-Сенің атың кім? -Асан

-Фамилияң кім? -Ахметов

-Қайда барасың? -Алматыға

-Немен барасың? -Автобуспен

-Онда не өседі? -алма,алмұрт

-Сені Алматыда кім қарсы алады? -апам

-Оған сыйлыққа не алдың? -айна,альбом

Үшінші сабағымда: «Ойлан тап»ойыны таңдалды.Топқа бір сөз беремін.Көпбуынды, ұзақ сөзден жаңа сөздер құрайды.Қай топ көп сөз жазса,ұпайы артады.

Ғарышкер Дастархан Сарыағаш

Ғарыш ана сары

Кеш дастан шаш

Төртінші сабағымда: «Тез ойлан» мақал-мәтел сайысы.Әр топтан бір оқушы шығып,екінші топқа мақалдың бірінші жартысын айтады.Екінші топ қалған баламасын айтады.

1.Батыр туса –ел ырысы,

.....................................

2.Еңбектің наны тәтті,

......................................

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқытудан көптеген оң әсерлер алуға болады.Бастауыш сатыдағы оқу-тәрбие үдерісінде алатын орны ерекше.Бұл модульдерде баланың түрлі қасиеттерін дамытатын,қызығушылығын артатын,зор белсенділіктері байқалады.Балалар өздерін еркін сезінеді,ізденімпаздық,тапқырлық әрекеттері байқалады.Сыни тұрғысынан ойлау арқылы қалыптасатын мінез-құлықтар:зейін қою,ойлану,жауап беру,дәлелдеу,өз ойын еркін жеткізу,ортақ идеяға келісу,досына көмектесу,жауапкершілікті сезіну,шеберлікті меңгеру,қиындықты жеңу,еңбек ету,білім алу,талдау,түрлендіру,есте сақтау қасиеттері қалыптасады

Бағалау:

Төрт сабағымда да оқыту үшін бағалауды және оқуды бағалауды модулін қолдандым.Бұл модульдің екі түрі бар.Олар:

1.формативті бағалау

2.жиынтықты бағалау

Төрт сабағымның барысында да формативті бағалауды критерийлер арқылы жиі қолдандым.Суммативті бағалауды сабақ соңында қолдандым.

Бірінші сабағымда-формативті бағалауды әр топқа ұяшық бердім.Сол ұяшықтарға өздерінің алған смайликтерін салып отырды.Өте жақсы жауаптарына күліп тұрған,орта жауаптарға ойланып тұрған,төмен жауапқа жылап тұрған смайликпен бағаладым.

Екінші сабағымда-сабағымды бағалауда рефлективті бағалау тақтасын пайдаландым.Топ басшылары бағалау парағына қарап,топтың мүшелерінің крийтерилерін айтып бағалады.Төменде көрсетілген бағалау парағын топ-топқа бөліп,топ басшыларды өздері таңдайды,тапсырмаларды оқушыларға беріп,оларға іздендіру жұмыстарын тапсырамын.Сабақты геометриялық фигуралармен бағаладым.

р/с

Оқушылардың аты-жөні

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

Сабаққа белсенділігі,тәртібі

1

Амиров Нұрбол


Төртбұрыш

Жұлдызша

Жұлдызша

Жақсы

2

Әділхан Балауса


Үшбұрыш

Төртбұрыш

Төртбұрыш

Орта

3

Ержан Ердос


Жұлдызша

Жұлдызша

Төртбұрыш

Өте жақсы

4

Құттыбай Нұрбол


Жылаған смайлик

Үшбұрыш

Төртбұрыш

Орта

5

Сапаралы Мадина


жұлдызша

жұлдызша

жұлдызша

Өте жақсы



Топ басшылар өзінің тобындағы оқушыларды қадағалай жүріп,тапсырманы орындау барысына қарай бағалайды.Бағалаудың тәртібі төмендегідей:

Жұлдызша-өте жақсы

Төртбұрыш-жақсы

Үшбұрыш-қанағаттанарлық

Жылауық смайлик-қанағаттанарлықсыз.Біра сабағымда жылап тұрған смайликке бағаланған оқушы болмады.Демек барлығы ат салысып,белсене қатысты.Үшбұрыш алған оқушылар да жоқтың қасы деп айтсам болады.Себебі,бір оқушым ғана алды.

Үшінші сабағымда-формативті бағалауда смайликтер арқылы бағаладым.Күліп тұрған смайликтер –өте жақсы деп бағаланады.Көзі бадырайған смайлик-жақсы немесе кішкене іздену керек деген ұғым болды.Бұл жерде оқушылар өздерін –өздері бағалады.Ортаға смайликтерді тастадым.Әр критерийлер бойынша тапсырмаларға жауап берген оқушы өзіне тиесілі смайликті өздері таңдап отырды.

Төртінші сабағымда ұпай сандары арқылы «жарайсың» деген кішкене парақша арқылы топ басшылар өздері бағалап отырды.Сабақ соңында неше «жарайсың»деген парақ қолдарында болса,сонша ұпай сандары шығып тұрды.Осы ұпай сандары арқылы жиынтық бағалары қойылды.

Олар өзін бағалау арқылы өзгенің бағасын бере алатын жеке тұлға ретінде реттеледі және қорытындылай келе осындай бағалау түрін дамытып,алдағы сабақтарымызға пайдалануға төрт сабақтағы да бағалау түрлері өте тиімді екеніне көзім жетіп,түсіндім.Қолданылған сабақтағы модульдердің барлығы да заман талабына сай.Себебі түрлі тапсырма беру барысында өздерінің өмірге деген құмарлықтарын арттырып,Қазақстанның болашақ тұтқасын берік ұстайтын,рухани адамгершілігі мол,білімді жеке тұлға қалыптасарына сенімдімін және сенемін. Сөз соңында ұлы Абайдың өлең жолдарымен аяқтаса деймін.

Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,

Қиынан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз сарасы,

Ол-ақынның білімсіз бейшарасы.

Деген өлең жолдарында көркем шығарма ретінде ғана емес,өлең сөздің теориясы деп тануға әбден болады.



-80%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Мектептегі іс-тәжірибемнен өтілген тізбектелген сабақтар топтамасына өзімнің кері байланысым (132.81 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт