Мен білетін жалғыз әдемілік - ол денсаулық.
Гейне Генрих
«Мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау технологиясын пайдалану»
Кipicпe
Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған.
Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі
өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім
қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым
екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі
тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса,
мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты
жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру
заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі. Мектепке дейінгі білімде бағажетпес гигиеналық тәрбиенің тәжіриебиесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай
баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру
бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау
ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің бірі
болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық
жеке-дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру
қажет.Қазақстандағы салауатты өмір салтындамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды.
«Денсаулық» білім беру саласында денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту, бала ағзасының функционалды мүмкіндіктері, дене қасиеттері мен өмірлік маңызды қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруге әсер ететін мақсаты,міндеттері мен жұмыстардың мазмұны анықталады. Өзіндік жұмыстың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологияларын қолдану.
1. Мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологияларын қолдану.
Мектепке дейінгі мекемеде баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған алауан түрлі формалары мен тәсілдері бар. Осындай кешенді іс-шаралар жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады.
Баланы тәрбиелеу және оқыту этаптарындағы денсаулығын нығайту және сақтауды
қалыптастыруға бағытталған бар білім салаларымен өзара байланысты және өзара әрекеттеседі.Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуда мектепке дейінгі
мекемеде денсаулық сақтау технологияларының түрлері: балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланыңденсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты.
Осындай мәселені шешу барысында біздің анықтағанымыз, баланың денсаулығын
нығайтуда және аурудың алдын-алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін
көтеру өте аз, сонымен қатар шынықтыру шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін
педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің жүйесін тудыруы жөн.Мысалы, жалаң аяқ жүру табан мен буындарды бекіту әдісі болыптабылғандықтан барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады.Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану: тыныс алу жаттығулары. жалпақтабандылықтың алдын-алу жаттығулары ,сымбатты түзету жаттығулары,созылу (стретчинг) жаттығалары,йога жаттығулары ,көзге арналған жаттығулар,таңертеңгі жаттығудан кейін тыныс алу немесе ,тұзды жолмен жүру өте тиімді. Сонымен қатар дене тәрбие сабақтарында дәстүрден тыс құрал-жабдықтарды қолданған жөн.Баланың дені сау, салмақты, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы толыққанды болып өсуі үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балағабалалық шақтан бастап ағзасын кез-келген ауруға қарсы тұруына маңызды.Себебі ағзада барлық өмірлік әрекеттер белгілі бір тәртіппен жүріп отырады. Жүрек ырғақты жұмыс жасайды, жиырылуы-босауы, тыныс алу, дем алумен -дем шығару кезектеседі, асқазандағы аста белгілі уақытта қортылып отырады. Жалпы табиғатта барлық жағдайлар белгілі реттілікпен жүреді: жыл мезгілдерінің, күн
мен түн ауысуы...Міне,сондықтан мектепке дейінгі мекемелерде күн тәртібі сақталуға қатаң көңіл бөлінген.
Шынықтыру-сауықтырудыңда тәртібі болған жағдайда ғана баланың
ағзасына тиімді болады.Мектепке дейінгі ұйымындағы денсаулық сақтау педагогикалық технологиялары Мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің, жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі. Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау іс-шаралары кешенді де жүйелі жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқанөскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады. Денсаулық сақтау технологияларының кешенді жүргізудің басты мақсаты :мектепке дейінгі балалардың қимыл-әрекеттерін жетілдіріп, оның ағзасын суыққа төзімді болуға жаттықтыру.Дені сау баланы өсіруде бірнеше бағыттар алынды.Балалар ауруларын төмендетуге мүмкіндіктер жасау үшін педагогтардың кәсіби-шеберліктерін өрлету және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып,шынықтыруды кешенді ұйымдастыру. Бұл іс-шаралар барлық білім салаларымен байланыстырып, әрекеттестіріп жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады.Шынықтырудың негізгі міндеттері :баланың тұлғалық ерекшелігін ескере күш-қайраттарын қалыптастыру және денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру. Бұл міндеттерге, тек шынықтыру шараларынын кешенді түрде өткізгенде ғана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған бір күні - оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп ас мәзірін түрлендіріп, оны балаға жеткізу, қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы
жоспарланған шараларды, қимыл-әрекеті үйлесімді ұйымдастырылады. Баламен шынықтыру шараларын ұйымдастыру алдында бірнешеережелерді сақтау керек:Дені саубаламен шынықтыруды жүйелі жүргізу, оның теріс эмоциясын (үрей, жылау,
мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдетіп, ұзартылып, медбике мен
педагогтың қатаң қадағалауында болуы қажет. Оқутәрбие үрдісін бала денсаулығына жүктеме болмайтындай, керісінше оны нығайтуға көмектесетіндей етіп ұйымдастыру керек. Балабақшаның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, бала денсаулығын нығайту мәселелері, мектепалды балалардың физикалықдамуы – мектепке дейінгі мекеменің жұмысының негізгі бағыты болып табылады.
Денсаулық сақтау технологиясы балабақшада мынадай бағытта жүргізіледі:
а) Денсаулық сақтау және ынталандыру технологияларына жағдай жасау
б) Салауатты өмір салтын үйрету технологиясы
ә) Түзету технологиялары
Денсаулық сақтау және ынталандыру технологияларына мыналар жатады:
- Сергіту сәті
- көзге арналған жаттығулар
- тыныс алу жаттығулары
- қимылды ойындар
- саусаққа арналған жаттығулар
- ритмопластика
- релаксация
Салауатты өмір салтын үйрету технологияларына мыналар жатады:
- ертеңгілік жаттығулар
- нүктелі жаттығулар
Түзету технологияларына мыналар жатады
- ертегі терапия
Релаксация латынша (relahatio-тынығу,босаңсу) - толық және бұлшық еттің кейбір бөліктерінің босаңсуымен байланысты тыныштық жағдайы.
Релаксацияны қолданатын жерлерім:
- таңғы ас алдында,
- серуен кезінде,
- серуеннен кейін,
- оқу-іс әрекет кезінде,
- күндізгі ұйқы алдында,
- күндізгі ұйқыдан кейін
Қopытынды
Денсаулық сақтау технологияларын осылай бөлу шартты емес,себебі олардың арасындағы шекаралар нақты көрінбейді. Мысалы алсақ, түзету
технологиясы коммуникативтік ойындардан басталып, релаксациямен аяқталуы
мүмкін. Ал ертегі баланың ерте сәбилік шағынан бастап сүйемелдесе, классикалық
музыка баланың құрасу ішіндегі кезінен қабылданады.Динамикалық үзілістік де әртүрлі гимнастика түрлері енуімүмкін – көзге арналған, тыныс алу, т.б. Тіпті бөлмені безендірілуінің түстері
баланың көңіл-күйіне арнайы іс-әрекетсіз-ақ әсерін тигізеді.Осы сипатталған әртүрлі педагогикалық әсерлердіңсауықтыру, білім беру және түзету құзіреттіліктері бар.Мектепке дейінгі мекемеде баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуғабағытталған алауан түрлі формалары мен тәсілдері бар. Осындайкешенді іс-шаралар жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады.
Баланы тәрбиелеу және оқыту этаптарындағы денсаулығын нығайту және сақтауды
қалыптастыруға бағытталған бар білім салаларымен өзара байланысты
және өзара әрекеттеседі.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге келтіруқазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып
табылады. Осы маңызды жұмысын іске асыру барысында тарихи ел арасында
қалыптасқан ойын түрлері баланың денесін шынықтыру барысында ұтымды пайдалануды
зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық арасында таралған ойындар
баланың сүйіп ойнайтын және оның күш - жігерін жетілдіретін әсерімен
ерекшеленеді. Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі
тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтырудың
нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау
қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі
дәлелденуде.
Пайдаланылған әдебиеттеp тiзiмi
1. ЖалмагамбетоваБ.Ч., Сеременко Н.П., 2013. Организация здоровьесберегающего пространства в
образовательных учреждениях области.2. Г.У.Демешева.,Педагогические условия формирования основ здоровьесберегающей компетентности у
детей предшкольного возраста., Білім, ғылыми – педагогикалық журнал-2010. - №53. Жұмaбeкoвa Ф.Н.Тәpбиe нeгiзi бaлaбaқшaдa // Oтбacы жәнe бaлaбaқшa. -2009. №1.4. КeнжeбaeвТ., Aбдиpoв М. Мeктeпкe дeйiнгiпeдaгoгикa.- Aлмaты, 19855. ApыcбaeвaЗ. Иннoвaциялық әдic-тәciлдepдi қoлдaнy epeкшeлiктepi. // Қaзaқcтaн мeктeбi. №
1. 2007 . 69-70 б.6. Бoгycлaвcкaя З.М., Cмиpнoвa E.O. Мeктeпкe дeйiнгi жacтaғы бaлaлapғaapнaлғaн дaмытy oйындapы. – М., 1991.7. Ядэшкo В.И, CoхинaФ.A. Мeктeп жacынa дeйiнгi пeдaгoгикa. Aлмaты, Мeктeп.1982.
Баяндама
«Мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау технологиясын пайдалану»
Дайындаған: Карагуланова К.С.
2017жыл