Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Презентации  /  10 класс  /  "Мидың құрылыс бөлімдері" презентация

"Мидың құрылыс бөлімдері" презентация

Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Яғни бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б қасиеттер дамыту. Осының нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі ертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көз-деледі. Оқыту дамудың алдында жүруі керек, дидакти-калық құралдардың дамуға әсері зор. Дамудың тиімділі-гі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы, теориялық білімнің жетекші ролі, жоғары қиындық деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде жедел ілгерілеу, оқу үрдісін баланың сезінуі, оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстар болу

27.04.2019

Содержимое разработки

Ми'  ('дұрыс айтылуы —  мый ) —  сүтқоректілерде  мінез-құлыққа жауапты  орталық нерві  жүйесінің  меңгеру торабы. Ми  баста  бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады:  сопақша ми ,  ми көпірі ,  мишық , ортаңғы ми ,  аралық ми  және  үлкен ми  сыңарлары. 1400 г. 355 г. 4700 г. 1700 г. 0,02 г. 1,6 г.

Ми'  ('дұрыс айтылуы —  мый ) —  сүтқоректілерде  мінез-құлыққа жауапты  орталық нерві жүйесінің  меңгеру торабы. Ми  баста  бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады:  сопақша мими көпірімишық , ортаңғы миаралық ми  және  үлкен ми  сыңарлары.

1400 г.

355 г.

4700 г.

1700 г.

0,02 г.

1,6 г.

Аралық ми Таламус Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары (иіс сезуден басқа) өтеді. Бірақ, оны жай ғана өткізгіш қақпа ретінде қарастыруға болмайды. Таламуста импульстер өзгеріп, жаңа, түрлі комбинацияға түседі.  Таламус  төменгі түйсік пен эмоцияны жасауға қатысады. Гипоталамус Гипоталамус   ортаңғы мидан өсіп жетілген. Гипоталамус жоғары дәрежелі вегетативтік орталық болып саналады. Мұнда зат алмасуын, жылу түзілуді, жылу беруді, тер бөлуді, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар Гипофиз гипоталамуста нейросекреттер түзіліп,  гипофиз  безінде белсендіріледі. Гипоталамус ішкі секреция қызметін реттеуге қатысады. Ол адамның ұйқысы мен сергектігін реттеуге де қатысады. Түссіз ядро   көру төмпешігінен орталыққа тепкіш импульстер қабылдап, қызыл ядроға орталықтан тепкіш импульстер береді. Сондықтан қызыл ядро тудыратын ет тонусын тежей алады.

Аралық ми

Таламус

Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары (иіс сезуден басқа) өтеді. Бірақ, оны жай ғана өткізгіш қақпа ретінде қарастыруға болмайды. Таламуста импульстер өзгеріп, жаңа, түрлі комбинацияға түседі.  Таламус  төменгі түйсік пен эмоцияны жасауға қатысады.

Гипоталамус

Гипоталамус   ортаңғы мидан өсіп жетілген. Гипоталамус жоғары дәрежелі вегетативтік орталық болып саналады. Мұнда зат алмасуын, жылу түзілуді, жылу беруді, тер бөлуді, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар

Гипофиз

гипоталамуста нейросекреттер түзіліп,  гипофиз  безінде белсендіріледі. Гипоталамус ішкі секреция қызметін реттеуге қатысады. Ол адамның ұйқысы мен сергектігін реттеуге де қатысады.

Түссіз ядро   көру төмпешігінен орталыққа тепкіш импульстер қабылдап, қызыл ядроға орталықтан тепкіш импульстер береді. Сондықтан қызыл ядро тудыратын ет тонусын тежей алады.

Сопақша ми

Сопақша ми  жұлынмен  тікелей байланысқан және екі түрлі қызмет өткізгіштік және рефлекторлық қызмет атқарады. Сопақша ми мидың сұр заты жұлындағыдай бiр ғана жерге топтаспай, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, кызметi әр түрлi орталықтарға айнaлған.  Ақ зат  жүйке тaлшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткiзетiн жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлiмдерiмен, сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбiр жұлын жолдары осы мида бiр-бiрiмен айқасып оң жақтан келген тaлшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми нepвтepiнiң. соңғы бесеуiнiң (VIII, IX, Х, XI, ХII) ядролары мен бiрқатар аса маңызды рефлекстердi icкe асыратын орталықтар және жұлын қызметiн реттеуде маңызды торлы құрылымның бiр бөлігi сопақша мида орналасқан.

Сопақша мидың жүйке орталықтары адамның өмірiн қамтамасыз етуде үлкен мән атқарады. Сопақша мида тыныс, ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сiлекей шығару, қарын сөлi мен ұйқы безi сөлiн шығаратын және құсу), қан тамырларын тарылтып, кеңейтетiн (қозғалтатын), жүректiң соғуын баяулатып, сирететiн (тежейтiн) және көптеген қорғаныс (көз жасын шығару, кipпiк қағу, жөтелу, түшкiру, тер шығару) рефлекс орталықтары бар. Сопақша мидың мойын және көз еттерiнiң тонусын өзгертетiн көптеген қозғалтқыш ядролары көпір және ортаңғы мимен бiрге статикалық және статокинетикалық (вестибұлярлық) рефлекстердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді

Opтaңғы ми

Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діңінің негiзiн құрады. Оның сырт жағындa  ми қақпағы , iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Opтaңғы мидың негізгі құрлымдарына төрт төмпешiк,  қара зат ( субстанция ), қызыл ядро , III және IV жұп ми жүйкелерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай таламусқа, мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынаң жолақ денеден гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi. [1]

Төрт төмпешiк пен көз алмасын қозғайтын ІІІ жұп жүйкелер түйiндерi ортаңғы мидың сырт жағына, ал iшкi жағында қара зат, қызыл ядро және IV жұп шиыршық жүйкенің  нейрондары  орналасқан.

Opтaңғы ми

Көз алмасын қозғайтын ІІІ жұп жүйке аралас жүйке тармақтары арасында көздiң қиғаш eттеpiнен басқа еттердi жиырылтатын талшықтармен қатар көз еттерінен орталыққа тебетiн сезгiш талшықтары бар. Мұнымен қатар, бұл жүйке арасында ортаңғы мида орналасқан парасимпатиқалық түйiндердiң прегaнглиялық талшықтары бар. Бұл жүйке серпiлiстерiн кірпіктік түйiннен екiншi нейронға жеткiзедi. Бұл түйiннен басталған постганглиялық талшықтар көздiң қарашығын тарылтатын еттi жиырылтатын эфференттiк жүйке. Ми жүйке терінің IV жұп жүйкесi де аралас жүйке. Талшықтар арасында көздiң жоғарғы қиғаш eтiн жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар еттiң сезгiш талшықтар да бар.

-75%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Мидың құрылыс бөлімдері" презентация (508.41 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт