Меню
Разработки
Разработки  /  Технология девочки  /  Планирование  /  5 класс  /  Машина тігістерінің түрлері

Машина тігістерінің түрлері

машина тігістерінің түрлері технология пәні бойынша

16.01.2018

Содержимое разработки

Сабақтың атауы



Машина тігістерінің түрлері

Сілтеме

Технология оқулығы

Жалпы мақсаты

Оқушының білімі мен дүниетанымын кеңейтуге және шеберлік пен іскерлікке үйрете отырып, жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машина тігістерінің түрлерімен таныстыру.

Оқыту нәтижесі

Жаңа мәліметтер ала отырып, машина тігіс терминологиясымен танысады.

Негізгі идеялары

Көкөністерден тағам әзірлеу технологиясын үйрену

Тапсырмалар

Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар

Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже

Көрнекілік, слайд, видео

Ұйымдастыру кезеңі



Бағалау критерийлары

Оқушыларды ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

  1. Оқушыны түгендеу

  2. Кезекшілер міндеті (арнайы киімді тарату, тақта, бор дайындау)

  3. Санитарлы-гигиеналық талаптарды орындау (арнайы киімді кию, қолдарын жуу, ыдыс-аяқ тазалығын қадағалау)

Тақтада бағалау критерийлері:

  1. Теорияны меңгеруі

  2. Практикалық жұмыс

  3. Жұптың жұмысына ортақ баға



Бағалау критерийлерімен танысады.



Үй тапсырмасы

  1. Қауіпсіздік ережелерін сұрау





Жаңа сабақ

Оқушыларды машина жұмысының терминологиясымен таныстыру. (тақтада кесте) Киімді дайындау кезінде әртүрлі жұмыстар атқарады: қол тігістерін орындаймыз.

Машина тігістері қолданылуына қарай біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.



Топпен ойланып жазу



1-тапсырма

Материалдар мен құралдар. Өлшемі 15×5 см мақта матасы. Жиектеу тігісі үшін өлшемі 15×3 см және жөрмеу үшін 13×5 см қиғай мата жолағы, жіп, ине, қайшы, тігін машинасы.



жаңа мәліметтермен танысады, жұппен не ұққандары жайлы айтады.



Оқулықпен жұмыс

2 тапсырма

Пратикалық жұмыс

Жұмыстың орындалу реттілігі:

1. Бөлшекті ішіне қаратып, қиықтарды теңестіре қосып көктеп тігу

2. Қиықтардың шетінен 5-7 мм қалдырып, машинасынан тігім жүргізу

3. Тігіс кеңдігін 3-5 мм мөлшерде қалдырып қию 8-сурет.Тігіс кеңдігін 0,5 мм қалдырып ішкі жағынан бұрыштарды қию 9-сурет

4. Ішкі контур бойынша тігімге қалдырылған орынды бірдей арақашықтықта бірнеше рет тігу керек. 10-сурет

5. Бөлшектерді өң жағына айналдыру, үлкен бөлшектен ені 1-2 мм шеттік жасау.

6. Шеттікті бекіте отырып, бүктемеге жақын түзу немесе қиғаш инешаншыммен тігу. 11сурет

7. Үтіктеу. Негізгі бөлшектің ашық қиығын ирекпен өңдеу.

8. Бөлшектерді жөрмеу, шеттіктен тігіс ені 0,7-1 см тігін машинасымен тігім жүргізу. 12- сурет

9. Көктеу жіптерін алу, үтіктеу.





Бекіту

«3 қадамды сұхбат», оқушылардың практикалық жұмыстарын тексеремін. Жіберілген қателіктер бойынша ескерту жасаймын.

— Қандай тігіс түрлерімен таныс болдыңдар? (машина тігістерімен, біріктіру, шет тігістері)

— Бріктіру тігістері-қандай жағдайда қолданады? (иық, бүйір қиықтарын, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде)

— Шеттік тігістері мен әрлеу тігістері қай кезде қолданады? (жаға, мойындық, қолтық ойындысы шеттерін сетінеп кетпес үшін)

— Әрлеу үшін қалта үшін, өңірге, кеудеше қиығына әдіп салындар

Тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Қаншалықты дайын болған жұмыстарын көрсетеді.



Қорытынды

Не үйрендік? Не білдік? Не білгіміз келеді?

Жұмыс орнын жинау



Сабақ бойынша не үйренгендері туралы жұппен ақылдасып жауап береді.



Оқушыларды бағалау

Сабақ соңында бағалау критерийлері бойынша бағалау.

Үйге тапсырма беру

Терминдерді жаттау

Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады, технологиялық картаны, жасалу жолы көрсетілген слайдтарды алады.




-75%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Машина тігістерінің түрлері (20.55 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт