Сабақтың тақырыбы: Марат Қабанбаев «Бауыр» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы | Мұғалімнің аты-жөні: Алипбаева С.Н.
| |||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 5.1.2.1.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. 5.1.1.1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау. | |||||||||
Сабақ нәтижесі:
| Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. | |||||||||
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | |||||||||
Тілдік құзіреттілік | әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы | |||||||||
Ресурстар | Оқулық, суреттер, тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | |||||||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, «Фишбоун» әдісі, «Төрт сөйлем» әдісі, композициялық құрылымға талдау, «Суреттер сөйлейді» әдісі. Рефлексия. | |||||||||
Пәнаралық байланыс | қазақ тілі. | |||||||||
Алдыңғы оқу | «Менің атым Қожа» повесіндегі кейіпкерлер әлемі | |||||||||
Сабақтың жоспары | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақ барысы: | Бағалау түрлері | ||||||||
Басталуы 5 минут | Психологиялық ахуал қалыптастыру: Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! |
| ||||||||
Жаңа білім 10 минут
| Білу және түсіну.Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. М. Қабанбаев 1948 ж. Шығыс Қазақстан обл., Зайсан ауданында дүниеге келген. Жазушы, белгілі публицист. Шығармалары: «Бақбақ басы толған күн», «Жиһангез Тити», «Пысық бодым мінекей», «Қала мен қыз бала», «Қазақ қайда барасың», «Сурет салғым келмейді», «Бауыр» т.б повестер мен әңгімелер топтамалары, «Кермек дәм», « Айшылық алыс жол» романдары жарық көрді. Тақырыбы - белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы, шығарманың іргетасы. Бұл әңгіменің басты тақырыбы соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры туралы. Жанр түрі - әңгіме – көлемі шағын, әдемі дүние, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, шұғыл үн қосқыш жанр. Идеясы - бұл тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Өз мақсат - мүддесін, арманын білдіреді. Бұл шығармада жетім балалар тағдырына деген аяушылық сезімді оятады. Әдеби теориялық ұғымдар: Теңеу – табаны күректей, сойталдай, Икар құсап, арғымақ аттай т.б Гипербола – Балалар үйінің тарихы көл көсір Метонимия ( алмастыру) – тәй – тәй басып кірген жас қыз Тұрақты тіркестер – табаны күректей, шер тарқатып, қой аузынан шөп алмайтын, ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын, өлара сәт, т.б Мақал - мәтел – Жетім – қозы тас бауыр. | Оқулық, мәтіндер. | ||||||||
Ортасы
| Қолдану. Жеке жұмыс: Шығарманы композициялық құрылымға талдау Оқиғаның басталуы – Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі, директормен әңгіме. Оқиғаның дамуы – аға тәрбиеші Эльжбета Сергеевнаға берілген тапсырма, Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы О қиғадағы шиеленіс - Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы үйлесімсіздік, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы. Шарықтау шегі - Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытта сұранып, жаттығуға асығуы. Оқиғаның шешімі - Қалидың асығып кетуі, Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып вокзалға бағыттаулы.
Жұптық жұмыс: Шығарамадағы кейіпкердің бейнесін ашу (топтастыру):
Талдау-топтық жұмыстар орындалады. 1-қатар: «Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы». Жүзеге асыру қадамдары: 1-қадам: Мәтінді әр оқушыға жеке оқу. 2-қадам: Оқу үрдісінде қаңқаның басына мәтін қарастырылатын проблема белгіленеді. 3-қадам: Жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады. 4-қадам: Балықтың «құйрығына» қорытынды жазылады. 5-қадам: Жұпта, топта жұмысты талқылау. 6-қадам: Топ жұмысын аудиторияда презентациялау.
2-қатар: «Төрт сөйлем» әдісі бойынша Пікір- Кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткіз Дәлел-мәтіннен өз пікіріңді дәлелде Мысал-өмірмен байланыстыра отырып мысал келтір Қорытынды-тақырып бойынша қорытынды шығар, идеясын тап
3-қатар: «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша суреттерді ретімен орналастыра отырып, жоспар құрастырады. | Дескриптор: Композиция-лық құрылымға талдайды; Дескриптор: «Балық қаңқасы», «Төрт сөйлем», «Суреттер сөйлейді» әдістері арқылы топтық жұмыс орындалады; | ||||||||
Сабақты бекіту | Ой қорыту. ББҮ кестесі
| ББҮ кестесі толтырылады | ||||||||
Бағалау Кері байланыс |
| Кері байланыс кемесі |