Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Мамандығым - мақтанышым

Мамандығым - мақтанышым

ознакомление детей дошкольного возроста с видами профессий и их значимостью

07.02.2018

Содержимое разработки

“Мамандығым-мақтанышым!”


“Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұзтаздардың қолында”

Н.Ә.Назарбаев.

Адамзаттың бәрі де анадан туып,соның бауырында өсіп ержетеді.”Сүтпен кірген сүйекпен бірге кетеді” дейді халқымыз.Бұл адамға алғашқы тіршілік әрекетінің алуан түрлі тәрбиесінің бәрі анасынан ауысатынын және сол анадан алған тәрбиенің балада өмір бақи сақталып, тұрақты әдетке айналатынын көрсетеді.Жарық дүниеге жаңа келген нәресте алғашқы рет анасының сүтінен нәр алып,алғашқы сөзді анасынан естіп,алғашқы әуезді әуенді де анасының әлдиінен естейді.Жасында жақсы тәрбие алған бала жақсы азамат болып өседі.Сондықтан баланың бойынан жастайынан ұлтжанды,патриоттық,қайрымдылық яғни адамгершілік қадір-қасиеттерді сіңіріп,өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздар өнегесі үлкен рөл атқарады.Яғни ең алғашқы қадамын балалабақша табалдырығын аттаған балаға, тәрбиеші өз анасындай мейрімді боп,әр баланың жағдайына,ішкі жан дүниесіне үңіле білу,оларды тыңдай біле және еркелете білу керек деп ойлаймын. Сол кезде ғана бала өзін алаңсыз сезінуіне,эмоционалдық тұрақтылығын қамтамассыз етіп,өз-өзін бағалау деңгейін жоғарлатады. Себебі баланың жаны,ашыла алмай тұрған гүл күлтелеріндей нәзік.Осы гүлдің ашылуына одан әрі гүлденуіне біз тәрбиешілер, өз тарапымыздан ықпал етеміз.

Әр адам қайталанбас тұлға,сол тұлғаның жүрегіне жол табу тәрбиешінің шеберлігіне байланысты.

Тәрбиеші-бала болмысына бағыт бағдар беруші,баланың екінші анасы.Сондықтанда жаңа технологияларды пайдалану негізіңде педагог төмендегідей нәтижелерге қол жеткізе алады.

1.Балаға жүйелі тапсырма беруге ұмтылады.

2.Баланың жан-жақты қасиеттерін байқай алады.

3.Өзін бағыт сілтеуші ретінде сезінеді.

4.Баланың еңбегін бағалай алады.

5.Оқыту барысында барлық баланы қамтуға ұмтылады.

6.Баланы өз пікірін айта білуге үйретеді.

7.Шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды.

Өмірдегі көп мамандықтың ішіндегі жан-жақты біліктілікті,икемділікті,адамгершілікті,ерекше балажандылықты,мейірімділікті қажет ететін мамандық.

Міне ,менде мектептің 11 сыныбын бітіріп,Ақтөбе қаласындағы жоғарғы оқуымды тәмандап,еңбек жолымды ұстаздықпен бастап,тәрбиешілікпен жалғастырып келемін.Қазіргі уақытта тәрбиеші болып жұмыс жасағаныма 9 жылдай болыпты.Алғашқы тәрбиешілік жолымды еске алсам,әр баланың балдай тәтті сөйлеген сөздері, қаз-қаз басқан қадамдары,сүйкімді де,тәтті қылықтары есіме түседі.Сол кезде мені құшақтап,еркелеген кездерін көз алдыма елестетсем,ішкі жан дүнием бір рахат алғандай болатын едім.

Олардың алғашқы өнерге деген ықыластарына үлкен үлесімді қостым.Балаларымның өленге,әнге,суретке деген қызығушылықтары мол болды.Осы күнге дейін алғашқы түлектерімнің ата-аналары әсіресе әжелері көрген кезде,немерелерінің алғашқы сахнаға шығып,би билеп,ән салған сәттерін айтып,ризашылықтарын білдіріп отырады.Ол да бір мәртебе деп ойлаймын.Қазіргі таңда тәрбиеші балалармен жұмыс жасаған кезде психолог,әртіс,дос,жетекшінің рөлін атқара білуі тиіс.Себебі, бес саусақ бірдей болмайды,сол сияқты балаларда да әртүрлі мінездер болады.Сол сияқты менім тобымда да мінезі өте ауыр,қырсық,өз дегенін істейтін,тіпте анасының,әжесінің айтқанын тыңдамайтын Ержан есімді бала болды.Онымен жұмыс жасау алғашқы да өте қиын болды.Мені тыңдағысы келмей,үстелдің немесе бір бұрышқа отырып,сабағыма кедергі жасаған күндері де болды.Оның ата-анасымен жекеше сөйлескен кезде,үйде де солай деп жауап берді.Бұл баламен мен жекеше жұмыс жасайын деп ойладым.

Бірінші- Ержанның іс-қимылдарына қарап,мінездеме жасадым.

Екінші-қандай өнерге деген қызығушылығын айқындадым.

Үшінші-жалғыз немесе топпен жұмыс жасғанды ұнататынын аңғардым.

Осы жұмысым арқылы Ержанды қырсық мінезді,өз дегенін істейтін,суретке деген қызығушылығын әсіресе қылқаламмен жұмыс жасағанды,жалғыз өзі ойнағанды ұнататынын байқадым.Осы нәтижем арқылы , күнде балабақшаға келген кезде Ержанға өзіне ұнаған суретін салғызып жүрдім.Бірте-бірте баланың суретке деген қызығушылығы артты.Әдемі салған суреттерге мадақтамалар айтып,әртүрлі конкурстарға қатыстырдым.Сол арқылы баланың мінезі түзеліп, жақсы жағынан көрінді.Апайдың айтқанын тыңдап,балалалармен бірге ойнағанды ұнатты.Қортындылай келгенде Ержан қазіргі таңда ақылды,тәртіпті үздік оқушының бірі болып жүр.Осы іс-тәжірбием арқылы тәрбиешілікке деген қызығушылығым артты.

«Өзіңнен  өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл», - дегеніндей, әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екендігін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе  жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады, демек, баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады демекпін.

Бүгінгі таңда тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін  өз мамандығымды қатты жақсы көремін. Өйткені, бұл мамандық-менің жүрек қалауым. Сондықтан да мен өз мамандығымды жоғары бағалаймын.

Әбунасыр Әл Фараби “жаман мамандық болмайды,адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді,жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады.Қандай әрекет,қандай іс істесек те, содан рахмет табу,соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады ” деген. Әр адам өз мамандық таңдауынан жаңылмай,өз өміріміздің кірпішін дұрыс қаласақ,сонда ғана болашаққа жақсы ұмтылыс болады.

Қазақ  ағартушысы  М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен, мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Тәрбиеші-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр аталуына пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу-тәрбиешінің басты міндеті.Дұрыс таңдау-біздің жарқын болашағымыздың кепілі.Менде мамандық таңдаудан еш жаңылған жоқпын деп ойлаймын.Себебі қазіргі балаларымның жетістігі,менім жетістігім.


































“ Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік ”


Жүргізуші:Біздің туған еліміздің,туған жеріміздің егеменді ел болып,тәуелсіздік алғанына 25 жыл толыпты.

Құрметті ұжымдастар,қонақтар,балалар тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Бүгінгі салтанатты мерекемізді әнұранымен бастайық.

Тәуелсіздік-

Менің байтақ Отаным.

Бір өзіңсің Мұхтар,Абай,Шоқаным

Тәуелсіздік –сәбиімнің күлкісі,

Тәуелсіздік –ақ батасы атамның.

Он алтыншы желтоқсан-

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекені ел тосқан,

Атамменен барған күн.

Он алтыншы желтоқсан-

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеде ел тосқан,

Шырқатып ән салғанмын.

Он алтыншы желтоқсан-

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше болып мәңгілік,

Ел жанында қалған күн.

Мерекеге шығады,

Бүкіл халық біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік-ұлы той.

Балалардың өлең шумақтары.


Бексұлтан:Биік болсын шоқтығын,

Атыңды айтам ән қылып.

Желбірейді көк туың,

Төбемізде мәңгілік.

Нұрайым: Көк байрағы бабамның,

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке,баланың,

Қазақстан жалауы.


Исламали: Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде.

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам-бас қалам!


Гүлсана: Бақыт ел-бұл Отан,

Бұл Отанды сүйемін.

Біздің Отан-Ұлы Отан,

Мен Отанды сүйемін.


Іңкар: Отан туған үйіміз,

Отан-туған жеріміз.

Отан –ортақ үйіміз,

Отан-ән мен күйіміз.


Біржан: Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің Қазақстан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің Қазақстан.


Мансур: Егеменді ел болдық,

Ұлттық намыс оянып.

Гүлденсін мәңгі жайқалып,

Тәуелсіз қазақ еліміз.



Ән:”Атамекен”.


Жүргізуші:Шықты тарап ой-данадан,

Бәрі қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап,сайлап алған,

Елімнің бар Призеденті.

Ол да аямай жанды салды,

Жету үшін мұндай сыйға.

Нұрсұлтан Назарбаев-Ел басшысы,

Көгіңдегі тудай сыйла.

Гүл жайнаған Астана-

Қазақстан Отаны.

Бірін-бірі сыйлаған

Туысқандар Отаны.


Би:”Жалау”.


Жүргізуші:Алтын таңнын аясында,

Бақытты өскен баламыз.

Еркін өмір шат заманда,

Шырқап әнге саламыз.

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң,Қазақстан.

Елім менің-тірегім,

Құшағыңда гүл атам.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің-Қазақстан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің –Қазақстан.


Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын!Елімізде бейбіт,тыныш заман болсын!






































«Тіл мерекесі».









































Жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Балбөбек» балабақшасының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.


Жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдерінің

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан

Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.


Монтаж :

1-бала Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым дара тілім.


2-бала Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышы елімнің.


3-бала Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.


4-бала Бұл гүлденіп жайнаған

Гүлстандар Отаны!

Бірін-бірі сыйлаған

Туысқандар Отаны!

Бұл ғажайып мұратты

Халықтардың Отаны!

Алтын заман құратын

Алыптардың Отаны!

Сол алыптың бірімін-

Отанымның ұлымын!

Тілім, дінім, самғаған, шарықтасын

Самғаудан еш уақыт жалықпасын

Өз алдында өмірден теңдік алған

Ана тілім көгімде қалықтасын.


Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге сырлы ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік


Ән топ: Қазақ тілім- Ардақты


Жүргізуші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты, қане, бәріміз қошеметтеп қарсы алайық. /Муз. Әуенімен залга Ару Ана кіреді.


Ару Ана: -Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Мен Аруанамын! Cендердің балабақшаларыңда Тіл мерекесі болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім! Бұл жерге әр ұлттың өкілдері жиналыпты ғой! Қандай керемет десеңші! Бәрі бір-бірімен тату-тәтті!


Жүргізуші: Сәлеметсізбе Ару Ана! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз! Біздің Тіл мерекемізге әр ұлт өкілдері құр келмей өз өнерлерін ала келіпті.


Жүргізуші: Қазір қазақтың ұлттық биін тамашалайық!


Би: «Қазақ биі» “Ақкөгершін ” тобын қарсы алыңыздар!


Монтаж:

1-бала

Сүйесің өз тіліңді

Боласың білімді

Өз тілің үйретер

Өнерді ғылымды

Ардақта тіліңді


2-бала

Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.



Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.


Би: «Орыс биі»

Ару Ана: Өнерлерің үстем болсын балалар! Балалар сендер тілге байланысты мақал-мәтел білесіңдер ме? Қане кім айтады?


1-бала .Сөз асылы – мақал.

2-бала. Өнер алды қызыл тіл.

3-бала. Шешеннің тілі артық.


Шебердің қолы артық.


4-бала. Жақсы сөз – жарым ырыс.

5-бала. Тіл тас жарады.-


Тас жармаса бас жарады.


Жүргізуші:

Ана тілім- өзгелерден бөлексің,

Бала жүрек саған арнап жыр төксін.

Қай асылға теңдесемде жарасар,

Ана тілім –баға жетпес өнерсің.


Ән: «Ананың тілі»



Ару Ана:- Талаптарыңа нұр жаусын!


-Балалар, қане көңілімізді бір сергітіп алайық! Ойын ойнағыларың келе ме?


Ойынның аты: Арқан тарту.


Ойынның шарты: Екі топқа бөлініп күш сынасып көрейік. /6-6 баладан таңдап алады/


Жүргізуші: Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

1-бала.

Жанымнан қымбат

Ана тілім маған

Ана сөзден тыңдап

Үлгі өнеге алам.




2-бала.

Ана тілім – анам,

Аппақ қардай арым

Мұра еткен бабам

Жарқыраған жаным.


3-бала.

Ана тілім –елдігім

Ана тілім-ерлігім.

Тілді биік құрметтеп

Тойлап жатыр ел бүгін


4-бала.

Ана тілім-тірегім

Ана тілім – жүрегім.

Қасиетті елімнің

Тек өзің деп білемін.


Жүргізуші: Бізге өзбек халқының ұлт өкілдері өз өнерлерін алып келіпті. Қошеметпен ортаға шақырайык!


Би: «Өзбек биі» Биші қыздарымыды ортаға шақырайық!


Ару Ана: Балалар әрдайым осындай тату дос болып, өз тілдеріңді құрметтеңдер. Осындай өнерлеріңе тамсанып қуанып кетіп барамын. Келесі кездескенше сау болыңдар!


Ән хор: -Балабақша әнұраны.


Жүргізуші:

Тілмен ғана қызық менің тірлігім

Тату еткен ел мен елдің бірлігін.

Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,

Туған тілде алып жүрміз біз білім.


Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау

Туған тілді қорғап бақшы қазақ-ау

Сарқылмайтын қуатпенен күш берген.

Туған тілдің қасиеті ғажап-ау!


Осымен құрметті қонақтар, балалар бүгінгі тіл мерекесіне арналған

ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

























1-Ойыншықты жинамыз, 17-Тәрбие берген ұямыз,

Бөбектерге сыйлаймыз. Тәртіпті бала боламыз.

Өнер білім үйреткен Қоштасып бала бақшамен,

Өзіңізді қимаймыз. Мектепке біз барамыз.



2- Мектепке ертең барамыз,

Үлгілі оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.



3- Үйренгенбіз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Бал татиды әніміз,

Мың бұралған биіміз,

Үйреткен оны Аймерей апай,

Қарыздармыз бәріміз.



4- Витамин жеп қолынан,

Өскен сәби баламыз.

Салтанат апай сізге де,

Алғыс айтып барамыз.



5-Баулап баптап өсірдіңіз,

Бұзықтық етсек кешірдіңіз.

Ұмытпаймыз сөзіңізді,

Зинур апай өзіңізді.



6- Ақ төсекке жатқызып,

Тәтті тамақ ұсынған,

Бала болып ойнаған,

Ақмарал апайды сағынам.


7- Томпиған дәмді бауырсақ,

Бізге арнап пісірген,

Шебер қолды аспазшы

Сәнім апайды сағынам.






8- Бізде мұнда әрдайым,

Бәрі-бәрі дап-дайын,

Қамымызды ойлаған

Гүлзада апайға мың алғыс.



9- Балабақша сәнін

Келтіретін бәрін

Оң қолынан өнер тамған,

Марина апай жақсы адам.



10-Балалықты кешірген,

Еркелетіп өсірген,

Ұмытпаймыз әрқашан

Әсел апай жақсы адам.


11-Ес білгелі өзіңізді,

Көрдік біз, сұлу жүзіңізді.

Ұрыспайтын әрқашан,

Луйза апай жақсы адам.


12- Өздеріңізді ұмытпай,

Есімізге аламыз.

Ұмытпаймыз деп әрқашан,

“Балабақша” әнін саламыз.


13- Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны ерекше,

Бақшамызбен қоштасатын,

Бүгінгі той ерекше.


14- Бүгін қызық,бүгін той,

Біздер үшін біліп қой.

Әнге салып,би билеп,

Жалғастырсын ойды-ой.


15- Біздер бес жастамыз,

Сәбиліктен асқанбыз.

Мектеп бізді шақырды,

Қош бол,әсем бақшамыз.


16-Қош бол балабақшамыз,

Естен кетпес есімін,

Қош бол балабақшамыз,

Алғаш ашқан есігім.

Білім беру саласы:”Қатынас”,”Таным”,”Шығармашылық”,

Денсаулық”.


Оқу-іс әрекетінің түрлері:

Мақсаты:Балалардың ойын арқылы білімдерін бекіту.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,ойын,сергіту сәті.

Көрнекілігі:плакаттар,

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Армысың Алтын күн!

Армысың Жер-ана!

Армысың апайлар!

Армысың достарым!


Балаларды шаттық шеңберге тұрғызамыз.

Балалар менің қолымда жіп бар,жіпті біз жер шары деп аламыз.Сол жіп арқылы біздер бір-бірімізге жақсы,жылы сөздер,тілектер айтамыз(.Балалар жіпті ұстап жақсы сөздерді айтады.Мысалы:денсаулығын мықты болсын,аспанның ашық болсын,жүзіннен күлкі кетпесін,жақсы бала бол,бақытты бол,мейрімді бол т.б

Балалар көрдіңдер ме,біздер осы жіп арқылы бір-бірімізбен байланысып отырмыз,осылай әрқашанда бірге болсандар,елімізде тыныштық,

ынтымақ,достық,бірлік болады.

Балалар біздер бүгін “Ғажайыпқа саяхатқа” шығамыз.

Бір-біріміздің белімізден ұстап.пойыздың даусын салып,кеглидің арасынан өтеміз.

Балалар көрдіңдерме,жерде хат жатыр,оның ішін ашып оқиық.

1тапсырма:1-10 дейін санату,пішіндерді атау,түстерін ажырату,тура және кері санау.

2 тапсырма:Айырмашылықтарын тап!

Сергіту сәті:

1,2,3 алақанды соғайық

Қолымызды алға,артқа сермеп алайық,

Бір отырып,бір тұрып,

Бір жүгіріп алайық.


Балалар біздер орманға да жетіп қалыптық.Балалар қарандаршы орман қандай әдемі,тамаша.Балалар таудан су ағып жатыр.Суға қолдарымызды батырып айтамыз.

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолынды жу.

3 тапсырма:Тыйым сөздерді айтқызу.

Суға түкірме,суды шашпа.

Балалар қарандаршы,таудың артқы жағында сиқырлы қорапша тұр.

Қане ашып көрейік.

Балалар қорапшаны ашпас бұрын хатты оқып алайық.

4 тапсырма:Бөліктерін тап.

Балалар геометриялық пішіндермен жемістердің бөліктерін тауып,оларды бөліп қою.

5 тапсырма:

Қуыршаққа үй жасау.алманы мүсіндеу.









































Білім беру саласы:”Қатынас”,”Таным”,”Шығармашылық”,

”Денсаулық”.


Оқу-іс әрекетінің түрлері:”Көркем әдебиет”,”Жапсыру”,”Мүсіндеу”,”Дене тәрбиесі””ҚМТҚ”.

Мақсаты:Балалардың ойын арқылы білімдерін бекіту,сөздік қорын молайту,сұраққа толық жауап беріп,ойларын толық жеткізе білуге және шапшаңдылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,ойын,сергіту сәті.

Көрнекілігі:кеглилер,суреттер,ағаштар,таулар,араклдер,үнтаспа ,ермексаз .




Қызмет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-ояту































Шаттық шеңбері

Армысың Алтын күн!

Армысың Жер-ана!

Армысың апайлар!

Армысың достарым!

Балалар менің қолымда жіп бар,жіпті біз жер шары деп аламыз.Сол жіп арқылы біздер бір-бірімізге жақсы,жылы сөздер,тілектер айтамыз.

Балалар көрдіңдер ме,біздер осы жіп арқылы бір-бірімізбен байланысып отырмыз,осылай әрқашанда бірге болсандар,елімізде тыныштық,

ынтымақ,достық,бірлік болады.



Балалар біздер бүгін “Ғажайыпқа саяхатқа” шығамыз.

Бір-біріміздің белімізден ұстап.пойыздың даусын салып,кеглидің арасынан өтіп барамыз.





Балалар шаттық шеңберді жасайды.





Балалар жіпті ұстап жақсы сөздерді айтады.

Денсаулығын мықты болсын,аспанның ашық болсын,

жүзіңнен күлкі кетпесін,жақсы бала бол,бақытты бол,мейрімді бол т.б


Пойыздың даусын салып,кеглидің арасынан өтеді.

Ұйымдастыру-

іздену.


















































Рефлексивті – түзетушілік



Балалар көрдіңдерме,жерде хат жатыр,оның ішін ашып оқиық.

1тапсырма:

1-10 дейін санату,пішіндерді атау,түстерін ажырату,тура және кері санау.


2тапсырма:Айырмашылықтарын тап!



Сергіту сәті:

1,2,3 алақанды соғайық,

Қолымызды алға,артқа сермеп алайық.

Бір отырып,бір тұрып,

Бір жүгіріп алайық.


Балалар біздер орманға да жетіп қалыптық.Балалар қарандаршы орман қандай әдемі,тамаша.

Балалар таудан су ағып жатыр.Суға қолдарымызды батырып айтамыз.

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолынды жу.


3 тапсырма:Тыйым сөздерді айтқызу.

Суға түкірме,суды шашпа.

Балалар қарандаршы,таудың артқы жағында сиқырлы қорапша тұр.

Қане ашып көрейік.

Балалар, қорапшаны ашпас бұрын хатты оқып алайық.

4 тапсырма:Бөліктерін тап.

Геометриялық пішіндермен жемістердің бөліктерін тауып,оларды бөліп қою.

Балалар сыйқырлы қорапшаның ішінде қуыршақ бар екен.

Біздің қуыршағымыздың үйі жоқ екен,соған біздер үй жасап берейік және қарыны ашып қалған шығар алма берейік.

5 тапсырма:

Қуыршаққа үй жасау.алманы мүсіндеу.


Тәрбиешімен бірге өздерінің жүрген жолдарымен кері қайтып,сұрақтарға жауап қайтарады.

Тосын сый кезеңі:

Тәрбиеші балаларға қуыршақтың қорапшасынан мұз кәмпитті сыйға тартады.

Тәрбиеші сабақты қортындылайды.



1-10-ға дейін кері және тура санайды.




Балалар суретке қарап айырмашылықтарын табады.



Балалар сергіту сәтін жасайды.









Балалар қолдарын суға батырып,сергіту сәтін жасап,тыйым сөздерді айтады.




Суға түкірме,суды шашпа.






Балалар бөліктерді тауып ,бір-бірлерінен ажыратады.


Балалар екі топқа

бөлініп,араклден геометриялық пішінді қиып,қуыршаққа үй жасап береді және

ермексаздан алманы мүсіндейді.




Балалар орманнан не көргендерін айтып,тапсырманы жақсы орындаған үшін мұз кәмпитті алып, алғыстарын айтады.






















































































-80%
Курсы повышения квалификации

Менеджмент в образовании

Продолжительность 108 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
5900 руб.
1180 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Мамандығым - мақтанышым (2.38 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт