Күні: 10.02.2016 ж.
Сыныбы: 5
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды Word Pad мәтіндік редакторында мәтіннің үзіндісін ерекшелеу түрлерімен, қаріп кескінің өзгерту, абзацты пішімдеу әдістерімен таныстырып, практикалық тапсырмалар орындау арқылы компьютерде жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа тақырып түсіндіру.
Компьютерде практикалық жұмыс орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
Экранда презентация ашылады. Презентацияда тіктөртбұрыштар, әр тіктөртбұрышта 10-30 аралығында балл жазылған. Оқушы өзіне қажетті балды таңдайды.
10 балл – жеңіл сұрақтар бағасы «3»-ке тең;
20 балл – орташа сұрақтар бағасы «4»-ке тең;
30 балл – қиын сұрақтар бағасы «5»-ке тең;
Жаңа тақырып түсіндіру.
Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, алдымен жасырылған сөздерді орыс тіліндегі нұсқасының аудармасын қазақ тілінде табу арқылы тақырыпта қолданылатын терминдерді жазып, тақырыпты ашу.
Жасырылған сөздер: Мәтін, Қаріп, Азат жол (Жаңа ой), Пішім
Ашылған терминдерден жаңа тақырыпты жазу.
Мәтін үзінділерін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу
Мәтін - жалпы бір тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық ақпаратты жеткізетін мазмұнды, мәнді сөйлемдердің тізбегі.
Қаріп - Белгілі бір алфавитті, санды және белгілерді көрсететін сөздер жиынтығы.
Азат жол - қара сөздегі мәтіннің әр бөлімінің алдыңғы жолын тұтас қатардын сәл шегіндіріп бастау. Мәтіннің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөліктерін бір - бірінен ажырату үшін қажет. Жаңа ойды білдіреді.
Пішім - құжаттағы мәтінді, мәліметтер базасындағы, файлдағы орналастыру тәсілі мен құрылымы.
Мәтінді ерекшелеу үшін тышқан құрылғысы мен пернетақтада пайдаланылады.
Кейде экранда бірден жолды, абзацты немесе тұтастай мәтінді ерекшелеген ыңғайлы. Бұл жағдайлар үшін арнайы тәсілдер ойластырылған.
Тұтас жолды ерекшелеу. Тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шерту арқылы орындалады.
Тұтас абзацты ерекшелеу. Тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын екі рет шерту арқылы орындалады.
Тұтас мәтінді ерекшелеу. Тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын үш рет шерту арқылы орындалады.
Мәтінді толық ерекшелеу үшін - Ctrl+A пернелер үйлесімін бас керек;
Мәтін үзінділерін ерекшелегеннен кейін, Қаріп терезесін мәзір қатарынан Формат – Шрифт командасын орындау арқылы көреміз. Ашылған терезеде Қаріптің түрін, көлемін, түсін, көлеңкесін, қалың, қиғаш және асты сызылуы амалдарын орындауға болады.
Қаріппен жұмыс жасағаннан соң, Азат жол терезесін мәзір қатарынан Формат – Абзац амалын орындаймыз. Ашылған терезеде Азат жолды сол жағынан, ортасынан, оң жағынан, екі жағынан да түзету, екі сөздің және екі жолдың арақашықтығын және шегіністі белгілеу жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы.
Азат жолды пішімдеу үшін өлшемін өзгерту арқылы мәтінді ерекшелеу, қаріптің және беттерді ортаға түзету, осы сияқты параметрлерін қолдануға тиімді болып келеді.
Сонымен қатар, тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады сол уақытта SHIFT+CTRL пернелерін басып тышқанның сол жағын шерту арқылы түгел мәтінді ерекшелеуге болады.
Мәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.
Біздер оқу жылының басында пернетақта тақырыбын өткен болатынбыз. Delete, BackSpace пернелері қандай қызмет атақарады?
Дұрыс, Delete пернесімен – курсордан оң жақта орналасқан символды, BackSpace пернесімен – курсордың сол жағында орналасқан символды жоюға арналған.
Мәтіннің барлық бөлігінде тұтас немесе сөз тіркесін алмастыруға болады, ол үшін Правка – Заменить командасы немесе CTRL+H пернелерін басу арқылы іске асады.
Мәтіннің ерекшелеген бөлігін екі тәсіл арқылы жылжытуға болады:
Тышқанмен сүйреу арқылы;
Алмасу буферін қолдану (мәтін бөлігін ерекшелеп, оны алмасу буферіне қиып алу, мәтіндік курсорды керек жерге апарып, бөлікті алмасу буферінен кірістіру).
Көшіру амалы жылжытуға ұқсас келеді:
Ерекшеленген бөлікті тышқанмен CTRL пернесін баса отырып жылжытамыз;
Немесе оны алмасу буферіне Копировать батырмасы арқылы көшіріп керек жерге кірістіреміз.
Сонымен біз мәтінді теріп, ерекшелеуді, көшіру, жылжытуды үйрендік. Ал енді өз құжатымызды қалай әдемі және тартымды жасаймыз?
Ол үшін балалар Қаріптің кескінің, қаріптің өлшемін т.с.с. амалдар орындауымыз керек.
Қаріптің кескінің мына батырма арқылы өзгертуге болады, ал қаріптің өлшемін батырма арқылы өзгертіледі.
Сонымен қатар, мына үш батырманың да қызметі туралы айта өтейін:
-қаріптерді жуандатады; - қаріптерді қисайтады (мұндай қаріп курсив деп аталады); - мәтіннің астын сызады.
Берілген мәтінді қолданып оқушыларға осы амалдарды интерактивті тақта арқылы көрсетемін.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Абзацтардағы шегіністер: Мәтін азат жолдан басталады:
Компьютерде практикалық жұмыс орындау.
1.тапсырма: «Сәтемір хан»
Сәтемір жеті жасында атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан - жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның тө - бесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі; тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барған - да тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады; ақыры, бар күшін салып, қисая - мисая барып, тамның төбесіне шығып кетіпті.
Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: «Құдай - тағаланың жаратқан жан - жануарының ең кішкентайы осы құмырсқа екеш құмырсқа да тынбай жұмыс жасап жүр; өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті, тамның басына шықты. Мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық екен» деп, ойынын тастап, қалаға барады. Қалада бір білімді, оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты - мыс.
Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған екен
Берілген «Сәтемір хан» мәтініне төмендегі амалдарды орындандар:
Құжатты өз бумаларыңда Сәтемір хан деген атпен сақтаңдар.
2. Түзету мәзіріндегі Ауыстыру бұйрығын пайдаланып, мәтіндегі «Сәтемір» сөзін «хан» сөзіне алмастырыңдар.
3. «;» белгісін «.» белгісіне ауыстырыңдар. Пайда болған сөйлемдердегі бірінші әріптерді бас әріптерге ауыстырыңдар.
4. Өз бумаларыңның Сәтемір хан файлындағы өзгерістерді сақтаңдар.
2 – тапсырма:
Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі,
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі. Ағашты жемісінен таниды, Адамды ісінен таниды.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы
Сөздердегі қателерді түзетіңдер, артық символдарды алып тастаңдар, бос орындардың қойылуына назар аударыңдар.
2. Мәтінді әр мақал бір жолда жазылатындай етіп түзетіңдер. Еnter, Васкsрасе және Delete пернелерін қолданыңдар:
• егер бір жолда екі мақал орналасса, онда курсорды бірінші мақалдың соңына қойып, Еnter пернесін басыңдар;
• егер бір мақал екі жолда орналасса, онда курсорды бірінші жолдың соңына қойып, Delete пернесін басыңдар (курсорды екінші жолдың басына цойып, Васкsрасе пернесін басуға да болады).
Сабақты бекіту.
Компьютерде тест тапсырмасын орындату.
Үйге тапсырма.
1. Тақырыпты оқып, бақылау сұрақтарына жауап беру.
2. Өткен тақырыптардан 10 сұрақтан тұратын тест құрастыру