Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  "М" дыбысы мен әріпі

"М" дыбысы мен әріпі

"М" дыбысы мен әріпі мақсаты:балаларға

16.02.2018

Содержимое разработки

Сауат ашу негіздері. Мектепалды даярлық топ жетекшісі: Сарсенова Бакытжан Толеутаевна Алматы облысы.Сарқан қаласы «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу іс - әрекет түрі: Сауат ашу
Тақырыбы: «Мм» дыбысы мен әріпі»
Мақсаты: М дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. М дыбысын сөз ішінен таба білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. М дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайту Дидактикалық ойындарды ойнатып, баланың ойлау қабілетін, қиялдарын, зейіндерін дамыту. Әдемі - көркем жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекілігі: Слайд, Электронды оқулық, кеспе әріптер, таяқшалар, суреттер, бейнетаспа
Блингвизм: Мысық - кошка, май - масло, маса - комар, маймыл - обезьяна
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы: Жылулық шеңбері:


- Сәлеметсіңдер ме балалар? Бүгін қай күн? Аптаның нешінші куні?
Қайырлы күн, достым ! Қайырлы күн болсын !
Сәрсенбінің сәті, Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын.балаларды шеңберге тұрғызып өткенді пысықтау
- Балалар, біз өткен оқу іс - әрекетінде қандай дыбыспен таныстық?
- Д дыбысымен
- Ол қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс
- Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейді?
- Көк белгімен
- Қандай сөздермен таныстық?
- Доп, домбыра, бидай, дала, т. б.
Топқа бөлу: 3-топ - Жарайсыңдар балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақтың шешуін табамыз ба?- Топқа бөлу: 3-топ Олай болса мұқият тыңдаңдар.
Мұртын сипап тілімен
Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен
Көзі оттай жанады. (Мысық) - Балалар, жұмбақтың шешуі не?
- Балалар ойланып жұмбақтың шешуін табады.
- Мысық
Ғажайып сәт: (балалар таңдана қарайды)
Ой балалар, бір жылаған дауыс естіледі. Ол ненің дауысы? Қай жақтан шығады?
- Қане, көрейікші, ол не екен?
Ой балалар, мынау мысық қой.
- Мысық саған не болды, неге жылайсың?
Мысық:
- Мақта қыз менің құйрығымды жұлып алды, бер десем бермейді
Мақта қыз:
- Мысық менің қатығымды төгіп тастады,
сондықтан мен оның құйрығын жұлып алдым.
- Балалар, мен сендерге бірнеше тапсырмалар алып келдім, осы тапсырмаларды жақсы орындасаңдар, мен мысықтың құйрығын қайтарып беремін.
- Балалар, Мақта қыздың тапсырмаларын орындайсыңдар ма?
- Иә
- Тапсырмаларды орындау арқылы Мақта қыз бен мысықты татуластырайық.
Мақта қыз, Мысық деген сөздер қандай дыбыстан басталып тұр
- Мысықтың дауысын салайық?
- Мияу, мияу
-«Мияу» деген сөзде «М» дыбысы сөздің қай жағында келіп тұр?
- Басында
- «М» дыбысы қандай дыбыс?
- «М» дыбысын атайықшы, қалай айтылып тұр?
- М..., М..., М...
- Дұрыс балалар, созылмайды, кедергіге ұшырап барып айтылады.
1 – топ тапсырма: «М» дыбысы қалай айтылады.
.«М» дыбысын көк отауға апару.
«М» дыбысы дауыссыз дыбыс
- Жарайсыңдар балалар, сендер бәрін біледі екенсіңдер - «М» дыбысынан келетін қандай сөздер бар екен?
- Мысық, маймыл, маса, мейіз, мектеп, машина, мұғалім, медаль
- Жарайсыңдар балалар, «мақта» сөзін буынға бөлейік. Мақ - та
- Неше буын бар?
- Екі буын бар. Неше дыбыс бар
2 – топ тапсырма: «М» дыбысы неге ұқсайды?
Түйе өркешіне қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп.
- М дыбысы неге ұқсайды екен?
- түйе өркешіне,ұқсайды
3 – топ тапсырма: «Сиқырлы сандық»
Әрбір суреттің атауынан «М» дыбысын тап және оның қай сөздің қай бөлігінде тұрғанына байланысты әрбір сөзді сандыққа сал. «М»дыбысы бар сөздің басында келсе, 1 - ші сандыққа саламыз. Сөздің ортасында келсе, 2 - ші сандыққа, сөздің соңында келсе, 3 - ші сандыққа саламыз.
Балалар тапсырмаларды орындайды.
Мысық - 1 - ші сандыққа
Кәмпит - 2 - ші сандыққа
Маса - 1 - ші сандыққа


Қамшы - 2 - ші сандыққа
Жүзім - 3 - ші сандыққа
Қалам - 3 - ші сандыққа салады.
- Дұрыс балалар, тапсырманы жақсы орындадыңдар.
4 - тапсырма:«М»әріпін жазуды үйренейік»
Балаларға «М» әріпінің жазылу жолдарын бейнетаспадан көрсету. «М» әріпін ауада жазу. Дәптерді ашып, «М» әріпін жазуды ұсыну.
(Балалар «М» әріпін дәптерге жазады)
- Ал, енді балалар, «М» әріпін мына таяқшалардан құрастырайықшы. («М» әріпін таяқшалардан құрастырады)
Сергіту сәті: мысық пен микки маус биі
«Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны
Ойын шарты: Допты лақтыру арқылы бүгінгі танысқан «М» дыбысына байланысты сөздер тауып айту керек.
(Допты лақтырып, «М» дыбысына байланысты сөздер айтады)
Мақта қызды шығарып салу
- Рахмет саған Мақта қыз, дайындап әкелген тапсырмаларың өте қызықты екен.
Мақта қыз:
- Балалар, сендер қандай кереметсіңдер, мен әкелген барлық тапсырмаларды орындай білдіңдер, тапқыр, білімді екенсіңдер. Сендерге көп - көп рахмет айтамын. Мен енді Мысықтың құйрығын қайтарып берейін. Сау болыңдар балалар.
- Балалар, Мақта қыз бен қоштасып шығарып салайық
- Балалар, біз мысыққа көмектестік пе?
- Қалай көмектестік?
- иә, тапсырмалар орындап Қорытындылау:
- Қандай тапсырмалар орындадық, қандай дыбыспен таныстық?
-«М» дыбысымен
- «М» дыбысы қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс
- Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейді? - Көк белгімен
- Жарайсыңдар балалар, барлық топ тапсырманы орындап, тамаша жауап бердіңдер.





-80%
Курсы повышения квалификации

Основы тайм-менеджмента. Эффективное управление временем

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"М" дыбысы мен әріпі (415.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели