Меню
Разработки
Разработки  /  Музыка  /  Мероприятия  /  Прочее  /  «Күй өнерінің жұлдыздары»

«Күй өнерінің жұлдыздары»

Т?рбиеленушілерге ата?ты к?йшілер туралы толы?ыра? ма?л?мат беру, к?йшілерді? шы?у тарихын айтып беру, ?лттарды? музыка ?нерін с?юге, ?адірлеуге баулу, жергілікті жердегі к?йшілерді? жетістігіне то?талу білімділік.Т?рбиеленушілерге домбыра аспабында д?рыс ойнауды ?йрету.

04.03.2017

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Күй өнерінің жұлдыздары»

Мақсаты: Тәрбиеленушілерге атақты күйшілер туралы толығырақ мағлұмат беру, күйшілердің шығу тарихын айтып беру, ұлттардың музыка өнерін сүюге, қадірлеуге баулу, жергілікті жердегі күйшілердің жетістігіне тоқталу білімділік.Тәрбиеленушілерге домбыра аспабында дұрыс ойнауды үйрету.

Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, өнерлі болуға, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық. Қол икемділігін оң қол, сол қол икемділігін дамыту.

Сабақтың түрі. Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі. Баяндау, түсіндіру,іздендіру, сахналау.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, дәйек сөздер.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.(балаларды түгендеу)

  2. Өнер жұлдыздарымен таныстыру.

  3. Күйлердің шығу тарихымен таныстыру.

  4. Қорытынды


Миға шабуыл .(Әуен ойналады)

Кәне, балалар бәріміз көзімізді жұмып, денемізді еркін ұстай отырып, көңіліміз шаттанып, демімізді ішімізге тартып асықпай сыртқа шығарамыз да қолдарымызды жоғары соза, отырып мына сөздерді қайталаймыз.

- Мен жайдары ақкөңілмін;

- Менің қолымнан бәрі келеді;

- Мен айналама тек жақсылық тілеймін;

- Мен мейірімдімін;

- Мен бауырмалмын;

- Мен бақыттымын.


Жақсы балалар, енді осы жақсы көңіл күйімізді түсірмей бүгінгі сабағымызды бастайық.




Дәйек сөздер.

Құрманғазы күйлері дегеніміз – тұтас бір әлем, шоқтығы биік музыка.

Ғазиза Жұбанова.


Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,

Тыңдағанда көңілдің өсері бар.

Абай

1.Дайек сөзді балаларға оқыту.

2.Дайек сөзді балалар өз түсініктерін жеткізеді.

1-ші. жүргізуші:

(Бақтиза)

Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар! Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қазақ жерінің әр өңіріндегі атақты күйшілерімен және еліміздің күйлерімен таныстыру.Сонымен «Күй өнерінің жұлдыздары» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер.

Күй- қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Күй ұлы оқиғалары өмір шындығын, қазақ жерінде болған айтыс- тартысты ,той- думанды , тұрмыс- тіршілікті, табиғатты суреттейді. Күй – халық мұрасы қазақ халқында Құрманғазы , Дина, Дәулеткерей Қазанғап, Тәттімбет сияқты атақты күйшілер болған. Бұл күй шығарған адамдарды халық композиторы дейміз. Академик Ахмет Жұбанов осы халық композиторының еңбегін жарыққа шығарған.Ол «Замана бұлбұлдары» , «Құрманғазы» , «Дәулеткерей» еңбектерін жазған . Кейбір күйлердің авторлары белгісіз. Сондықтан ба бұл күйлерді халық күйлері деп атаған. Қазақ келіндерінің ибалы жүрісі, ұяң мінезі бейнелеген.

Домбырам жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,

Өнердің не екенін білмес едім.


Домбырам- досым менің күй аңсаған,

Өзімді өнерімді қиям саған.

Шағымда шабыттанған, қиялданған.

Шанағың бар шаттығың қияр маған.

Мұқағали Мақатаев.

2-ші жүргізуші.

(Вика)

Құрманғазы, Тәттімбет,

Домбырамен сайраған.

Жүрегіне от жақсын деп,

Елге күйін арнаған.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.

Өмірбаяны

Құрманғазы Сағырбайұлы

Ұлы күйші композиторы Құрманғазы қазіргі Жиделі деген жерде Атырау облысы Теңіз ауданында 1823ж шаруа отбасында дүниеге келген.

8-жасынан байда жалшылықта жүріп, өзі ағаштан ойып домбыра жасап, ауыл қарияларынан күй үйрене бастаған. Өсе келе күшті домбырашы болады. Алғашқы музыкалық қадамын 19-шы ғасырдың 70-ші жылдарының аяқ кезінен басталады. Ол қос ішекті домбырада сол кездегі ауыр тұрмысын, үстем таптардың халыққа көрсеткен зорлық-зомбылығын, және өз басынан өткен ауыр оқиғаларды сөйлете білген әр күйінің өзіндік шығу тарихы бар. Солардың «Адай»күйінің шығу тарихы жайлы ел аузында мынандай аңыз бар.

«Құрманғазы жолаушылап келе жатқан бір Адайдың үйіне түседі.Үй ішінде шал мен кемпір болады. Қай жерден, қай елден келе жатқанын толық аты жөнін Құрманғазы анық айтып бере қоймайды.»

«Көрініс көрсетіледі». Бір кезек үй иелері шаруалары болып далаға шығып кетеді. Осы кезде Құрманғазының көзі керегенің басында тұрған үкілі домбыраға түседі. Домбыраны қолына алып, бір екі қағып, әдейі теріс бұрап бұрынғы орнына іліп қояды. Біраз уақыт өткен соң кемпір мен шал, 17-18 жас шамасындағы қыз кіреді. Ешкімге қарамай бірден керегенің басындағы домбырасын алып тартуға айналады. Бір екі қаққасын домбыраныңбұрауының өзгергенін көріп, әке шешесінен сұрайды.Олар жазықты осы болар-ау деп, келген қонаққа қарайды. Қыз домбырасын өз бұрауына келтіріп, бір күйді тарта бастайды. Құрманғазы қызға қарап.

-Шырағым күйдің шоғын тартпай боғын тарттың ғой.

Домбыраны берші – дейді.

Құрманғазы бір күйді тарта жөнеледі.

-Шырағым қызылғұрт Құрманғазы деген бір күйші бар деп еді сен соның өзі емеспісің .-деген екен шал.

-Болсақ болармыз.-деген екен Құрманғазы.

«Адай» орындайтын Роженцова Виктория

Құрманғазының анасы Алқа да келін болып түскенше даланың ерке желіндей еркін өciп, еркек - шора болып, ойын - тойдың шырайын келтірген. Кейін Игіліктың қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады. Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айткыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын. Сол жылдарында «Кішкентай» деген күй шығарады. 1857 жылы Құрманғазыны түрмеге отырғызады. Сібірге айдатайын деп жатқан жерден ол қашып құтылады.

Шығармалары

Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Қашанда ел басына келген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердің иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.

Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге ің кәр жанның жүрек лүпілі сияқты.[3]

Курмангазы Сагырбайулы (каз. Құрманғазы Сағырбайұлы, (1818, Букеевская Орда, Российская империя — 1896, Букеевская Орда, Астраханская губерния, Российская империя) — легендарный казахский народный музыкант, композитор, домбрист, автор кюев (пьес для домбры). Выходец из рода Кызылкурт. Оказал большое влияние на развитие казахской музыкальной культуры.

Биография

Родился в 1818 году в Букеевской Орде (ныне Жангалинский район Западно-Казахстанской области) в семье бедняка Сагырбая. С раннего детства занимался игрой на домбре. Рано появившаяся склонность мальчика к музыке не вызывала у отца одобрения. Мать Курмангазы Алка, человек яркой индивидуальности и сильной воли, наоборот, разделяла любовь сына к музыке и поддерживала его. В возрасте 6 лет под давлением жестокой нужды Курмангазы был отдан в пастухи. В родном ауле Курмангазы с увлечением слушал заезжих кюйши, среди которых особо выделялся кюйши Узак, который заметил в юном Курмангазы особый интерес к музыке и предсказал ему большое будущее. В возрасте 18 лет Курмангазы покидает родной аул и начинает скитальческую жизнь бродячего кюйши. Вместе с Узаком он участвует в состязаниях, развивает своё мастерство и выдвигается в ряды выдающихся домбристов.

Вершиной творчества Курмангазы является кюй «Сары-Арка» наполненный светлой тональностью, рисующий картину бескрайних просторов казахской степи. Особые приёмы игры Курмангазы, во многом развивающие музыкальную технику того времени, бережно восприняли и разработали его ученики и последователи. Среди них были Махамбет Утемисов, Дина Нурпеисова, Ергали Есжанов и другие.

В 1880 году Курмангазы поселяется в местечке Сахма под Астраханью. Курмангазы, умудренный опытом, ставший глубокоуважаемым аксакалом в народе, собирает вокруг себя преемников по исполнительскому искусству — это Дина Нурпеисова, Ергали Есжанов, Мамен, М. Сулейменов. Широко известные в то время домбристы — Кокбала, Менетай, Менкара, Сугурали, Торгайбай, Шора — также считали себя учениками Курмангазы.

Умер в 1896 году, похоронен он в селе Алтынжар нынешнего Володарского района Астраханской области России.

1-ші жүргізуші. Саусақты қос ішекте безілдеткен,

(Бақтиза) Сарқады сабырымды төзімді еппен.

Сиқырлы дыбыстарға еліктейді,

Сырыңа құштар еді сезім неткен.

Қазақтың күйшілері-ай өнегелі,

Қоздырған ықтиярсыз делебені.

Қан тамыр қаттырақ соғатындай,

Құдірет күй сиқырына бөлегелі.


Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861, Бекетай құмы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 31 қаңтар 1955, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі.

Өмірбаяны

Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.

Дина Кенжеқызы Нұрпейсова 1861ж.Қазіргі Орал облысы Жаңақала ауданындағы «Бекетай құмында» дүниеге келген. 7-8 жасында қолына домбыра ұстайды. 9 жасынан бастап Құрманғазыдан күй үйренеді. 1888 жылы Құрманғазы Динаны ақырғы рет көріп ,енді күйді өз жаныңнан шығар деп ақыл айтумен қатар. Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз- деп,домбырасын ұсыныпты. Міне осы кезден бастап оның орындаушылық өнері мен композиторлық шығармашылық жаңа кезеңі басталады.

Дина 1880 жылы Беріш ішіндегі Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен Динадан Нұрпейіс атты бір ұл туған. Алайда, алғашқы перзенті дүниеге келген соң Қанас көп кешікпей қайтыс болады. Дина ата салтымен қайын інісі Шәпекке қосылады. Күйеуінің атын атамайтын дәстүр бойынша Дина күйеуі Шәпекті «Жәпек» деп атайтын болған. Кейбір деректерде «Жәпек» деп жазылуы содан. Динаның алғашқы күйеуінен көрген перзенті Нұрпейіс 14 жасында қайтыс болады. Кейін ел ішінде санақ па, сайлау ма, әйтеуір бір тізім алу атай алмаған Дина фамилиясының орнына қайтыс болған тұңғышы Нұрпейістің есімін атаған. Міне, Динаның Нұрпейіс келіні атануының сыры осында. Жәпек пен Дина бақытты ғұмыр кешіп, берекелі жанұя құрған.[1]

Шығармалары

Өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа.

С.Кристина.

Родилась Нурпеисова в 1861 году в Западно-Казахстанской области, Джангилинском районе. Тяга к музыке у нее проявилась рано, и преодолевая все препятствия, Дина в девять лет уже хорошо играет на домбре и становится, ученицей прославленного кюйши — Курмангазы Сагырбаева. Вот как уже на склоне лет она вспоминала о своем учителе в статье «Учитель» (опубликованной в газете «Социалистическая Алма-Ата», 23 апреля 1938 года): «Его голос звенел молодо, домбра под его опытными руками звучала ярко. Я была поражена силой и страстностью исполнения. На празднике состязались в умении петь и играть. Я боялась принять участие в состязании, но меня уговорили, и я сыграла один из кюев Курмангазы. Он внимательно слушал меня, и после мне передавали его похвалы.

Так началась моя дружба с великим учителем. Одиннадцать лет длилась она. И каждая встреча обогащала меня. Каждый раз я училась чему-нибудь новому у великолепного мастера домбры. Он любил слушать мою игру и не раз называл меня своей лучшей ученицей. Каждое указание, сделанное им, было для меня законом. Седой, но бодрый старик, которого не могли сломить ни царские тюрьмы, ни преследования жандармов, учил любить свой народ и прислушиваться к нему».

Дина чутко откликалась на все события, волнующие народ. Национальное восстание 1916 года, вызвало к жизни кюй «1916 год».

Особенно творчески плодотворным временем явились годы после установления в Казахстане Советской власти. Несмотря на то, что Дина встретила революцию в возрасте 57 лет, творчество ее не только не ослабевает, а наоборот, принимает более интенсивный характер. Нурпеисова стремится наверстать упущенные годы. Она много сочиняет, принимает деятельное участие в творческих смотрах народных талантов.

В 1939 году Нурпеисова участвует во Всенародном смотре исполнителей на народных инструментах. Игра ее была отмечена первой премией. А известный советский музыковед В. М. Беляев писал о выступлении Дины Нурпеисовой в журнале «Советская музыка» (1939 г. № 11) следующее: «Смотр поднял значение народных музыкальных инструментов как средства для развития музыкальной культуры широких масс. То высок " мастерство на казахской домбре, которое показала Дина Нурпеисова — этот «Джамбул домбры», является лучшим способом художественной агитации за сохранение и развитие этого и аналогичных ему инструментов».


Слайдта Динаның «Науай» күйі тыңдалады.

2-ші жүргізуші. Жарықтық көкірегінде күй кернеген,

(Вика) Жасынан талаптанып үй көрмеген.

Бата алып Құрмания, Орынбайдан,

Өнер жоқ заманыңда игермеген.

Ақ ордаң болмаса да байлы ауылдай,

Ақ бауыр өміріңнің жайлауындай.

Өзгеше қуат алдың өз ордаңнан,

Өмірдің сарқылмайтын қуатындай.


Өмірбаяны

Қазанғап (1854-1927) Халық күйшісі Қазанғап Тілепбергенұлы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Арал теңізінің жағасында Құланды түбегінің Ақбауыр деген жерінде қойшы отбасында дүниеге келген. . Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-ақ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім-түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке- шешесінен рұқсат алады.

Қазанғап көптеген атышулы күйшілермен кездесіп дәріс алды. Өзі де күй шығара бастайды. Әсіресе атақты Үсен төремен өнер жарыстыруға жасқанады екен. Кез-десуде талай күйлер шертіледі. Үсен төре мен Қазанғаптың арасындағы тартыс өнер мерекесіне айналады. Қос куйші бір-бірінен шеберлік асыра ал-. майды. Қазанғаптың асқан өнеріне, домбырашылық шеберлігіне аса разы болған Үсен төре оны қонақ етіп, үстіне шапан жауып, сый-қүрметпен аттан-дырады. Ал Қазанғап жаңа күйлер үйретіп, домбыра тартудың қыр-сыры жөнінде көптеген ақыл-кеңес берген Үсен күйшіні үстазы санап, өле-өлгенше қадірлеп өтеді. . Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегіне армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды.


Шығармашылығы

Жалпы, Қазанғап — эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы "Ноғайлы босқыны" деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып, "Жұртта қалған", "Окоп" деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп, "Қызыл керуен" деп бебеулейді. Ал "Майда қоңыр", "Учитель", "Өтті-ау дүние", "Көкіл" сияқты күйлері өмірдің мәні мен сөні туралы, бүгін мен болашақтың қамы туралы таусыла толғанады. Қазанғаптың күйшілік болмыеына ден қойғанда, оны да XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының рухани әлемінде көрініс тапқан антиутопиялық ағымның, кертолғау сарынының, зар заман тақырыбының аса дарынды өкілі деп таныған жөн.

Анжела.

Казанга́п Тлепберге́нулы (каз. Қазанғап Тілепбергенұлы, 1854—1921) — казахский кюйши и композитор

Биография

Казангап Тлепбергенулы родился и вырос местечке Акбауыр на Куландинском перешейке Аральского моря (совр. Шалкарский район Актюбинской области). Был родом из рода шанышкылы Старшего жуза.

Казангап с детства был известен своим пристрастием к музыке и заметивший это его отец изготовил для сына домбру. Первый кюй «Гнедой конь» был создан им в 1875 году. Впоследствии Казангап выступал во многих уголках казахской земли и встречался с множеством народных композиторов и исполнителей.

Кюи Казангапа посвящены человеческому достоинству, лирическим переживаниям, животному миру. В некоторых из них («Окопы», «Остался в народе», «Айтыс», «Моя эпоха», «Красный караван», «Учитель», «Красная юрта») отображены события 1916—1917 годов.

Казангап скончался в 1921 году и был похоронен возле аула Айшуак в Акбауыре.

Музыкальные произведения Казангапа вошли в репертуар Государственного оркестра казахских народных инструментов и используются современными казахскими композиторами и музыкантами. По словам его ученика Кадирали Ержанова, Казангап является автором 124 кюе

Қазанғаптың «Құс қайыру» күйі орындайтын Бақтиза .

1-ші жүргізуші.

Әбдімомын Желдібаев

Марапаттары:

Әбдімомын Желдібаев — қазақтың күйшісі, композиторы. 1934 ж. Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Жамбыл ауылында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдап, туып-өскен өңірінде мәдени салаларда қызмет еткен. Күйшінің атақты күйі "Ерке сылқым" құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылды.

Күйлерiмдi жүз рет толғанып, қырық рет толғатып барып шығарамын. Мен өзiм бiттi деген жерден бiтедi. Iзденiсiм сонымен тоқтайды.

Шығармалары

Композитордың "Толғау", "Ерке сылқым", "Боз жігіт", "Жесір сазы", "Ыдырыс", "Аққу", «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар.сияқты. Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған[3].

Марапаттары

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері.

Кюйши-композитор Абдимомын Желдибаев родился в ауле Жамбыл Шуйского района Жамбылской области в 1934 году. Закончил Казахскую национальную консерваторию имени Курмангазы и работал в родных краях на культурном поприще, пропагандируя казахское традиционное музыкальное искусство. Абдимомын известен в народе как кюйши-композитор. Широко распространены его произведения, выдержанные в духе традиционного искусства. Известны более десяти кюев А. Желдибаева, в том числе такие, как "Ерке сылкым", "Боз жигит", "Ыдырыс", "Акку" и др.

Ә.Желдібаев. «Ерке сылқым» күйі тыңдалады. Орындайтын домбырашылар ансамблі.

Қортынды:Оқушылар өз ойларын жазып көрсету арқылы қортындылау.

Мұғалім: Балалар бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерді бойымызға сақтап қалайық.Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар!

Мұғалім. Рахмет, балалар! Осымен бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті. Құрметті қонақтар және балалар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар.


-75%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Күй өнерінің жұлдыздары» (31.86 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт