Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Көркем әдебиет "Қайырымды қоян"

Көркем әдебиет "Қайырымды қоян"

К?ркем ?дебиеттен ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті. Та?ырыбы: "?айырымды ?оян"

02.10.2016

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қайырымды қоян. 10 – бет.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ертегіні балаларға түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Бала мен қоян арасындағы достықты үлгі ете отырып, достыққа адал болу қажеттігін түсіндіру.

Сөздік жұмысы: қайырымды.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: қоянның, баланың, ата-анасының және ормандағы аңдардың суреттері.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік.

Қостілділік компонент: қоян – заяц, дос – друг, әке – отец, шеше – мать.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберіне тұрып, өлеңді айтады:

Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз.

Шаттық

шеңберін

жасайды.

Ұйымдастыру-іздестіру


















2. Дәптермен жұмыс: Тәрбиеші «Қайырымды қоян» ертегісін оқып таныстырады (67-68 беттерден қарау). Сұрақтар:

- Әке-шешесі баласына қонаққа кімдерді шақыр деді?

- Бала қонаққа кімдерді шақырды?

- Әкесі баласына не үшін ұрысты?

- Бала жылап отырғанда көмекке не келді?

- Қоян қандай қайырымдылық жасады?

- Біз де қоянға ұқсап қайырымды бола аламыз ба?

3. Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына, Қиығы сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің. (Қимылмен көрсетеді)

4. Дидактикалық ойын: «Досым – менің мақтанышым».

Ойын шарты: балалар бір-біріне гүл ұсыну арқылы өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

- Елжан, сен менің мейірімді досымсың.

- Жайна, сен ақылды қызсың.

Осылайша ойын жалғаса береді.

5. Тыныштық сәті: Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, терең тыныс аламыз. Көз алдымызға қайырымды қоянды елестетіп көрейік. Қоян балаға қалай көмектесті? Көздерін ашып, қоянның қандай жақсылық жасағанын айтып береді.

6. Мақал жаттау:

«Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды».



Ертегіні тыңдап, түсінеді.






Сергіту сәтін жасайды.



Ойынды ойнайды.









Мақалды жаттайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорыту. - Балалар, қоянның қайырымды екенін білдік. Сендер де достарыңа көмектесіп, қамқорлық жасай біліңдер.




Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: ертегіні түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Қандай түсініктерді игерді: бала мен қоян арасындағы достықты үлгі ете отырып, достыққа адал болу қажеттігін түсіндіру.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.



-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Педагог дополнительного образования

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Көркем әдебиет "Қайырымды қоян" (14.4 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт