Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Планирование  /  5 класс  /  Координаталық сәуле

Координаталық сәуле

Та?ырыбы: • Координаталы? с?уле

Ма?сат:

Жа?а білім: • О?ушылар координаталы? с?уле, координаталар басы, н?ктелерді? координатасы ж?не бірлік кесінді ??ымдарымен танысады, о?иды.

Жа?а т?сінік: • Координаталы? с?уледе бірлік кесіндіні та?дап ала отырып берілген н?ктелерді кескіндейді ж?не координаталы? с?уледе белгіленген н?ктелерді? координаталарын таба білу біліктерін ?алыптастырады

?олданым ?рекеті:• Координаталы? с?уледе ?рт?рлі ?лшеммен алын?ан бірлік кесіндіге байланысты берілген есептерді шы?арады.

Шы?армашылы? ?рекет: •Суретке ?арап бірлік кесіндіні ?алай та?дап алын?анын ??ынып, координаталы? с?уледе белгіленген н?ктелерді? координатасын табуды т?сінеді.

14.02.2017

Содержимое разработки

Тақырыбы: • Координаталық сәуле

Мақсат:

Жаңа білім: • Оқушылар координаталық сәуле, координаталар басы, нүктелердің координатасы және бірлік кесінді ұғымдарымен танысады, оқиды.

Жаңа түсінік: • Координаталық сәуледе бірлік кесіндіні таңдап ала отырып берілген нүктелерді кескіндейді және координаталық сәуледе белгіленген нүктелердің координаталарын таба білу біліктерін қалыптастырады

Қолданым әрекеті:• Координаталық сәуледе әртүрлі өлшеммен алынған бірлік кесіндіге байланысты берілген есептерді шығарады.

Шығармашылық әрекет: •Суретке қарап бірлік кесіндіні қалай таңдап алынғанын ұғынып, координаталық сәуледе белгіленген нүктелердің координатасын табуды түсінеді.

Тақырып жоспары:

1. Бірлік кесінді ұғымы.

2. Координаталық сәуле.

Бірлік кесінді ұғымы

Сендерге 1 мм, 1 см, 1 дм, 1м, 1 км т.б ұзындық бірліктері белгілі. Қандайда бір ұзындықты өлшеу үшін ыңғайлы ұзындық бірлігі таңдап алынады. Мысалы, үй бөлмесінің ұзындығын метрмен, машинаның жүріп өткен жолын километрмен, кітаптың қалыңдығын сантиметрмен өлшеген ыңғайлы.

Ереже: Ұзындық бірлігі ретінде кез келген кесіндінің ұзындығын алуға болады.

Ұзындығын бірлік ұзындыққа тең етіп қандай да бір кесіндіні алайық.

О А

• • 1-сурет

Анықтама: Ұзындығы бірлік ұзындық ретінде алынатын кесінді бірлік кесінді деп аталады.

Координаталық сәуле

ОХ сәулесін салып, О нүктесіне сәйкес 0 санын жазайық. Сәуленің О нүктесінен бірлік кесіндіге тең ОА кесіндісін салайық. А нүктесіне сәйкес 1 санын жазамыз. Дәл осылай бірнеше бірлік кесінділерді бірінен соң бірін салып сәйкесінше 2, 3, 4 сандарын жазамыз. Сонда төмендегі (2-сурет) сандық сәулені аламыз.

О А Х

• • • • •

0 1 2 3 4 2-сурет

Осы сандық сәуледе кескінделген қалған нүктелерді В, С, D әріптерімен белгілейік(3-сурет).

О А B C D Х

• • • • •

0 1 2 3 4 3-сурет

Мұндағы 0; 1; 2; 3; 4 сандары сәйкесінше О, А, B, C, D нүктелерінің координталары деп аталады. Сондықтан сәулені __________________________, ал О нүктесін _____________________ деп атайды.

Координаталық сәуледе натурал сандар қатарының әрбір санын көрсету міндетті емес, тек бірлік кесіндінің ұштарын белгілесе жеткілікті.

Егер координаталық сәуледе үлкен сандарды мысалы 10, 20, 30 не 1000, 2000, 3000 т.с.с белгілеу керек болса бірлік кесіндінің ұзындығын осы сандарды қамтитындай етіп таңдап аламыз.

Мысалы: 100, 200, 300, 400, 500, 600 сандарын координаталық сәуледе белгілейік.

Шешуі: Ол үшін біз бірлік кесіндінің ұзындығын 0-100 дейінгі аралықты қамтитындай етіп аламыз.

О А В С Х

• • • • 4-сурет

0 100 200 300

Натурал сандар мен нөл координаталық сәуледе нүктемен кескінделеді.

4-суретте 0 саны О нүктесімен, 100 саны А нүктесімен, 200 саны В нүктесімен, 300 саны С нүктесімен кескінделген. Яғни

О нүктесінің координатасы 0 деп оқып, О(0) жазамыз.

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. 1) E, F, L, M және N нүктелерінің координаталарын табыңдар

(1-сурет).

О E F N M L

• • • • • • • • • • • • •

0 1

2. Координаталар басынан: P, S, T және Q нүктелеріне дейінгі қашықтық неге тең?(2-сурет)

O P S T Q

0 10

3. Бірлік кесіндінің ұзындығы ретінде 1 см-ді алып, координаталық сәулені салыңдар және А(3), В(7), С(9) нүктелерін кескіндеңдер.

ІІ деңгей тапсырмалары

1. Координаталық сәуледе K(11) нүктеcінің 1) сол жағында 4; 2) оң жағында 3 бірлік кесіндіге тең аралықта орналасқан нүктенің координатасын жазыңдар.

2. 3-суретте берілген M, N, S, K, P нүктелерінің координаталарын жазыңдар.

O M N S K P

0 600



ІІІ деңгей тапсырмалары

1. Координаталық сәуле бойында А(а) нүктеcі және В(а-2), С(а+4) нүктелері белгіленген. ВА, АС, ВС кесінділерінің ұзындықтарын бірлік кесінді есебімен табыңдар.

Шешуі:

O В А С

0 1 а-2 а а+4

ВА = 2 бірлік , АС = 4 бірлік , ВС = 6 бірлік.

Топтық жұмыс.

Оқушылар төменде көрсетілен есептерді үш топқа бөлініп орындайды.

І топ. № 48(1).

ІІ топ. № 48(2).

ІІІ топ.№ 48(3) есептерді шығарыңдар.

Әрбір оқушы координаталық сәуледе бірлік кесіндіні қалай таңдау керек екенін және берілген нүктелер арқылы бірлік кесіндіні табу туралы ой қорытады.

Үй тапсырмасы

1) Партаның ұзындығын өлшеп, бірлік кесіндіні өз қалауларыңша таңдап алып дәптерге салыңдар.

2) Кітаптағы тақырыпты қайталап оқып, № 37(2), № 38(2), № 40 есептерді шығарыңдар.





-80%
Курсы повышения квалификации

Организация дистанционного обучения для лиц с ОВЗ и инвалидов

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Координаталық сәуле (24.47 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт