Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  7 класс  /  Конспект урока тема: сан есім

Конспект урока тема: сан есім

7 сыныпта ?аза? тілі саба?ы ашы? саба? ?стазымды ?лгі т?тамын.

31.01.2017

Содержимое разработки

 

Қазақ тілі 7класс
Тақырыбы:. Ұстазды үлгі тұтамын. Есептік және реттік сан есім


Мақсаты: Кітапхана туралы жан - жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру. Мәтінді мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Әдепті болуға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Жеке, топтық жұмыс түрлерін орындайды.
Бейнефильм материалын тыңдайды, тақырыбы мен идеясын түсінеді, сұрақтарға жауап береді.
Өзіндік ой қорытады

Керекті жабдықтар: Электрондық оқулық, маркерлер, бағалау парағы, презентация, стикерлер, постерлер.
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Кіріспе
1. Ұйымдастыру бөлімі: 2 минут
Психологиялық ахуал тудыру
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын.

Балалар, біз бүгінгі сабағымызды да әдеттегідей тренингтен бастаймыз. Ол үшін ортаға шығып шеңбер болып тұрайық.

Жарқырап күн де ашылды,
Айнала нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз еңбектену
Еңбектену арқылы
«5» қолды жеткізу
Көңіл - күйлерің қалай?
Жарайсыңдар, енді орнымызға жайғасайық.

Үй тапсырмасын тексеру:
Енді, балалар, үй тапсырмасын тексеруге кірісейік. 5минут
1 Үй тапсырмасы үлестірмелі стикерлер арқылы диалог түрінде тексеріледі. Бірақ бұл тапсырмада сұрақтар мен жауаптар сендерге араластырылып берілген. Бірінші оқушы сұрағын оқыса, екінші оқушы жауабын табу керек.

Өте жақсы, жауапты тез және дұрыс таптыңдар.

Жарайсыңдар, балалар, үй тапсырмасын жақсы меңгергенсіңдер.

Енді әрі қарай бүгінгі жаңа тақырыбымыз бойынша тапсырмаларды топқа бөлініп орындаймыз. Ол үшін мына жердегі стикерлердің өздеріңе ұнағанын қалап алыңдар.
Кім қандай түсті алды, сол бойынша 2 топқа бөлінеміз. «қызыл түсті таңдағандар – қызғалдақ», «Сары түсті таңдағандар – бәйшешек». «Қызғалдақ» тобының басшысы - Анна, ал «Бәйшешек» тобының басшысы - Лилия болады. Топ басшылары әр тапсырма сайын топ мүшелерін бағалап отыруы керек.

Тұсаукесер
Қызығушылықты ояту. 3 минут
Ал, балалар, қазір мына суретке назар аударайық. (Электрондық оқулықтан кітапхана суреті көрсетемін).
Миға шабуыл.
1 Кім айтады қандай сурет көрдіңдер?
2 Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сонда қандай болады?
3 Дұрыс айтасыңдар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Кітапхана және сан есім». (Күннің жадын, тақырыпты дәптерлеріне жаздыру)

Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Кітапхана туралы білімімізді толықтыру, сөздік қорымызды молайту және сан есімдерді тапсырмалар арқылы пысықтау. Топтық жұмыстар орындау арқылы бір - бірімізге деген достығымызды нығайту.

Балалар, тапсырмаларды орындамас бұрын сан есім туралы айтайын.
Сан есім дегеніміз – заттың санын білдіреді.
Есептік сан есім заттың нақты, дәл санын білдіреді.
Қанша? неше? сұрақтарға жауап береді.
Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге – ыншы,- інші,- ншы,- нші жұрнақтарын қосу арқылы жасалып, заттардың сандық ретін білдіреді.
Негізгі бөлім
2. Мағынаны тану. 3 минут
1. Сөздік жұмысы. Тыңдалым.
Кітапхана
Сөре
Оқу залы
Кітапханашы
Көрме

3. Ой қозғау. 5минут
Мәтінмен жұмыс. Оқылым.
Кітапхана
Біздің мектептің екінші қабатында кітапхана бар. Кітапханада шкафтар тұр. Шкафта бес сөре бар. Бірінші сөреде әңгімелер, ертегілер тұр. Екінші сөреде энциклопедиялар. Шкафтың үшінші сөресінде ертегілер көрмесі орналасқан. Кітапханада бір оқу залы бар. Мұнда газет - журналдар және басқа да басылымдар көп. Балалар керекті әдебиетті сөрелерден тауып алады. Таба алмаған кітаптарды кітапханашыдан сұрайды.
4 Қазір осы мәтін бойынша «Қызғалдақ», «Бәйшешек» тобына сұрақ қояды, олар жауап береді.

5 Постермен жұмыс. 10 минут
Кітапханада не бар екенін әңгімелеп жазыңыз.
Жақсы, балалар, енді келесі тапсырмамыз постер толтыру. Ол үшін мен сендерге қажетті материалды берейін, бірақ сендерге ғаламторды пайдалануға да болады.

Бұл постерді толтыру барысында бағалау критерийлеріне сүйенуді ұмытып кетпеңдер. Постер соңында екі топ осы бағалау критерийлері бойынша бағалап, стикерге жазып, қарсы топтың постеріне барып ілу керек.

Өте жақсы, бұл тапсырма да сәтті орындалды, жарайсыңдар.
6. Сан есімдер
1 - топқа
Сөз тіркестерін оқып, сан есімдерді барын табыңыз.
Екі кітап. Екінші кітап. Жеті сөре. Үлкен кітап. Ұлы ақын. Таза кітап. Екі ақын. Тоғызыншы үй. Диаспен бірге.
2 - топқа
Реттік және есептік сан есімдерді ажыратып жазыңыз.
Үшінші. Он. Жиырмасыншы. Жиырма бес. Елу алты. Отыз алты. Қырық тоғызыншы. Қырық тоғыз. Елу алтыншы. Сексен бес. Жүз отыз бесінші.

7. Дәптермен жұмыс
1 - топқа
Сөйлемдегі тиісті сан есімдерді сөзбен жазыңыз.
1. Диас 9 жаста.
2. Ол 3 сыныпта оқиды.
3. Кітапхана 2 қабатта орналасқан.
2 - топқа
4. Ғазиза кітапханадан 3 кітап алды.
5. Кітап көрмесі 4 сөреде орналасқан.
6. Оқу залында 12 бала отыр.

8. Балалар, шаршаған шығарсыңдар, енді «Қара жорға» биімен серігіп алайық. 2 минут

Жақсы, балалар, серігіп алсақ, орнымызға жайғасайық.
Қорытынды 9 Ой толғау. Енді келесі тапсырмамыз Синквейн әдісі бойынша болады. «Қызғалдақ» тобына «Кітапхана» сөзіне фонетикалық талдау беріледі, «Бәйшешек» тобына «Кітапхана» сөзін септеу беріледі. 3 минут

10. Тест. 5минут

Жарайсыңдар, енді бүгінгі сабағымызды тест жұмысымен бекітеміз. Тест орындалғаннан кейін бір - біріңмен дәптер алмасып тексеріп, бағалайсыңдар.

1. Кітап алып оқитын орынды табыңыз.
а) Шеберхана в) асхана с) кітапхана д ) кабинет
2. Кітаптар тұратын орынды табыңыз
в) Сөре а) көрме с) орындық д) баспахана
3. Жаңа кітаптар үшін не жасалатынын табыңыз.
а) көрме б) сөре в) әдебиет с) басылым
4. Балалардың жақсы көретін әдебиетін табыңыз.
А) роман В) очерк С) ертегі Д) өлеңдер
5. Газет - журналдар басқаша қалай аталатынын көрсетіңіз.
а) әдебиет в) тарих с) басылым д) ертегі
6. Кітапты қалай ұстау керек екенін көрсетіңіз.
а) таңдау д) ұқыпты в) жоғалту с) төлеу
7. Жоғалған кітап үшін не төленетінін көрсетіңіз.
а) айыппұл д) әдебиет в) басылым с) көрме
8. Кітап алу үшін не істеу керек екенін табыңыз.
а ) жазылу д) таңдау в) іздеу с) жырту
9. Кітапханаға жазылу үшін нені айту керек екенін табыңыз.
а) Өлеңді д) ертегіні в) әңгімені с) аты - жөнін
10. Кітап қайдан шығатынын табыңыз
а) кітапханадан д) асханадан в) баспаханадан с) көрмеден

Жауаптары:
1. с 2. в 3. а 4. С 5. с 6. д 7. а 8. а 9. бс10. в

Ал 10 ұпай кімде, қолдарыңды көтеріңдер. Мінекей, керемет! Барлығың бүгінгі тақырыпты толық меңгерді деп ойлаймын.
Ал, кәне, сендердің ойларың қалай? Ал бағдаршамды көрсетіңдер.

Ал, балалар, кітапханада не бар?

11. Сабақ бойынша кері байланыс. 2 минут
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? Өздеріңнің ойларыңды мына стикерлерге жазып, оқисыңдар, содан кейін Алма ағашына барып жабыстырасыңдар.


-75%
Курсы повышения квалификации

Формирование у детей навыков безопасного участия в дорожном движении

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Конспект урока тема: сан есім (26.82 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт