Күні: 19.10.2015 жыл
Сыныбы: 6
Пәні: Қазақ әдебиеті
Мұғалімі: Тақсамбай А.Ж
Сабақтың тақырыбы :Мақал-мәтелдер.
Сабақтың мақсаты:
Әдебиеттің ауызша және жазбаша түрінің болатындығы.Ауыз әдеббиетінің түрлерінің ,онің ішінде тұрмыс-салт дәстүр жырлары туралы.
2. Ауыз әдебиетінің білім-білік дағдыларын одан әрі дамыту.
3. Ауыз әдебиетін құрметтеуге ,бағалауға үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,оқу,аудару,түсіндіру.
Сабақтың көрнекілік:оқулық,сөздік,ертегілердің кейіпкерлердің суреттері.
Пәнаралық байланысы: орыс әдебиеті
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
- Сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын түгендеу.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Сәлеметсіз бе!
- Кім бүгін сыныпта жоқ?
- Бүгін сыныпта ............
- Үй тапсырмасы қандай?
- Үй тапсырмасы .............
ІІ.Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы тексеру:
Ертегі дегеніміз не?
Ертегі нің неше түрі бар?
Хайанаттар ертегісіне қандай ертегілер жатады?
Шыншыл мен тұрмыс –салт ертегісіне қандай ертегілер жатады?
Әбділда Тәжібаев деген кім? Қысқаша өмірбаяның айтып беріңдер. Қандай шығармалары бар?
Толағай ертгесі қандай ертегіге жатады?
Әдеби ертегі мен халық ертегінің айырмашылығы неде?
ІІІ.Жаңа тақырыпты жариялау,мақсатың айту.
IV.Кіріспе сөзі.
-балалар біз өткен сабақта ертегілер туралы мағынасын түсіндік.Онің біз үшін қандай пайдасы бар екенін білдік.
-кәне жауап бере қойындаршы.
IV. Жаңа тақырыпты жариялау.
-Біз бүгін әдебиеттін мақал-мәтелдерін танысамыз
-Мақал-мәтелдер-ауыз әдебиетінің бір түрі.Халықтың өмірлік тәжірибесін алынған ой түйіні.
Мақал- мәтелдер-халық даналығының бір көрінісі.Онда аз сөзбен көп мағына беріледі.
Мақал- мәтелдер жақсы адам болап шығудың ережесі секілді.
Адамды жақсылыққа тірбиелейді.
V.Жазбаша жұмыс орындау:
Мақал- мәтелдер адамды тәрбиелейтін.
| Жақсылыққа
| Жамандылыққа ,жалқаулыққа
|
|
|
|
VІІ.Бекіту кезеңі.
Мақал- мәтелдер дегеніміз не?
Мақал- мәтелдер адамды неге тәрбиелейді?
Мақал- мәтелдер нені сынайды ?
Мақал- мәтелдер көлемі қандай?
Мақал- мәтелдер қалай айтылады?
Мақал- мәтелдер тақырыптары қандай?
VІІІ.Үй тапсырма беру.
4-5 Мақал- мәтелдерді жаттау.
Бағалау.


Конспект урока на тему: "Мақал-мәтелдер" (14.9 KB)

