Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  1 класс  /  Конспект урока казахского языка

Конспект урока казахского языка

план-конспект урока казахского языка 1 класс

06.03.2017

Содержимое разработки

Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 7

Мектеп: : «Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» Мемлекеттік Мекеме

«Степная орта мектебі»Коммуналдық Мемлекеттік Мекеме

Мұғалімнің аты-жөні : Искеева Айман Истаевна

Қатысқандар: 9

Қатыспағандар саны: 0

Күні: 30.01.2017

Сынып: 1

Сабақ тақырыбы

Біз «Медеуге» барамыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.5.1. Қимыл – қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған, көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.2.4.1. Шағын мәтінді/қарапайым оқиғаларды мазмұндау

1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.

1.4.4.1. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір – бірімен дұрыс байланыстырып жазу; санитарлық – гигиеналық талаптарға сай жазу.

1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

«Медеу» Мұзайдынына баратынын және онда не істейтіні туралы (коньки тебемін) айта алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Қазақстанның басқа да көрікті жерлерін атай алады, тақырып көлемінде «Медеу» мұзайдыны туралы ақпарат бере алады.

Кейбір оқушылар:

Сабақта үйренген материалды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады. Қазақстанның көрікті жерлері туралы қосымша ақпарат бере алады.



Жетістік критерийлері

- тақырып бойынша сөздерді түсіну;

- мәтін мазмұнын түсіну;

- диалог жүргізе білу;

Тілдік мақсаттар

Сөздік қор: Медеу, шаңғы, коньки , алтын, күміс, қола

Құндылықтарды дарыту

Спорт жайында дүниетанымын кеңейту; Универсиадаға деген қызығушылығын арттыру.

Пәнаралық байланыстар

дене шынықтыру, дүниетану

АҚТ қолдану дағдылары

Оқушылар интерктивті тақтамен және тыңдалым дағдысын дамыта отырып жұмыс істей алады.

Бастапқы білім

«Спорт» тақырыбы бойынша сөздерді біледі







Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин








Жетістік критерийлері

(П)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындық. Жоғары мотивациялы оқушы дайындап келгенқосымша ақпаратжәне бейнематериал қарау.

- Балалар, қазір теледидарда не туралы көп айтылып жатыр?

- Қандай әлемдік спорттық жарыс басталды?

- Ол қайда өтеді?

- Алматының қай жерінде деп ойлайсыңдар?

- Медеу

Медео

Medeo

(оқушылар Медеудің мұзайдыны екенін түсіну керек)

Флипчарт 2-6, қима-қағаздар









Сабақ ортасы

5мин








5мин




10мин








2мин



5мин







1мин



2мин



2мин


2мин


3мин







Жетістік критерийлері

(Д)Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Біз «Медеуге» барамыз.

Сын тұрғысынан ойлау мақсатымен, оқушылар сабаққа мақсаттарын өздері шығарады.

Олай болса бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?

Спорт туралы көп білу

Жаңа сөздермен танысу

Жақсы оқу

Мәнерлеп жазу

Сұхбаттасу арқылы тіл дамыту.


(Д)Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1 – тапсырмада берілген суретке назар аударады. Суреттердің артқы жағында сөздер жазылып тұр. Осы тақырыптарға арнап,тақтаға шығып сұхбаттасады.

(МК, Ұ)Оқулықпен жұмыс. 2 – тапсырма. Мәтінді алдымен мұғалім оқиды, содан соң оқушылар тізбек бойынша оқиды. Сурет бойынша оқушыларға «Медеу» сөзінің мағынасын түсіндірді. «Медеу» мұзайдынының еліміздегі көрікті жерлердің бірі екені туралы, сондай – ақ онда коньки тебуге болатынын, қыста тауда шаңғы тебуге болатыны туралы ақпарат береді. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.


Сергіту сәті.

Балаларды топтарға бөлу үшін, мен «Атомдар және молекулалар» сергіту сәтін өткіздім.

(Т)3 – тапсырма

Топпен жұмыс. Оқушылар бір – бірмен ақылдасып, дұрыс жауабын таңдап көп нүктенің орнына дұрыс суретін жабыстырады.

Е. Айдарова .... тебеді.

Николай Чиботко ... тебеді.

Ж. Алдабергенова .... тебеді.

(Ф)Балалар осы тапсырманы формативтік бағалау арқылы, бір – бірін смайлик арқылы бағалайды.


(Ө)Есте сақтау парағы арқылы, болымсыз етістіктің жұрнақтарын қайталау.


(ОТ)Дәптермен жұмыс. Балалар суретке қарап, тор көздің ішіне сөздерді жазу тиіс.

(Ф)Тапсырманы орындаған соң, балалар бір – бірін тексеріп, бағалайды.

Он екі, көк, мұз, медаль.

(Ө)Балалар оқулықтағы төртінші тапсырманы аудиодиск арқылы орындайды. Оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлеседі.

Үлгі:

Сен қайда барасың?

Мен «Медеуге» барамын.

Сен не істейсің

Мен коньки тебемін.

(Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай – ақ АКТ – ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.)

Флипчарт 7-8,

бейнеролик








Флипчарт 10, қима-қағаздар



Флипчарт 11, оқулық





Флипчарт 12



Флипчарт 13-14

Суреттер



Флипчарт 15, стикерлер

Флипчарт 16-17



Флипчарт 18-19, дәптер

Флипчарт 20

стикерлер

Аудиодиск:

5.7.4.

оқулық

Сабақтың соңы

5 мин











Жетістік критерийлері

(Қ)Сабақты қорытындылау үшін, біз сабақтың басында қойған мақсаттарға қайта оралдық. Мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.

Рефлексия жасату үшін, біз «Медеу» сөзін ойға байланыстырып класстер жасадық Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қандай жаңалықтармен танысқаны,қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой – пікірлерін білдіре алады.

Сабақтың соңыңда суммативтік бағалауды өткізіп, бағалардың түсініктерін бердім.

Сау болыңдар!

(оқушылар тақырып бойынша жаңа сөздерді біледі және диалог жүргізе алады)

Флипчарт 21



Флипчарт 22



Флипчарт 23

Бағалау кестесі

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Қабілеті жоғары оқушылар спортшылардың немен сырғанайтынын анықтайды.

Қабілеті орташа оқушылар мұғалімнің көмегімен спорт инвентарьларды атайды.

Мұғалім оқушылардың қабілетін бағалайды:

-тақырып бойынша сөздерді түсіну;

-мәтін мазмұнын түсіну;

-спорттық инвентарь түрлерін атау


Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау,

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар оқыту мақсатына жетті, сабақ барысында мәтін мағынасын түсініп, қарапайым сөзбен мазмұндай білді, сурет арқылы қажет ақпаратты тапты.

Сабақтағы дифференция дұрыс өткізілді, себебі оқушылар спортшылардың немен сырғанайтынын анықтай ғана емес, сурет бойынша сұрақтар да қоя білді.

Сабақ этаптары түгелімен орындалды.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтай алғаны


2:Дифференцилық тапсырмалар


Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Балалардың сөздік қоры



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақтарда оқушылардың назарын бір жаққа аудару қажет.




-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Конспект урока казахского языка (33.47 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт