Еркін жаз
Описание слайда:
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ........................................................................................................... І ТАРАУ. САУАТТЫ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 1.1.Сауатты жазудың негізгі мәселелері...................................................... ІІ ТАРАУ. ЖАЗУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР 2.1.Көшіру........................................................................................................ 2.2.Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері........................ ІІІ ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САУАТТЫ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................
№ слайда 3
Описание слайда:
КІРІСПЕ Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру. Жазу дағдысының психологиялық негізгі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді. Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең – идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру рөлін атқарады. Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген. Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография (емле) енеді. Алфавит – тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика – дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса солай таңбалануы. Ал орфографиялық тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу. Алфавит пен графиканы меңгеру – оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы, ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияны (немесе жазу, сауатты жазу) игеруді қажет етеді. Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталды. Жазбаша сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ; ол бүкіл оқушы қауымға арналады; онда автордың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңаюы, қуанышы реніші т.б.с.с. бәрі сөз арқылы жеткізіледі; жазу тілін қабылдау қиялдың жұмысын қажет етеді т.с.с.
№ слайда 4
Описание слайда:
Бұл айтылғандар бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігін көрсетеді, яғни балалардың жазу тілін дамыту үшін, алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек. Жазу дағдысының бастамасы әріптің әр бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды. Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап, азайта түседі. Ал, кейін әріп бөліктерін аса күш салмай-ақ қосып жаза алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, одан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады. Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде дағдыланады деудің жөні жоқ. Себебі олардың кейбіреулері бір, тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады. Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет – сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады. Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ережелері (әріп таңбаларын қолдану тәртібі, әріпті таңдау, бірге және бөлек жазу т.б.с.с.) оны дұрыс қолдану жатады. Оқушы ереже бойынша саналы түрде, түсіне отырып жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте дағдыға айналдыра түседі. Бір орфографиялық амал автоматталғаннан кейін екіншісі үйретіледі. Осылайша орфографиялық құбылыстар саналы түрде меңгеріле бастайды. Қазақ тілі орфографиясының негізгі қағидасы – морфологиялық қағида, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (бас-шы, башшы емес), сөз шекарасында да (Үмбетбай, Үмбетпай) емес сақталып жазылады. Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс - әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Ленинград, клуб, педогог т.б.). Бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б, дыбыстары қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша қатаң дыбыстан басталып жалғанады: педогогке, клубтан т.с.с. Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі. Қазақ тілінде фонетикалық қағидаға сүйеніп, естілуінше жазылатын сөздер көп-ақ: қалам, кітап т.б. Кейде көнерген біріккен сөздер дәстүрлі қағидамен, естілуінше жазылады: қыстыгүні, ашудас т.б. Қысқасы, жазуға үйрету әдістемесі тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.
№ слайда 5
Описание слайда:
1.1.Сауатты жазудың негізгі мәселелері Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді. Мектепте грамматиканыы оқыту неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың сауаттылығы да соғұрлым жоғары болады. Олай болса, белгілі бір жазу ережесінде негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болған жөн. Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ережелерін анық етіп түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастыруы тиіс. Мысалы, қандай да болмасын сөз немесе оған жалғанған қосымшалар басқаша болмай, неге солай жазылғанына оқушы түсініп және оқыған ережесіне сүйеніп оны дәлелдей алатын болса, оның ережені саналы меңгергені. Ал ережені мүдірместен айтып бергенімен, неге солай жазылып тұрғанын дәлелдей алмаса, оқушы ережені механикалық түрде меңгерген болып шығады да, ол білгендерінің сауатты жазуға пайдасы шамалы болады. Сондықтан балалар мұғалімнің басшылығымен, тіл құбылыстарын, емле ережелерін бақылап, талдауға оларды бір-бірімен салыстыруға, ой жүгіртуге, сипаттауға, өз беттерімен жазған жазу жұмыстарында қолдануға міндетті. Грамматиканы оқу барысында оқушылар тіл құбылыстарын саналы түсінумен қатар, тілдің нақты фактілерін де білулері қажет. Мысалы, сөйлемдегі сөздерді жалғаулардың байланыстыратынын балалар есте қалдыра алады; сөйлемдегі сөздердің жалғауларын ажыратып айтып бере алады. Бірақ өздері сөйлем құрауға келгенде оны қолдана алмайды. Егер олар сөйлем құрағанда сөздердің арасындағы байланысты анықтау арқылы, жалғаудың қызметін көңіл аударып дағдыланса, мұндай байланысты өздері сөйлем құрағанда да сақтауға тырысады. Бұл үшін сөйлемдегі бір сөзден екінші сөзге сұрақ қойып дағдылану қажет. Мысалы, мен (кім?) мектепке (қайды?) барамын т.б. Сауатты жазуға үйрену үшін аналогия арқылы жаза білудің де маңызы зор. Ереже, қандай да болмасын, тек жалпы ғана нұсқау немесе түсінік береді. Яғни онда нақты бір сөзді қалай емес, бір топтағы сөздердің жазылуы көрсетіледі. Сондықтан оқушылар бір ережені меңгеру барысында дайын мәтіннен ұқсас мысалдарды таба білуге немес өздері мысал келтіре алуға тиіс. Оқушылар сол ережені оған ұқсас басқа жағдайларда қолдана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасты деп есептеуге болады. Дұрыс сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып алмауға бірсыпыра көмектеседі. Мұндай жаттығулар ІІІ- ІV сыныптарда да жүргізіліп отырады. І тарау. САУАТТЫ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
№ слайда 6
Описание слайда:
Тіліміздегі жазылуы айтылуынан өзгеше құлын, жұлын, күрек, басшы т.б.с.с. сөздері тек есту дағдысына сүйеніп, жазуға болмайды. Көбіне оларды салыстыру жолымен талдаудың жәрдемі тиеді. Сондай-ақ –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе сұраулықтарын етістіктің болымсыз түрімен, мен, бен, пен шылауларын септік жалғауларымен салыстырып байқаудың да маңызы күшті. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын, айтайын деген ойдың күңгірт, екі жақты болып шығатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп (Тұзшы – тұщы, барма-бар ма т.б.). Сөйтіп, сауатты жазуға үйрену үшін аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларының іске асуы ең маңызды шарт болып табылады. Әрине, сауатты жазуға үйренуде қол қозғалысы арқылы қабылдау мен елестетудің алатын орны ерекше екені белгілі. Көп оқитын тіпті ережені тамаша білетін оқушы да қолдың дағдылануынсыз жазуда қатені көп жібереді және жазуының ұсқыны да тартымсыз болады. Сондықтан әсіресе бастауыш класс балалары үшін танымның есту, айту, тыңдау, көру және қолын қозғау арқылы қалыптасатын функцияларын жүйелі түрде үйреніп, алғашқы кездің өзінде-ақ жақсы естіп, тыңдай алып, дыбыстық құрамға ойша тәртіппен талдау жасай алып, іштерінен қайталау т.б. сияқты тәжірибелер жинақтаудың маңызы орасан зор болатынын естен шығармауға тиіспіз. Сөйтіп, жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, оқушылардың сауатты жазуға үйрету үшін ескерілетін жағдайларды топтап көрсететін болсақ, олар төмендегідей: Мұғалім жазылатын сөздің немесе сөйлемнің мағынасын, мәнін оқушының түсінетіндігіне әбден көзі жеткеннен кейін барып жаздыруға тиіс (оқушы кейде мағынасына жете түсінбегендіктен қате жібереді). Сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға, жазғандарына ой жүгіртуге бағыт беріп, қатемен жұмыс ұйымдастырады.
№ слайда 7
Описание слайда:
Үнемі талдау жасау: түбірлес сөздер табу, сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру – мұның барлығы оқушының ойлауын арттырып, материалды меңгеруге жағдай жасайды. Дыбыстық талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз табының қызметі, синтаксистік талдаулар іске асырылып, сөйлеуге үйрету жұмыстарымен байланыстырыла жүргізіледі. Арнаулы орфографиялық жаттығулар (көшіру, диктант) тіл дамыту жаттығулары мен (мазмұндама мен шығарма) кезек жүргізіледі. Сөздік жұмыс үздіксіз жүргізіліп отырады. Әр оқушының жазудан да басқа әлсіз жақтары болады (кей сөздерден қате жіберу т.б.) Мұғалім ондай балалармен сөздік жұмысын жеке жүргізеді. Сауатты жазу дағдысын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі – орфографиялық қате, сөйлеу қателерін болдырмау үшін алдын ала жинақтау, талдау жұмысы. Белгілі бір жағдайға дағдылану біраз уақыт жаттығуды қажет ететіні сияқты, сауатты жазуға жаттығу дағдысы да көп қайталауды, жаттығуды талап етеді. Сондықтан өтілгеніне біраз уақыт болған материалдарды жүйелі түрде еске түсіріп отыру пайдалы. Жазуға үйренуде уақытша нерв байланыстарын шартты рефлекс арқылы емес, операнттық рефлекс арқылы қалыптастырудың мәні ерекше болып табылады. Мұның мәнісі балаға дайын жұмысты орындату арқылы дағдыландырудан гөрі., өздеріне тапқызу, оларды ізденіп, қиналуға мәжбүр ететіндей тапсырмалардың тиімді нәтиже беретіні мәлім. Мұның барлығының да мақсаты қалыптасқан уақытша нерв байланыстарын (дағдыны) сақтау (сауатты жазу дағдысын) екенін жақсы түсініп, білімін жетілдіріп, педагогикалық шеберлігін ұштап отырған мұғалім ғана жұмысын ойдағыдай ұйымдастыра алады.
№ слайда 8
Описание слайда:
ІІ тарау. ЖАЗУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР 2.1.Көшіру Орфографиялық ережелерді түсіндіруден бұрын балалардың алдына олар шешуге тиісті мәселе қойылуы керек (мысалы, отпен ойнама, от пен судан сақтан мысалдардың арасында қандай айырмашылық бар? «пен» қайсысында бөлек, қайсысында бірге жазылуға тиіс? сияқты). Мұндай жұмыс балалардың зейінін сабаққа жұмылдырып, бұрын оқығандарын еске түсіруге көмектеседі. Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әр түрлі факторларға негізделеді: Көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу. Есту арқылы қабылдауына сүйенетін мәтінді жазу (мұғалім оқып берген немесе оқушы оқыған тексті жазу. Бұған диктант, мазмұндама жұмыстарын алуға болады). Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: қалдырылып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу т.б. Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылсыз іске аспайды т.б. Сондықтан, жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде негізгі мәселенің қайсысы екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр. Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлері мынадай: Грамматикалық-орфографиялық талдау («грамматикалық талдауды» қараңыз). Бұл – оқушыларды граммтикалық және орфографиялық құбылыстардың ара қатынасын түсінуге, орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге, басқалардың арасынан оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландыру. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде бөлек немес басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі (мысалы, көшіріп жазуда, диктантта т.б.). Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында карточка жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы алдын ала карточка дайындайды. Мысалы, зат есімнің септік жалғауларын талдау барысында мұғалім бір септік жалғауының қалай жазылатынын сұрағанда оқушы тиісті карточканы көтереді. Сонан кейін жазады. Бұл мұғалімге оқушылардың білім жөнінде біраз мәлімет береді.
№ слайда 9
Описание слайда:
Көшіру. Алғашқы, Ісыныпта, ІІ сыныпта сөзбе-сөз, механикалық көшіру іске асырылады. Кейін бірте-бірте: деформаланған ммәтінді (картинадағы рет бойынша) көшіру, сөз теріп көшіру, қалдырылған сөздерді қойып көшіру, толық көшіру т.с.с. ұйымдастырылалды. Көшіру жұмыстарында керекті әріптердің, сөздердің, сөз тіркестерінің астын сызу, сөз табын анықтау, қосымшасын, жағын, шағын анықтау, жақшаға көрсету т.с. белгіленеді. Балалар көшіру техникасына үйретіледі (әуелі оқып шық, буындап оқы, ойлан, мағнасына түсінесің бе, қалай жазылатынын байқа, есіңде сақта, жазып болған соң тексер т.б.). Жазғандарын түп нұсқасымен салыстырып, қатесі болса, түзейді. Көшіруге арналған материал қызықты, түсінікті болуға тиіс. Есте ұстау арқылы көшіру. Мұнда тақтаға жазылған мәтін оқылады, талданады, содан соң жабылады. Оқушы есінде оқығандарын жазады. Кейде мәтін талданғаннан кейін үйге беріледі. Жазып болғаннан соң мұғалім мәтінді ашып, жазғандарын салыстырып, тексеруге мүмкіндік береді. көшіріп жазудың бұл көрсетілген түрі диктант болғандықтан мұны көру диктанты деп атайды. Бұл әсіресе «қиын» сөздердің жазылуы өткенде пайдалы. Әдетте жазылуы қиын сөздердің тізімі оқулықтардың соңында беріледі мұндай сөздердің жазылуыан есте қалдыру үшін мұғалім мынадай әдіс тәсілдер қолданады: 1. Зейін қойып іштерінен және дауыстап оқып шығыңдар. 2. Мағынасына көңіл бөліңдер; үй жануарларын білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер Т.с.с. 3. Буындап оқыңдар және жазыңдар. 4. Әсіресе сөздің қай бөлімін есте сақтағыларың келеді, сол бөлімнің астын сызыңдар. 5. Жазғандарыңды сөздік бойынша тексеріңдер. 6. Сөзді екі-үш рет қайта жазыңдар немесе екі-үш түбірлес сөз ойлап жазыңдар. 7. «Я» әріпі бар сөзді топтаңдар т.б. Жазылуы қиын сөздер жаттығуларға кірістіріледі, бірнеше рет қайталанады. Жаттығулардың ішінде әсіресе сөздік жасауға байланысты жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің орфограммасы есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі (сөздік дәптері бірнеше бөліктерге бөлініп, цифрмен белгіленеді (1, 2, 3, ...). Мысалы оқушылардың дәптерлерінің бесінші бетінде «в» әріпі кездесетін сөздер кездеседі.
№ слайда 10
Описание слайда:
Еркін көшіру. Балалар әуелі мәтінді оқып шығады, талдайды, сонан соң кітапты жауып қойып, мәтіннен есте қалғандарын, қалай ұғынса солай жазады. Грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру. Сөздің немесе сөйлемнің бір бөлігі өзгеріссіз сол қалпында, екінші бір бөлігі өзгертіліп көшіріледі: қалып қойған жерін ойлап тауып немесе қосып, өзгертіп жазады: қалып қойған әріптер мен буындарды тауып қосу, сөздерді тауып қосу немесе сөйлемдерді аяқтау, берілген сөйлемнің немесе сөздің тұлғасын өзгертіп жазу сияқты тапсырмалар орындалады. Мұнда мәтінді көріп қабылдау жеткіліксіз, сонымен қатар оны ойлап, талдау-жинақтау жасау керек. Көшірмес бұрын балалар алдарында тұрған міндетпен танысады, мәтінді іштен дауыстап оқиды, тапсырманы әуелі ауызша шешіп алып, жазуға соңында ғана кіріседі. Жұмыстың бұл түрін кейде бақылап көшіру деп те атайды.Қазіргі оқулықтарды жаттығудың бұл түрі кең алынып жүр. Көшіру жұмыстары тіл дамытумен байланысты, сұрақтарға жауап беру (жазбаша) түрінде кездеседі. Бұл жұмыс балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға дайындау мақсатында қолданады. Балалардың орфографияға үйренген дағдылары мен шеберліктерін байқау мақсатында диктант жаздырылады. Мұнда мұғалім мәтінді, сөйлемдерді немесе жеке сөздерді оқиды. Оқушылар оны аяғына дейін тыңдап, естерінде ұстайды, жазады.
№ слайда 11
Описание слайда:
2.2.Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері. Ескерту диктанты. Мұнда мұғалім мәтінді тұтас оқып шығады. Балалар жақсылап тыңдап отырады. Содан кейін түсініксіз деген сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мұғалім әрбір сөйлемді қайта оқып шығады, оқылған сөйлемдер балалардың қатысуымен тыңдалады. Сөйлемді жазбас бұрын мұғалім балалардың зейінін ондағы қиын сөздердің жазылуына, өтіліп отырған ережеге аударады. Оқушылар тиісті дыбыстарды көрсетеді, ережесін айтып береді, олардың қателескен жері болса түзетеді. Осындай жұмыстардан кейін ғана балалар сөйлемді жазуға кіріседі. Алғашқы кезде әр сөйлем оқылып, талданып барып жазылады. Кейін балалар жұмыстың бұл түріне дағдыланған кезде, бірнеше сөйлем бірден оқылып, олардың ішінен мағынасы түсініксіз сөздер мен жазылуы қиын деген сөздер ғана талданады, ал одан әрі мәтін тұтас оқылады да, сөздер іріктеліп алып талданады, содан соң мұғалім әр сөйлемді оқып, балалар жазады. Егер балалар белсенділік көрсетіп, сөздердің қалай жазылуын, талдануын сұрап, сөздіктен қарайтын болса, онда диктанттің тиімді болғаны. Іріктеу диктанты. Мұның ескерту диктантынан айырмашылығы – балалар мұғалімнің айтқан сөздерінің барлығын жазып отырмайды, оның ішінен белгілі бір ережеге қажетті сөздерді немесе сөз тіркестерін іріктеп жазады. Диктанттың бұл түрінде уақыт үнемделеді, қажетті сөздер мен сөйлемдер көбірек жазылады, ең бастысы оқушылар мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға мәжбүр болады. Түсіндіру диктанты. Мұнда мәтін жазылып болғаннан кейін ғана талданады, қателері түзетіледі. Диктанттың бұл түрін жазуға кірісерде қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұны ескерту диктантынан бақылау диктантына өткел ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады. Түсіндіру диктантының бір түрі ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады. Түсіндіру диктантының бір түрі ретінде сөздік диктантын да жүргізуге болады. Онда сөйлем де, мәтін д е емес, жеке сөздер айтылады. Бұған оқушыларға қиындық келтіретін немесе ережелерге бағынбайтын сөздер алынады. Сөздік диктант ұзақ болмайды, 5-10 минут шамасы, көбінесе сабақтың аяғында жүргізіледі. Мұғалім жеке сөздерді айтады, балалар жазады, жазғандарын сөздіктен қарап түзетеді. Үнсіз диктант ұйымдастырылады. Онда мұғалім қажетті суреттер көрсетеді (аю, сиыр, жылқы, қоян, қозы, трактор, комбайн т.б.), ал балалар бірден жазады немесе керекті әрпі бар карточканы көрсетіп, сонан соң жазады. Сөздік диктант 10-15 сөзден аспауы тиіс.
№ слайда 12
Описание слайда:
Творчествалық диктант. Мұғалім тақтаға қажетті сөздерді жазады. Кейде сурет немес бір серия картина беріледі: балалар бір тақырыпта сөйлемдер құрайды. Шамамен қолданылатын ережелер беріледі (еске түсіріледі). Балалар сөйлемдегі сөздерді дұрыс тұлғада тұрған-тұрмағанын байқайды, қажет болса, өзгертеді. Жұмыстың бұл түрін таза диктант деуге болмайды, сөйлемді балалардың өздері құрастыратын болғандықтан мұны шығарманың кіріспесі деуге болады. Творчествалық диктант балалардың тілін дамыту үшін де өте қолайлы, өйткені оқушылар мәтін құрауға белсенді қатысады, сөздерді де өздері ойлап табады. Ерікті диктант. Бұл мазмұндама деп аталады. Бірақ мазмұндамадан оңайлау. Диктант деу себебі – мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал ерікті дейтініміз – балалар әдеттегі диктанттай, мәтінді мұғалімнің оқуы бойынша сөзбе-сөз емес, естерінде қалғандарын ғана жазады. Мәтін оқылмас бұрын қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұғалім мәтінді әуелі тұтас, сонан соң оның 5-6 жолын оқиды. Әрбір оқылған үзінді оқушылар жаттау алатындай, өте қысқа болмауы керек. Оқушылар оқыған үзіндінің естерінде қалғанын ғана жазады. Диктанттың бұл түрі де тіл дамыту жұмысымен ұштасады. Осы көрсетілген жұмыстардың барлығы орфографиялық дағдыны автоматтандыру мақсатын көздейді. Бақылау немесе тексеру диктанты. Бұл балалардың алған білімдері мен қалыптасқан дағдыларына тексеру мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқушы өзі білетін ережені қолданып, өз күшін өз бетімен байқай алады. Мұғалім қандай да болмасын бір орфографиялық ережені оқушылардың қалай меңгергендері жөнінде мәлімет алады. Қандай ереже қайталану керек, кімге қандай көмек керек – соны анықтайды. Егер диктанттың нәтижесі бүкіл класс бойынша нашар болса, қайталау диктанты жүргізіледі. Мұндай жағдайда сол мәтіннің өзі қайтадан алынады немесе соған ұқсас мәтін алынып, қайталанады, диктант жаздырылады.
№ слайда 13
Описание слайда:
Жұмыстардың жүйесі: Орфографиялық жаттығулардың бірнеше кезеңі бар: а) алғашқы кезеңде, әдетте, оқулықтағы немесе тақтаға жазылған дайын материал алынады. Бұл материалдар мұғалімнің көмегімен талданады, оқылған ереже бойынша, жазылған сөздер табылады, нақты үлгі бойынша балалар ереженің практикада қалай қолданылатынын түсінеді. Мұнда оқылған орфограммаға сай, жеке сөздер, сөз тіркестетері немесе сөйлемдер ғана беріледі. Мұны дағдыны бекітудің алғашқы кезеңі деуге де болады. ә) Екінші кезеңде де дайын мәтін: сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер беріледі. Мұнда оқылып отырған орфограммаға сай, сөздерінің ішінде басқа ережелерге де жататындары болады. Ұсынылған материалдардың ішінен балалар керектісін, оқылып отырған ережеге сай келетіндерін іріктеп, тауып, алады; неге ол сөзді алды, ол сөз бұл ережеге сай келе ме дәлелдейді. Бұған қосымша, балалар сұрақтарға жауап қарастырады, ескерту диктантын жазады. Бұл кезеңдегі ең көп қолданылатын жаттығулар: көшіріп жазу, үлгі сұрақ бойынша, сөзді, сөйлемді аяқтап жазу. Бұл – орфограмманы білу кезеңі деп аталады. Балалар ережені қолданып үйрене бастайды, жазғандарын дәлелдеп, негіздей алады. Сөздердің жазылуын әуелі дәлелдейді, сонан соң ғана жазады. б) балалар өздерінен басқа құбылыстардың ішінен оқылып отырған ереженің объектісін тауып бере алады. Мұнда жеке сөйлемдер де тұтас мәтін де беріледі. Балалар мәтінді көшіреді: қалдырылып кеткен сөздерді үлгі, сұрақтарсыз, өздері тауып жазады; бұл кезде ескерту, түсіндіру, іріктеу диктанттары жаздырылады. Бұл үйрену кезеңі деп аталады. в) орфографиялық дағдының автоматтана бастау кезеңі. Мұнда балалар орфография туралы ғана емес, жазу жұмыстарының басқа жақтары (мазмұны, лексика, синтаксис, жоспар) жөнінде де ойланады. Бұл кезеңде балалар грамматикалық-орфографиялық тапсырмаларды орындап, көшіріу жұмыстарынан басқа, ескерту диктанты, түсіндіру, ерікті, шығармашылық, бақылау диктанттары, түрлі мазмұндама, шығармалар жазады. г) қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі. Жазылуы бірыңғай сөздерді байланыстырып, оларға тән ортақ заңдылықты, жалпылықты анықтау; түбірлес сөздерді табу. Бұл кезде диктанттың барлық түрі жазылады, оқылған ережелер бойынша қалыптасқан дағдылар толық автоматтанады, сондықтан мәтінді алдын ала талдаусыз жаздыра беруге болады. Сөздіктен қарауға, мұғалімнен сұрауға рұқсат етіледі.
№ слайда 14
Описание слайда:
Жоғарыда көрсетілген жүйені өзгертуге болмайды деп түсінбеу керек. Нақты жағдайларға: балалардың жас ерекшеліктеріне, дайындық дәрежелеріне, алған білімдері мен сөйлеу дағдыларына қарай өзгеріс болуы мүмкін. Алайда, мұғалім осы көрсетілген жұмыстардың жүйесінің толық орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай, материалдарды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар да бірден-бірге лексикалық, синтаксистік жағынан күрделене түсуге тиіс. Материал таңдауда әсіресе мына жағдайлар ескеріледі: Грамматиткалық немесе орфографиялық құбылыстарды түсіндіру кезінде бақылау үшін анағұрлым жеңіл, анық материалдар алыну керек. Бұл кезде оқушылардың зейінін оқылып отырған ережеден басқаға алаңдататын нәрселер болмағаны жөн. Оқушылар бақылағандарынан дұрыс қорытынды шығара алатындай болсын. Жаттығуға арнап материал таңдағанда тіл дамыту мен жазу жан-жақты ескерілуге және бұрын өтілгендерді үздіксіз қайталау есте болуға тиіс. Жұмыстың әртүрлі кезеңдерінде бір тектес (сөздік, фразалар немесе мәтін) материалдарды қайталап отыру дұрыс болмайды. Мысалы, алғашқыда «қала» сөзіне түбірлес сөз тапқанда «қалалар» десе, кейінгіде «қалалы, қалашық, қалашыл т.с.с.» сөздер айтқызылады. Қазіргі кезде орфографияны меңгеру үшін көру мен есту органының (көшіру мен диктанттың) қайсысы маңыздырақ деген мәселе жөнінде талас жоқ. Сауаттылыққа үйренуде сезім анализаторларының барлығы да: есту де, көру де қол қозғалысы да қатысуы керектігі зерттеліп анықталды. Оның үстіне көшіру немесе диктант сияқты жазу түрлерінің қазіргі кезде әр түрлі нұсқалары шыққанын жоғарыда айтылғандардан байқағанбыз. Мұғалім қандай да болмасын, бір сезім органына жаттығудың қай түрі дұрыс келеді деген мәселеден гөрі, бір жаттығуда таным қызметінің қандай операцияларды орындауы жайлы, олардың комплексті қатысуын қалай қамтамасыз етуге болатыны жайлы көбірек ойлауға тиіс: талдау, жинақтау, жалпылау, ұқсастық пен айырмашылықты табу, абстракциялау, топтау, жүйелеу т.б. Сөйтіп орфографиялық немесе пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда оқушылардың зейінін, ойы-есін, қиялын т.б. таным қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуыға көп күш салу қажет.
№ слайда 15
Описание слайда:
Оқушыларды сауаттылыққа үйретудегі нәтижелі әдістің бірі-сабақ үстінде ойын элементтерін пайдалану.Ойын оқушыларды сабаққа қызықтырады, материалды тез қабылдап, есінде ұзақ сақтауға көмектеседі.Ойынның түрлері өте көп, солардың ішінде сауатты жазуға үйретуде сөздік ойынның пайдасы ерекше. Мысалы, «Есімсе жаттап сақтайын» ойыны. Ый-и әріптерінің емлесіне байланысты жазылатын сөздер –сый мен тый-бұлар түбірлестер.оған мысал: Сыйға – сый. «Көзің ауырса, қолыңды тый», қалған сөздерінде жалаң «а» жазылады. Егін, шөпті уақытында жи. Оюды қайшымен қи-деген сияқты сөздерді жиі сұраймын. Қорыта келгенде дауыссыз дыбыстардан кейін жалаң ң жазылуына ерекше тоқталған дұрыс. Я әрпіне жүргізілген ойында и + а =я; қоян, аяқ, таяқ т.с.с. құраған сөздерін қатесіз дәптерге жаздыртып, өздеріне тексерту, осындай сөздерге қатысты жұмбақ шешкізіп, тасымал тақырыбына байланысты бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздерді дұрыс жазуға, «Кім көп сөз тауып жазады?» ойынын жарыс түрінде жүргізген тиімді.Жазған сөздерінің сауаттылықтары тексеріледі. Бұндай ойын түрлері оқушыларды жылдамдыққа тәрбиелейді. Ұлттық ою-өрнектерімізді көрсетіп, олардың аттарын ататып, дәптерлеріне қатесіз жаздырамын. Сонымен бірге туыстықты білдіретін немере, шөбере, аға, әпке, сіңлі, нағашы т.с.с. сөздерін жаздырып, талдау жасатамын. Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз.Мақсатымыз оқушыларды сауатты жазуға үйрету. Қазақ тілінен ғана сауатты жазумен шектелмей, сонымен бірге ана тілінен бағдарламалық жаттаған мақал-мәтелдерді тақпақтарды жатқа жаздыртып, сауаттылығын тексеріп отырамын. Көбінесе жұмбақтар ұлттық дәстүрге, әдет-ғұрыпқа байланысты алынады. Мысалы,Аттан биік.Қойдан аласа.(Ертоқым) Бұралып қос құлағы, Күмбір қағып тұрады. (домбыра) Жұмбақтарды қызыға жаттау, оларды дұрыс жазып үйрену оқушының есінде ұзақ қалады, екіншіден, сауаттылыққа үйренеді, әрі ойы дамытылады, дұрыс оқуға, дұрыс жазуға дағдыланады.Оқушылардың дәптерін күнделікті тексеріп баға қоюмен шектелмей, қате жіберген сөзді қатыстырып, сөйлем құратып, қатесін түзеткен-түзетпегендерін байқап, ретіне қарай жаңа тапсырмалар беріп отыруы қажет.Әрі таза, көркем, сауатты жазуға дағдыландыру үшін сыныпта дәптерлерді бір-біріне беру, көрсету, салыстыра отырып көрме ұйымдастыру да өз нәтижесін береді. Қорыта айтқанда, сауатты болудың алғы шарты әріптерді үйретуден басталады.Әріп элементтерін дұрыс бір-бірінен ажыратып, жазу ережелерін сақтағанда ғана бала сауатты жаза алады. Әсем, қатесіз, мәнерлеп оқуға, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру – сауаттылыққа үйретеді. Оқушыларды сауаттылыққа үйрету – әр мұғалімгнің шығармашылық ізденісіне байланысты.
№ слайда 16
Описание слайда:
Әріптерді анық дұрыс жазуда үш мәселеге ден қойған дұрыс. 1.Әріптерді дұрыстап жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға үйрету. 2. Әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау. 3.Балаларды жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият қарауға жаттықтыру. Тақтаға, дәптерге көбірек сөйлемдер жатғызу пайдалы. Себебі өздері жазған сөйлемнен кеткен қателерін өздері табады. Қате жіберген сөздің астынан сыздырып, талдау жүргіземін. Күнделікті сабаққа оқушының жазу сауаттылығына үнемі ән берілсе, онда іс нәтижелі болатыны өз тәжірибемнен белгілі. Сауатты әрі каллиграфиялық дұрыс жазуда көрнектіліктің алатын орны ерекше. Сондықтан әрбір сабақтың тақырыбына сай әріп, сөз, сөйлем жазылған таблица, суретті карточка, сюжетті суреттер, дидакатикалық материалдардарды пайдалануға көңіл бөлемін. Күнделікті сабақтың алдында жазылуы қиын сөздерді іліп қойып еске сақтауын қадағалаймын. Оқушылардың көбі текстегі жаңа ой басталатын жерде абзацтан бастап жазуды білмейді. Бұл бас әріп, кіші әріп түрі мен жазба түрін білмеуінен болады.Әріптерді дыбыстағанда оны дұрыс айтып үйренбейді.Мысалы:кейде ұ әрпін ү, ы немесе і, о әрпін д, с-ны ш, ң-ды н деп айтады. Кейбір оқушылар әріптің негізгі формасын сақтамай және оларды бір-біріне өте жақын не өте алшақ жазуынан қате жібереді. Сөйлем аяқтағанда тыныс белгілерін қоймай, келесі сөйлемді бас әріптен бастамай, жалқы есімдерді кіші әріппен жазып қояды. Қатенің бір түрі сөз мағынасын түсінбей жазудан болады. Мысалы : «тастама» «кішкентай» сөзін киттей, «ештеңе» сөзін «іштеме» деп жазуы мүмкін сөздерді жазғанда әріпті тастап кету, бірдей екі әріптің біреуін қалдырып кетуі жиі кездеседі. Басқа тілден енген термин сөздерді жазудан жиі қателеседі. Сауатты жазу үшін төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізіп отырамын. «Біріккен сөз» тақырыбын өткенде күнбағыс, итмұрын, асқабақ сияқты өсімдіктердің, аққу, бірқазан, көкқұтан сияқты құстардың суреттері бойынща ауызша сөйлем құратып, құраған сөйлемдердің суретін жауып қойып, жатқа жазғызып,біріккен сөздердің жазылуын меңгерулеріне аса көңіл бөлемін. Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде сөздік жұмыс жүргізудің де маңызы зор. Мысалы: дана- данышпан, ақылды, біліімді т.с.с,ару-жарақ- мылтық, найза, қылыш т.с.с Мәнерлеп оқу-сауатты жазудың негізі. Дұрыс оқыған бала ғана дұрыс жаза алады. Оқушыларды қатесіз дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп көңіл бөлу керек, немесе сөйлемде қалдырып немесе сөйлемде қалдырып кеткен сөздерді дұрыс тауып, оны орнына қойып, үйлестіріп жазу, берілген сөздерден сөйлем құрап жазу, сұрақтарға толық жауап жазу сауаттылыққа көмегін тигізіп отырады. Оқушыларды суатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың жаттығулар, сөйлемдер, мазмұндама, шығарма, диктанттардың пайдасы зор.
№ слайда 17
Описание слайда:
Диктанттың түрлері көп. Қатемен жұмыс жүргізгенде ерекше талдау жүргізіледі. Қате жіберген сөйлемдерді қайтадан жазғызып, астына сыздыру нәтижесін береді. Оқушыларды сауатты жазуға қалыптастыру үшн оларға кітапты көп оқу, қалай оқу,қалай пайдалану жөнінде айтып отырамын.Оқушыларды қатесіз, сауатты жазуға үйрету тәсілдері алуан түрлі. Өйткені әр баланың ерекшелігіне байланысты қатесіз жазуға үйрету әдісі әр сабақта өзінше орын алады. 1.Сөздерді буын жігіне қарай айту,жазу заңдылығын білмегендіктен сөздердің буын жігін ажырата алмай, тасымалдан жиі қателесу басым. Мысалы:сауап,тауық тәрізді сөздерді сау-ап, тау-ық деген түрде қате айту қате жазуға жол ашады. Сондықтанда мен әрбір сабақ сайын сөздерді дұрыс буынға бөлуді дағдыландыруға машықтандырамын.Бұл ұшын «Менің атым неше буннан құралған», «Ата-анамның аты неше буыннан құралған»және «Досымның аты неше буыннан құралған»деген сияқты ойындар пайдаланамын. 2. А,Ә,Ы,І,У, Ұ,Ү,Ө,И,Я,Ю дыбыстарының (әріптерінің) қандай сөздерде, қандай буындарда айтылу,жазылу заңдылықтарын жете меңгере алмаған- дықтары байқалды. 3. Дауыссыз Н-Ң,Т-Д;С-З,И-Й, Ж-Ш дыбыстарының емлесін шатастыру жиі кездеседі. Дыбыстардың артикуляциясын білмегендіктің, бір-біріне жақын дауыссыздарды ажырата алмаушылықтың түпкі негізі – бастауыш сыныпта сауат ашу кезеңінде дыбыс пен әріптің заңдылығын ұғынбағандықтан жіберілген олқылық. 4. Сөз ішінде НН, ЛЛ,ТТ,КК,ҚҚ,СС,ШШ, ПП,ММ тәрізді қатар келген дыбыстардың бірін жиі тастап кетеді.Мұндай қосарлы дыбыстардан жіберілген қателер сөздердің құрамын ажырата алмаушылық заңдылықтарынан туған. 5. Қос сөздердің қосарланып, қайталанып қолданылатын түрінің емлесінен де қате жіберіледі.Бұл қателер қос сөздердің өзіндік заңдылығын жете меңгермеушіліктен туған.Сонымен қатар қос сөздердің дефис арқылы жазылатын ерекшеліктерін білмеуден қос сөздердің кейбір түрін сөз тіркесімен шатастыру жиірек кездеседі. 6. Біріккен сөздердің бір бүтін ұғым екендігін жете білмеушіліктен жіберілген қателер де кездеседі. Осы жерде жас ұстаздарға біріккен сөздердің емлесіне көбірек назар аударуға керек екенін айтқым келеді. Үйреткенде, мысалы:ТЕМІРҚАЗЫҚ (жұлдыз), БІРҚАЗАН (құс), ӘЛДЕҚАЙДА (есімдік) деген тәрізді мысалдар ұсынылып,бұлар былайша талданылады. Бірінші кезеңде бұл сөздердің қандай құрамды бөлшектерден жасалып тұрғаны анықталады: ТЕМІРҚАЗЫҚ сөзі – ТЕМІР-ҚАЗЫҚ; БІРҚАЗАН сөзі- БІР-ҚАЗАН; ӘЛДЕҚАЙДА сөзі-ӘЛДЕ-ҚАЙДА. Екінші кезеңде - жаңа материал біріккен сөздердің кем дегенде екі немесе одан да көп бөлшектерден жасалатыны түсіндіріледі. Кейбір сөздер ешбір өзгеріссіз біріккен: ӘЛДЕБІР; ТАСБАҚА; АҚБОЗАТ.
№ слайда 18
Описание слайда:
Қорытынды Қоғам мен жалпы білім беретін мектептердің сұранысына сәйкес бастауыш мектеп буында көркем жазу пәнінің мәні зор. Оқушылардың жазу дағдысы қалыптастыру оны кейінгі сыныптарда жетілдіру үшін, жазу әрекеті мен психофизиологиялық әрекеттерін ескеру жазуға үйренудің әр тәсілдерінен қарулану тек көркем жазу сабағында жүзеге асады. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларында графикалық каллеграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру процессінің психологиялық физиологиялық дидактикалық негіздерін ашукерек. Сонымен қатар оқушыларды жазу кезінде дыбыс таңбаларын дұрыс қолданып, көркем әрі сауатты жазумен бірге, айтылған ойды жылдам жазуға, оқылған тексті есте сақтап жазуға үйрету де өзекті мәселелердің бірі. Бір қарағанда алфавиттегі санаулы дыбыс таңбаларын әдемі және жылдам жазуға балаларды үйрету онша көп қиындық келтірмейтін сияқты. Шын мәнінде бұл дағдыларды оқушылар бойында қалыптастыру барысында мектептің алдында көптеген қиындықтар кездеседі. Жазба жұмыстарын көптеп орындатуға қарамастан, кейбір оқушылар дыбыс таңбаларын, олардың бір – бірімен байланысу жолдарын жазу кезінде қолдана біледі. Дыбыс таңбаларын көркем әрі айқын жазуға дағдыланса да, жылдам жазуға әдеттенбегендіктен, айтылған ойға ілесе алмайды әрі жазу сауаттылығы мен анықтығы төмендейді. Графикалық – каллеграфикалық дағдыны қалыптастырудың орфографиялық дағдыны қалыптастырумен байланыстылығын ескеріп отыру. Жазуға үйретудің әр түрлі тәсілдерін тиімді қолдана білу. Бірінші сыныптағы жазу сабақтарының дамытушылық мүмкіндіктерін білу мұғалімнің, қазақ тілі сабағындығы көркем жазу минуттарын жоспарлай білу сияқты жазуға үйретудің теориялық және әдістемелік ерекшеліктеріне сүйену қажет. Оқу тәрбие жұмысында оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, өз бетінше еңбектенуге, ізденуге және өз ойларын ауызша жазбаша жеткізе білуге үйрету – алға қойылып отырған мақсаттардың бірі болды. Бұл жұмысты қалыптастыруда жат жазу, мазмұндама, шығарма жұмыстарының маңызы зор екенін көрінді. Жазуға үйретудің оқудан бөліп қарауға болмайды. Оқуға үйретудің алғашқы күннен бастап жазуға қойылатын талапты естен шығармау керек. Әліппе кезеңінде алғаш білімдерін пысықтап, оқу және жазу дағдыларын дамыта түсу мақсатында арнайы мағлұмат беру. Бірақ бұл мағлұматпен шектелмей, балалар кітапшаларынан, журналдарынан алу, ертегі, әңгіме оқытып, жазғызған жөн. Жазуға төселдеру үшін шығармашылық пен ізденіс шеберлік керек. Бұл жұмыс жеңілден ауырға күрделеніп отырады. Алғашқы сабақтарда дыбыс саны аз сөзді, кейін дыбыс саны көп сөзді естіп жазуға төселдірілген дұрыс.
№ слайда 19
Описание слайда:
Сауатты көркем жазудың негізі - әліппенің сауат ашу кезеңінде қалыптасады. Бұл жұмыс шығармашылықпен ұштастырғанда ғана оқушы сауатты көркем жазуға төселеді.Осы мақсатта оқу белсенділігін арттыратын әріптік, буындық үлестірмелі материалдар пайдаланып, берілген сөздерді талдап, өзінің кассаларынан сөз құратып, оқытып, ауызша жат жазу жүргізу керек. Ауызша арқылы құралған сөзді тақтаға жазып, қатесіз көркем етіп дәптерге жазғызып, оны оқытып тақтамен салыстыру керек. Үйрету жат жазулары жеңілден басталып, біртіндеп күрделенеді. Бір – екі әріпті үйретісімен сабақ сайын үйрету диктантын жатқа жазуда оқушы сауатын ашып, естуін дамытады. Осыдан жұмыстың біріне әріпті жат жазуды ұсынамыз. Мұнда үйренген дыбыстардың әріптік таңбаларын қаншалықты меңгергенін байқауға болады. Ол үшін әріп жазуын мынадай мазмұнда өткізген жөн: Естілу бойынша жазу Кіші әріпін жазу Жаттап жазу Іздеген әріпін жазу Дауыстыны жазу Дауыссызды жазу Суреттегі затты атап, бас әрпін жазу Алфавиттік жұмбақты шешу Әріп диктанттынан кейін қатемен жұмыс істелінеді. Ол үшін: - өткен дыбысты есту бойынша жаза алмаса, суретші дидактикалық материал, жетекші сурет көрсетіп, алфавиттен таңбалануын көріп жазу немесе әр түрлі зат суретін көрсетіп, сол дыбыстан басталатын затты табу, әріпті жазу, білмесе оқушылар көмегімен орыдап дәптерге жазғызып, жаттықтырып, есінде сақталғанша жұмысты жалғастыру – алфавиттін берілген әріпті іздеп табу, жеке кассада жинау. Бұл үшін « Кім көп тереді? », « Теруге қатыс », « Жарысқа түс » деген ойындар ұйымдастыру нәтижесін көрсетті. – Бас әріппен кіші әріпті аралас беріп тауып жазу астын сызу жұмыстарында: « Қатем бар ма? », « Өзіңді байқа », « Іздеріңді тап » сияқты ойындар арқылы жұмыс істеу қолайлы. Әріп жат жазуын жазуға үйренген оқушылар да сол әріптерден құралған буын диктантын жаздыру қажет. Алдымен буын кестесімен жұмыс жасап оқушы дағдысын жетілдіреміз. Буын жат жазуда мынадай үлгіні ұсынады: берілген әріптен буын құрау. Жоқ буынды табу. Буын жігіне айыру ( ажырату ) Буындар құрау, буындап сөз жазу. Бастауыш сыныпта жазуға үйретуді машықтандыруда әріп буын жат жазуларын дұрыс жазып сөздердің мазмұнын түсініп алмайынша бірден сөз сөйлем жат жазуларын өз дүниесінде сауатты жазу мүмкін емес. Жат жазу жиі болса оқушылардың сауаты артады. Жат жазудың мақсаты – оқыған ережені оқушының қаншалықты меңгергенін, қосымша қандай жұмыс жүргізу керек екенін анықтау. Баланың жазу дағдыларын жүргізуде жат жазу жүргізу жұмысына қоса қатені түзету жолдарын да ұсынамыз. Олар: үйрету жат жазуы және көшіріп жазу жат жазуы.
қ сабақтар
Ұстаздарға
Тәрбиешілерге
Оқушыларға
Қалай жариялаймын?
Сертификат алу
Құрмет тақта
Байланыс
Материал қосу
Начало формы
Іздеу
Конец формы

How are you? Where are you from?The strange world of Australiananimals
Фариза Оңғарсынова «Оюлар»
АШЫҚСАБАҚ: Алтын балық
Всем хорошим я обязан книге».
MS Excel-де мәліметтер типтері, адрестеудің түрлері
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Таблица құру және таблица мәндеріне амалдар қолдану
Ғылыми жобаның тақырыбы: «Жаңа заман талабына оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру»
Оқушылардың сауатты жазу дағдысын жетілдіру тәжірибемнен
Дина Бисембайқызы
21 декабря 2014
10726
0
40
1
2
3
4
5
1
Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларын оқытуға ерекше мән берген.Онда бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге оқу, жазу, санау,шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытатындай оқу әрекетін ұйымдастыру атап көрсетілген және оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндігін ашу,білігін қалыптастыру көзделген. Қазіргі таңда мұғалім оқушыға алдын-ала бәрін өзі дайындап бермеуі тиіс,оқушы өзі ізденуі қажет. Ал мұғалім оқушының оқуын, ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы ,оған басшылық жасауы қажет. «Тәуелсіз ел-тірегі-білімді ұрпақ» десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселелердің бірі-білім беру,ғылымды дамыту,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.Ал бұл істің қайнар көзі білім ордасы-мектеп ,ал мектептің –жаны мұғалім. Олай болса ел сенген мектеп мұғалімі: «Оқыту дегеніміз-екі есе оқу» деген қағидаға сәйкес болуы шарт.Осы қағидаға сүйене отырып мен де әр түрлі бағдарламаларды, әдіс-тәсілдерді оқып, салыстырдым. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда жаңаша міндеттер қойып отыр. Мұның өзі әрбір мұғалімнен оқу үрдісін қайта қарауды бұрыннан қалыптасқан әдістер мен технологияларды жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен ұтымды қажет етеді. Оқытудың дәстүрлі түрінен басқа форма бар ма екен? Оқушыда неге білім алсам деген ой бірінші емес? Оқушыны неге баға үшін оқиды? деген сұрақтар мазалады. Сонымен қатар оқытуды жазу түрлерін меңгерсем, жаңа әдіспен жұмыс істесем,ерекше формамен таныссам деген құштарлығым басым болды. Ол жаңа тәсіл –балаға жазба тіл дағдысына үйрету. Бұл әрекеттің жаңа тәсілінің мәні, жаңалығы мынада: бала психологиясының мектепке дейінгі табиғи даму динамикасын үздіксіз бірізді жалғастырып алып кету арқылы алдағы уақытта баланың жазба тілін дамытып,сшығармашылығын арттыруда интеграция арқылы негіз салу және әрі қарай дамыту.«Тіл дамымаған баланың басқа да психикалық қызметтері дамымайды».Әсіресе, жазба тілді дамыту маңызды және күрделі мәселе. «Жазба сөз ауыз сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айырықша тіл функциясы. Ол өте қиын саналы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы ». Осы уақытқа шейін жазбаша тілді меңгерудің, яғни оқушының жазу дағдысын қалыптастырудың бастауышта үш кезеңі (элементтік кезең, әріптік кезең, әріптерді жалғастырып жазу кезеңі) бары,сол кезеңдерге қойылатын талаптарды орындауға төселдіру қажеттігі және мұның бәрі өте күрделі процесс болып табылатындығы туралы айтылып және басшылыққа алынып келді. Шын мәнісінде,әдебиеттерді зерттей келе, осы кезеңдер арқылы ғана баланы жазба тілде үйретуге болмайтындығына көзіміз жетті.
2
Бұл жөнінде профессор Т.Тәжібаев: «Жазба сөзді жақсы білу үшін психологиялық операцияны жаңа түрде пайдалану керек»-десе, Л.С.Выготский: «әріп жазуға үйрету деп ойламау керек»-дей келіп,әрі қарай осы күнгі қолданып жүрген дыбыстық талдаудың да жазуға үйрету жолына жатпайтындығы туралы:»....тәжірибе көрсеткендей, сөз ішіндегі дыбыстарды талдай алатын бала сөз жазып кетеді деп айтуға болмайды,оған жазу механизмін үйрену қажет» дейді. Ғалымдардың « жаңа түрдегі психологиялық операция пайдалану керек », жазба тіл дағдысына үйрену қажет» деп отырғандары баланы жазу әрекетіне үйретудегі жаңа тәсіл.Себебі,онда рухани-адамгершілік құндылықтың іргетасы қаланады.Сауат ашу арқылы баланың танымдық белсенділігі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы дамып интеллекті баийды.Сондықтан жұмысты дұрыс,сауатты атқаруға бірден үйрету керек. Мұндай жағдайдағы сауаттылық –ол бәрінен бұрын міндеттерді шешеудің шығармашылық жұмысқа үйрету барысында оқытудың жалпы мақсаты мен міндеттерін жоспарлап есепке алу керек. Жұмысқа үйрету кезінде мына ережелерге сүйенгені дұрыс. [Б.с.о 5/12.2012 ж ] 1.Оқушы, әсіресе, бастауыш сынып оқушысы нақтылы бір зат жасай алмайды. Демек, шығармашылық тапсырманы оқу барысында игерген біліміне сәйкес және оны сол тапсырманы орындауға мүмкіндігінше толық қолдана алатындай етіп беру керек. 2.Тапсырылған шығармашылық жұмыстар сауатты түрде орындалатын болуы шарт. Ережені білу топтастыру оны практикада іскерлікпен пайдалана алу шеберлікке әкеп тірейді. Нақтылы бір істі атқаруда шығармашылық қиялды үстірт пайдалануға жол беруге болмайды. 3.Бастауыш сынып оқушылары көп жағдайда шығармашылық жұмысты сауатты атқара алады.Сондықтан мұғалім тапсырманы біртіндеп күрделендіре отырып , негізгі үлгіге байланып қалмай мөлшерлете орындатып отыруы шарт.Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында тағы бір жеке-дара мақсатты да алға қою мүмкінддігі бар.Ол-баланың іс-әрекетке икемділігі мен қабілетін ашып дамыту және есепке алу. Шығармашылықпен жұмыс істеудің нәтижесін келешекте өзінің икем қабілетін сапалы түрде мамандық таңдау жолында пайдалануға болады. Осы мақсатты пайдаланып сабақта әр оқушы шығармашылық қоржын жинақтайды. Шығармашылық қоржынға оқушы өзінің, өтірік өлеңдер,қиялдарынан шығарған ертегілерін топтастырады.Тиянақты шығармашылық жұмыс жүргізіп отырған оқушылар мұғалім тарапынан марапатталып отырады. Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын.Ол балалардың ойланын дамыту туралы «Ойлау жанның өте қиын терең ісі »деп атап көрсете келіп,тәрбиеші баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.
3
Ол үшін сауат ашудың негізгі мақсаты- оқу дағдысының негізін қалау, фонетикалық ,есту қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білу, әріптің баспа түрін таңбалап жазу, әріптерді таныту, буын, сөз, сөйлемді оқуға үйрету сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру өздігінен оқуға,жазуға дағдыландыру,кітап оқуға қызығушылығын арттыру,ауызша сөйлеуге үйрету жүзеге асырылады.Осы мақсатты шешу үшін,сауат ашуда төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек.
- оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- оқыту принципттерін басшылыққа алу;
- сөйлеу тілінің дыбыстық,ерекшеліктерін меңгерту,яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету:
- буындап оқу әдісі арқылы, сөзді тұтастай оқуға дағдыландыру;
- дыбысты әріптермен дұрыс таңбалауға, жазуға,сөз ішіндегі олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөздерді тұтас жазуға үйрету;
-жазудың талаптарын орындату;
-балалардың сөйлеу тілін,байланыстырып сөйлеуін дамыту.[ Б.м №22013]
Әріпті жаза білуге үйрету емес,оның әрбір элементін дұрыс сақтауға,оңға қарай біркелкі көлбеу,таза,анық жазуға машықтандыру.Көркем жазу-адам өмірінде әсемдік пен сәнділікті сақтаудың,оны жетілдірудің бір жолы.Соның ішінде оқушылардың жазуына каллиграфиясына тоқталатын болсақ,ол тек мектеп қабырғасында қалыптасады.
Сауат ашу-аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Бала сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп,күнднлікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс.Әдетте,мұғалім жалпы жазу жұмысын ,оның ішінде сауатты жазуды бастаудан бұрын сыныппен біршама дайындық жұмысын жүргізуі тиіс. Ондай даярлық жұмыстары жаза білу икемділіктерін меңгеруге керекті дәстүрлі ережелерді қамтиды.Жазуды жазылуы оңай әріптермен бастап, жазылуы қиын әріптерді жазуға біртіндеп көшкен дұрыс.Оқушының жазуын елемеу деген сөз емес.Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауда,оның сауаттылығын арттыру керек.
Осы талаптарды орындау негізінде оқушылардың көркем жазу дағдысы қалыптасады. Әдемі жазу-өнер.Таза , анық әдемі жазуды оқу да жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады.Таза,әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке,тың
ғылықтылыққа үйретеді.[ Бастауыш білім №6 2010ж]
Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу қажет.
Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасады.Мұғалім бұл үшін жұмыстың әр түрлеріне ,оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану керек. Түрлендірілген жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймайды,логикалық ойлауын арттырады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының қол икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру,графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін орындалатын жаттығу түрі:
5
«Басып жазу» жаттығуы. Дәптерге әріптерді қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді,ал оқушылар үстін басады. Әр түрлі зат бейнесін,геометриялық фигураларды «штрихтау» баланың қолын жаттықтырады, сөйлеуі мен ойлауын белсендіреді.
қолын жаттықтырады
сөйлеуге белсендіреді
ойлауға белсендіреді
штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін,
құрылысын, жазықта орналасу қалпын еркін қабылдап ұғымдарды меңгереді.
Сауат ашудың әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді.Әріптің толық таңбасы оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады.Әріп элементтерін ретімен жазып үйрену.Біріншіден,неше элементтер тұратыны.Екіншіден ,ол әріпті қай жерден қалай бағыттап жазуды меңгеру.Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап балаларды «үзбей жазуға» дағдыландыру қажет. Тұтас әріпті үзбей жазғанда оның әр элементін жазудағы қимылдың аяқталуы келесі элементтің басталатын жерінде бітіп,әрі қарай келесі элемент жалғасады.Үзбей жазуға жаттығу жұмыстарын жүргізетін жаттығулар.[Б.с.о №33013ж]
Бұл кезеңдерде «Несімен ажыратылады?»жаттығуы.
а)
ә)
б)
бұл жаттығу әріптерді бірдей биіктікте,бірдей қашықтықта жазуға төселдіреді.Ал келесі жаттығу «көз» бен «қолдың» бір бағытта жұмыс жасауын қалыптастырады.
2 2
1 3 1 3
Көз бірінші нүктеде, қол да бірінші нүктеде, көз екінші нүктеде ,қол да жоғарыда, көз үшінші нүктеде,қол төменде. Бұл жаттығу қолды сенімді қозғауға үйретсе, «бірдей биіктікте секіру» жаттығуы әріптерді ара қашықтығын сақтап жазуға машықтандырады.
6
Көркем жазу дағдыларын қалыптастыратын мынадай жаттығуларды ұсынуға болады: « Әріпті тап » жаттығуы. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да, оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді.
Мысалы: О ,II , .
« Ғажайып алаң» ойыны.Тақтаға сөз жасырылады.Мұғалім жасырылған сөздің әрбір әрпін элементтері бойынша сипаттап айтады да,ал оқушылар қандай әріп екенін айтады.Мысалы: бүтін құрсау мен оңға иілген қармақшадан тұратын кіші әріп десе, «а» әрпі екенін табады. Енді сөзімнің соңында оқушыларды әдемі жазуға қалыптастырумен қатар шығармашылығын арттыруда жазу жұмысын бастарда жұмбақтар мен өлеңдермен бастасаң әсерлі болар еді. Мысалы, дәптермен жұмыс жүргізерде:
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық,-
деп оқушыларды әдемі етіп жазуға баулу керек. Ойлау қабілетін дамыту мақсатында жазудан бұрын жұмбақтармен бастауға болады. Мысалы:
« Өзі таяқ тәрізді,
Алуан түсті әрі ізі. «Ол не?
«Алса бала қолына,
Сурет салар жолына»,-
деп жұмбақты шешкізіп, әдемі,әрі сауатты жазуға үйрету,қазіргі заман талабына сай әр мұғалімнің басты міндеті болу керек.[Б.с.о №4 2010ж]
Оқушылардың сауатты жазуға үйрететін негізгі пән-қазақ тілі.Бала сауатты жазу үшін қазақ тіліндегі грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп,күнделікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс. Бастауышта сауаттылықты жете меңгермеген оқушы жоғары сыныптарда оны толықтыра алмайды.Сондықтан оқушының сауатты, таза жазуына әрбір сабақ сайын көңіл бөліп,олардың тіл байлығын арттыруға назар аударған жөн. Сауатты жазуға үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі, яғни ана тілі тікелей байланыста болады. Кітап оқи алмаған оқушының сауатты жаза алмайтыны белгілі.Сауатты әрі әдемі жазуға дағдылануы қаламды дұрыс ұстаудан басталады.Әріпті меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуға үйрету қажет.[Баст сынып оқыту 6//2010ж] Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты да біледі. Қатесіз жазуды меңгеруде оқушылар әріп пен дыбысты айырып, әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар екенін ажырата біледі.Мысалы: «ана», «домбыра», «асық» сөздеріндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды бірінші әріпті өткен күннен бастап-ақ ажырата білуге,сонымен бірге тақтаға жазылған әрбір әріп,әрбір сөз,сөйлемді дауыстап оқытып,оны іштей қайталатып,естеріне сақтап жазуға үйрету қажет. Бұл, біріншіден, баланың есту
7
қабілетін жетілдіруге пайдалы болса, екіншіден,сөздің дыбыстық құрамын дұрыс ажыратуға,үшіншіден текстіні немесе сөйлемдерді сауатты,қатесіз жазуға көмектеседі.Кейде жұмыстың түрін өзгертуге суреттер іліп, соның аттарын өздеріне жаздырып,жазған сөздерін,сөйлемдерін өздеріне,қатар отырған қасындағы балаға тексеремін. Қате жіберген оқушы қатесін жолдасының түзеткеніне намыстанып,сауатты жазуға талаптанады.Бұл тәсілдің тиімділігі олар бір-бірінен көшірмейтін болады. Әріп (1-сыныпта) буын,сөздік диктантын орынды жүргізіп,онда жіберген қателерін қайталап жаздырып,сол сөздерді қатыстыра отырып,сөйлемдер құратып астын сыздырамын.Оушыларды сауаттылыққа үйретудегі нәтижелі әдістің бірі-сабақ үстінде ойын элементтерін пайдалану. Ойын оқушыларды сабаққа қызықтырады, материалды тез қабылдап,есінде ұзақ сақтауға көмектеседі.Ойынның түрлері өте көп,солардың ішінде сауатты жазуға үйретуде сөздік ойынның пайдасы ерекше.
Мысалы, «Есіме жаттап сақтайын» ойыны.
Ый-и әріптерінің емлесіне байланысты жазылатын сөздер –сый мен-тый-бұлар түбірлестер. Оған мысал: Сыйға-сый. «Көзің ауырса,қолыңды тый»,қалған сөздерде жалаң «и» жазылады.Егін , шөпті уақытында жи. Оюды қайшымен қи. деген сияқты сөздерді жиі сұраймын. Қорыта келгенде дауыссыз дыбыстардан кейін «и» жазылуына ерекше тоқталған дұрыс.
Я әрпіне жүргізілген ойында и+а =я; қоян,аяқ,таяқ,аяз,т.с.с құраған сөздерін қатесіз дәптерге жаздыртып, өздеріне тексерту,осындай сөздерге қатысты жұмбақ шешкізіп, тасымал тақырыбына байланысты бір буынды,екі буынды,үш
7
буынды сөздерді дұрыс жазуға, «Кім көп сөз тауып жазады?» ойынын жарыс түрінде жүргізген тиімді. Жазған сөздерінің сауаттылықтары тексеріледі. Бұндай ойын түрлері оқушыларды жылдамдыққа тәрбиелейді.Ұлттық ою-өрнектерімізді көрсетіп,олардың аттарын ататып, дәптерлеріне қатесіз жаздырамын. Сонымен бірге туыстықты білдіретін немере,шөбере,аға,әпке,сіңлі, нағашы т.с.с сөздерін жаздырып,талдау жасатамын. Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз.
Мақсатым оқушыларды сауатты жазуға үйрету. Қазақ тілінен ғана сауатты жазумен шектелмей, сонымен бірге ана тілінен бағдарламалық жаттаған мақал-мәтелдерді,тақпақтарды жатқа жаздыртып,сауаттылығын тексертіп отырамын.
Кейбір жағдайларда оқушылар қосарланған дыбыстарды жасауда көптеген кемшіліктер жібереді. Ол үшін мынадай жұмыстар жүргізген дұрыс деп есептей
мін. «Қайсысы дұрыс?». (Қате әріпті белінен бір сыз)
Көбінесе жұмбақтар ұлттық дәстүрге,әр түрлі тақырыпқа байланысты алынады.
Аттан биік.Қойдан аласа. ( ертоқым)Мысалы,
Бұралып қос құлағы,
Күмбір қағып тұрады. ( домбыра)
Бір ағашта он екі ұя,
Әр ұяда отыз жұмыртқа. ( он екі ай,отыз күн)
Өрнектеп,сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін?(тігінші)
Тілі бар,үні жоқ,
Сөйлеп тұрар ішінен.
Көзбен шалсам бір рет-
Не дегенін түсінем ( кітап)
8
Қос батыр қатар тұрса да,
Бірі үлкен ,бірі кіші-
Бес туысқан бірге ісі. ( саусақтар)
Жұмбақтарды қызыға жаттау,оларды дұрыс жазып үйрену оқушының есінде ұзақ сақталады ,екіншіден ,сауаттылыққа үйренеді, әрі ойы дамытылады,дұрыс оқуға, дұрыс жазуға дағдыланады. [бастауыш білім № 2 2010ж]
Сонымен бірге сауаттылықты арттыруда мақал-мәтел және жаңылтпаштарды жатқа жазудың да үлкен көмегі тиеді деп есептеймін.Мен өзім әр сабақта және қосымша жұмыстарымда көбірек қолдануға тырысамын.
Әдептілік ,ар-ұят-Мысалы:
Адамдықтың белгісі.
Адалдан зиян жоқ,
Арамда иман жоқ.
Бірлік болмай-тірлік болмас.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Кітаптың бағасы арзан,
Іші толған маржан.
Тілін дамытып ,есте сақтау қабілетін артырып ,сауатын жетілдіруге жаңылтпаш жазудың да өзіндік пайдасы бар деп ойлаймын.
Мысалы: Алма бар,
Алма барда,
Алмұрт алар ма?!
Алмұрт алма,
Алма ал.
....... ......
Қазанда шұжық жүр,
Үш шұжық жүзіп жүр.
Шұжықшыл Жүсіп жүр,
Шұжықты сүзіп жүр.
..... ..... ......
Қырық құлып,
Қырық құрық.
Құлып та-қырық,
Құрық та-қырық.
Оқушылардың дәптерін күнделікті тексеріп баға қоюмен шектелмей, қате жіберген сөзді қатыстырып,сөйлем құратып,қатесін түзеткен-түзетпегендерін байқап, ретіне қарай жаңа тапсырмалар беріп отыру керек. Әрі таза, көркем,сауатты жазуға дағдыландыру үшін сыныпта дәптерлерді бір-біріне беру, көрсету,салыстыра отырып көрме ұйымдастыру да өз нәтижесін береді. Оқу мен
9
жазуға үйретудің элементтері қатар жүреді. Оқу мен жазудың негізі-ана тілінің дыбыстық құрылымын түсінуі өте маңызды. Бағдарлама талабына сәйкес балаларды жазудың графикалық дағдысы (әріптерді дұрыс жазу және олардың байланысы) және қарапайым орфографиялық дағды (сөздің дыбыстық және әріптік құрылымын дұрыс жазу) қалыптасуы қажет. Жазу бірнеше бөліктерден құралады. Жазатын сөздерге талдау жасай білу, дыбыстардың реттілігін сақтау, дыбыстарды сәйкес әріптермен белгілеу,бейнелеу.Басқы кезеңде бұл бөліктер арнайы қайталанады.Жазу сабағы дыбыстық талдаусыз өтпейді.Сауат ашу кезеңінде жазудың негізі мен сауатты жазудың негізі қаланады.
1.Жазуға үйрету,партаға отыру,қаламды,дәптерді дұрыс қою ережелерін сақтаудан басталады.Жазу кезеңінде жарық баланың сол жағынан түсу керек.
2. Жазу үлгісі №1 дәптерде әліппеге дйінгі кезеңде арналған баланың саусақ бұлшық еттерін жазуға икемдеп ,дайындау үшін тапсырмалар берілген ,сол үлгі бойынша жұмыс жүргізіледі.
3.Жазу үлгісі дәптерімен толық танысқаннан кейін оны партаның,үстелдің үстіне 30 градус бұрыш жасайтындай жағдайда орналастыруға ерекше көңіл бөлу.
4.Жазу үлгісіндегі әрбір әріптің жеке элементтерін жазғызып,одан соң ол әріптің баспа түрін тұтастай жазуға үйретіледі.
5.Әрбір әріптің баспа және жазба түрі салыстырмалы түрде көрсетіліп отырады.
6.Жазу үстінде қалай отыру, қаламды қалай ұстау керектігі үнемі ескертіліп,
тақтаның жанында ілулі тұрғаны жөн.Сонда ғана баланың жазуы жақсы,әдемі
болады.
7.Жазуға үйрету сауат ашу кезеңі аяқталғаннан кейін де жалғаса береді.
Бұдан шығудың жолы-балаға жазба тіл дағдысын үйрету.Оны сызба бойынша былай көрсетуге болады.
Балаға жазба тіл дағдысын үйрету
Жазба тіл Ішкі ойлау
тәсілі дағдысы
Баланың алғашқы символикалық жазуы-пиктографиялық жазудан (заттың суретін салу арқылы жазу)одан кейінгі екінші символикалық жазуы-идеограммалық жазуға (сөздің,ойдың суретін салу арқылы жазу) көшіру процесі жазу механизміне үйретеді. Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу мәнерін өзгерту деп білемін. Стратегияларды әр сабақтың
10
мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына ,тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады.Оқушылардың ойлау деңгейі жоғарылайды.
Өйткені, Бала өсірген ата-ана,
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан мұғалім,
Бала болып ойлайды,-дегендей,
«Мен бала болуды үйрендім».Әр тақырыптың идеясын оқушылардың өздері ашады. Кейіпкерге айналады,онымен бірге қуанады,қиналады,армандайды,
қиялдайды, жағымды жағын алады.Қазақ тілі бағдарламасы бойынша сауатты жазу дағдысы 1-сыныпта басталады.Оқушылар алғашқыда сұраққа дайын сөздермен жауап берсе,кейін сұрақта жоқ сөздерді қосуға төселеді. 2-сыныпта бастап жоспар арқылы жазуға төселеді.Кейбір оқушылар ойын жазбаша жеткізіге қиналады.Ал,кейбіреулері ойын ашық жазбаша еркін жеткізгенді ұнатады.Суреттермен жұмыстандық.Тірек сөздерді пайдалана отырып жазуға төселдік.Тапсырма түрлері өзгертіледі.Кейіпкерге мінездеме беру,автордың ойына өз ойларын қосу,мәтінді жалғастыру,кейіпкерге сипаттама беру,өзіндік көзқарастарын білдіру,авторға хат жазу т.б.арқылы шығармашылығын арттырып,қызықтырып отырдым. Мақсатым: оқушылардың жазба тілінің дамуына ықпал ету.Егер дәстүрлі оқыту баланы жаттауға,есте сақтауға үйретсе,ал дамыта оқыту баланың дербес жұмыс жасауына ,алған білімін өмірде пайдалануға үйретеді. Жазу нақтылыққа баулиды. Жазу ойды жүйелейді.
Адамның қабілет ерекшелігіне,психологиялық жағдайына жазу тікелей байланысты. Жазуға қызықтыру маңызды. Дәстүрлі жазба жұмыстарында оқушы ойын нормадағы сөз санына сыйғызады.Еркін ойын жазу шектеледі.Мәтінге өз ойын қосқанмен ,дәлелдеуге дәрменсіздеу.Сөздік қорындағы сөздерді пайдалану жолдарын біле бермейді.Өз-өзіне сене алмады.Кейбір қиындық заман талабына туындайды. Орта балаға әсер етті. Жаңашылдыққа ұмтылуды мақсат етті. Сауаттылыққа талап күшейді. Ой әсемдігін мәнерлі сөзбен жеткізу көзделеді. Оқушы өзі қызыққан дүние туралы жазады. Баланы жазуға машықтандыру жағдайы жазуды талап ететін өмірмен салыстырылады. Жазу барысынды көптеген идеялар туады. Жазу «ептілік шеберханасы» деп аталады.
Бастауышта сәтті сабақ белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс.
Оқушы әрекеті:
1.Өз ойын еркін жазу.
2.Өзгені тыңдай білу және көмектесу.
12
3.Бірлесе әрекет жасау.
4.Өз әрекетін талдау.
5.Өз мақсатын анықтау.
Оқушыларды сауатты жазуға үйрететін негізгі пән-қазақ тілі.Бала сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп,күнделікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс. Оқушылардың жауын қадағалап отыру қажет.Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауда ,оның каллиграфиялық сапасы мұқият ескерліп, қазақ тілі бойынша баға ішіне көркем жазу бағасы да есептеледі.
Қазіргі заман талабына сай әр мұғалімнің басты міндеті- оқушыны әдемі жазуға,әрі сауатты жазуға үйрету.
Әріптерді дұрыстап жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға үйрету.
1).Әріптерді дұрыс жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға үйрету.
2).Әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау.
3). Балаларды жазу жұмысын өте ұқыпты,мұқият қарауға жаттықтыру.
Тақтаға,дәптерге көбірек сөйлемдер жазғызу пайдалы.Себебі өздері жазған сөйлемнен кеткен қателерін өздері табады. Қате жіберген сөздің астын сыздырып,талдау жүргіземін.[Б.м № 2014 ж]
Күнделікті сабақта оқушының жазу сауаттылығына үнемі мән берілсе,онда іс нәтижелі болатыны өз тәжірибемнен белгілі. Сауатты әрі каллиграфиялық дұрыс жазуда көрнекіліктің алатын орны ерекше. Сондықтан әрбір сабақтың тақырыбына сай әріп, сөз,сөйлем жазылған таблица,суретті карточка,сюжетті суреттер, дидактикалық материалдарды пайдалануға көңіл бөлемін.
Күнделікті сабақтың алдында жазылуы қиын сөздерді іліп қойып еске сақтауын қадағалаймын.Оқушылардың көбі текстегі жаңа ой басталатын жерде абзацтан бастап жазуды білмейді.Бұл бас әріп,кіші әріп түрі мен тұлғаларын,әріптің баспа түрі мен жазба түрін білмеуінен болады. Әріптерді дыбыстағанда оны дұрыс айтып үйренбейді.
Мысалы: кейде ұ әрпін ү, ы немесе і,о әрпін ө,т әрпін д,с-ны ш,ң-ды н деп айтады.Кейбір оқушылар әріптің негізгі формасын сақтамай және оларды бір-біріне өте жақын не өте алшақ жазуынан қате жібереді.Сөйлем аяқтағанда тыныс белгілерін қоймай,келесі сөйлемді бас әріптен бастамай,жалқы есімдерді кіші әріппен жазып қояды.Қатенің бір түрі сөз мағынасына дұрыс түсінбей жазудан болады. Мысалы: «тастама » сөзін « тыстама » ,«кішкентай » сөзін «киттей», « ештеңе» сөзін « іштеме» деп жазуы мүмкін сөздерді жазғанда әріпті тастап кету,бірдей екі әріптің біреуін қалдырып кету жиі кездеседі. Басқа тілден енген термин сөздерді жазудан жиі қателеседі. Сауатты жазу үшін төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізіп отырамын.
1. «Біріккен сөз»тақырыбын өткенде күнбағыс,итмұрын,асқабақ сияқты өсімдіктердің аққу, бірқазан, көкқұтан сияқты құстардың суреттері бойынша
13
ауызша сөйлем құратып, құраған сөйлемдердің суретін жауып қойып, жатқа жазғызып, біріккен сөздердің жазылуын меңгерулеріне аса көңіл бөлемін.
2. Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде сөздік жұмыс жүргізудің де маңызы зор.
Мысалы: дана-данышпан,ақылды,білімді т.с.с. қару-жарақ-мылтық,найза,қылыш т.с.с
3.Мәнерлеп оқу-сауатты жазудың негізі. Дұрыс оқыған бала ғана дұрыс жаза алады.
4.Оқушылардың қатесіз жазуға дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп көңіл бөлу керек, немесе сөйлемде қалдырып кеткен сөздерді дұрыс тауып,оны орнына қойып,үйлестіріп жазу,берілген сөздерден сөйлем құрап жазу,сұрақтарға толық жауап жазу сауатылыққа көмегін тигізіп отырады.
5.Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың жаттығулар, сөйлемдер, мазмұндама,шығарма, диктанттардың пайдасы зор.
Диктанттың түрлері көп.
Бақылау
Еске сақтау Сөздік
Көру Терме
Өздік Графикалық
Есту
Қатемен жұмыс жүргізгенде ерекше талдау жүргізіледі.Қате жіберген сөйлемдерді қайтадан жазғызып, астын сыздыру нәтижесін береді. Оқушыларды қатесіз,сауатты жазуға үйрету тәсілдері алуан түрлі. Өйткені әр баланың ерекшелігіне байланысты қатесіз жазуға үйрету әдісі әр сабақта өзінше орын алады. Қорыта айтқанда ,сауатты болудың алғы шарты әріптерді үйретуден басталады. Әріп элементтерін дұрыс бір-бірінен ажыратып,жазу ережелерін сақтағанда ғана бала сауатты жаза алады. Әсем,қатесіз,сауатты жазу-өнер.
« Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтар болсам, қазіргі таңда ұстаздар алдындағы міндетіміз-жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу,мектепткен 14
14
шыққан шәкіртті өмірге даярланған азамат,жеке тұлға етіп тәрбиелеу. «Адам ұрпағымен мың жасайды»дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығы арқасында адамзат баласы мың ғана емес,миллллллиондаған жылдар бойы жасап келеді.Олай болса,мың жасайтын ұрпағымызды еліміздің шыңы етіп тәрбиелейік! Қатесіз жазуға, мәнерлеп оқуға дұрыс сөйлеуге жаттықтыру-сауаттылыққа үйретеді. Оқушыларды сауаттылыққа үйрету-әр мұғалімнің шығармашылық ізденісіне байланысты.Әдемі,әрі сауатты жазуға үйрету,қазіргі заман талабына сай әр мұғалімнің басты міндеті болу керек. Қазақтың ғұлама ақыны Абай атамыз айтқандай:
Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,-
деп бала бойына білім нәрін жалықпай іздену барысында шығармашылықпен бере білсек олар биіктен көрінер еді демекпін.

10727

Оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру.
| № 81 орта мектеп
О?ушыларды о?у?а ж?не сауатты жазу?а ?йрету Бастауыш білім- ?здіксіз білім беруді? ал?аш?ы бас?ышы. Осы?ан орай о?ушы?а белгілі бір к?лемдегі білім да?дыларын ме?гертумен бірге, оларды сауатты жазу мен о?у?а ?йрету – б?гінгі к?нні? басты талабы. Бастауыш сыныпта екі жылдан бері айналысып келе жат?ан м?селем- о?ушыларды о?у?а ж?не сауатты жазу?а ?йрету болып табылады. Бастауыш сыныпты? ?аза? тілі саба?ында о?ушыларды сауатты жазу?а ?йрету м??алімні? басты міндеті. Сауатты жазуды ?уелден ме?гермеген баланы? жо?ар?ы сынып?а бар?анда т?зелуі ?иын?а т?седі. Мектеп табалдыры?ын ал?аш атта?ан о?ушыларды? жастары ?атар болса да ?абылдау м?мкіндіктері ?рт?рлі. ?р сыныпты? ?зіндік ерекшелігі ескеріліп зерттелгеннен кейін, білім де?гейіне сай тапсырма беремін. Сауат ашу кезе?інде с?йлем, с?з, буын, дыбыс ??ымдарын ме?гертуде о?улы?та берілген суреттер ар?ылы тіл дамыту ж?мыстарын ж?ргіземін. Сауатты жазу дегеніміз ?ріптерді тастамай, шатастырмай жазу.О?ушы?а буындап о?ыту, с?здерді буын?а д?рыс б?лгізу керек. Буынды д?рыс ме?герген о?ушы сауатты жазады. Ол ?шін дыбыс пен ?ріп туралы т?сініктерін 1- ші сыныптан-а? д?рыс ?алыптастыру ?ажет.Мысалы: О?ушылар?а с?здерді? ??рамын ??ындыру ж?не с?здерді? дыбыстардан ??ралатынын білгізу ма?сатында «Баспалда?тан кім б?рын т?седі?» ойынын ж?ргіземін. Дыбыс саны мен ?ріп саны ?немі бірдей бола бермейді. Мысалы, ащы (а-ш-ш-ы), ая? (а-и-а-?) с?здерінде ?ріп санынан дыбыс саны арты?, ал лагерь, альбом с?здерінде дыбыс санынан ?ріп саны арты? екенін ж?не себептерін т?сіндіріп кетемін. 2-сыныпта тілді? дыбысты? ж?йесіне берілетін білім ке?ейтіліп, к?рделене т?седі. Атап айт?анда, «У» дыбысы, «Е», «Я», «Ю» ?ріптері жеке-жеке ?арастырылады.Мысалы: оларды? жазылуы та?ырыбында –ы,і ?ріптеріне ая?тал?ан с?здерге «у» ?рпі ?осыл?анда, жазуда ы, і ?ріптері т?сіп ?алатынды?ын ме?гертуде «Д?рысын жаз» ойынын ойнатамын. ?ыс?а й дыбысы мен ? дыбысыны? жазылу емлесінде ?зіндік ?иынды?тары бар.Оны былай жина?тап к?рсетуге болады. Й-ы,і дыбысынан кейін жазылмайды, тек мына т?бірі тый,сый с?здеріне ?ана жазылатынды?ы ескертіледі.? ?ріпі с?зді? басында еш уа?ытта жазылмайды.Б?л дыбысты н дыбысымен шатастырып жазуы жиі кездеседі. Оны с?здерді салыстыру ар?ылы с?з ма?ынасыны? ?згеретіндігіне к?з жеткізу керек. Ж?не н- тіл ?шы дыбысы, ?- тіл арты дыбысы екенін ?немі тілмен жатты?у жасау ар?ылы ?йрету керек. «Д?рысын тауып жаз» Мені (н,?), бізді (н,?), оларды (н,?). ?айсысы ма?ыналы. ?ай уа?ытта дауысты и мен дауыссыз й-ді? жазылатынына байланысты ереже еске т?сірілуі ?ажет. ?осарлы я,ю ?ріптері бар с?здерді жазу?а к?п ?иынды?тар ту?ызады.Я дыбысы дауысты дыбыстан кейін жазылса екі дыбысты? орнына ж?реді.Мысалы: ?оян,?я, мая,тая?.Я ?рпінен б?рын ы,і дыбысыны? орнына и жазылады. Я ?ріпі орыс тілінен енген с?здерде де ж?не ?аза? с?здерінде де жазылады. Сауатты жазу?а тиімді ?дістерді? бірі- жат?а жазу. Мысалы: А? т?йіншек секе?дейді, Сары т?йіншек жетем дейді. Ж?мба?ты ?ызы?а шешу (?оян,т?лкі) жаттау, оларды д?рыс жазып ?йрену сауатты жазу?а т?селдіреді. Ж?мба?ты? шешулерін д?рыс жазу ж?не осы с?здердегі ?ріптерден бірнеше с?з ??рау ар?ылы с?здік ?орын байыту?а болады. О?ушыны сауатты жазу?а да?дыландыруды? негізгі ж?мысы- диктант. Ал, диктантты? бірнеше т?рі бар. Сауатты жазуды? негізі ?ліппені? сауат ашу кезе?інде ?алыптасады. Ал?аш?ы ?ріптерді ?йренісімен саба? сайын сын ж?мысы жазылады. М?ны? бірі-?ріп диктанты. Онда ?йренген дыбыстарыны? ?ріптік та?баларын ?аншалы?ты ме?гергенін бай?ап, ілесе алма?ан о?ушылармен ?осымша мынадай ж?мыстар ж?ргіземін: - баспа т?ріндегі ?ріпті к?рсетіп, жазба т?ріне аударып жаз?ызу; - алфавиттен берілген ?ріпті іздеп табу, орнын білу; - сол ?ріптен басталатын с?з ойлату,немесе естіген с?зін ортасында,со?ында т?р?анын бай?ату; - д?птердегі ?лгі бойынша жаз?ызу; - берілген с?зді? ортасында?ы т?сіп ?ал?ан ?ріпті ?ой?ызу,т.б. Ж?мыс т?рлері есінде ?ал?анынша ж?ргізіледі. ?ріп диктантын жазу?а да?дылан?ан со?, сол ?ріптерден ??рал?ан буын диктантын жазу жал?астырылады.Б?л кезде о?ушылар ?здіктерінен дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, ашы?, т?йы? буындарды ??растырып о?и алады.Буын диктантын ?р т?рлі ?лгіде ж?ргізуге болады.Мысалы: - берілген баспа ?ріптерден буын ??рату, оны алдарында?ы арнайы та?ташалар?а жаз?ызу; - жо? буындарды орнына ?ойып, с?з ма?ынасын т?сіндіре білу; - буын?а б?лгізіп жаз?ызу, т.б. ?ріп, буынды д?рыс жазып т?селген со?, с?з диктантын бастау?а болады. О?ушылар ?зі естіген с?зді? на?ты ма?ынасын т?сінумен ?атар д?рыс буын?а б?ле білуі керек. Сонды?тан диктант жазарда ?р с?зді? ма?ынасын ?р?айсысынан с?рап, білмеген жа?дайда м??алім ?зі т?сіндіріп, дайынды? ж?мыстарын ж?ргізіп алуы тиіс. С?з диктантында орны ауыстырылып берілген с?здерден тияна?ты ойды білдіретиін с?йлем ??рау, тірек с?здерді пайдаланып ?р т?рлі тапсырмалар орындату, суреттер бойынша с?йлем жазу ж?мыстары к?рделене т?седі. Саба? сайын орындал?ан тапсырмалар?а талдау ж?ргіземін: - ?ате жазыл?ан ?ріптерді? асты сызылып, о?ушы ?з ?атесін ?зі табатындай, есінде ?алдыратындай ба?ыт беріледі; - жекеленген ж?мыс беріліп, ?атесін сол ж?мыс?а енгізу ар?ылы пысы?тайды, ?айталайды; - жазылуы к?рделі с?здерді д?птеріне жа?а жолдан ?лгі ретінде к?рсетіп беремін; - ауызша жіберілген ?атені? ережесін с?раймын; - о?ушыларды? ?з-?здерін ж?не бір-бірлерін тексеруі; - с?здерді та?тадан к?рсетіп, жаз?ан ж?мыстарымен салыстырып, ?ателерін т?зеттіремін. М?нда ?ате ?ріпті ?ана емес, ?ріптер емлесіні? д?рыс жазылуына да м?н беремін, н?тижесінде бала к?ркем жазу?а да?дыланады. Барлы? ж?мыстар?а да арнайы д?птер арнаймын. ?р бала?а берілген тапсырма к?нделікті жазылып, ?аншалы?ты ілгерілеу бар екенін есепке аламын. ?ате жазуды? себептерін аны?таймын. ?р аптада ал?ан білім к?леміні?, жетілуі, ?сіп, толысу д?режелері туралы есебін шы?арып отырамын.?р о?ушыны? осал т?сын ерекше назарда ?стап, саба? барысында де?гейлік тапсырмалар беремін.?рі те?естіру ж?мыстарын ?збей ж?ргіземін. Осындай шараларды назардан тыс ?алдырмай ?немі іске асырып отыру ар?ылы е?бегімні? еш кетпей, н?тижелі болатынына сенемін Показать полностью Просмотр содержимого документа«О?ушыларды о?у?а ж?не сауатты жазу?а ?йрету » Оқушыларды оқуға және сауатты жазуға үйрету Бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім дағдыларын меңгертумен бірге, оларды сауатты жазу мен оқуға үйрету – бүгінгі күннің басты талабы. Бастауыш сыныпта екі жылдан бері айналысып келе жатқан мәселем- оқушыларды оқуға және сауатты жазуға үйрету болып табылады. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында оқушыларды сауатты жазуға үйрету мұғалімнің басты міндеті. Сауатты жазуды әуелден меңгермеген баланың жоғарғы сыныпқа барғанда түзелуі қиынға түседі. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың жастары қатар болса да қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі. Әр сыныптың өзіндік ерекшелігі ескеріліп зерттелгеннен кейін, білім деңгейіне сай тапсырма беремін. Сауат ашу кезеңінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын меңгертуде оқулықта берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргіземін. Сауатты жазу дегеніміз әріптерді тастамай, шатастырмай жазу.Оқушыға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек. Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады. Ол үшін дыбыс пен әріп туралы түсініктерін 1- ші сыныптан-ақ дұрыс қалыптастыру қажет.Мысалы: Оқушыларға сөздердің құрамын ұғындыру және сөздердің дыбыстардан құралатынын білгізу мақсатында «Баспалдақтан кім бұрын түседі?» ойынын жүргіземін. Дыбыс саны мен әріп саны үнемі бірдей бола бермейді. Мысалы, ащы (а-ш-ш-ы), аяқ (а-и-а-қ) сөздерінде әріп санынан дыбыс саны артық, ал лагерь, альбом сөздерінде дыбыс санынан әріп саны артық екенін және себептерін түсіндіріп кетемін. 2-сыныпта тілдің дыбыстық жүйесіне берілетін білім кеңейтіліп, күрделене түседі. Атап айтқанда, «У» дыбысы, «Е», «Я», «Ю» әріптері жеке-жеке қарастырылады.Мысалы: олардың жазылуы тақырыбында –ы,і әріптеріне аяқталған сөздерге «у» әрпі қосылғанда, жазуда ы, і әріптері түсіп қалатындығын меңгертуде «Дұрысын жаз» ойынын ойнатамын. Қысқа й дыбысы мен ң дыбысының жазылу емлесінде өзіндік қиындықтары бар.Оны былай жинақтап көрсетуге болады. Й-ы,і дыбысынан кейін жазылмайды, тек мына түбірі тый,сый сөздеріне ғана жазылатындығы ескертіледі.ң әріпі сөздің басында еш уақытта жазылмайды.Бұл дыбысты н дыбысымен шатастырып жазуы жиі кездеседі. Оны сөздерді салыстыру арқылы сөз мағынасының өзгеретіндігіне көз жеткізу керек. Және н- тіл ұшы дыбысы, ң- тіл арты дыбысы екенін үнемі тілмен жаттығу жасау арқылы үйрету керек. «Дұрысын тауып жаз» Мені (н,ң), бізді (н,ң), оларды (н,ң). Қайсысы мағыналы. Қай уақытта дауысты и мен дауыссыз й-дің жазылатынына байланысты ереже еске түсірілуі қажет. Қосарлы я,ю әріптері бар сөздерді жазуға көп қиындықтар туғызады.Я дыбысы дауысты дыбыстан кейін жазылса екі дыбыстың орнына жүреді.Мысалы: қоян,ұя, мая,таяқ.Я әрпінен бұрын ы,і дыбысының орнына и жазылады. Я әріпі орыс тілінен енген сөздерде де және қазақ сөздерінде де жазылады. Сауатты жазуға тиімді әдістердің бірі- жатқа жазу. Мысалы: Ақ түйіншек секеңдейді, Сары түйіншек жетем дейді. Жұмбақты қызыға шешу (қоян,түлкі) жаттау, оларды дұрыс жазып үйрену сауатты жазуға төселдіреді. Жұмбақтың шешулерін дұрыс жазу және осы сөздердегі әріптерден бірнеше сөз құрау арқылы сөздік қорын байытуға болады. Оқушыны сауатты жазуға дағдыландырудың негізгі жұмысы- диктант. Ал, диктанттың бірнеше түрі бар. Сауатты жазудың негізі әліппенің сауат ашу кезеңінде қалыптасады. Алғашқы әріптерді үйренісімен сабақ сайын сын жұмысы жазылады. Мұның бірі-әріп диктанты. Онда үйренген дыбыстарының әріптік таңбаларын қаншалықты меңгергенін байқап, ілесе алмаған оқушылармен қосымша мынадай жұмыстар жүргіземін: - баспа түріндегі әріпті көрсетіп, жазба түріне аударып жазғызу; - алфавиттен берілген әріпті іздеп табу, орнын білу; - сол әріптен басталатын сөз ойлату,немесе естіген сөзін ортасында,соңында тұрғанын байқату; - дәптердегі үлгі бойынша жазғызу; - берілген сөздің ортасындағы түсіп қалған әріпті қойғызу,т.б. Жұмыс түрлері есінде қалғанынша жүргізіледі. Әріп диктантын жазуға дағдыланған соң, сол әріптерден құралған буын диктантын жазу жалғастырылады.Бұл кезде оқушылар өздіктерінен дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, ашық, тұйық буындарды құрастырып оқи алады.Буын диктантын әр түрлі үлгіде жүргізуге болады.Мысалы: - берілген баспа әріптерден буын құрату, оны алдарындағы арнайы тақташаларға жазғызу; - жоқ буындарды орнына қойып, сөз мағынасын түсіндіре білу; - буынға бөлгізіп жазғызу, т.б. Әріп, буынды дұрыс жазып төселген соң, сөз диктантын бастауға болады. Оқушылар өзі естіген сөздің нақты мағынасын түсінумен қатар дұрыс буынға бөле білуі керек. Сондықтан диктант жазарда әр сөздің мағынасын әрқайсысынан сұрап, білмеген жағдайда мұғалім өзі түсіндіріп, дайындық жұмыстарын жүргізіп алуы тиіс. Сөз диктантында орны ауыстырылып берілген сөздерден тиянақты ойды білдіретиін сөйлем құрау, тірек сөздерді пайдаланып әр түрлі тапсырмалар орындату, суреттер бойынша сөйлем жазу жұмыстары күрделене түседі. Сабақ сайын орындалған тапсырмаларға талдау жүргіземін: - қате жазылған әріптердің асты сызылып, оқушы өз қатесін өзі табатындай, есінде қалдыратындай бағыт беріледі; - жекеленген жұмыс беріліп, қатесін сол жұмысқа енгізу арқылы пысықтайды, қайталайды; - жазылуы күрделі сөздерді дәптеріне жаңа жолдан үлгі ретінде көрсетіп беремін; - ауызша жіберілген қатенің ережесін сұраймын; - оқушылардың өз-өздерін және бір-бірлерін тексеруі; - сөздерді тақтадан көрсетіп, жазған жұмыстарымен салыстырып, қателерін түзеттіремін. Мұнда қате әріпті ғана емес, әріптер емлесінің дұрыс жазылуына да мән беремін, нәтижесінде бала көркем жазуға дағдыланады. Барлық жұмыстарға да арнайы дәптер арнаймын. Әр балаға берілген тапсырма күнделікті жазылып, қаншалықты ілгерілеу бар екенін есепке аламын. Қате жазудың себептерін анықтаймын. Әр аптада алған білім көлемінің, жетілуі, өсіп, толысу дәрежелері туралы есебін шығарып отырамын.Әр оқушының осал тұсын ерекше назарда ұстап, сабақ барысында деңгейлік тапсырмалар беремін.Әрі теңестіру жұмыстарын үзбей жүргіземін.
|

Конспект урока-еркін жазу (1.14 MB)