Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  3 класс  /  Компьютердің жады

Компьютердің жады

Баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік, тәжірибелік әдіс.

Компьютер, оқулық, «Paint» графикалық редакторы.

Информатика кабинеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу.

І жарты жылда өткен барлық тақырыптарға шолу жасау. Өткен тақырыптардан сұрақ қою.

Компьютер жадының екі түрі бар. Ішкі жад және сыртқы жад.

Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі жад деп атайды. Ішкі жадтың екі негізгі тобы бар:

Жедел есте сақтау құрылғысы(ЖЕСҚ)- компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны. Тоқ көзінен ажыратқанда жедел жад өз мәліметтерін жоғалтады. Жедел жад көбіне уақытша қойма ретінде қарастырылады, өйткені оған мәліметтер мен программалар компьютер қосулы тұрғанда ғана емес болдыртпау батырмасын басқанға дейін сақталады.

Жедел жадтың қосымша Кэш жадтары қолданылады. Кэш жады - орталық процессордың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.

Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) –ақпаратты тұрақты есте сақтайтын құрылғы Тұрақты жад жедел жадқа қарағанда баяу жұмыс істейді, бірақ олардың жады тұрақты және кедергілерге төзімді.

Компьютердің сыртқы жадына иілгіш магнитті дискілер, қатты диск, оптикалық дискілер және флеш жинақтауыштар жатады. Оларды компьютердің USB-порты, CD-ROM және дискжетек арқылы қосуға мүмкіндік береді. Бұлар ақпарат тасымалдаушылар деп атайды.

27.02.2018

Содержимое разработки




БЕКІТЕМІН:

оқу ісі орынбасары

______________А. Д. Сактаганова





Сабақ № 17

Сыныбы: 3

Пәні: Информатика

Мұғалім: Кубирбаева Ж. К.

Сабақтың тақырыбы

Компьютердің жады

Сабақ мақсаты

Оқушыларға компьютер жадтары туралы мәлімет бере отырып, білімдерін толықтыру, жұмыс жасауға үйрету.

Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.

Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдістері

Баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік, тәжірибелік әдіс.

Сабақ көрнекілігі

Компьютер, оқулық, «Paint» графикалық редакторы.

Өтілу орны

Информатика кабинеті

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу.

Сәлемдесіп, оқушылар түгенделеді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

І жарты жылда өткен барлық тақырыптарға шолу жасау. Өткен тақырыптардан сұрақ қою.

Оқушылар үйге берілген тапсырманы дәптерлеріне қарап айтады.

ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі

Компьютер жадының екі түрі бар. Ішкі жад және сыртқы жад.

Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі жад деп атайды. Ішкі жадтың екі негізгі тобы бар:

Жедел есте сақтау құрылғысы(ЖЕСҚ)- компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны. Тоқ көзінен ажыратқанда жедел жад өз мәліметтерін жоғалтады. Жедел жад көбіне уақытша қойма ретінде қарастырылады, өйткені оған мәліметтер мен программалар компьютер қосулы тұрғанда ғана емес болдыртпау батырмасын басқанға дейін сақталады.

Жедел жадтың қосымша Кэш жадтары қолданылады. Кэш жады - орталық процессордың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.

Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) –ақпаратты тұрақты есте сақтайтын құрылғы Тұрақты жад жедел жадқа қарағанда баяу жұмыс істейді, бірақ олардың жады тұрақты және кедергілерге төзімді.

Компьютердің сыртқы жадына иілгіш магнитті дискілер, қатты диск, оптикалық дискілер және флеш жинақтауыштар жатады. Оларды компьютердің USB-порты, CD-ROM және дискжетек арқылы қосуға мүмкіндік береді. Бұлар ақпарат тасымалдаушылар деп атайды.

Жұмыс дәптерінде берліген тапсырмаларды жеке-жеке орындайды.

Түсініп тыңдап, қажеттісін дәптерге жазып алып отырады.

Сергіту сәті

Ал балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып,

Бір тұрып,

Бойымызды созайық.

Әуенмен қосыла отырып қозғалады.

ІV. Бекіту кезеңі

Тапсырма: Жұмыс дәптерінде берілген №1, 2, 3, 4 – тапсырмаларды орындау.

Оқушылар жұмыс дәптерімен тәжірибелік жұмыс жасайды.

V. Қорытынды кезең

Бүгін сабақта не білдік?

Үйренгендерін айтады. Түсінбегендерін сұрайды.

VІ. Үйге тапсырма

«Компьютердің жады» тақырыбына дайындалып келу. 5 – тапсырманы орындау.

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.


-80%
Курсы дополнительного образования

Создание динамических веб-страниц с помощью PHP и MySQL

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Компьютердің жады (20.83 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт